Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет30/35
Дата27.01.2017
өлшемі2,38 Mb.
#2802
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Болжамды нәтижелер: 
-  халықаралық  ынтымақтастықты  және  көптілді  оқытуды  дамыту  орталығы  жұмысының  көптілді 
оқытуды дамыту бойынша негізгі бағытын анықтау; 
- тілді үйренуге деген жастардың қызығушылықтарын жоғарылату; 
-  қоғамның  ақпараттылығын  қамтамасыз  ету  және  үштілділікті  дамыту  жөнінде  болымды  ой-пікірді 
қалыптастыру;  
-  көптілді  қоғамдық  үдерісін  қалыптастыруға  білім  жүйесінің  барлық  деңгейінің  өкілдерін 
біріктірілгенін қамтамасыз ету; 
-  тілдерді  үйрену  және  оқыту.  Бағдарламаның  мақсаты  көптілді  оқыту  саласындағы  Қазақстан 
Республикасының  саясатын  жүзеге  асыру.  Үштілді  оқытудың  жаңа  концептуальды  бағдарламасы 
студеттердің  мемлекеттік,  орыс  және  шетел  (ағылшын)  тілдерінде  еркін  сөйлесуге  мүмкіндік  беретін, 
тілді ортаның қалыптасуына бағытталған. 
Қазақ  тілі  –  ұлтымыздың  рухы,  рухани  байлығы.  Тіліміздің  дамуы,  қоғамдағы  орнын  нығайту  және 
қалпына  келтіру  жолында  білім  саласының  жауапкершілігі  ерекше.  Қазақ  тілі  барлық  мектептерде 
оқытылады. Оқушылардың 60%-дан астамы қазақ тілінде білім алады. Мұндағы басты мақсат – барлық 
бітірушілердің қазақ тілін жақсы меңгеріп шығуы. 
2013 жылы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптан ағылшын тілін оқыту енгізіледі. 2012 жылы жоғары оқу 
орындарында  тиісті  пән  педагогтері  мен  мамандарын  даярлау  басталды.  Президент  тапсырмаларын 
орындау  мақсатында  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  Көптілді  оқытуды  дамытудың  2020  жылға 
дейінгі бағдарламасын әзірлеуді қажет деп санаймыз.  
Ағылшын – әлемдік кеңістікке еркін қанат қақтыратын тіл. Оған дау жоқ. Сонымен, көптен бері қоғам 
талқысына салынып келген ағылшын тілі пәнін білім ұяларына жаппай оқыту мәселесі билік тарапынан 
оң шешімін тапқан сыңайлы. Жақында ғана Білім  және ғылым министрі Б.Жұмағұлов мырза жаңа оқу 
жылынан  бастап  елімізде  1-сынып  оқушыларына  ағылшын  тілін  оқыту  жүйесі  енгізілетіндігін  кесіп 
айтты.  Осы  тұрғыда  көп  тілді  оқытуды  дамытудың  2020  жылға  дейінгі  бағдарламасын  әзірлеу  қолға 
алынған. Қоғамдағы түрлі пікірлерді електен өткізген министр бұл реформаға қарсы болып жүргендерге 
мынадай  уәж  айтты.  «Көп  тілді  оқыту  бүгінгі  күннің  талабы.  Қазақ  тілі  –  ұлтымыздың  рухы,  рухани 
байлығы.  Тіліміздің  дамуы,  оның  қоғамдағы  орнын  нығайту  және  қалпына  келтіру  жолында  білім 
саласының  жауапкершілігі  ерекше.  Қазақ  тілі  барлық  мектептерде  оқытылады.  Оқушылардың  60 
пайыздан  астамы  қазақ  тілінде  білім  алады.  Мұндағы  басты  мақсат  –  барлық  түлектердің  қазақ  тілін 
жақсы меңгеріп шығуы», – деді министр.  
Үштілді  оқытудың  бағдарламасы  қалыптасудың  реттілігі  және  бағалауға  болжанған,  сатылы 
құрылымнан тұрады: 
I саты – «бастапқы» – билингвальды оқыту кіші курстарда пәнді меңгерудің -80% оқыту тілінде және 
20% екінші тілді «енгізу» (қазақ тілінде оқитын студенттерге бірқатар пәндер орыс тілінде оқытылатын 
болады және керісінше). 
II  саты  –  «даму»  –  трилинвальды  оқыту  3-5  курстарда  пәнді  меңгеру  негізгі  тілде  60%  дейін 
жүргізіледі,  сонымен  қатар  20%  –  профильді  пәндерді  екінші  тілде  оқыту  және  20%  элективтерде 
ағылшын тілінде жүргізуді қарастыруда. 
III  саты  –  «жетілдіру»  –  3  тілде  оқытудың  интенсификациясы  –  оқыту  тілі  (60%),  екінші  тіл  (20%), 
ағылшын тілінде (20%). 
 Талдау 2 бөлімнен тұрады:  
1) университеттің ағылшын тілді оқытушыларын дайындау. 
2) ағылшын тілінде білім беру бағдарламасын енгізу. 
 1 бөлім.  
Оқытушылар  екінші  деңгейде  (beginner  кейін)  «Elementary»  оқығандықтары  назар  аудартады,  ол 
ағылшын  тілінде  студенттермен  педагогикалық  жұмысты  жоспарлау  үшін  жеткіліксіз,  яғни  бұл  деңгей 
элементарлық ағылшынды (present) қымбат тұратын бағдарламаны 3-4 ай бойына оқуды қарастырады. Аз 
дегенде осы оқытушылар тобы ағылшын тілінде сабақ беруді бастауы үшін ағылшын тілін бір жылдан 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
180 
кем  емес  үзіліссіз  оқуға  тиіс.  Оқытушылардың  осы  тобы  үш  тілді  оқытудың  бағдарламасын  жүзеге 
асыруға жаңа оқу жылынан бастап кірісті. Осы бойынша оқытылатын топқа оқытушыларды жинаудың 
стратегиясы  дұрыс  ойластырылды.  Соған  қарағанда  университеттің  оқытушылары  арасында 
«ағылшынды  қанағаттанарлық  білетіндердің»  оқуға  үміткерлердің  саны  жеткілікті  болды. 
Оқытушылардың  ақысыз  оқуға  ынталарының  болғандығына  байланысты,  басым  бөлігінде 
болжағанымыздай  ағылшын  деңгейі  «жоғары  емес»  немесе  «орташа»  болғандығын  ескерсек,  элективті 
өту барысында шет  тілінен оқытушылар мен студенттер арасында  «өзара оқыту және өзара жетілдіру» 
үрдісі дамыды. 
 Үш тілді оқыту бағдарламасын енгізу 2010 ж. басталды. Ол коммуникативті дағдылар және клиникаға 
кіріспе  кафедраларында  оқытудың  пилоттық  бағдарламалары  түрінде  болды.  Студенттер  пәннің 
жекелеген тақырыптарын ағылшын тілінде оқыды. Үстіміздегі оқу жылынан бастап, ОӘЖД 1-ші курстан 
бастап, үш сатылы бағдарламаны жүйелі жүзеге асыру басталды, оның негізінде ағылшын.  
Қазіргі  сәтте  кафедралармен  элективтерді  жасау,  әдістемелік  құжаттарды  дайындау,  элективтер 
каталогын  құрастыру,  студенттермен  элективті  пәндерді  таңдауды  ұйымдастырудан  тұратын  КазҰПУ 
оқытудың  үш  тілді  бағдарламасын»  жүзеге  асырудың  маңызды  сатысы,  сонымен  қатар  кафедралармен 
ағылшын  тілінде  оқытумен  білім  беру  бағдарламаларын  тәжірибелік  жүзеге  асырудың  бастамасы 
табысты іс-жүзіне асырылуда және жалғастырылуда. Мұнда ОӘЖД және оқу департаменттерінің жақсы 
ойластырылған және ауызбірлікте біріккен жұмыстарына күмән жоқ. 
 ҚазҰПУ-де  ағылшын  тілді  педагогтарды  дайындауды  жоспарлауға  ескертулер  бар,  оның  ішінде 
нақты айтатын болсақ, оқытылатын топтарда оқытушыларды жинау стратегиясын одан да ары дамыту. 
Қазіргі  уақытта  университет  есебінен  оқыған  шамамен  50%  қызметкер  оқушылары  ағылшын  тілді 
педагогтар ретінде өздерін ағылшын тіліндегі жоғары емес білімдерін жүзеге асыра алмайды (ағылшын 
тілінің негіздері, Elementary деңгейін тамамдағандар). Осыдан оқытылатын топтарда Pre intermediate кем 
емес деңгейлері бар оқытушыларды жинау қажет болатын, ол алдын ала тестілеуде анықталатын. Жалпы 
алғанда,  «Оқытудың  үш  тілді  бағдарламасының»  жүзеге  асырылуын  бағалаудың  аралық  сатысы  оқу 
департаменттерінің  бақылауымен  жоспарлы  және  жүйелі  түрде  іс  жүзіне  асырылып  жатқандығын 
көрсетті. 
  
1 ҚР –ның президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 28 ақпан 2007 жыл. 
2 Егеменді Қазақстан, 2 сәуір 2012. 
 
ӘОЖ 8.80 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТАТЫН 
НЕГІЗГІ КҮШ 
 
Ж.Ш. Саметова - 
фил.ғ.магистрі, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті  Абай ат. ҚазҰПУ 
 
Аңдатпа: Бұл мақалада еліміздегі біртілділік, қостілділік, үштілділік жайы қарастырылады. Мемлекеттік тілдің 
интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы орны анықталады. Қостілділік пен үштілділіктің қоғамдағы рөлі турасында 
айтылады. 
Кілт сөздер: мемлекеттік тіл, біртілділік, қостілділік, көптілділік, интеллектуалды ұлт 
Аннотация: В этой статье рассматривается положение монолингвизма, билингвизма и полилингвизма в нашей 
стране.  Определяется  место  государственного  языка  в  формировании  интеллектуальной  нации.  Рассказывается  о 
роли билингвизма и полилингвизма в обществе. 
Ключевые слова: государственный язык, монолингвизм, билингвизм, полилингвизм, интеллектуальная нация. 
Abstract:  This  article  addresses  the  situation  of  monolingualism,  bilingualism  and  multilingualism  in  our  country. 
Determines  the place of the  state language in the  formation of an intellectual nation.Describes the role of bilingualism  and 
multilingualism in society. 
Keywords: state language, monolingualism, bilingualism, multilingualism, intellectual 
nation. 
 
Қазіргі қоғамда бәсекеге қабілеттілікті арттыратын негізгі күш  - сапалы білім мен жаңа ақпараттық-
технология. Сондықтан да, Қазақстанның болашағы интеллектуалды ұлт пен жаңашыл экономикада. Ол 
үшін біз ең бірінші басқару, гуманитарлық және білім-ғылым үдерісін арттыруымыз керек. Бұл дегеніміз, 
жаңа  ақпараттық  қатарларды  көбейтетін  жас  ұрпақтың  білімі  мен  интеллектуалын  арттыру  қажеттілігі. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
181 
Найзаның  ұшымен,  ата-баба  күшімен,  анамыздың  ақ  сүтімен  жеткен  тәуелсіздігіміз  баянды  болуы  жас 
ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақтың интеллектуалды ұлт болып қалыптасуын дамытатын негізгі күш  – 
мемлекеттік  тілде.  Себебі,  ел  тәуелсіздігінің  негізі,  маңызды  нышанының  өзі  –  мемлекеттік  тіл.  Ол 
тәуелсіз  ұлттың  мәдениеті  мен  салт-санасының,  рухани  болмысының  тірегі.  Тіл  арқылы  халық  өзге 
халықтардан  ерекшеленеді.  Қай  ұлт  болсын  тіл  арқылы  ғана  халықтың  өзге  туыс  емес  халықтардан 
ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады. 
Қазақстан  көпұлтты  мемлекет  екені  рас.  Дегенмен  де,  Елбасымыз  Қазақстан  халықтары 
ассамблеясының  ХVII  сессиясы  отырысында  айтқандай,  «Қазақстан  аймағында  тұрып  жатқан 
халықтардың басын қосатын – қазақ тілі». 
Қазақстанды,  қазақты  достықтың  киелі  шаңырағына  теңесек,  түрлі  этностар  оның  алатын  арайлы 
шуақтары  іспетті.  Осы  байтақ  мекенді  мекендеген  баршамызды  біріктіре  түсетін  құндылығымызды 
айтсақ, олар: біздің талайғы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз, байтақ мәдени мұрамыз 
бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз. 
Қазақ тілін бүкіл республика халқы не үшін білуі керек?  
Ең  алдымен,  қазақ  тілі  осы  елдің  мемлекеттік  тілі.  Тілсіз  халық  болмайды.  Ахмет  Байтұрсынұлы 
айтқандай «Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады. Туған тілінді қорғау – туған Отаныңды қорғаудан да 
маңыздырақ.  Отаныңды  жау  басып  алса,  оны  ерте  ме,  кеш  пе,  әйтеуір  азат  етуіңе  сенесің.  Ал  тілің 
жауланса бітті»[1] - дейді. Сондықтан да, әр ұлт алдымен тілін сақтауға ұмтылады. 
Екіншіден, қазақ тілі біздің рухани өзегіміз. Ол қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі қуатты қару. 
Рухсыз  халық  өмір  сүре  алмайды.  Рух  көбінесе  ұлттық  сипатта  болады,  ал  рухтың  негізі  –  ұлттық  тіл, 
деген  Мұстафа  Шоқай.  Тіл  түзелмей  рухтың  түзелмейтіндігі,  өз  кезегінде  қоғамның  жаңарып,  өмірдің 
орнығып өрге баспайтындығы шындық.  
Үшіншіден, ұлтты біріктіретін басты фактор – қазақ тілі, яғни, тіл бар жерде ұлт бар, тіл бар жерде ол 
ұлттың  әдебиеті  бар,  мәдениеті  бар,  тарихы  бар,  ынтымақтастығы  мен  бірлігі  бар.  Қазақ  тілі  –  қазақ 
рухының  қан  тамыры.  Денеге  қан  жүгірмесе,  оның  тіршілігі  тоқтайтындығы  сияқты,  қазақ  рухының 
бойына  қазақ  тілі  арқылы  ғана  жүретін  қан  жүрмесе,  қазақ  ұлты  да,  сол  ұлт  қалап  отырған  Қазақстан 
мемлекеті де болмақ емес. 
Төртіншіден,  қазақ  тілін,  қазақ  ұлтының  әдебиеті  мен  тарихын  түпнұсқадан  оқып-білу  үшін  қажет. 
Қазақ  ұлтының  әдебиеті  мен  мәдениетін,  тарихы  мен  дәстүрін  аудармадан  емес,  сол  ұлттың  өз  тілінде 
жазылған  түбірінен  оқып,  түсіне  білсең  ғана  оның  жан  дүниесі  мен  түпкі  құндылығына  жете  білесің. 
Себебі,  қазақ  тілі,  сөйлейтін  адамдарының  саны  жағынан  әлемдік  тілдер  арасында  70-орында 
болғанымен, тіл байлығынан үшінші орында. Ең бай тіл саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз 
болса, одан кейінгі орындағы ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, 
орыс тілінде 150 мың екен. Ал қытайлар болса 87019 иероглифті қолданады. Демек, қазақ тілі әлемдегі ең 
бай тілдердің төрінен орын алады.  
Тілдің қуаттылығының, өміршеңдігінің тағы бір көрсеткіші болып табылатын оның тазалығы жағына 
келгенде де қазақ тілі сапалық деңгейі жоғары. Таза тілде жазылған шығарманың көркемдік сипаты да 
арта  түсетіні  белгілі.  Қым-қиғаш  араласқан,  сапырылысқан  заманда  таза  тіл  жоқтың  қасы.  Тілдер  бір-
біріне барынша әсер етіп, біреулері өзінде жоғын басқалардан алып байып жатса, бұлай жасай алмаған 
енді біреулері алпауыт тілдерге жұтылып кетіп жатыр. Мысалы, ағылшын тілі жыл сайын өзінде жоқ 25 
мыңдай  сөзді  басқа  тілдерден  алып,  толыға  түссе,  отыздай  тіл  өмір  сүруін  тоқтатып  жатады  екен.  Бұл 
жағынан келгенде қазақ тілі табиғи негізін сақтай білген. Сөздік қорының 60 пайыздайы түркілік түбірлі 
сөздер. Бұл түркі тілдерінің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. 
Елбасы 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында: 
«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы  тиіс. Бұлар, 
қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  –  жаһандық 
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» [2] деген болатын.  
Осы айтылған орыс тілі мен ағылшын тілін не үшін білуіміз керек? 
Орыс тілі – әлемдегі ең беделді, ең көп тараған тілдердің бірі. Ол Қазақсанда ғана емес Біріккен Ұлттар 
Ұйымының да ресми тілдерінің бірі. Орыс тілінде бүкіл әлем бойынша 300 миллиондай адам сөйлейді. 
Олардың арасында 170 миллион адамның ана тілі болса, қалғандары екінші тіл ретінде сөйлейді. 
70 жыл бойы орыс отаршылдығының шырмауында болдық. Соның әсерінен елімізде қостілділік өз-
өзінен қалыптасты деуге болады. Бірақ одан зиян шеккен жоқпыз, керісінше орыс-қазақ қостілділігі біздің 
әдебиетіміздің, мәдениетіміздің өзге халықтарға жетуіне көп ықпал етті. Кезінде ұлы Абай Құнанбаев та 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
182 
орыс  тілін  өз  тіліндей  жетік  игеріп:  «Орысша  оқу  керек,  хикмет  те,  мал  да,  өнер  де,  ғылым  да  –  бәрі 
орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, ғылымын, оқуын білмек керек... Сен 
оның  тілін  білсең,  көкірек  көзің  ашылады.  Әр  біреудің  тілін,  өнерін  білген  кісі  онымен  бірдейлік 
дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды... Орыстың өнері, ғылымы  – дүниенің кілті, оны білгенге 
дүние арзанырақ түседі», - деген. Мысалы үшін, Мұхтар Әуезов те «Абай» шығармасын орыс және қазақ 
тілінде  бір  мезгілде  жазды.  «Қасеннің  құбылыстары»,  «Қынаптан  қылыш»,  «Бекет»,  «Райхан», 
«Қалқаман-Мамыр»  шығармаларын  өзі  орыс  тіліне  аударған.  Әрі  батыр,  әрі  жазушы  Бауыржан 
Момышұлы да қазақ тілін өте жақсы білсе де, орыс тілінде одан да тамаша жазған. Сол кезгі зиялы қауым 
өкілдері  тіл  абыройын  биік  көтеріп,  жоғары  бағалаған.  Дегенмен  де  әдеби,  ғылыми  мақалалары  мен 
зерттеулерін,  публицистикалық  шығармаларын  екі  тілде  бірдей  жазған.  Бұл  дегеніңіз,  бір  жағынан 
алпауыт орыс халқының мәдениетін, әдебиетін еркін біліп танысу болса, екінші жағынан өз әдебиетіміз 
бен мәдениетімізді әлемге танытудағы қостілділіктің пайдасы. 
Азамат  ең  алдымен  өз  ана  тіліне  қанық  болуы  шарт,  қосымша  бір  ұлттың  тілін  игерген  адам  сол 
халықтың  ішкі  жан-дүниесін  түсініп,  күллі  мәдени  құндылықтарымен  танысу  орайына  ие  бола  алады. 
Азаматтарымыздың  қазіргі  ай  сайын  алға  ілгерілеп,  күн  сайын  жаңарып,  тез  қарқынмен  дамып  бара 
жатқан өзгерісшең өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін кемінде қостілді болуы керек. «Жеті жұрттың тілін 
біл,  жеті  түрлі  білім  біл»  деген  аталы  сөз  дәл  бүгінгі  дамыған  дәуірімізге  сәйкес  айтылғандай.  Тарихи 
деректерге жүгінсек, ХІІ ғасырдың алдында жасаған энциклопедист ғалым, әлемде Аристотелден кейін 
екінші  «аға ұстаз» атанған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың 
тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткені анық.  
Қос  тілді  меңгерген  адам  әуелі  өз  тілінде  ой  қорытып,  туған  халқына  өнеге  болып,  өзге  жұртпен 
бәсекеге  ырықты  орынды  иеленіп,  сан  мәдениетті  санасына  салып  сараптай  алса,  онда  ол  өз  өмірін 
қалайда мағыналы өткізетін интеллектуалды тұлға болып жетілері хақ. Қысқасы, қостілді болудың зияны 
жоқ,  бірақ,  қазақ  баласы  әуелі  отбасында  қазақы  рухпен  тыныстап,  ана  тілінің  нәрлі  уызына  қанып, 
ұлттық-рухани  тәрбиенің  қайнар  бұлағынан  сусындап  өсуі  керек.  Алғашқы  тәрбиені  ана  тілінде 
қабылдап,  қазақы  қасиетпен  жетілген  бала  кейін  қандай  ортада  жүріп,  қанша  тіл  үйренсе  де,  өз  тілін 
ұмытпайтын болады. Өз ана тілін аяқ есті ету, тексіздің ғана ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде 
жетік сөйлесе – бұл сүйініш, мақтаныш, ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе – бұл күйініш, өкініш. 
Өмірде ана тілі мен халықтық қасиетінен айырылған адам күндер өте келе өзінің адамдық болмысынан 
азғындап,  рухани  жақтан  кемтарланып,  қарадай  мәңгүрттеніп,  көлденең  көкаттының  қолжаулығына 
айналатын болады. Сондықтан, Ана тілің - арың бұл, 
 Ұятың боп тұр бетте. 
 Өзге тілдің бәрін біл,  
 Өз  тіліңді  құрметте![3]  –  деп  Қадыр  Мырза-Әли  ақынымыз  жырлағандай,  әуелі  өз  ана  тілімізді 
құрметтеп,  оны  ардақтап  үйреніп,  өзге  тілдің  бәрін  білуге  барынша  құлшыныс  жасау  керек.  Өз  тіліміз 
өзегіміз,  халықтық  қасиетімізді  айғақтайтын  алтын  тұғырымыз.  Өзге  тілді  білу,  сол  ұлттың  ішкі 
мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен әдебиетіне жеткізетін көпір. 
Өсер ұрпақтың болашағын ойласақ, олардың қостілді ғана болып қалмай, қайта көп тілді меңгеруіне 
барынша назар аудару керек. Себебі, үдемелі жаңғыртудың ауқымы мен күрделілігі мемлекеттік басқару 
тиімділігінің  жоғары  дәрежелі  болуын  талап  етеді.  Мемлекеттің  қоғам  өмірінің  барлық  салаларындағы 
жаңғырту  процессін  басқаруды  өз  қолына  алып,  оған  қажетті  жағдайлар  жасауға  тура  келеді.  Отандық 
бизнестің  өсуін  ынталандыру,  экономикалық  және  саяси  институттарды  қалыптастыру,  құқықтық 
нормаларды жетілдіру, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін дамыту, қауіпсіздік пен жалпыұлттық 
бірлікті нығайту үшін, бұл айтылған мақсаттарға жету үшін, дамыған дәуірге ойдағыдай сәйкестеніп, өзге 
жұртпен теңелу үшін көптілді үйрену міндеті қойылып отыр. 
Оның  ішінде  ағылшын  тілі  өркениет  сұраныстарына  жауап  беретін  жаңа  ақпарат  таратушы 
инженерлік-компьютерлік  технологиялар  тілі,  бизнес  пен  экономика  тілі,  халықаралық  қатынастар  мен 
іскерлік  тілі,  белгілі  бір  әлеуметтік  топтар  үшін  жоғары  еңбекақы  мен  тұрақты  жұмыс  орнын  сақтап 
тұруға мүмкіндігі бар тіл болып тұр. 
Ата Заңымызда әлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Себебі, көптілділік – заман 
талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас 
көруге  мүмкіндік  беретін  ұлттық  мәдениеттің  барлық  ерекшеліктерін  және  құндылықтарын  сезінуге 
болады. 
Көптілді  оқыту  жас  ұрпақтың  білім  кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  әлемнің  ғылым 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
183 
құпияларына үңіліп,  өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр 
адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету 
үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, 
медициналық,  оқу-әдістемелік  т.б.  салаларда  жаңалықтарды,  әлемдік  іргелі  тәжірибелерден  хабары 
болып,  бұл  жаңалықтарды  өзінің  ана  тілінде  халқының  игілігіне  пайдалану  үшін  халықаралық 
байланыстарды  нығайтып,  әлем  аренасына  шығу  үшін  көп  тіл  білетін  мамандар  қажет.  Бұл  оқу 
орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді: 
 
білім  беру  жүйесінде  оқытушыларға  қойылатын  басты  талаптардың  бірі  —  өмірден  өз  орнын 
таңдай  алатын,  өзара  қарым-қатынаста  өзін  еркін  ұстап,  кез-келген  ортаға  тез  бейімделетін,  белгілі  бір 
ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға 
қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу;  
 
көптілді  мемлекеттер  арасында  әлеуметтік-мәдени  қатынастар  жасай  алатын,  түрлі  елдердің 
мәдениеті,  әдебиеті,  тарихымен  танысып,  қажетін  пайдалана  отырып,  бөтен  мәдениеттің  ішіне  сіңіп 
кетпей, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру; 
 
бүгінгі  Қазақстанға  технологиялық  ғылыми,  медициналық  және  басқа  да  салаларда 
жаңалықтарды  өзінің  ана  тілінде  халқының  игілігіне  пайдалану  үшін  халықаралық  байланыстарды 
нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау; 
 
замана  ағымына  лайықты  қазіргі  алдымызда  тұрған  міндет  халқымыздың  ұлттық  дербестігін 
сақтай  отырып,  елімізді  өркениетті  елдер  қатарына  қосу.  Сол  өркениетті  елдер  санатына  қосылуына 
ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін - мектеп; 
 
болашақ  Қазақстанның  азаматтары  ескінің  көзіндей  жаңаның  ізіндей  болып  дүниежүзілік 
мәдениетті  танитын,  өзінің  төл  мәдениетін  сыйлайтын,  басқаға  өзін  таныта,  сыйлата  алатын  рухани 
дүниесі бай, білімді, білікті болу; 
 Қысқасы, ұлттың тағдырын, елдің ертеңін ойласақ, келешек ұрпақтың қос тілді, тіпті көптілді болуы 
аса  қажетті.  Мынау  өзгерісшең  өмірге  ойлы  көзбен  қарар  болсаңыз,  қазіргі  әсері  күшті,  тартысы  мен 
табысы  мол  бәсекелі  өмір,  қарыштап  қарқынды  даму  азаматтарымызға  үштілді  болуды  сәт  сайын 
ескертуде.  Келешек  ұрпағымызды  қоғамдық  өмірдің  алдыңғы  легінен,  бәсеке  майданында  биік 
белестерден  көру  үшін,  оларды  өз  ана  тілі  мен  салт-дәстүріне  қанық  болуы  негізінде  үштілділікке 
үйретсек, олар келешекте ұлтымызды ұлағаттылыққа шынайы бастай алатын болады. Бірақ, Елбасымыз 
айтқандай «үштұғырлы тілде қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, 
бастысы, маңыздысы болады. Себебі, Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі».  
1
 
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003.- 208 б. 
2
 
Елбасының 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арналған 
Жолдауы // Егемен Қазақстан. -  2008. 
3
 
Мырзалиев Қ.Таңдамалы жиақтар:Т.2.Алматы: «Балалар әдебиеті»-2006. 
 
 
ӘӨЖ 82-195 
ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ҚЫТАЙ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ «ҚЫТАЙ ИЕРОГЛИФТЕРІН НЕГІЗ ЕТУ» 
ТЕОРИЯСЫНЫҢ РӨЛІ 
 
Р.Б. Джельдыбаева – 
филология ғылымдарының кандидаты 
Л. Абдуали - аға оқытушы, 
 қытай филологиясы және аударма кафедрасы 
 
Аңдатпа: Соңғы жылдары Қытай мемлекеті шетелдіктерге қытай тілін оқытуға көп көңіл бөлуде. Қытай тілінің 
ерекшеліктерін  зерттеу  барысында  «қытай  иероглифтерін  негіз  ету»  теориясының  алатын  орны  зор.  Қытай  тілін 
оқытудың  негізгі  жолын  білдіретін  негізгі  теория,  сонымен  қатар  тілді  оқытудағы  ең  тиімді  тәсіл  болып  келеді. 
Қытай  тілінде  «иероглиф»  тек  қана  белгі  ғана  емес,  ол  қытай  ұлтының  дүниені  танып,  оны  бейнелейтін  тәсілі. 
Дәстүрлі қытай тілінде «иероглифті» негізге алмай, «сөзді» негізге алса, қытай тілі тіл заңдылықтарына сәйкеспейді. 
Сонымен қатар мақала барысында қытай тілінің ерекшеліктері, оны оқыту әдістемелері қарастырылған.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет