Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет204/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   375
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
алтынның қадірі жоқ» деген халқымыздың қасиетті қағидасын еске салады. Өмір бар да, күнделікті 
қым-қуыт тіршілік бар да адамдардың бір-бірінің бағасына жетпейтіні – мынау қысқа ғұмырдың ащы 
шындығы.  Бір  ерекшелігі:  Дулат  Исабеков  шығармаларының  дені  трагедиямен  аяқталады.  Өлім, 
өмірмен қоштасып бақилық болу, арманына жете алмай, жан тәсілім ету, қыршынынан қиылу неге 
жиі  кездеседі?  Оқырманды  осы  сауал  мазалары  хақ.  Бұл  –  кейіпкерлердің  басындағы  қасірет  қана 
емес,  тұрлауы  жоқ  алдамшы  өмірдің  жалғандығын  сезініп  үлгермеген,  сондықтан  да  қамшының 
сабындай қысқа өмірде бір-бірінің бағасына жете алмаған тірі жүрген барша жандардың да қасіреті. 
Салтанаттан  бастап,  ақыр  аяғы  «Қабылан»  әңгімесіндегі  иттің  өлімі  де  –  адамдар  арасындағы  тас 
бауырлық,  қызғаншақтық,  қаталдықтың  нәтижесі.  Міне,  жазушы  философиясының  құдіреттілігі  де 
осында. Жалпы Д.Исабеков шығармаларының ерекшелігі сонда: оны бір жақты қабылдау – қиынның 
қиыны.  
Жазушының  «Сүйекші»  повесі  де  аянышты.  Тоғыз  жасында  әкесі  қолынан  жетектеп  әкеп,  бір 
байдың үйіне аманатқа тастап кеткен Тұңғыштың өмірі қайғы-қасіретке толы. Сүйекшінің өлімі ың-
шыңсыз  өмірден  кетуімен  емес,  оны  осындай  жағдайға  душар  еткен  жандардың  өз  істері  үшін  ар 
жазасына  ұшырауымен  анықталады.  Бұл  қайғының  бәріне  кім  кінәлі?  Әрине,  адам  бойындағы 
қызғаншақтық,  зұлымдық,  мейірімсіздік  кінәлі.  Неге  адамдар  бір-біріне  сонша  мейірімсіз,  сонша 
қатыгез? Бұл сауал тек «Сүйекшіде» ғана емес, Дулат Исабеков шығармаларының барлығында дерлік 
ұдайы  қойылып  отырады.  «Гауһар  тастағы»  Ыбыштың  өз  жары  –  Салтанатқа  деген  жібімес 
қаталдығы, «Тіршіліктегі» туған перзенті Қыжымкүлді тағдыр тәлкегіне ұшырағаны аз болғандай өз 
қолынан  қаңғыртып  жіберген  әке  қатыгездігінің  тамыры  қайда  жатыр?  Оның  нәтижесі  бейкүнә 
Салтанаттың мезгілсіз қазасы, Тұңғыштың аянышты өлімі, Жәдігердің апаты, Қыжымкүлдің сұрқай 
тіршілігі, оның іштен шыққан перзентінен қалған ұрпақты бір көре алмай, көз жұмуымен аяқталады. 
Салтанаттың  қыршынынан  үзілуі  Қайрекеннің  өз-өзін,  қоршаған  ортаны  түсінуге,  адамдар 
арасындағы қиын да шешілмес жұмбағы мол қарым-қатынасты пайымдауға деген алғашқы қадамына 
негіз болғаны анық. 
Дулат Исабеков қаламына тән тағы бір психологиялық тәсіл – қайта оралу сарыны. Оның мәні – 
кейіпкердің өзі туып өскен ортамен, туған жермен, ата-баба қонысымен, отбасымен қайта қауышуы. 
Қайта оралу уақыттың қайта оралмас қозғалысын сезіну үшін де, қолда барды бағалай білу үшін де, 
ақырында өзіңді-өзің түсіну үшін де қажет.  
Адамның адамгершілігі, қайырымдылығы осындай қысылтаяң кездерде сыналатыны белгілі. Бір 
сәттік  іс-әрекет  үстінде  Хасеннің  бар  болмысы,  арамдығы  тайға  таңба  басқандай  анық  білінді. 
Әңгімені оқи отырып, Мақсұттың далада қалғанына емес, керісінше осындай аяушылығы жоқ, арам 
жігітті  болашақ  жары  ретінде  таңдаған  Дүрияға  ренжіген  сәтте  сұлу  қыздың  қайта  оралғанына 
қуанбаған  оқырман  кемде-кем  шығар.  Қайта  оралу  арқылы  арамдықтан  қашқан,  адалдыққа  жол 
тартқан  Дүрияның  келешегін  көз  алдыңызға  елестетесіз.  Жол  үстіндегі  осы  бір  қысқа  сәт  әрбір 
кейіпкердің  адамгершілік  тұлғасын  сараптап  берді.  Жазушы  шеберлігі  де  осында,  ол  ешқашан  өз 
оқырманын  тізеге  салып  оқытудан  аулақ.  Шығарманы  оқи  отырып,  кімнің  кім  екенін  бажайлауды 
оқырман еншісіне қалдырады. Немесе Алданыштың («Шойынқұлақ» әңгімесіндегі) сүйгені Нәзираға 
ренжіп, орақ басынан кетсе де, туған жерге, тыңға қайта оралуы көңілге қуаныш ұялатады. 
«Қара  шаңырақтағы»  Есіркептің  әке-шеше  шаңырағына  түнделетіп  жетуі  де  –   осы  қайта  оралу 
сарынының көрінісі. Ата-ананың қара шаңырағына келіп, бауырларын сүйіп, мауқын басқан ол бала-
шағасымен  келуге  уәде  береді.  Немесе  «Пері  мен  періште»  повесіндегі  Сафураның  сегіз  ай 
сергелдеңнен  соң  Құлахметке  қайта  оралуы  ше?  Оны  құлай  сүйген  Құлахметтің  кешіруі  әбден 
мүмкін, ал, қалың оқырман бұған қалай қарайды? Сафураны түсіну үшін ең әуелі Құлахметтің жанын 
түсінген  жөн  болар.  Десек  те,  өз  бақытын  іздеп  сандалған  Сафураның  ақыры  соңында  отбасына 
қайтуы – жазушының ерекшелігін танытатын көркемдік тәсіл.  
Д.Исабеков  кейіпкерлерінің  характері  мен  тағдырын  тек  таза  тұрмыстық  көзқараспен  бағамдау 
мүмкін емес. Оның қай кейіпкерін болсын, бір жақты түсіндіру қиынға соғады, өйткені оның қазақы, 
аңқау  да  аңғал  кейіпкерлерінің  бойынан  кәдімгі  адамға  тән  барлық  жақсылы-жаманды  қасиеттерді 
табуға болады. Жазушы қаламының ерекшелігі де осында: ол өз шығармаларында жалаң дидактика 
ұсынбайды немесе кейіпкер іс-әрекетін талдамайды, бұның бәрін оқырман талқысына салады. Оның 
кейпкерлері  бастан  кешіретін  іс-әрекет,  оқиғалардың  сан  түрлілігі,  ешкімге  ұқсамайтындығы 
(ескерткіш  орнына  адамды  уақытша  тұрғызу  идеясы,  Есіркептің  басындағы  қызықты  оқиға, 
посылкадан  басталған  дау,  Бонапарттың  сүндетке  отырғызылуы,  помидор  өскен  апан  басындағы 
жанжал  дейсіз  бе,  әйтеуір  толып  жатқан  ерекше  жағдайлар  мен  оқиғалар)  кеңестік  дәуір  кезіндегі 
119 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет