Хабаршы вестник bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата24.03.2017
өлшемі2,27 Mb.
#10203
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Ключевые слова: содержание курса, структурирование, термохимия, энергетика, стандартные энтальпии, 
энтропия, теплоемкость, теплопроводность, калориметрические измерения, калориметрический метод 
Summary 
Dalabayeva N.S. - senior teacher, nursain@mail.ru, Kolbay A.A. - Master of chemistry, kolbai.arailym@mail.ru 
Al-Farabi Kazakh national university 
Structure content of the course «Energetics of chemical process» 
The article is structured content of the course "Energy and chemical processes." Lectures and laboratory classes are 
compiled by according to academic work program. Number of hours of lectures and laboratory exercises are divided into 15 
weeks. Contents of lectures spread over 15 weeks, are classified by modules. For each module are given the 4-5 lectures. Also 
distributed laboratory classes are composed of 15 weeks of in-depth view of the method of the course students. Tasks of the 
independent work of students are systematized in ascending order. Formation of subject competence of students will expected 
on the basis of structured content. 
Key words:Content of the course,structure, thermochemistry, energetics, standard enthalpy, entropy, thermal conductivity, 
heat capacity, calorimetric measurements, calorimetric method 
ӘӨЖ 37.014.6.018.43.02 (574) 
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН 
БАКЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ 
А.Е. Сағымбаева - педагогика гылымдарының докторы, профессор, 
Д.Б. Аманкулова - 6М011100 информатика мамандыгының ІІ курс магистранты, Абай ат. ҚазҰПУ 
Мақалада қашықтықтан оқытуда білім алушылардың оқу іс-әрекеттерін бақылауды жүзеге асыру жолдары қарас-
тырылады. Қашықтықтық оқытудағы күрделі әдістемелік мәселенің бірі бақылауды жүзеге асыру және тестілеу 
болып табылады. Мәселе, ең алдымен, студенттің деңгейін дәл анықтау және осы уақыттағы оқыту талаптарына 
сәйкес қажетті міндеттерге сәйкес келуі дәрежесін айқындаудан тұрады. Тест - қазіргі әдістемелік талаптарга сәйкес 
келетін күрделі өнім. Тестің толықтылығы тапсырмалардың өзара байланысынан және тесті құрайтын мазұнынынан 
көрінеді. Қорытындылай айтарымыз, тест қашықтықтан оқытуды ұй^імдаст^іруда өте маңызды, бірақ олармен 
шектелуге болмайды. Олар басқа оқу іс-әрекетін бақылау формаларымен толықтырылуы тиіс. 
Түйін сөздер: қашықтықтан оқту, технология, оқу үдерісі, оқу іс-әрекеті, тест, тест тапсырмалары 
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында "Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу 
үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. ... Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және 
өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек 
болады» - деп бүгінгі таңдағы мектептерде, коледждерде, арнаулы техникалық оқу орындарында және де 
ЖОО-да қашықтықтан оқыту жүйесін енгізумен қатар, оны өз деңгейінде іске асыруға баса назар аудару 
керектігіне көңіл бөлген [1]. 
Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі бойынша білім 
алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты қағидаларды ұстануды меңзейді [2]: 
- оқуды ынталандыру, тәжірибелік бағыты және нақты кәсіби қызметте, білім, білік және дағдыны 
қолдану мүмкіндігі; 
- білім, біліктілік және дағдыны иелену үшін бірнеше рет бекіту; 
- курсты оқу кезінде көрнекілік тәжірибелік әдістерден мәселелік-ізденіс әдістеріне көшуді 
қалыптастыру; 
- білім алушының білім алу үрдісіне баға беру, оқытушы мен білім алушыға қойылатын стандарттың 
болуы; 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
96 
- курсты қүру кезінде модульділіктің сақталуы, тақырыптар мен оқу материалының көлемінің 
вариациясының мүмкіндігі; 
- мамандықтың оқу пәнінің тақырыбы бойынша ақырғы өнімді қүру. 
Осы қағидаларды сақтау көп еңбекті қажет ететін үрдіс болып табылады және білім алушыларды 
бақылау үдерісін үйымдастыруға жоғары талаптар қояды. 
Бірқатар Е.С. Полат, В.С. Аванесов, Т.О. Балықбаев және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде 
оқыту жүйесіндегі білім алушылардың оқу іс-әрекеттерін бақылау үшін келесідей мүмкіндіктердің 
ескерілу керектігі айтылған [3-5]: 
- оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкес болу. Оқытылатын материал күрделі болған сайын, 
бақылаудың соншалықты күрделі формаларын қолданған жөн және бақылаудың басқа түрлерін қолдану 
керектігі анық, мысалы рефераттар, оқытушымен онлайн сүхбаттасу, телеконференциялар және т.б.; 
- қолданылатын педагогикалық технологияларга сәйкес болу (егер қашықтықтан оқытудың негізінде 
жобалар әдісі жататын болса, онда бақылау формасы ретінде орындалған жобаны сипаттау, презентация, 
жобаны қорғау т.с.с тапсырмаларды қолдануға болады; егер бүл жеке оқыту болатын болса, онда бақылау 
формасы ретінде тест немесе есеп беру рефераты қолданыла алады.); 
- бақылау шараларының ұзақтыгы (оқушы ғаламторда компьютер алдында қаншалықты аз уақыт 
жүмсаса, бүл соншалықты экономикалық жағынан да, эргономикалық көзқарастан қарағанда да тиімді 
болып табылады); 
- оперативтілік (оқытушы оқушыдан қаншалықты тез жауап алатын болса және керісінше оқушы 
оқытушыдан сауалына тез жауап алса, бүл соншалықты оқу үрдісін тиімдірек етеді); 
- қол жетімділігі (техникалық қүралдарды таңдау, программалық жабдықталу және байланыс 
қүралдары мен олардың сәйкестігі); 
- кері байланыстың болуы (бақылау шарасын өткізгеннен кейін оқушы педагогтан баға мен түсініктері 
жазылған жауап алуы керек); 
- дұрыстыгы (оқытушы бақылау жүмысын расында кім орындағанын білуі керек), нәтиженің жалған 
болуынан қорғау қүралдарының болуы); 
- бақылау тапсырмаларын дайындаудың ыңгайлылыгы (негізделген тапсырмаларды дайындау 
бойынша техникалық операцияларға жүмсалатын уақыт шығыны). 
Осындай талаптарға жауап беретін, информатиканы қашықтықтан оқыту кезінде бақылау үрдісін 
жүргізудің тиімді қүралдарының бірі ретінде тест тапсырмалары қолданыла алады, яғни нақты 
деңгейдегі, белгілі бағалау жүйесі бар және дүрыс жауаптардың эталонымен қүрылған сүрақтар мен 
тапсырмалардың жиынтығы. 
Білімді бақылау мен бағалауда тест тапсырмаларын қолданудың оңтайлығы олардың келесідей оң 
әсерлерімен расталады, яғни меңгерілген оқу материалының біршама бөлігін тесттік бақылау жүйесімен 
қамту, тексеру кезіндегі уақыттың үнемділігі, нәтижелерді алудың қарапайымдылығы, бағалаудың 
объективтілігі. «Информатика» пәні бойынша бақылау жүргізу кезінде, тест әр мазмүндық желі бойынша 
және информатикадан тақырыпты түсінуін тексеру мақсатында қолданған үтымды болмақ. 
В.С. Аванесов тест тапсырмаларын дайындаушылар келесідей мазмүндық талаптарды үстану қажетті-
гін баса айтқан: 
- тест тестілеу мақсаттарына сай келуі керек; 
- тексерілетін білімнің жалпы жүйесінде тексерілетін білімнің маңыздылығын анықтауы керек; 
- тестің мазмүны мен формасының өзара байланысы болуы керек; 
- тесттік тапсырмалар мазмүнына сай дүрыс болуы керек; 
- тесттің мазмүнында пән мазмүнының көрнекілігі сақталуы керек; 
- тест заманауи ғылым деңгейіне сәйкес болу керек; 
- тест мазмүны кешенді және теңдестірілген болуы қажет; 
- тест мазмүны жүйелі болуымен қатар, вариативті де болуы қажет. 
Сонымен қатар, тест тапсырмаларын қүрастыруда келесідей технологиялық талаптарды ескеру 
керектігін де ескерткен: 
- тестті дайындау кезінде жеке тест тапсырмалары мен оның түтастай алғандағы қиындық деңгейін 
ойластыру керек. 
- әдетте сүрақтар қиындық деңгейінің өсуі бойынша орналасады. Тест тапсырмалары орташа 
қиындықтағы сүрақтар көбірек қүрылады. 
- тапсырмаларды таңдау кезінде тестіленетін білім алушылардың жалпы деңгейін ескерген жөн. 
Мысалы, тестілеуді дайындығы әлсіздеу топтар үшін өткізген кезде, қиын тест тапсырмалары «жүмыс 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
Кесте 1. Тест тапсырмалары бар сайттарға сипаттама 
Сайттар 
Тест 
Деңгейлік 
тапсырма 
Талдау 
http://www.examen.ru/ 
бар 
жоқ 
Бүл сайтқа тіркелуді қажет етпейді, тегін. Біршама үзақ жүкте-
леді, информатикадан тест тапсырмалары аз, тек жабық тест 
түрін қолданған. 
http://www.klyaksa.net/ 
бар 
жоқ 
Міндетті тіркелуді қажет етеді, тегін, тек информатика пәніне 
арналып жасалған. 7-9 сыныптарға әр мазмүндық желілер 
бойынша жабық тест тапсырмалары қүрастырылған. Нәтиже-
сін тест аяқталғансоң 2 сек, дүрыс және дүрыс емес жауапта-
рымен бағасын көрсетеді 
http://onlinetestpad.com 
бар 
жоқ 
Міндетті тіркелуді қажет етпейді, тегін, барлық пәндерге 
арналып жасалған. 5-11 сыныптарға әр мазмүндық желілер 
бойынша жабық тест тапсырмалары қүрастырылған. Нәтиже-
сін тест аяқталғансоң 1 сек кейін және жинаған баллы мен 
пайызын көрсетеді 
http://www.banktestov.ru/ 
бар 
бар 
Бүл сайтта онлайн тест қүрастыруға болады, ол үшін сайтқа 
тіркелу керек. Міндетті тіркелуді қажет етеді, тегін, барлық 
пәндерге арналып жасалған. барлық сыныптарға әр мазмүн-
дық желілер бойынша жабық тест тапсырмалары қүрастырыл-
ған. Нәтижесін тест аяқталғансоң 2 сек, дүрыс жауабымен 
пайызын көрсетеді 
http://studportal.net.ua/ 
бар 
бар 
Бүл сайтқа тест тапсыру үшін тіркелу міндетті емес. Тест 
тапсырмалары ЕГЭ арналып қүрастырылған. Нәтижесін алу 
үшін сол жерде көрсеткен телефонға ақылы смс жолдау керек, 
смс жолдағаннан кейн нәтижесін шығарып береді. 
http://moeobrazovanie.ru/  бар 
бар 
Бүл сайтқа тіркелу міндетті емес және бүл жерде барлық 
пәндерге арналып жасалған тест тапсырмалары бар. Бүл 
сайттын ерекшелігі әр тапсырманы орындағаннан кейін дүрыс 
дүрыс еместігін көрсетеді және дүрыс жауапты дәлелімен 
көрсетеді. Нәтижесін пайызбен, балмен, және диограмма 
түрінде береді. 
http://gia-online.ru/ 
бар 
Бар 
Сайтқа тіркелу міндетті емес және бүл жерде барлық пәндерге 
арналып жасалған тест тапсырмалары бар. Мүнда мазмүндық 
желі бойынша емес барығын араласып берілген 
Осындай тест тапсырмаларын талдай келе, біз келесідей түжырым жасадық. Тест қүру кезінде тестілеу 
программасының тапсырмаларының негізіне «оңайдан қиынға қарай» қағидасы қойылуы тиіс. Тесттің әр 
блогы тараудың бір бөліміне қатысты болады және қарапайым тапсырмалардан біртіндеп күрделі 
97 
істемейді», себебі бір де бір оқушы бүл сүрақтарға жауап бере алмайды. Керісінше дайындығы күшті 
білім алушыларда оңай сүрақтар «жүмыс істемейтін болады» және т.с.с. 
- ең жақсы тест ретінде, кең ауқымдағы мазмүнды қамтитын тест тапсырмаларын санауға болады, 
олар тереңірек білім деңгейін қамтиды. 
Тест тапсырмаларын жалған етуден қорғау үшін келесі әрекеттер қарастырылуы қажет: 
- техникалық деңгейде қорғау. Рүқсат етілмеген пайдаланудан тесттердің өзін қорғау үшін әртүрлі 
шифрлар мен кодировкаларды пайдалану, тестілеу программаларын тек қүпия сөз арқылы ғана бастау; 
- үйымдастырылган деңгейде қорғау. Тестілеудің жергілікті орталықтарының желісін қүру (қалалық, 
аудандық және т.с.с.). Бүл орталықтар техникалық кеңесшілер мен әдіскер-оқытушылардың 
бақылауымен тестілеудің үйымдастырылған жүргізілуін қамтамасыз ететін, аймақтарда тыңдаушылар 
үшін тестілеуді жүргізуге ресми лицензияға ие болуы керек; 
- психологиялық деңгейде қорғау. Жауап беруге берілетін уақытты қатаң қадағалау, жауаптар 
нүсқаларын кездейсоқ араластыру; 
- статистикалық деңгейде қоргау. Алынған хаттамалардың шынайылық деңгейі, мәліметтердің 
бірнеше реттік талдауының арнайы алгоритмінің көмегімен бағаланады, бүл әсіресе жүйелі жалғандық 
болған жағдайда анықтауға мүмкіндік береді. 
Қазіргі таңда кейбір білім беру сайттарынан нақты уақытта жүмыс істеп түрған Информатика пәнінен 
қүрастырған тесттерді де кездестіруге болады. Бүл жағдайда тестіленуші тікелей сүқбаттасу арқылы тест 
тапсырмаларына жауап бере алады. Мүндай тесттерді 1-кестеде келтірілген тізімнен көруге болады. 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
98 
тапсырмаларға өту қарастырылуы қажет. Тестілеуші бағдарлама бірнеше блок тесттен түрады. Егер 
тапсырманы орындау кезінде оқушы қате жіберетін болса, программа автоматты түрде тақырыпты 
қайталау режиміне өтеді және білім алушы теориялық материалды басынан қайталауға мәжбүр болады. 
Осылайша, тесттік программа, білім алушылардың білімін бақылау функциясын ғана орындап қана 
қоймай, тақырып бойынша теориялық курсты бірнеше рет қайталау негізінде олардың өздігінен білім 
алуға деген қүлшынысын ынталандырады, сәйкесінше оқытушының қатысынсыз білмейтін білім 
түстарын толықтыруға мүмкіндік береді. 
Қорыта келе, тест қашықтықтан оқыту үрдісін үйымдастыруда өте маңызды, дегенмен олармен 
шектеліп қалуға болмайды. Олар міндетті түрде білімді бақылаудың басқа формаларымен толықтырылуы 
керек. Бүл тесттердің өзіндік ерекшелікке ие болуымен байланысты. Бір жағынан олар білім алушылар-
дың білімін объективті бағалауды қамтамасыз етеді және бақылау үрдісін стандарттау үшін жаңа 
ақпараттық технологияның қүралдарының кірістірілуін, сонымен қатар білім алушылардың білімін 
сандық есебін үйымдастыруды мүмкін етеді және нәтижелерді салыстыру арқылы білім алушы білімінде-
гі прогрессті сандық сипаттауға мүмкіндік береді. 
1 Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы. /ttps://szh.kz 
2 Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі /http://profit.kz/ 
3 Полат Е.С. Теория и практика дистанционного обучения. -М., 2004. - С. 234-235. 
4 Аванесов В.С. Применение тестовых форм в новых образовательных и аттестационных технологиях. / 
Педагогика - 2013, - №4, - С. 35-39. 
5 Балықбаев Т.О. О составлении тестов для контроля знания по информатике. / Высшая школа - 2000. - №3. - С. 
23-31. 
Резюме 
Сағымбаева А.Е. - доктор педагогических наук, профессор, Аманкулова Д.Б. - 6М011100-Информатика, 
магистрант 2- курс, Казахский национальный педагогический университет им. Абая 
Пути осуществления контроля учебной деятельности обучающихся при дистанционном обучении 
В статье рассматривается пути осуществления контроля учебной деятельности обучающихся при дистанционном 
обучении. Одной из наиболее сложных методических проблем дистанционного обучения является проблема осуще¬ 
ствления контроля и тестирования. Суть проблемы заключается прежде всего в необходимости точно идентифици¬ 
ровать учащегося и соблюсти необходимые формальности в соответствии с действующими в данное время требова¬ 
ниями обучения. Тест - это сложный продукт, обладающий современным методическим требованиям. Целостность 
теста проявляется во взаимосвязи заданий, и в содержаний включенных в тест. В заключении можно сказать тесты 
очень важны для организации обучения в дистанционным обучении, но ими нельзя ограничиваться. Они должны 
обязательно дополнены другими формами контроля учебной деятельности. 
Ключевые слова:дистанционное обучение, технология, учебный процесс, учебная деятельность, тест, тестовые 
задания 
Summary 
Sagimbayeva A.E. - Doctor of pedagogical sciences, professor, Amankulova D.B. - 6M011100 - Informatics, magistrand 
course 2, Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Way of control of educational activity of students in distance learning 
The article discusses the implementation of the control of educational activity of students in distance learning. One of the 
most complex methodological issues of distance learning is the issue of monitoring and testing. The problem lies primarily in 
the need to accurately identify the student and comply with the necessary formalities in accordance with current at this time of 
training requirements. Test - is a complex product with advanced methodological requirements. The integrity test is shown in 
conjunction quests included in the test. In conclusion, we can say the tests are very important for the organization of training 
on the Internet, but they can not be limited. They must necessarily complemented by other forms of control of educational 
activity. 
Keywords: distance learning, technology, educational process, learning activities, test, test items 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
ӘОК 004.421 
«АЛГОРИТМДЕР, ДЕРЕКТЕР ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ» 
ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Ш.Т. Шекербекова, К.Н. Байсалбаева - Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Мақалада дәстүрлік және кредиттік оқыту жүйелерінің ай^ірмаш^іл^іқтары қарастырылған. Қазіргі кездегі білім 
беру жүйесі студентке қажеттілігіне байланысты білімін тол^іқт^іруға, жаңартуға үйрету мақсатында олармен жеке 
жұмыс жүргізуді көздейді. Кредиттік оқыту технологиясы негізінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу 
көптеген оқу пәндерінің мазмұнын және негізгі әдістемелік тәсілдерді өзгертуге ықпалын тигізеді.Студенттерді 
программалауға оқытудың ерекшеліктері көрсетілген және ұсынылып отырған әдістеменің ғылыми негізі көрсетіл-
ген, бұл оқу процессін ұй^імдаст^іруд^ің бүтінділігін қамтамасыз етеді. 
Түйінді сөздер: Кредиттік оқыту технологиясы, өзіндік жұмыс, оқытудың концептуальды негіздері 
Қазіргі заманда адам көп істі компьютер пайдалану арқылы атқарады. Кез келген міндетті орындау 
алгоритмінің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын-ала жазылуын қажет етеді. 
Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға 
жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні 
алгоритмдерді құру екені көрінеді.Қазіргі қоғам өміріндегі алгоритмдеудің ролі оны пайдаланудың 
техникалық аспектілермен ғана айқындалмайды. Алгоритмдік қатынас адамның күнделікті өмірінен, 
олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз 
әрекеттерінің алгоритмдік мәнін қаншалықты дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу 
керек; әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алдгоритмдерді құрастыру мен 
пайдалана білуге қатысты. 
Алгоритмді компьютерге программалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да 
алгоритм әрекеті әзірленеді, сонан кейін ол мұндай тәсілдердің бірінде жазылады. Жалпы қорытынды-
сында программа мәтіні - толықтай аяқталған, алгоритмді программалау тілінде бүге-шігесіне дейін 
сипаттаған күйінде пайда болады. Содан соң программаның бұл мәтіні транслятор деп аталатын арнайы 
қызмет қолданбаларымен өңдеуден өтеді немесе машина кодына аударылады, не болмаса орындалады. 
Олардың табиғи тілдерден айрмашылығы - мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу команда-
сының (операторлардың) қатаң ережесіне бағынатын «сөздері» шектеулі болады. Мұндай талаптардың 
жиынтығы программалау тілінің синтаксисін қалыптастырады, ал әрбір команданың және тілдің басқа да 
құрылымы - оның семантикасын қалыптастырады. Программаларды жазудың формасы бұзылатын болса, 
бұл транслятордың оператор міндетін түсінбей қалуына әкеп соғады және синтаксистік қате туралы 
хабарлайды, ал команда тілін пайдалануға қажетті алгоритмге жауап бере алмайтын дұрыс жазу 
семантикалық қателікке (оны логикалық қателік немесе орындау уақытындағы қателік деп те атайды) 
алып келеді. Мақалада программалауды оқыту мәселесі қарастырылады. Программалауды оқытатын 
пәндердің мақсаттары жоғары білікті мамандарды дайындау деңгейін көтеру болып табылады [1, 75 б.]. 
Жоғары мектепте білім берудің кредиттік оқыту жүйесіне көшуі дәстүрлі білім берумен салыстырған-
да жағдайды көп өзгертті. Жоғары білім беруді өзгертудің қазіргі уақыттағы жүргізілген жұмыстарына: 
студенттерді үздіксіз білім алуға дайындау, олардың өз бетінше білім алуға бейімделуін, білімін жетілді-
руге ұмтылуын және еңбекнарығы талабына байланысты басқа мамандық алуға дайын болуын қалыптас-
тыру жатады. Дәстүрлі білім беру жалпыға бірдей болды. Дәстүрлі білім беру нәтижесі білім және белгілі 
бір мамандық алу болатын. Алайда қазіргі кездегі, динамикалық тез өзгеретін өмірде білім өте тез іске 
аспай қалып отыр. Сондықтан классикалық білім беруден кейінгі оқыту жүйесі студенттерге кең білім 
беру мақсатында олармен жекеше жұмыс істеуді, өзінің білімін қажет болған жағдайда толықтыруына, 
жаңартуына ықпал етуді қамтиды. Оқыту нәтижесінде жалпы білім беру стандартына сәйкес жоғары оқу 
орындарының түлектерінің жалпымәдениеттік және кәсіптік құзырлылығын қалыптастыру болып 
табылады. 
Оқу процесіне кредиттік оқыту технологиясын енгізуге байланысты студенттердің өзіндік жұмысы-
ның деңгейі көтеріліп отыр, оған дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қарағанда көп уақыт жұмсалатыны 
белгілі. Бұл осы жүйенің ерекшелігіне жатады. 
Сонымен, білім беру сапасына талап күрт өзгеріп отыр, сондықтан талаптарды орындауды қамтамасыз 
ету үшін негізгі мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін - тұлғаның шығармашылығын, қажетті кәсіптік, 
когнитивтік және коммуникативті құзырлылығын арттыратын оқытудың жаңа әдістерін пайдалану қажет. 
99 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
100 
Оқытудың кредиттік технологиясын енгізуге байланысты жаңа әдістемені қолдану қажеттілігінің 
себептері: 
• аудиторияда өтетін сабақтар санының азаюы; 
• студенттердің өзіндік жұмысы көлемінің көбеюі және оқытушы жағынан бақылаудың күшеюі; 
• оқу материалдарының күрделіліктері мен көлемінің өсуі; 
• пәнаралық байланыстарды көрсету қажеттілігі. 
Аудиториялық сабақтар санының, соның ішінде негізгі пәндерден қысқаруы себепті едәуір бөлігін сту-
денттердің өзіндік оқуына жіберу оқу материалдарын беру сұлбасын қайта қарау қажеттілігін тудырады. 
Оқу материалдарының күрделіліктері мен көлемінің өсуіәдістемелік материалдарды дайындауды және 
концептуальды негіздерін анықтауды талап етеді. 
«Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау» пәнін үйрену нәтижесінде студенттер әртүрлі 
алгоритмдердің құрылымдық сұлбасын құра білуі керек, есептің талабына байланысты деректердің 
қажетті құрылымын ұйымдастыруды, программалау тілін таңдауды, таңдалынған программалау 
ортасында тілдің мүмкіндіктерін пайдаланып, жақсы стильде программа құра білулері, программаны іске 
қосуды, қателерін жөндеуді, программа құжаттарын сапалы дайындай білулері керек [2, 25 б.]. 
Оқытудың концептуальдық моделін дайындауда жүйелік тұрғыдан қарап, іздеу аймағына арналған 
және көп тараған концептуальды принциптерді пайдалану керек: мақсатты айқындау, жинақтылық, 
жүйелілік, тұтастық, декомпозиция, сәйкестік және талдау. 
Мақсатты айқындау принципі. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін «Алгоритм­
дер, деректер құрылымы және программалау» пәнін оқытудың негізгі мақсатына есептердің алгоритмде-
рін құруды үйрену, программалау тілдерін жіктеу, деректер типтерін және Турбо Паскаль тілінің опера-
торларын, ішкі программаларды, функцияларды пайдаланып программа құруды, программаны тексеруді, 
объектіге-бағытталған программалау негіздерін білу жатады. 
Есептер жүйесіне қойылатын ең алғашқы талапқа бірліктілікті қамтамасыз ету, яғни есепті қарасты-
рып, талдауда сол аймақтағы сәйкес есептер бір-бірімен тығыз байланыста болатындай талаптарды 
қарастыру, есептерді алгоритмдеу негіздерін және деректер типтерін, ішкіпрограммаларды, программаны 
сынақтан өткізуді, іске қосуды үйрену жатады [3, 203 б.]. 
Пәнді оқытуда жинақтылық оқыту процессін барлық жағынан қамтиды: мотивацияны қалыптастыру, 
сабақ беру әдістемесі және ары қарай - ұйымдастыру жұмыстарын талдау және шешу, оқыту формалары, 
оқу пәнінің мазмұнын анықтау және осы мазмұнның қазіргі кездегі тәжірибе талаптарына сәйкестігі, 
білімді бақылаудың формалары мен әдістері. 
Бірліктілік принципі тәсілдердің жалпылылғын, оқытудың әртүрлі аспектілерін іске асыруда, семанти-
калық және құрылымдық деңгейде үйренуде тығыз байланыстылығын қарастырады. 
Жобаны іске қосуда жеке-жеке іске қосылатын жобаның жеке бөліктерінің бәрін бір жүйеге жинақта-
латындығын есте ұстау керек, жүйелілік принципі деп осыны айтамыз. 
Таңдалынған принциптердің жиынын қарастырғанда тұтастық пен сәйкестілік принциптерінің қажет-
тілігін де ұмытпау керек. Бүтінділік принципі оқып үйренуге арналған білім аймағын ішкі қайшылықсыз 
құруды қамтиды. Сәйкестік принципі оқытылатын пәннің сыртқы қайшылықсыздығын, яғни оқу жоспа-
рына кірген пәндермен өзара қарым-қатынастарының үйлесімді жүйелілігін білдіреді. Қарастылылған 
тәсілдер мазмұны мен құрылымына байланыссыз кез келген жүйелер үшін дұрыс, сондықтан оларды 
оқыту жүйелерін жобалауға қолдануға болады. 
Жоғарыда айтылғандардан мынадай принциптерді ерекшелеуге болады. 
1. Оқу пәнінің мақсаты таңдаған мамандығына сәйкес жоғары деңгейлі мамандарды дайындауды 
қамтамасыз ету. 
2. Пәнді үйренудегі есептер теориялық және тәжірибелік қызығушылығы бар ең маңызды бөлімдер-
ден тұрады, атап айтқанда теориялық бөлімінде алгоритмдер теориясының негізгі жақтарын, ал тәжірибе-
лік бөлімінде көбінесеең маңызды инструментальды программалау жүйелерінде программалау негіздерін 
үйретуді қарастырады. 
3. Оқу пәнінің мазмұны инструментальды программалау жүйелері ортасында оларды қазіргі таңдағы 
программалау тәжірибесінде қолданумен анықталады. 
4. Студенттерді оқытуда үйрету тереңдігі олардың алған білімдерін әртүрлі деректер типтерінде 
қолдана білу сияқты мәселелерді шешуді, сонымен қатар қарастырылып отырған облыста тәжірибелік 
қолдануға болатын, бірақ программалау жүйесінде дәл функция түрінде іске асыруға болмайтын 
теориялық және тәжірибелік ең маңызды алгоритмдері үйретуді көздейді. 
5. Программалау жүйелерінің мүмкіндіктерін жетістікпен қолдана білудің әртүрлі аспектілерімен 
байланыста оқу материалдарын үйретуді көздейді. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
6. Пәннің мазмұнын барлық деңгейде үйренуде міндетті түрде тұтастық, кешендік және декомпози­
ция принциптері пайдаланылады. 
7. Жүйелік талдау, математикалық аппарат және логикалық модельдеу әдістері кеңінен қолданылады. 
8. Өзіндік жұмысты орындау жүйелі түрде қарастырылады. 
9. Пән бойынша білім беру процесінде жобалау әдісін қолдану көзделінеді. 
10. Білімді бақылау мен бағалау критериялары дәл анықталады. 
11. Аудиториялық сабақтар (теориялық бөлімінде алгоритмдер теориясын, тәжірибелік бөлімінде 
программалау негіздерін үйрену). 
12. Студенттердің өзіндік жұмысын (қажетті оқу және әдістемелік материалдармен)қамтамасыз ету. 
13. Оқытудытәжірибелік іс-әрекеттермен тығыз байланысын қамтамасыз ету [4, 251 б.]. 
Жоғарыда қарастырылған принциптерді пайдаланып, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студент-
тері үйренуде қолдануларына болатын «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау» пәнінің 
концептуальдық моделін құруымызға болады. Жоғары оқу орындарының студенттерін программалауға 
үйретудің концептуальдық моделі жасалды (1-сурет). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет