Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет22/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50

Кіріспе  бөлімде  мұғалім  оқушыларды  оқу  модулінің  жалпы  құрылымымен,  оның  мақсат-міндеттерімен 
таныстырады. Содан кейін  осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 
минут  ішінде)  сызба,  кесте,  және  т.б.  белгілік  үлгілерге  сүйене  отырып  түсіндіреді.  Оқушылар  бұл  кезеңде 
бағдарламаның  аталған  тарауын  неге  және  не  үшін  оқып  үйренулері  керектігін,  өздері  нақты  нені  меңгеріп, 
үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет. 
Сөйлесу  бөлімінде  оқушылардың  оқу  материалын  қайта  жаңғырту  деңгейі,  қарапайым  білік  пен  дағды-
ларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады. 
Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығар-
машылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып 
отыру  әр  оқушыға  оқу  материалымен  жұмыс  істей  отырып,  өз  қабілеттерін,  жадын,  ынтасын,  ойлауын, 
жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді [4]. 
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір  оқушының әрбір  берілген  оқу материалын сабақта үш күрделілік 
деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. 
3,4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі (ІІІ және ІІ деңгейлер) 
І  деңгей  тапсырмалары  дарындылықтың  екі  түріне,  яғни  интеллектуалдық  және  креативтік  дарынды 
балаларға арналған. 
Оқушылар  қандай да бір  деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмалар  қарапайымнан күрде-
ліге  қарай  кезең-кезеңімен  орындалу  міндетті  емес.  Оқушы  тапсырманы  өзінің  орындау  мүмкіндігіне  қарай 
таңдауға ерікті. 
Оқу модулінің қорытынды  бөлімі – бақылау. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, 
білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. 
Егер  сөйлесу  бөлімінде  оқушыларға  үш  деңгейлік  (жеңілдетілген  стандарт,  стандартты,  стандарттан 
жоғары)   тапсырмалар  берілсе,  қорытынды  бөлімде  барлық  оқушыларға  мемлекеттік  білім  стандартына  сай 
бірдей тапсырмалар беріледі. 
Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы 
және оқушылардың ғылыми қоғамына (ОҚҒ), конкурстарға ұсынылуы мүмкін. 
Модульдік  оқыту  технологиясының  жеке  тұлғаның  өз-өзін  дамытуға,  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. 
С.И.  Ожеговтың  пайымдауынша  «Модуль  дегеніміз  –  белгілі  бір  тақырып  ішіндегі  бөліктердің  өзара 
топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі. 
Яғни, модуль –  тұтас жүйенің бір  бөлшегі, пәннің негізгі  заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне 
байланысты элементтердің жиынтығы. 
Модульдік  технология  дегеніміз  –  білімалушының  ішкі  мүмкіншілігіне,  қабілетіне  қарай  өз  бетімен 
ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы [5]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
144 
Оқыту  технологиясының  біз  әзірлеген  нұсқасының  бір  ерекшелігі  –  оның  білімді  меңгеруге  емес,  жеке 
тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-
қозғалыс  және  т.б.),  ойлау,  ынта,  қабылдау  қабілеттерін  арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар 
арқылы  дамытуға,  сондай-ақ  жеке  тұлғаның  қауіпсіздігін,  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі  бекіту,  қарым-қатынас 
жасау,  ойын,  танымдық  және  шығармашылық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  белсенді  сөздік  қорын 
(ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында. 
Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, 
бағдарламаны  табысты  жүзеге  асыру  үшін  берілген  оқытушының  нұсқауларынан  және  оқушы  іс-әрекетінің 
мақсатты бағдарламасынан тұрады [6]. 
Модульдік  оқыту технологиясының жеке  тұлғаның  өз-өзін  дамытуға,  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. 
Қорыта  айтқанда,  оқушыларға  коммуникативтік  білім  беруде  М.М.  Жанпейісованың  модульдік  оқыту 
технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары деңгейде.  
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге [4] қол жеткізуге болады: 
1. Уақыт  үнемделеді. 
2. Сабақтың  сапасын  көтереді. 
3. Оқу  әдісі  мен  құралдарын  таңдауға  мүмкіндік  тудырады. 
4. Оқушылардың  белсенділігін  мен  қызығушылығын  арттырады, сондықтан  оқу  үлгерімі  көтеріледі. 
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада: 
1. Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру. 
2. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру. 
3. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету. 
4. Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу 
5. Оқушының білім деңгейін дәл анықтау. 
Модульдік    оқытудың   сөйлесу бөлімінде  оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,  өтілген материалды қайта 
жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі. 
Модульдік  оқытуда  интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды 
оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. 
Модульдік  оқытуда  тағы  бір  ерекшелік  –  бағалау  парағын  қолдану  болып  табылады.  Сабақ  жеке  жұмыс, 
топпен  жұмыс   болуы  мүмкін.  Бала  ескерусіз  қалмас  үшін  әр  жұмысқа  балл  қою  арқылы  қорытынды  баға 
қойылады. 
Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өмірге қажетті өз болашағына 
азық болатын тәрбие беру де қолға алынуда. 
 
Резюме 
В  статье  представлены  содержание  и  принципы  модульной  технологии  обучения.  Даны  понятия  «Модуль»  и  
«Модульная  технология  обучения».  По  примеру  разработки  модульной  технологии  М.Жанпеисовой  модули  
разделены    на  три  составные    части  и  отдельно    расписываются  части  модуля.  Согласно    требованиям  стандарта  
образования приведены трехуровневые  задания, а также  поурочные  задания. 
 
Summary 
The  article  presents  the  content  and  principles  of  modular  technology  education.  The  notions  "module"  and  "Modular 
technology  education".    Following  the  example  of  the  development  of  modular  technology  M.Zhanpeissovа  modules  are 
divided into three separate parts and painted parts of the module. According to the requirements of education are 3-level job 
and what lesson they should be. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан  //Қазақстан халқына Жолдауы.  28.02.2007. 
2. Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы» //Тәрбие құралы. 2005 жыл.  №4. 
3. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». – Алматы 2006. 
4.  Педагогтың  кәсіби  деңгейін  өсіруде әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  жолдары  //Ғылыми-практикалық 
жинақ. – Алматы, 2008. 
5. Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңатехнологияныпайдалануәдістері». – Қызылорда, 2004. 
6. Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». – Алматы,2002. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
145 
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП 
ВЫСШАЯ ШКОЛА 
 
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  БІЛІМ БЕРУДЕГІ  
НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕР  
 
BASIC PRINCIPLES OF ENVIRONMENTAL EDUCATION 
IN HIGHER EDUCATIONAL INSTITUTION 
 
Ұ.М. Әбдіғапбарова – п.ғ.д., профессор, 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Э.Ө. Сағындықова – п.ғ.к., 
Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті 
 
УДК 574 
                          
Аңдатпа 
Қазіргі заман адамы экологиялық білімдермен қаруланған болуы тиіс. Экологиялық білім адамның экологиялық 
санасын дамытуды, оның табиғатпен қарым-қатынастарын оңтайластыру мен үйлестіруді қамтиды. Авторлар мақа-
лада жоғары  оқу  орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлау процесінде экологиялық білімнің қажеттілігін 
негіздейді. Экологиялық білімнің мәні мен мақсатын анықтайды. Экологиялық білімді өзара тығыз байланыстағы үш 
топқа  бөліп  қарастырады:  философиялық-әдіснамалық,  әдістемелік-дидактикалық,  ұйымдастырушылық-педа-
гогикалық.  
Соның ішінде философиялық-әдіснамалық принциптері арасынан гуманитарландыру, экологияландыру, жүйелі-
лік, болжамдық, проблемалық, тарихи, әрекет ету мен ықпал етушілік, сондай-ақ антропоорталық пен биоорталық-
тан коэволюцияға ауысу принциптеріне тоқталады. Әдістемелік-дидактикалық топ құрамынан  экологиялық білімнің 
дамытушы  сипаты  және  мақсатқа  бағыттылығы,  ғылымилық,  сабақтастық,  жалпыға  ортақтық,  кәсіптік  және  эко-
логиялық білімнің өзара байланысы, өлкетанушылық, тұлғалық–бағдарлық, пәнаралық және кешендік принциптерін 
қарастырады.  Ұйымдастырушылық-педагогикалық  бойынша  икемділік,  вариативтік,  аймақтық,  үздіксіздік,  жанама 
және тікелей үйлестірушілік, демократияландыру принциптеріне аса мән береді.  
 
Summary  
Modern man must be reserved by of ecological education. Environmental education encompasses development of human 
consciousness its conformity and harmony with nature. The authors justify the need for environmental education. Determine 
the  meaning  and  purpose  of  environmental  education.  Consider  environmental  education  by  dividing  them  into  three 
interrelated groups: philosophically –methodology; didactic methodology; organizational Pedagogical 
They consider including principles of philosophic methodology humanized, Ehkologizirovannaja, consistency, assumptions, 
historical, Going it and influence, as well as to perehozhdenie anthropocentric and biocentric coevolutionary principles. 
They  view  from the methodical nature of the didactic group  development and orientation to the goal  of  environmental 
education, scientific, interconnection, universal, professionalism, interdisciplinary and complex principles. 
By  organizational  -  pedagogical  directions  sult  attention  to  inclinations  variability,  territorial,  continuous,  direct  and 
indirect synchronization and especially democratic principles. 
Түйінді  сөздер:  табиғат,  экология,  экологияландыру,  экологиялық  білім,  экологиялық  сана,  болашақ  маман, 
экологиялық-педагогикалық даярлық.  
Keywords:  nature,  ecology,  environmental  knowledge,  environmental  awareness,  future  specialist,  EcoLogic  and 
pedagogical training. 
 
Экологиялық  білімді  дербес  жеке  тұлғаның  және  қоғамның  экологиялық  мәдениетін  қалыптастырудың 
негізгі және шешуші шарттары тұрғысынан қарастыру – бүгінгі күн талабы. Өйткені болашақ маман қоршаған 
ортада  кездесіп  жататын  экологиялық  мәселелерді  шешу  барысында  өздігінше  шешім  қабылдай  алуы  және 
экологиялық тұрғыдағы өз әрекеттерін бағалай білуі қажет. Осыған орай жоғары кәсіптік білімді реформалау 
жағдайында мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыдан түйсіну мен практика-
лық тұрғыдан жүзеге асыру ерекше маңызға ие.   
Экологиялық  білім  –  адамның  қоршаған  ортаға    жауапкершілігін    дамытуға,  қазіргі  және  болашақ  ұрпақ 
қызығушылықтарын ескере отырып табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға  бағытталады. 
Қазіргі  мәдени  құндылықтар  жүйесінің  құрамына  табиғат  енеді.  Бұл    барлық  саладағы  мамандар  үшін 
маңызды  өмірді  қастерлеу,  жер  этикасы,  адам  мен  табиғаттың  біргелікте  әрекет  етуі,  адамзат  пен 
табиғаттың коэволюция идеясы сияқты экологиялық принциптердің жүзеге асуынан көрінеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
146 
Ғалымдардың  айтуынша қоғамға адам өмірін, адамзаттың одан әрі дамуы мен оның табиғатпен біргелікте 
әрекет ету эволюциясын  қамтамасыздандыратын тыйымдар мен шарттар жиынтығын құрайтын экологиялық 
императив қажет [1]. 
Осындай  әдіснамалық  қағидалар  экологиялық  білімнің  мақсатты  бағыттарын  анықтауға  мүмкіндіктер 
туғызады.  Экологиялық  білімнің  мақсаты    қоршаған  орта  туралы    ғылыми  түсінігі  бар  және  тиімді  қарым-
қатынас жасайтын, сондай-ақ табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділікте дамитын тұлғаны  қалыптастыру. 
Экологиялық білімнің мәнін ашуда ғылымда экологиялық проблемаларға байланысты экологиялық ұғым-
дар, экологиялық сана, экологиялық ойлау мен дүниетаным, табиғатқа қарым-қатынас экологиялық мәдениет 
салаларынан жаңа білімдер қалыптасты [2; 3; 4; 5; 6]. 
А.Н. Захлебный  экологиялық білім жүйесінің негізі өзара байланыстағы төрт құрамдас бөліктен тұратынын 
айтады: танымдық – табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің сипаты туралы, көлемді экологиялық проблемалар 
мен олардың шешілу жолдары туралы негізгі идеялар және т.б.; құндылық – табиғаттың жан-жақты қоғамдық 
және жекелік маңызы туралы құндылық бағдарлар; нормативтік – табиғатты пайдаланудың адамгершіліктік 
және құқықтық нормаларының негіздері, қоршаған ортада өзін алып жүру (ұстай білу) ережелері; іс-әрекеттік 
–  оқушылардың  экологиялық  сипаттағы  танымдық  және  практикалық  іскерліктерді  қалыптастыруға  бағыт-
талған іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері [4]. 
Ал, экологиялық білімнің дамуындағы жетекші идеялар арасынан мыналарды бөліп көрсеткен жөн: 
- қазіргі өмірді  әлемнің экологиялық бейнесі негізінде түсіну; 
- барлық тірі организмдердің, сондай-ақ тірі табиғат пен өлі табиғаттың бірлігін ойдан өткізу; 
- өзіңе және қоршаған дүниеге, өзінің бір бөлігі тұрғысынан қарым-қатынас жасау; 
- табиғат құндылығының көптүрлілігін (материалдық, эмоционалдық, эстетикалық және т.б.) түсіну; 
- ақпараттардың, энергияның, заттардың бір-бірімен алмасу процестері  ретінде  жанды жүйелерінің тұтас-
тығын қамтамасыздандырушы экологиялық тұрғыдағы өзара әрекеттерді түсіну; 
- табиғат  процестері  мен  құбылыстарын  антропоорталықтық  тұрғыда  меңгерудің  биоорталықтық  және 
саясиорталықтық тұрғыда игеруге ауысуы; 
- табиғат  пен  әлеуметтік  заңдардың  сәйкессіздігі  тұрғсынан  табиғат  –  қоғам  жүйесіндегі  қарама-қайшы-
лықтар (экологиялық проблемалардың пайда болуы) себептерін түсіну; 
- экологиялық дағдарыстың пайда болуын мәдениет дағдарысы деп түсіну; 
- экологиялық мәдениеттің адамның жалпы мәдениетіне қосар үлесін түсіну; 
- экологиялық және адамгершіліктік императивпен келісілген мақсатқа лайықты әрекет тәсілдерін мораль-
дық тұрғыда таңдай білуді  жете түсіну; 
- өзінің және басқа адамдардың денсаулығына, қоршаған орта жағдайына экологиялық тұрғыдағы жауап-
кершілігін тәрбиелеу; 
- қоғам және табиғат эволюциясы ретінде адамзаттың тұрақты дамуының тұжырымдамасын түсіну; 
- әлеуметтік  проблема  тұрғысынан  қоғам  мен  табиғаттың  өзара  қарым-қатынастарын  оңтайластыруды 
(үйлестіруді) түсіну. 
Осындай  идеяларды    экологиялық  білім  және  тәрбие  беруде  практикалық  жүзеге  асыру  дәстүрлі  оқу 
пәндерін экологияландыруды, оқу іс-әрекетінің сабақтан тыс формаларын ұйымдастыру мен арнайы ықпалдас-
тырылған курстарды енгізуді білдіреді. 
Жоғары  оқу  орындарында  экологиялық  білімнің  мәні  мен  мақсаттарын  анықтау  әр  түрлі  тұрғыда  жүзеге 
асырылғанымен, олардың бәрінде бірдей экологиялық  білім  қоршаған ортаны  тану мен қорғаудағы белсенді 
өмірлік  позицияны  қалыптастырушы  болып  табылады  және  экологиялық  проблемаларды  шешуге  жас 
ұрпақтың қатыстырылуын талап етеді. 
Қазіргі  уақытта  жоғары  оқу  орындарындағы  экологиялық  білім  болашақ  мамандардың  экологиялық 
мәдениетін қалыптастыруға жауапты іс-әрекетіндегі басымдық бағыты мәртебесіне ие болып отыр. 
Экологиялық  білім  негіздерін  меңгеру  гумандық  тұрғыдағы  дүниетанымды  қалыптастыруды  білдіреді. 
Экологиялық білім тұлғаның адамгершіліктік-гумандық қасиеттерін байыта түседі. 
Философиялық  және  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерге  жасаған  талдау  нәтижесі  экологиялық  білімді 
өзара тығыз байланыстағы үш топқа бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 
- философиялық-әдіснамалық; 
- әдістемелік-дидактикалық; 
- ұйымдастырушылық-педагогикалық. 
Бірінші  топ  философиялық  тұрғыда  экология  әдіснамасын  кешенді,  ықпалдастырылған  ғылым  мен  білім 
беру  саласын  негіздеп    көрсетсе,  екінші  топ  экологиялық  білімді  жүзеге  асырудың  дидактикалық  шарттары 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
147 
мен  әдістемесін  анықтайды,  ал  үшінші  топ  экологиялық  білім  жүйесін  басқару  механизмдері  мен  жүзеге 
асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық формаларын көрсетеді. 
Философиялық-әдіснамалық  принциптері  арасынан  гуманитарландыру,  экологияландыру,  кірістіру, 
жүйелілік,  болжамдық,  проблемалық  және  тарихи,  әрекет  ету  мен  әсерленушілік,  сондай-ақ  антропоорталық 
пен  биоорталықтан  коэволюцияға  ауысу  принциптері  ерекшеленеді.  Әдістемелік-дидактикалық  принциптер 
тобының құрамына мына принциптер кіреді: экологиялық білімнің дамытушы сипаты және мақсатқа бағытты-
лығы, ғылымилық және іргелілік,  сабақтастық, жалпыға ортақтық, кәсіптік  және экологиялық  білімнің өзара 
байланысы, өлкетанушылық принципі; тұлғалық–бағдарлық, пәнаралық және кешендік. Ұйымдастырушылық-
педагогикалық  принциптерге  икемділік,  вариативтік,  аймақтық,  үздіксіздік,  жанама  және  тікелей  үйлестіру-
шілік, демократияландыру және жалпыхалықтық, модульдік принциптері жатады /93/. 
Соның  ішінде  студенттердің  экологиялық-педагогикалық  және  экологияны  оқытудың  мақсаты,  мазмұны, 
ұйымдастыру  формалары,  әдістері,  құралдары  мен  нәтижелері  арасындағы,  теориялық  және  практикалық 
даярлықтағы  өзара  байланысын  көрсететін  принциптерге  және  білімдерді  кіріктіру  ерекшеліктеріне  ие 
принциптерге тоқталған жөн. 
Экологиялық білім саласындағы гуманитарландыру принципі адамзатты экологиялық күйреуден аман алып 
қалу, Жердегі өмірді бағытталған экологиялық іс-әрекеттің мақсатқа сәйкестілігіне қабілетті адамның қалып-
тасу идеяларын мазмұндайды және адамның қолайлы өмір сүру еркінен пайда болады. 
Гуманитарландыру принципі экологиялық білімге қол жеткізуге қолайлы жағдайларды жасауды білдіреді. 
Соның негізінде білім беруші мен білім алушылардың эмоционалдық тұрғыда оң қарым-қатынасын көрсететін 
(коммуникативтік  резонанс),  бірін-бірі  біліммен  байытатын,  біргеліктегі  шығармашылығы  жүзеге  асатын, 
сондай-ақ  педагогикалық  технологиялардың  әр  түрлі  формалары  мен  әдістерінің  қажет  болуына  орай  білім 
алушылардың шығармашылық дербестігін көтеруге арналған кеңістік пайда болады.   
Экологиялық білімді гуманитарландыру әрбір адамның қоршаған ортада өмір сүру құқықына негізделген. 
Осы принцип экологиялық білім мазмұнында гумандық құндылықтар мен құқықтық нормаларға, адамгершілік 
және экологиялық императивтердің көрініс табуына бағытталған. 
Экологияландыру  принципі  қоршаған  ортамен  адамның  өзара  қарым-қатынастарындағы  аксиологиялық 
доминантын, құндылық бағдарын ғылым мен білімге қосады. Экологияландыру дегеніміз  физика, химия, гео-
графия,  философия  және  басқаларға  құндылық  бағдар  тұрғысынан  ықпал  ететін  кешендік,  интегративтік 
ғылым.  Осы  принциптің  эстраполяциясы  барлық  биосфераны  антропогендік  белсенділікке  ие  адамның  өмір 
сүру  ортасы  мен  басқа  да  тірі  организмдер  күйінде,  биосферадағы  аса  динамикалық  фактор  тұрғысынан 
біртұтас  үйренуге  ұмтылуды  білдіреді.  Экологияландыру  принципі  экологиялық  білімнің  басқа  пәндер  сала-
ларының мазмұнына табиғи жолмен кірігу жағдайындағы көп пәнді экологиялық білім моделін жүзеге асыруда 
пайда болады. 
Экологияландыру  кіріктірумен  тығыз  байланысты,  атап  айтқанда  егер  экологияландыру  практикалық 
тұтынушылықты  білдірсе,  ал  білімдердің  кірігуі  –  оны  жүзеге  асырудың  бірден  бір  жолы  болып  табылады. 
Гуманитарландыру  және  экологияландыру  принциптері  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланысты.  Гуманитарлан-
дыру – адамға қатысты экологияландыру, экологияландыру – бұл табиғатқа қатысты гуманитарландыру. 
Гуманитарландыру әлемдік білім беру жүйесінде дүниеге рационалистік көзқарастың әсерімен қалыптасқан 
адам,  қоғам,  мәдениет  болмысын  таным  процесінде  жіктелетін    өлі  бір  механизм  ретіндегі  технократтық 
дәстүрлерден алшақтатуды білдіреді.  
Үздіксіздік және бірізділік принципі болып оқушыларға экологиялық білім беруге  кәсіптік даярлықтарын 
қалыптастырудың  қажеттілігі  мен  мүмкінділігі  негізінде  студенттердің  экологиялық  білім  мазмұнын,  оның 
когнитивтік,  операциялық-іс-әрекеттік  және  аксиологиялық  компоненттерін  меңгеруі  саналады.  Үздіксіздік 
және бірізділік принципі жаңа экологиялық білімдердің, іскерлік пен дағдылардың қалыптасуын студенттердің 
тапсырмалар мазмұнының біртіндеп күрделену барысын және олардың өздігінен орындау тапсырмаларының 
көбеюі мен оларды орындау барысы негізінде жүзеге асуын талап етеді.  
Болашақ маманның экологиялық білімінің кәсіптік бағыты принципі адамгершілік-психологиялық, мазмұн-
дық-ақпараттық  және  операциялық-іс-әрекеттік  даярлықтарының  қалыптасуына  баса  әсер  етуші  мазмұнын, 
формаларын, әдістері мен құралдарын таңдауымен анықталады. 
Оқытушының жалпы білім беретін мекемелерде экологиялық білімді жобалау, ұйымдастыру және жүзеге 
асыру  бойынша  кәсіптік  іс-әрекетінің  құрылымы  пәндік,  экологиялық,  психологиялық-педагогикалық  және 
әдістемелік іс-әрекеттерінің әр түрлі тәсілдері мен түрлерінің қосындысына бағытталған.  
Экологиялық  және  экологиялық-педагогикалық  даярлықтар  бірлігі  принципі  білім  беру  саласындағы 
мамандарды  даярлау  бойынша  жалпы  мақсаттар  мен  міндеттермен  анықталады.  Оқытушының  экологиялық 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
148 
білімі  кәсіптік  даярлық  деңгейінен,  экологиялық  білімнің  қазіргі  теориялары  мен  технологияларын  меңгеру 
қабілетінен, елдегі экологиялық проблемалардың барлық кешенін шеше алу іскерлігінен талап етіледі. 
Болжамдық принципі білім алушылардың болашақ туралы қам жасау және алдын ала болжай білу сезім-
дерін,  экологиялық  проблемалардың  салдарын,  оларды  шешу  жолдарын  болжай  білу  қабілетін,  адамның 
денсаулығын  және  биосфераның  геноқорын  сақтау  жағдайларын  жобалау  іскерліктерін  қалыптастыру   
проблемасын маңыздандырады.  
«Ауқымды  ойлау  –  жергілікті  әрекет  ету»  делінетін  өзара  байланыстылық  принципі  экологиялық  дүние-
танымның  негізгі  тұжырымдамасына  сәйкес  білім  алушылардың  интеллектін,  сезімін  аша  түсуге  мүмкіндік 
беретін,  жүйетүзуші  байланыстар  құрылымының  дербес  тәсілі  ретінде  білімнің  әр  түрлі  саласы  проблема-
ларының бәріне ортақ ұстанымға ие. 
Пәнаралық  принцип    оқу  жоспарындағы  әр  түрлі  ғылыми  пәндердің  –  жаратылыстану,  адамгершілік-
эстетикалық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық пәндердің өзара байланыстарын, олардың кіріктірілуін және 
бір мақсаттағы байланысын білдіреді. 
Жүйелілік принципі іс-әрекеттің алуан түрлерін ұйымдастыру формалары мен оқытудың мақсаты, мазмұ-
ны, әдістері мен амалдары, құралдары негізінде экологиялық білімді толық ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.  
Экологиялық білімнің икемділік, альтернативалық және вариативтік принципі экологияны, маманданулар 
және профильдер бойынша (жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық бағыттар) меңгеру мен тереңдетудің 
әр  түрлі  дәрежедегі  білім  бағдарламаларының  (вариативтік  және  альтернативтік  бағдарламалар)  түрлілігін, 
олардың мазмұнын түзеу, темптері мен оқу мерзімдерін таңдау және т.б. қабілетін білдіреді. 
Жоғары  оқу  орындарында экологиялық білім  беруде көрсетілген негізгі принциптерді  басшылыққа алған 
жөн. Өйткені экологиялық білімнің тиімділігі  оны ұйымдастыруға  қойылған нормативтік талаптарды негізге 
алатын принциптерінің сақталуымен қамтамасыздандырылады.  
Қазіргі уақытта  экология деп көбіне қоршаған ортаны, адам мен табиғатты қоса, күрделі тірі жүйелердің 
өзара  әрекеттері  туралы  гуманитарлық,  техникалық  және  жаратылыстанушылық  мәліметтерін  өзіне  жинақ-
таған табиғат туралы білімнің кіріктірілген саласын айтады.  
Қоғам  мен  табиғаттың  өзара  қарым-қатынастарын  үйлестірудің  тәсілдері  мен  жолдарын  іздеу  барысында 
саяси-құқықтық,  әлеуметтік-экономикалық,  ғылыми-техникалық  шаралармен  қатар  рухани-ағартушылық  іс-
әрекеттер де орасан маңызға ие. Экологиялық білімнің интенсивтік дамуы көлемді қажеттілікке айналады. 
Студенттердің  іс-әрекеттеріндегі  экологиялық  бағыттың  күшеюі  білім  беру  процесінің  мақсаттарын,  маз-
мұны  мен  әдістерін  жетілдіру  есебінен  де  қамтамасыздандырылады.  Университеттегі  оқу-тәрбие  процесін 
экологияландыру мыналарды қамтиды: 
- болашақ мамандардың экологиялық тұрғыдан жауапкершілігін қалыптастырушы жағдайларды құру; 
- жеке тұлғаны қалыптастырушы жағдайлар мен әсерлер жүйесі тұрғысынан экологиялық-білімдік ортаны,  
сондай-ақ оның дамуы үшін әлеуметтік және кеңістіктік-заттық ортада бар мүмкіндіктер жасау; 
- аймақтық  материалдар негізінде оқу экологиялық жобаларын жүзеге асыру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет