Халел Досмұхамедұлының «Шернияз кім? Шернияз шешен» мақаласын оқу әрі конспектілеу;
Шернияз бен Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі (қос ақынның Исатай тұлғасын сипаттаудағы ұқсас тұстары мен айырмашылықтарын нақты өлең негізінде жазыңыз әрі салыстырыңыз).
Шернияздың өлеңдерін төмендегі берілген бағытар бойынша тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдаңыз. 2-4 жолдан үзінділер келтіріңіз(міндетті түрде):
І. Ақынның толғау-термелеріндегі өмірдің қайшылықтары / достық пен қастық, қайырымдылық пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, ерлік пен ездік, т.б./ туралы философиялық толғаныстар, ақындық бағалаулар ( «А, Қазы би, Қазы би», «Көл қылып құйдым талай судай ағын», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып», т.б.).
ІІ. Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер: «Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары», «Исатай мен Науша батыр», т.б.
ІІІ. Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері. «Шернияздың батасы», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» атты өлеңдерінің мәні.
Шернияздың афоризмдері
ЖАТТАУ. Шернияз Жарылғасұлы «Сөз сөйлеймін бөлмелеп» өлеңін жаттау әрі көркемдік ерекшеліктерін талдау. Берілген өлең жолдарын мақал-мәтелдермен салғастыру.
Жалғыз теңдік таба алмас,
Жалғыздың ісі оңа алмас,
Көптің ісі жоғалмас.
Асыл сойдың баласы
Тартысқан жерде сөз табар,
Жайқын-жайқын жүйрік бар
Бауырын жазып бір шабар
Азып туған жаманды
Түйе үстінен ит қабар.
Екі сырттан ит болса,
Қой алдырмас қорадан.
Екі жігіт тең болса.
Ат жібермес арадан.
Қарындастың қайғысын
Қарап жүрер даладан.
Заман да келді қырыннан,
Қамыңды же бұрыннан.
Бұрынғы заман билерде
Арзан бір бар ма еді бұзылған?
Сөйлеп жүрген тіл мен жақ,
Құр қалдырмай ырымнан.
Бәрімізге ай ортақ,
Қайырлы болса, бай ортақ,
Жақсы болса, би ортақ,
Көп жасаған көне ортақ.
Жаман адам не керек,
Жақсының елге бәрі ортақ.
Ел жабылып ішуге
Айдын-шалқар көл ортақ.
Ай батқан соң, күн ортақ,
Күн батқан соң, түн ортақ.
Алдыңғы өскен ағаға,
Жақсы болса, іні ортақ,
Жаман болса, кім ортақ?
Сөз тыңдауға мен ортақ
- Ай жігіттер, жігіттер,
Жердің жүзін қарасаң,
Мұнша неге кең болған?
Жеті мүше денеміз
Бір-біріне тең болған.
Төрт аяқты айуандар
Неге адамнан кем болған?
Жарық үшін күн болған,
Тыным үшін түн болған.
Тамашалап қарасаң,
Ай мен жұлдыз, күндіз, түн,
Орман, тоғай, от пен су,
Таң-тамаша, кім қылған?