Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет15/46
Дата15.02.2017
өлшемі4,25 Mb.
#4163
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Ж.Л. Садықова – п.ғ.к., Қазақ экономикалық университеті, Дене тәрбиесі кафедрасы 
 
Резюме 
Данная  статья  посвящена  формированию  знаний  учащейся  молодежи  о  физической  культуре  и  физическом 
воспитании  и  совершенствование  знаний  учащейся  молодежи  на  основе  разработки  теории  и  практики  процесса 
развивающего  воспитывающего  обучения,  а  также  разработана  авторская  концепция  формирования  физической 
культуры и физического воспитания учащейся средних школ и студентов. 
 
Summary 
Given  article  devoted  the  formationof  sports  and  physical  education  training  of  sdudying    youth  and  perfection  of  the 
knowledge  of  studying  youth about  the  physical  education  and  physical  culture  on  the  basis  of  woking  out  the theory  and 
practice of process of developing fnd bringing up training, as well as the author’s concert of sports formation and aducation of 
pupils of high schools and students is developed. 
 
Оқыту  мен  дене  тәрбиесі  жөніндегі  білім  беруді  іс  жүзінде  шешу  мен  ғылыми  тұрғыдан  оны 
дайындаудың жаңа деңгейі, сондай-ақ бір жағынан жас адамның дене тәрбиесі жөніндегі білімі мен дене 
дайындығына  үйретумен,  екінші  жағынан,  оқушылар  мен  студенттердің  осы  саладағы  жеке  білімінің 
көлемімен және біліктілік деңгейімен байланысты қоғамдық білімінің көлемімен, деңгейімен жастардың 
жеке дене тәрбиесінің шамасы арасындағы қазіргі уақыттағы қайшылықты шешу қажет болады.  
Дене  тәрбиесі  сабақтарымен  шұғылдану  кезінде  жеке  өзінің  денсаулығын  нығайту  мүмкіндігінің 
жалаң  және  бірыңғай  түріне  ғана  сүйену  Қазақстан  дамуының  қазіргі  сатысындағы  өскелең  талаптарға 
сәйкес келмейтіндігі айқын болып отыр.   
Ұзаққа созылған шаршау, торығу, острохондроз, экология  мен  ақпараттық байланыс адам  ағзасына 
шамадан  тыс  жүктеменің  салдары      қазіргі  жағдайда  бала  кезден  бастап  адамға    серіктес  болып  келеді. 
Олар  іс  жүзінде  дәрі-  дәрмекпен  емдеуге  келмейді,  бірақ  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мен  оқушы 
жастарды,  студенттер  мен  жас  мамандарды,  жұмысшылар  мен  қызметкерлерді  зақымдайды.  Алматы 
қаласындағы  әрбір  мың  баланың  бір  жыл  ішінде  науқастануы  24,95  жағдайды  құрап  отыр.  Алматы 
қаласындағы әлеуметтік тұрғыдан жайсыз топтардың денсаулық көрсеткіштерін статистикалық тұрғыдан 
өңдеуде балалардың дене және психикалық дамуында төмендегідей ауытқушылықтар анықталды: әртүрлі 
мүшелер  мен  жүйелердің  ауытқушылығы  100  пайызында,  тұлғаның  бұзылуы  93  пайызында  байқалды, 
психикалық тұрғыдан дамудың тежелуі 67 пайызында тіркелген.  
Педагогикалық  зерттеу  мәселесі  биологиялық  және  паспорт  алу  жасына  келгендердің    ара 
қатынасындағы  үйлесімді  дамудың  заңдылықтарын  ашудан  тұрады.  Жоғарыда  баяндалғандардың 
тұрғысынан алғанда, денсаулықты, ақыл-ойды және амандық саулықты дене тәрбиесі құралдары арқылы 
отбасылық  деңгейде  тәжірибесіндегі  спорттық  педагогикалық  ынтымақтастықтың  сүйенетін  шамасы 
ерекше мәнге ие болады. 
П.Ф.Лесгафт педагогиканың пайдалануына сол мезгілдегі дене тәрбиесі жүйесінің бірде-біреуін алуға 
келмейді, адам туралы ғылымға қол жеткізуге негізделген жаңа жүйені жасау керек деп есептеді. Алайда  
педагогика  бүгінгі  күнге  дейін  бұл  мәселені  шеше  алмай  келе  жатыр.  Ресейдегі  дене  шынықтыру 
білімінің  негізін  салушы    П.Ф.Лесгафт  кез-келген  жалпы  білімнің  мақсаты  ақыл-ой,  эстетикалық  және 
дене  дамуын  өзінің  жеке  тұлғасын  және  оның  маңызын  айқындауда  өз  денесін  басқара  білуде,  жас 
адамның  саналы  түрде  әрекет  етіп,  өзінің  ақыл-ой  қызметін  тексеруде  адамның  ойы  мен  іс-әрекетіндегі 
жөн-жосықсыздықты саналы түрде шектеу деп есептеді. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
96 
Тәрбиелену  үшін  білім  қажет,  оған  И.Ф.Харламов  толығырақ  анықтама  берді:  Ол  «..білімді 
үйренушінің ғылыми білімдерді; практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеруі, олардың танымдық 
және творчестволық қабілеттерін, сондай-ақ дүниетанымымен адамиэстетикалық мәдениетін дамыту деп 
түсіну  керек,  осылардың  нәтижесінде  олар  жеке  өзіндік  өзгешеліктер  мен  белгілі  бір  жеке  келбетке 
(бейнеге)  ие  болады»  деп  есептейді.  Т.А.Ильина      білімді  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  үш  біріңғай 
процесі – тәжірибені меңгеру, тәрбиелеу мен даму, теорияның үш тағаны (фактілер, идеялар, түсініктер), 
практиканың  (өмірдің  әртүрлі  жағдайларындағы  іскерліктер  мен  дағдылар)  және  дүниетанымдық-адами 
түсініктердің процесі ретінде қарастырады. 
Адамның және болашақ мамандардың білімін жетілдіру мәселесі белгілі ғалымдардың назарын үнемі 
аударады және аударып та келеді.   
Г.Д.Иванов халыққа білім беру жүйесі мен педагогика дене тәрбиесінің  және оның құрамдас бөліктері 
спорт  пен  дене  шынықтыру  мүмкіндіктерін  қазіргі  орта  дәрежелі  және  жоғарғы  оқу  орындарының  оқу-
тәрбие  және  білім  беру  үрдісінде  әзірге  бағаламбай  отыр  деп  көрсетеді.  Осы  мәселені  ол  төмендегі 
жолдар арқылы шешу керек дейді:  
-  халыққа  білім  беру  жүйесінің  жоғарыда  айтылған  құрылымдарындағы  дене  тәрбиесінің 
бағдарламалық және нормативтік құжаттармен қамтылуы. 
-  дене  шынықтыру  білімін,  оның  ішінде  отбасылық  және  мектеп  жасына  дейінгі  мекемелердегі, 
теориялық - әдістемелік тұрғыдан негіздеу. 
- педагогика мен дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік тұжырымдамасын жақындату; 
-оқу орындарын бітірушілердің кәсіби қызметімен дене тәрбиесінің ықпалдасуын қамтамасыз ету. 
-студенттердің  дене  дайындығы  нормативтерін  негіздеу  және  оларды  мамандардың  біліктілік 
сипаттамасына енгізу; 
- білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесінің орны мен ролін қайта қарау; 
-  педагогикалық,  инженерлік,  әскери  және  өзге  мамандықтар  үшін  дене  тәрбиесі  бойынша  оқу 
бағдарламаларын дайындау; 
-  еңбекті  ғылыми  негізде  ұйымдастыруға  байланысты  ЖОО-ның  жоғарғы  курс  студенттерінің  және 
орта  дәрежелі  оқу  орындарының  оқушыларының,  мектеп  оқушыларының  кәсіби-қолданбалы  дене 
дайындығын негіздеу; 
-  жеткіншектер  мен  студент  жастарда  салауатты  өмір  салтын,  қозғалыс  белсенділігінің  мәдениетін 
және дене тәрбиесіне деген қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі мен мазмұнын жасау; 
-  халыққа  білім  беру  жүйесінің  басшы  қызметкерлері  мен  жалпы  білім  беретін  мектептің  пән 
мұғалімдеріне дене тәрбиесі жөніндегі білім беруді жолға қоюды күшейту. 
Орта  мектеп  пен  ЖОО-дағы  дене  тәрбиесі  мен      білім  берудің  жағымсыз  үрдісін  көптеген  авторлар 
атап  көрсетті.  Мысалы:  ЖОО-нын  бітірер  қарсаңында  ауыратын  студенттердің  саны  көбеюде. 
Медициналық, педагогикалық және басқа  ЖОО-ның студенттерінде дене дайындығының жеткіліксіздігі 
байқалуда. 
Студенттердің  қозғалыс  белсенділігі  едәуір  дәрежеде  төмен.  Осы  категориядағы  студенттердің  ауру 
себебінен  сабақты  көп  жіберушілердің  және  үлгермеуіне  байланысты  университеттен  оқудан  шығып 
кетушілердің пайызы көбірек. 
Педагогикалық  ЖОО-на  түсушілердің  санының  тек  жартысының  ғана  педагогикалық  мамандыққа 
қызығушылығы бар. Сол себепті көптеген бұрынғы студенттер өзі және өздерінің қарауындағылары үшін 
дене  тәрбиесінің  түрліше  құралдарын  қолданудың  қарапайым  ұйымдастырушылық  және  әдістемелік 
дағдыларын меңгермеген. 
Қазақстанның ондаған ЖОО студенттерінің дене дайындығының бастапқы деңгейі төмен. ЖОО-дағы 
студент  жастардың  жан-жақты  дайындығын  қамтамасыз  ету  үшін  дене  тәрбиесінің  барысында  олардың 
дене  дайындығының  өзгерістерін  тұрақты  бақылап,  зерттеу  ұсынылады.      ЖОО-да  студенттер  үшін 
факультативтік  сабақтар  ұйымдастырылғанына  қарамастан,  олардың  көбінің,  әсіресе  жоғары  курс 
студенттерінің  сабаққа  қатысуы  нашар.  Оқитындардың  арасында  спорт  бойынша  разрядшы-студентер 
саны  жас  өспірімдер  арасында  5,7  пайызды,  ал  қыздар  арасында  2,2  пайызды  құрайды.  Бұл-  мектепте 
оқыған 11 жыл қосу ЖОО-да оқыған уақыт нәтижесі. 
Демографтар  мен  дәрігерлер  жүргізген  талдаулар  адамзаттың  болашағы  көңіл-көншітерліктей  емес 
екендігін  көрсетуде  -  адам  баласы  қан  тамырларының,  өкпенің,  бауырдың,  бүйректің,  асқазан  және 
ішектердің созылмалы сырқаттарына шалдыға отырып, қартаяды. Сондай-ақ әлеуметтік гигиена ҒЗИ-ның 
мәліметтері  бойынша  қоршаған  ортадағы  жағдай  біздің  және  біздің  балаларымыздың  денсаулығына  20 
пайыздай  әсер  етеді,  оның  есесіне  денсаулықтың  51  пайызы  салауатты  өмір  салтына  оған  қосымша 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
97 
қоршаған  ортаның  тазалығына,  оңтайлы  тамақтануға,  адамдар  арасындағы  үйлесімді  қарым-қатынасқа, 
жыныстық дұрыс қатынасқа, оқу, жұмыс, тұрмыс саласында тазалықты сақтауға тәуелді. 
Дәрігер М.Л.Перепелицин фармокологиялық дәрі-дәрмектерсіз емдеуді ұсына отырып, физиотерапия, 
инемен  емдеу,  әдеттегі  уқалау,  қытайлық  нүктелер  бойынша  уқалау,  емдік  диета,  дәрілік  шөптермен 
емдеу,  гомеотерапия,  аутотренинг,  биологиялық  қуатпен  емдеу,  филиппин  психологиялық  хирургиясы 
секілді  тиімді  құралдарды  ұсынады.  Алайда  психологиялық  қуатпен  емдеу  аясы  спорттық  саланы 
қосқанда, кез келген тіршіліктің әлі де аз зерттелмеген негізі болып  табылады. 
Психология  мен  медицина  адамның  мінез-құлқының,  оның  жан-дүниесінің  және  психикалық 
қасиеттерінің  іргетасы  педагогикалық  қарым-қатынас  пен  педагогикалық  ынтымақтастық  нәтижесінде 
алғашқы  үш  жылда  қаланады  деген  бірыңғай  пікірге  келді.  Сонымен,  адам  үйренетін  ақпардың  70 
пайызын көру арқылы игереді, ал  бала өмірінің алғашқы жылдарында ақыл-ойының   өсуі көру   арқылы 
жүзеге  асады.  Сондықтан      педагогикалық  ойшыл  классиктер  педагогикалық  қарым-қатынас  жасаудың 
алғашқы  кезеңі  бесіктен  бастау  алады  деп  есептейді.  Олар  үйрету  өз  бетінше  ойлаудың  дамуына 
мүмкіндік  беретін,    балалардың  қызығушылығы  мен  әуестігіне  сүйенуге  тиіс  деп  дәлелдейді.  Сонымен, 
балалардың  денсаулығын  нығайту  мен  денесін  дамытуға,  олардың  үлгісінің  әсемдігіне,  сыпайы  мінез-
құлық дағдыларына, қатал ерік-күшке, өзін-өзі басқара білуге зейін көп аударылуы тиіс.   
Педагогикалық процесті гуманизациялау әрбір бала мен ұстаздың жеке ерекшеліктерін есепке алудан 
тұрады. Ол оқушылар жеке тәжірибесі  мен жеткен деңгейіне, олардың қызығушылығы мен бейімділігіне 
сәйкес құрылады. 
Мектептерде  кәсіби  бағдар  жөніндегі  жүйелі  жұмыстың  болмауы  оқушының  мамандық  пен  кәсіпті 
ойланбай таңдауына әкеп соғады. 
Педагогикалық  процесте  демократияландыру  мен  гуманизациялау  қағидаларын  жүзеге  асыру 
ынтымақтастық  педагогикасының  негізінде  балалар  мен  ересектердің  біріккен  дамытатын  іс-әрекетінде 
мүмкін  болады,  оның  барысында  олар  өзара  түсінумен,  осы  әрекеттің  барысы  мен  нәтижесін  талдауға 
біріккен  ұмтылыспен  байланыста  болады.  Жаңашыл-ұстаздардан  кейін  Т.Межуева    ынтымақтастық 
педагогикасын  мұғалім-оқушы,  мұғалім-ата-аналар,  мұғалім-мұғалімнің  өзара  қарым-қатынасының 
жиынтығы  есебінде  қарастырады.  Осының  бәрі-бір  тізбектегі  буын.  Осы  буындардың  байланысы 
қаншалықты  берік  болса,  тізбекте  соншалықты  берік,  мұғалім  мен  ұстаздың  шеберлігі  де  соншалықты 
жоғары болмақ. Мұндай ынтымақтастықсыз мұғалім, ұстаз, тәрбиеші болу мүмкін емес. Бұл ретте оқуға  
деген  басты  себеп  мұғалімнің  қоштауы,  оқушының  жетістігі  үшін  оның  қуанышы.  Баланың      сана-
сезімінің, оның жеке тұлғасының өсуі-міне, осында. 
Спорттық  педагогиканы  басқару  туралы  ғылымды  ойдағыдай  пайдалану  шарттарының  бірі-
психологиялық  –  педагогикалық  құбылыстың  ерекшеліктерін  басқару  жүйесіндегі,  спортшының  жеке 
тұлғасын  өзін-өзі  басқарудың  жоғары  деңгейін  сипаттайтын,  өзін-өзі  тәрбиелеу  процесінің  даму 
ерекшеліктерін есепке алу. 
Алайда,  педагогикалық  қарым-қатынас  пен  ынтымақтасу  мәселесі  әлі  де  дәстүрлі  педагогикада 
жеткіліксіз  талданған.  Педагогикалық  еңбек  пен  дене  шынықтырудағы  ынтымақтастық      пен  қарым-
қатынас жасау тараулары педагогикалық энциклопедияларға енген жоқ. Денені тынықтыру мен қозғалыс 
қимылды  қалыпқа  келтіруді,  спорттағы  оқу-жаттығу  процесінің  практикасын  ғылымның  кешігіп 
хабарлауы, мамандар мен теоретиктердің көзқарасының көзге  еленбеуі секілді өзінің маңыздылығын іс-
жүзінде ғылым қиындықпен дәлелдеген адамның мәдени қызметінің бір саласы жоқ болар. 
Профессор М.В. Прохорова  атап көрсеткендей, дамыта оқыту мен дене тәрбиесінен білім беру жүйесі, 
бұл  салада  зерттеулер  жүргізілсе  де,    бүгінгі  күнге  дейін  әлі  де  жеткіліксіз  қарастырылған.  Осы  мәселе 
бойынша  мақалалар  өте  аз.  Дене  шынықтыру  қызметінің  осы  саласындағы  спорттық  педагогикалық 
қарым-қатынас  пен  ынтымақтастық  педагогикасының  шамасын  кеңейту  үшін  теориялық  алғышарттар 
жоқ. 
Студенттерді олардың болашақ кәсіби қызметіне қалыптастыру төмендегідей үш сала бойынша жүруі 
мүмкін: 
- қоғамдық ғылымдарды оқыту барысында; 
- қоғамдық ғылымдар мен мамандығы бойынша пәндерді оқу барысында; 
- студенттің практикалық кәсіби қызметі  кезінде.  
Академик А.М. Уголев адамдардың дүниетанымын кеңірек насихаттау жолымен өзгерту мезгілі келді 
деп есептейді. Рухани және дене мәдениеті деген түсініктермен қатар пайдалануға биологиялық мәдениет 
түсінігін де енгізу қажет.  
Салауатты  өмір  салтының  негіздері  балалық  шақтан  қалыптасады,  Қазақстанның  төменгі 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
98 
сыныптарының мұғалімдері оқу-тәрбие процесіне салауатты өмір салтының негіздерін енгізуге әлі дайын 
емес  және  оның  қажеттілігіне  сенбейді  де.  Бұл  істі  тең  дәрежеде  сынып  жетекшілері,  пән  мұғалімдері, 
мектеп әкімшілігі, отбасы мен ата-аналар жүзеге асыруы тиіс. 
Әлеуметтік  тәжірибені  тарихи  жинақталған  іс-әрекеттің  және  іс-қимылдың  жекелеген  актілерінің, 
оның  мақсаттарының,  құралдарының,  тәсілдері  мен  нәтижелерінің  жиынтығы  есебінде  қарастыра 
отырып,  И.Я.Лернер    әлеуметтік  тәжірибенің  төрт  элементі  жөнінде  түсінік  қалыптастырады,  олар 
оқыту,білім беру мазмұнының жүйесін құрайды және кіреді: 
- табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет тәсілдері туралы білім; 
-  жеке  адамның  іскерлігі  мен  дағдысында  біліммен  бірге  іске  асатын  жұмыстың  белгілі  тәсілдерін 
жүзеге асыру тәжірибесі; 
- ерекше ақыл-ой процедураларында іске асқан шығармашылықлық қызметтің тәжірибесі; 
-  қызмет  етуге  эмоционалды-құндылық  тәжірибесі,  яғни  адам  олар  мен  қайсы  бір  формада  өзара 
әрекет етуге кірісетін (қабылдау, еске түсіру, өзгерту) объектінің аясына кіретін тәжірибе. 
Үйрету  мен  білім  берудің  мазмұнын  қалыптастырудың  негізі  ретінде  әлеуметтік  тәжірибенің  төрт 
жеке құрылымымен келісе отырып, В.В.Давыдовтворчестволық қызмет тәжірибесін әлеуметтік тәжірибе 
жиынтығының төрт элементінің бірі есебінде емес, оны өзге бөліктерге (білім, іскерліктер мен қоршаған 
ортаға адамның көзқарасы) сүйенуге болатын негізгі және басты элемент есебінде қарастырады. Алдыңғы 
қатарлы  педагогтар  мен  теоретиктердің  еңбектерінде  үйрету  мен  білім  берудің  мазмұнын 
қалыптастырумен  олардың  өзара  байланысы  көрсетілген.  Бұл  ретте  үйрету  мен  білім  берудің  мақсатын 
В.М.Журавский үйренушінің жеке тұлғасын әлеуметтендіру жүріп жататын әлеуметтік тәжірибені игеру 
мен табыстау есебінде анықтаған. 
Г.Д.  Ивановтың  докторлықдиссертациясында  көлемді  деректі  материалдар  негізінде  ЖОО-дағы  оқу-
тәрбие  үрдісіндегі  дене  тәрбиесінің  орны  мен  рөлін  арттыру  тұжырымдамасы  негізделген.  Автор  дене 
тәрбиесі  жоқ  ЖОО  студенттерінің  кәсіби-қолданбалы  дене  дайындығының  ғылыми  негіздерін 
дайындады. Әсіресе жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен студенттердің дене тәрбиесі құралдары 
арқылы  өзін-өзі  тәрбиелеу  мен  тәрбиелік  жұмыстардың  тиімділігін  арттыруға  бағытталған 
диссертациялық  жұмыстар  көкейкесті  болып  отыр.Адам,  оның  дене  және  рухани  денсаулығы  –  біздің 
түбегейлі  өзгеруіміздің  қалтқысыз,  жалғыз  ғана  шарасы.  Бүгінгі  күні  және  болашақта  бізге  барынша 
мүмкін болатын денсаулық пен ғұмырымызға кепілдік беретін бірыңғай жүйе, бірыңғай әлеуметтік ұйым 
керек.  Денсаулық  сақтау  ісі  жұмыс  пен  тұрмысты,  оқу  мен  қызмет  көрсетуді,  бос  уақыт  пен  қарым-
қатынас  аясын,  әсерлену  мен  ақыл-ой  саласын  қамтитын,  тіршілікті  қамтамасыз  ететін  осы  жүйесінің 
құрамдас бөлігі ғана болуы тиіс. Осы жүйе қызметінің мақсаты-  халық денсаулығының жеке алғандағы 
әрбір адамның үйлесімді болмысы.  
Денсаулықты  сақтау  –  бұл  медициналық  –  биологиялық  емес,  биологиялық-әлеуметтік  мәселе. 
Әділетті қоғамға үміт арту адамның денсаулығын сақтау кепілдіктерімен байланысты екендігі сөзсіз. 
 
 
1.  Ахметова  А.А.  Формирование  у  студентов  умений  рещать  педагогические  задачи  по  воспитанию 
спортсменов //Вопросы теории и методики физического воспитания.-1975.- С.82-90. 
2.  Межуева  Т.  Педагогика  сотрудничества:  как  воспитать  стойкую  привычку  к  физическим      упражнениям   
//Спорт в школе.-1995.- № 1.- С.2-3. 
3. Амонашвили Ш.А. В школу - с шести лет //Педагогический поиск.-  
4. Сухомлинский В.А. Мир человека //Наука и жизнь.-1980.-№ 1.-С.22. 
5. Боссарт А.Б. Парадоксы возраста или воспитания. - М.: Просвещение, 
6. Щетинин М.П. Объять необъятное: записки педагога. - М. 1987.- 40 с. 
7. Козловский В.В., Федотова В.Г. В поисках социальной гармонии. 
 
ЗАМАНҒА САЙ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖАСТАРДЫҢ МЕҢГЕРУІ 
 
М.А. Асылханова – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Жалпы педагогика және психология» 
кафедрасының оқытушысы, БПХҒА корр-мүшесі психология ғыл.канд., профессор 
 
Түйін 
Бұл мақалада қоғамдағы  қазіргі кезде жастарды, жұмысшы кадрларды корпоративті кәсіби оқытудың тиімділігін 
жоғарлату  жолдарының  өзектілігі  мен  кәсіби  маманның  өзінің  білімдерін  ұдайы  жаңартып,  жаңа  кәсіптерді 
меңгеруге қабілетті болуын талап ету, әрі жан-жақты меңгерудің маңыздылығы қарастырылған. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
99 
Резюме 
В этой статье рассматривается значимость повышения эффективности профессиональной подготовки молодежи, 
рабочих  кадров,  требования  к  их  непрерывному  самообразованию,  а  также  разностороннего  усвоения  новых 
профессий.  
 
Summary 
This article focuses on the importance of increasing the effectiveness of training youth workers, the requirements for their 
lifelong learning, as well as a versatile learning new skills. 
 
Еңбек  адамдардың  материалдық  және  рухани  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  қоғамдық  пайдалы 
өнiм  өндiруге  бағытталған  iс-әрекеттің  түрі  десек,  ал  адамның  еңбектегi  қабiлетi  мен  жеке  басының 
қасиеттері,  оның  еңбекте  жоғарғы  көрсеткiштерге  жетуге  жетелейтiн  өмiр  сүрiп  отырған  ортадағы 
өндiрiстiк қатынастарға тiкелей байланыстылығында.  Еңбек  ету процессі арқылы адамның қабiлетi мен 
мiнез-құлқы жалпы жеке басының барлық адами қасиеттері дамып, қалыптасады. Жоғары оқу орындары 
мен  ірі  өндiрiс  орындарындағы  адамдардың  таным  белсендiлiгiне  ықпалды  әсер  етіп,  оның  бiлiмiн, 
шеберлiгiн,  дағдыларын  жетiлдiруге  итермелейдi.    Бүгiнгi  өндiрiсте  автоматизация  және  оператор  деп 
аталған  деректер  негiзiнде  процесстi  қашықтан  басқару  немесе  қашықтан  оқыту  сияқты  жаңа  ұғым 
қалыптасуда,  әрі  қолданыста.  Кез-келген  мамандық  иесінің  кәсіби  тұрғыда    қашықтан  басқару  мен 
қашықтан оқуға адамның психикалық ерекшелiктерi мен психофизиологиялық мүмкiндiгi кәсіби тұрғыда 
дамыған  жағдайда  ғана  табысты  болады.  Қазақстанның  экономикалық  және  мәдени  дамуының 
барысында  бiлiм  беру  жүйесiнің  деңгейін  жаңа  тұрғыда  қалыптасып  жаңаша  дамуын  талап  етедi.  Әрi 
ғылым мен практиканың байланысуы қарсаңында ғылыми техникалық  дамудың қазiргi  кезеңдегi негiзгi 
тенденциясына  бейімделуін  көрсетедi.  Өркениетті  елдердің  қатарынан  көріну  біздің  негізгі  мақсатыныз 
десек  қателеспесіміз  анық,  ол  үшін    жастардың  білімді,  білікті,  кәсіби  маман  болуы  маңызды. 
Қазақстанның экономикалық дамуындағы индустриальды инновациялық  қажеттіліктерді кәсіби тұрғыда 
меңгеру жастардың алдында тұрған үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол себептi елiмiздiң болашағын 
дамытатын, жетiлдiретiн жастардың кәсіби мамандыққа бейімделу ерекшелiетерiн дамыту бүгінгі күннің 
еншісіндегі  еңбектің  нәтижесі.  Іс-әрекеттегi  жаңа  мiндеттер  адамның  психикалық  даму  сапасына  жаңа 
талаптар қоюда, еңбек адамды рухани жағынан да, дене күшi жағынан да дайыңдайды оның бойына игi 
қасиеттер  қалыптастырады. Қазіргі  кезде  Республиканың  білім  беру  жүйесінің  ең  басты  мәселесі    білім 
беру сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу үшін жоғары оқу орындарында, заман талабына 
сай  мемлекеттік  білім  беру  стандартын  енгізуге    байланысты,  көптеген  өзгерістер  енгізуде,соған  орай  
бүгінгі  білім  беру  жүйесіндегі  негізгі  мәселе,  жоғары  оқу  орындарындағы  студенттердің    білімдерін 
әлемдік  стандартқа  сай  болатындай  етіп  оқыту,  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне  айналуда.  Әсіресе 
жоғарғы  оқу  орындарында  оқытудың  мазмұнының  жаңаша  өзгеруі,  қоғамдағы  жаңа  өзгерістер  әлемдік 
мәдени  ғылым  мен  білім  беру  жүйесінің  мақсат,  міндеттерінің  мазмұнын  қайта  құру  қажеттілігін 
тудыруда.  Соған  байланысты,  елімізде  туындаған  обьективті  өзгерістер  қазіргі  кездегі  жоғары  оқу 
орындарындағы  барлық  мамандықтар  үшін  білімнің  қай  саласы  болмасын  оны    жан-жақты  және  толық 
меңгеруін  ескере  отырып,  болашақ  мамандардың  кәсібилігін  арттыру  бүгінгі  күннің  талабы.  Ел 
президентінің,  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел 
жаңару  жолында»  атты  жолдауында    «  ХХІ  ғасырда  кәсіби  білімін  дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа 
тірелері анық»,- дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін, жаңа сипаттағы Жаңа 
әлемдегі  Жаңа  Қазақстанның  жастарын  кәсіби  білікті  мамандар  етіп  даярлау  керектігін  баса  айтқаны 
баршаға мәлім.  
Міне,  соған  орай  білім  алып  жатқан  мамандардың  кәсіби  қабілеттігін  дамытуда  оқыту  мен 
тәрбиелеудің  жаңа  технологияларын  меңгерген  болашақ  мамандарға  «білім  беру  жүйесінің  жоғары 
сапасын  қалыптастыру,  әлемдік  білім  беру  кеңістігінде  бәсекелестікті,  қабілеттілікті  арттыру  және 
экономиканың  дамуындағы  индустриальды  инновациялық  қазіргі  кездегі  қажеттіліктерге  жауап  бере 
алатындай»  бағдарламаны  жүзеге  асыру  жағдайы  келтірілген.  Бүгінде  білім  беру  жүйесіндегі  негізгі 
мәселе мемлекетті керекті профильдегі мамандар қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Аталған 
қажеттіліктер,  ақпараттық  технологиялармен,  шығармашылық  тұрғыда  жұмыс  істей  алатын  және  өзінің 
кәсіби  мамандығын  нарықтық  жағдайда  қолдана  білу.  Қабілеттілік  адамның  жеке  психологиялық 
ерекшеліктері,  сол  себепті  ол  біліктілікке,  икемділікке  және  дағдыға  негізделмейді,  бірақ  қабілетті  адам 
оларды тез игеруге,  есіне  оның тиімділігін тез, әрі ұзақ сақтауға және тәжірибеде  қолдана білуге, тиімді 
пайдалануға көмектеседі.  
Бұларды  жүзеге  асыру  үшін  білім  саласындағы  мамандандырылған  кәсіби  дайындықтар  негізінде 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
100 
болашақ  мамандарды  қазіргі  заманға  сәйкес  информациялық  технологияларды  толық  меңгеруге 
дайындап, оларды мамандандырылған мәселелер мен қызметтердің шешімін табуға үйрету.  
Республиканың  әлеуметтік  саласын  ары  қарай  жаңартудың  басты  бағыттарының  бірі  біліктілікті 
көтеру  мен  кадрларды  қайта  даярлау  жүйесінің  қолға  алынуы  қуантарлық  жағдай.  Сонымен  қатар, 
ғылымда  орын  тепкен  дамыта  оқыту  қағидасы  да  студенттердің  ғылыми  теориялық  ойлау  жүйесін 
қалыптастыруға пайдасын  тигізіп, соның негізінде студент нақты бағдарланушыдан, жүйелі модульдеуші 
деңгейге көтеріледі. Жоғары оқу орындарындағы кәсіби мамандарды оқыту процесінде кәсіби іс-әрекетке 
психологиялық  тұрғыдан  дайындайтын  кәсіптік  пәндерінің  мазмұнында  психологиялық  тренинг 
жұмыстары  субьекті-субьектілік  әрекеттестікті  қалыптастыратын  қарым-қатынас  мәселелері  мен 
толықтырылса,  студенттердің  кәсіби  білімдер  жүйесіндегі  пәндерді  оқып  меңгерулері  нәтижелі  болады. 
Болашақ мамандар арнаулы білімдерді меңгеру мен бірге заман талабына сай жаңа технологияларды да 
кең  түрде  қолдана  білулері  қажет.  Кәсіптік  іс-әрекеттерді  меңгеру  психологиялық  қабілеттілікті  керек 
етеді.  Жоғары  оқу  орындарында  мамандарды  даярлау  процесінде  кәсіптік  қабілеттілік  формасының 
негізгі  міндеті  маманның  іс-әрекетінің  мақсатты  түрде  қалыптасуына  мүмкіндік  туғызары  сөзсіз.  Заман 
талабына сай психологиялық білім берудің мазмұны мен формасы жалпы психологиялық дайындықтың 
үздіксіздігі мен  сабақтастығын білдіретін өмір талабы, болашақ мамандарға кәсіби білім беріп, олардың 
мамандығын  шыңдауды  қамтамасыз  ету  кәсіптік  пәндерді  оқыту  мен  меңгертуді  қалыптастыру  қажет. 
Кез-келген жас маман өзінің кәсіби мамандығын бірден меңгеріп кете алмайды, ол алған білім дәрежесін, 
мамандық туралы көзқарасы негізінде таңдау жасайды. Өзі таңдаған мамандығына маман иесінің кәсіби 
жетілуі  мен  қабілеттілігі  бірнеше  факторларға  байланысты  шешіледі.  Кәсіби  жетілу  тұлғаның  өз 
мамандығына  қанағаттануынан,  кәсіби  қабілеттілігінен,  бағыттылығынан  іс-әрекетке  деген  жағымды 
немесе  икемді  қатынасынан,  өзіндік  кәсіби  жетілуге  деген  ішкі  қызығушылығынан  тұрады.  Кез-келген 
кәсіби  шеберлік  белгілі  бір  талаптар  мен  қажеттіліктер  негізінде  жүзеге  асады,  әрі  әрбір  кәсіби 
қабілеттіліктің жетілуі және адамның қиындықтарды жеңуі әрекеттерді орындауға байланысты болады. 
Жоғары  оқу  орындарында  мамандарды  даярлауда  арнайы  білім,  іскерлік,  дағды  ғана  қалыптасып 
қоймай  олардың  кәсіби  шеберлігін  жетілдіру.  Қазіргі  кезде  студенттің  белгілі  бір  кәсіп  түрін  таңдауы 
және  осы  мамандықты  меңгеруге  деген  ұмтылысы  мен  болашақ  кәсіпке  деген  жағымды  қатынастық 
мәселелері  ерекше  қызығушылық тудырады. Мамандықты меңгеру мен жетілдіру  кез-келген  студенттің 
қабілетімен байланысты, қоғамдағы адамдардада осы жағдай кездеседі. 
Әр  адам  өздері  таңдаған  мамандыққа  кәсіби  тұрғыда  қалыптасуы  оқу  процесінің  ұйымдастырылу 
деңгейіне,  оқытушының  іскерлігіне,  жұмыстың  ғылыми  тұрғыда  ұйымдастырылуына  байланысты 
болмақ.  Кәсіптік  дайындық  үшін,  оқу  барысындағы  пәннің  маңыздылығы  және    оған  деген 
қызығушылығы,  оны  меңгерудегі  қиындықты  жеңе  білуі,  оқыту  сапасының  тиімділігі  мен  қанағаттану 
деңгейі  маңызды.  Сондықтан  болашақ  мамандардың  қабілеттілігі  мен  кәсіби  ептілігінің,  шеберліктерін 
жетілдіру  мақсатында  ең  алдымен,  олардың  оқу  процесін  тиімді  ұйымдастыру  қажет,  әрі  иновациялық 
белсенді,  интерактивті  әдістерді  жиі  қолдану  негізінде  кәсіби  жетілдіру  мен  қабілеттілікті  дамытуда 
жетістіктерге жетуге болары сөзсіз. Жеке тұлғаны психологиялық тұрғыда жан-жақты дамыту және оны 
болашақ маман ретінде  кәсібилігін жетілдіруге дайындау  елімізде жүріп жатқан реформаның негізгі бір 
жағы. Психологиялық дайындаудың қазіргі кездегі деңгейі қоғамның, кәсіби әрекетердің талаптарына сай 
келе  бермейді.  Еліміздегі  жоғары  оқу  орындарында  кәсіби  қабілетті  мамандарды  дайындауға  қажетті 
нормативті  құжаттар,  психологиялық  тәжірибелік  бағыттылықтар  кеңінен  қарастырылуда,  дегенмен 
болашақ  маманның  кәсіби  жетілуіне  оқыту  процесіндегі  қолданылатын  психологиялық  тренингтер  көп 
қарастырыла  бермейді.  Психологиялық  тренингтер  арқылы  меңгерілетін  ептілік  кәсіби  білім  мен 
шеберлікті  меңгеруге  және  оны  тәжірибеде  тиімді  қолдана  алу  мақсатында  жүзеге  асуы  керек,  бұл 
тұлғаны  кәсіпке,  кәсіби  біліктілікке  психологиялық  дайындаудың  тәжірибелік  бағытын  жетілдіруді 
қамтамасыз  етеді.  Кәсіби  жетілдіруге  арналған  тренингтердің  тиімділігі  еңбек  ұжымындағы  топтық 
қарым-қатынасқа  негізделген,  ол  өзара  әрекеттестіктің,  өзара  қатынастың  нәтижесінде  олардың  негізгі 
концепцияларының  өзгерісі  позитивті  болады, әрі  коммуникациялық  процесте  ережелер  жүйесін  бағыт-
бағдар етіп ұстанады. Әр адамның қабілеттілігі мақсатты түрде өзіне  сәйкес психикалық функцияларды 
меңгеруге  қатысты,  себебі  психикалық  функциялар  психикалық  процестерде  жүзеге  асатындықтан 
қабілеттілік  когнетиктік  және  психомоторикалық  процестердің  жіктелуіне  сүйену  қажет.  Қабілетті 
танымдық және психомоторикалы процестерді жүзеге асырушы функциялық жүйелердің қасиеті ретінде 
анықтама  бере  отырып,  онда  іс-әрекеттің  өзіндік  орындалуының  нәтижелілігі  мен  сапасында  көрінетін 
жеке  даралық  өлшемі  болады.  Қабілеттің  көрінуінің  жеке  даралық  өлшемін  анықтау  кезінде  кәсіби  іс-
әрекет  нәтижесіне  сипаттама  берудегі  параметрлерді  мақсатты  түрде  ұстану  қажет.  Кәсіби  іс-әрекет 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
101 
нәтижесінің  сипатына оның өнімділігі,  сапасы және  сенімділігі жатады. Соған орай кез-келген адамның 
қабілеттілігі  іс-әрекеттің табыстылығының деңгейі мен жүзеге асу мүмкіндігіне тәуелді болатын қасиет. 
Ал,  кәсібилікті  меңгеру  барысында  қабілеттіліктің  теориясын  жасау,  олардың  әлеуметтік  тарихи  негізін 
дамыту барысында ғалымдардың, С.Л.Рубинштейн [1], мен А.Н.Леонтьевтің [2] еңбектерінің маңызы зор. 
Кәсіби  қабілеттер  таным  субьектілерінің  әртүрлі  тіршілік  әрекетінің  салаларындағы  кең  ауқымды 
тапсырмаларды  шешуде  адамның  біліктілігі  мен  икемділік  тәсілдерін  негізге  алады.  Ақыл-ой  әрекеті  де 
обьектіні  жаңаша  тұрғыдан  ашатын  және  жаңаша  тұрғыда  танитын  ойлау  іс-әрекеті  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Иновациялық  индустриальды  технологияларды  меңгеру  барысында  адамның  қабілеттілігі 
мен  кәсіби  біліктілікдеңгейі  жоғары  дәрежеде  болуы  шарт,  себебі  іс-әрекетті  орындау  барысында  оның  
жеткен  жетістігіне,  саналы  ойлауына  тәуелді,  сондықтан  да  кәсіп  таңдауда  қабілеттіліктің  мәні  ерекше.   
Егер  бір  іске  деген  кәсіби  қабілеттіліктер  болса,  онда  ол  жақсы  жетістіктерге  жетеді,  ал  қабілеттілікте 
құлшыныс  болмаса,  оның  еңбек  етуі  қиындықтарға  толы  болады.  Психологияда  қабілеттіліктердің 
мынандай  ерекшеліктері  байқалған:  қабілеттіліктерден  әрқашан  іс-әрекеттердің  белгілі  бір  түрімен 
байланыстылығы  байқалған,  олар  тек  нақты  іс-әрекеттерде  көрініс  береді.  Сондықтан  қабілеттілікті  тек 
нақты    іс-әрекетті  талдау  кезінде  анықтауға  болады  және  олар  дамып,  өзгеріп  отырады.  Кәсіби 
қабілеттіліктер  іс-әрекетте  ғана  көрініс  беріп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  олар  жұмыс  барысында 
өзгерісп отырады.  Кез-келген адамдардың өз өмірлерінің белгілі бір кезеңдерінде қандайда бір қабілетті 
дамытуға  ыңғайлы  жағдайлар  туындап  отырады,  сол  кезде  кәсіби  тұрғыда  қабілеттілікті  анықтап  жете 
түсіну  үшін  оларды  классификациялауға  немесе  белгілері  бойынша  топқа  бөлуге  болады.  Кәсіптік 
бағдарда бұл категорияларды әрдайым  есте ұстап отыру тиімді, жеке немесе элементарлы қабілеттер өз 
мәні  жағынан  психикалық  процесс  болғанымен  кәсіптік  іс-әрекеттерді  таңдауда  өте  қажетті  нәрсе. 
Қоғамдағы  жастардың  немесе  студенттердің  мамандық  таңдауда  өз  қабілеттілігі  мен  мүмкіншіліктерін 
бағалауға негізделген жеке талаптардың белгілі бір деңгейін көрсетеді. Кәсіптік таңдау мен қатар кәсіби 
өзін-өзі  анықтау  субьектінің  жоғары  белсенділігін  талап  етеді,  психикалық  өзін-өзі  реттеудің  қалыптасу 
деңгейіне,  бақылау-бағалау  саласының  даму  дәрежесіне  байланысты  болады.  Кәсіби  қабілеттілікте  өзін-
өзі  анықтау  үшін  мыналар  қажет:  өзіндік  сапаларын  мамандық  таңдау  факторлары  ретінде  баламалы 
түрде  бағалай  білу  қабілеттілігі;  кездейсоқ  емес  факторларға  сүйене  отырып,  кәсіптер  әлемін  зерделеу 
қабілеттілігі;  кәсіби  мамандық  таңдау  кезінде  өзі  үшін  маңызды  нәрсені  бөле  білу,  яғни  факторлардың 
дербес иерархиясын қалыптастыру, мамандық таңдау жағдайын барынша баламалы бағалау қабілеттілігі. 
Кәсіптік  таңдауды  анықтауда  негізгі  факторлар:  отбасындағы  үлкендердің  пікірін,  мектеп,  жоғары  оқу 
орындарының оқытушыларының кеңесін тыңдау, жеке кәсіптік және  өмірлік жоспарлар, қабілеттіліктер 
және олардың көрінуі, қоғамдық танымдылыққа құштарлық, әлдебір кәсіптік қызметтер туралы хабардар 
болу, кез-келген іске қабілетті бейім болуы т.б. керекті факторларды білу. Тұлғаның жеке психологиялық 
ерекшеліктері,  қызметтегі  іскерлігі,  кәсіпті  игеруде    оның  жеңілділігі  мен  жылдамдылығын  қамтамасыз 
ету  және  студенттің  не  кәсіпкердің  білімділігі,  қабілеттілігі,  өз  ісіне  шебер  бейімделген  кәсіби  тұрғыда 
меңгере алатын маман болуы. 
Қоғамда  қазіргі  кезде  жастарды,  жұмысшы  кадрларды  корпоративті  кәсіби  оқытудың  тиімділігін 
жоғарлату  жолдарының  өзектілігі  мен  кәсіби  маманның  өзінің  білімдерін  ұдайы  жаңартып,  жаңа 
кәсіптерді  меңгеруге  қабілетті  болуын  талап  етуі  маңыздылығын  көрсетуде.  Себебі  индустриальды 
иновациялық  қажеттіліктерді  кәсіби  тұрғыда  бағдарлау  мәселесі  жастар  мен  қатар  жалпы  қоғамды 
мазалайды,  себебі  кәсіби  маманға  кәсіби  жетілу,  күнделікті  қоғамдағы  жаңалықтармен  хабардар  болып 
отырудың мәні зор екені түсінікті жағдай. 
      
1. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М., 1972 ж. 
2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - М., 1964 ж. 
3. Леонтьев А.А. Психология общения. Учебное пособия для студентов-психологив. изд. Тарту. 1974 ж. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет