Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру


Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру



бет2/4
Дата09.03.2022
өлшемі287,18 Kb.
#27300
1   2   3   4
Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс), (екі мейірбикемен орындалады)

Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  • Қолыңызды антисептикалық турде тазартып, қолғаптарды киіңіз.

  • Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).

  • Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.

  • Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.

  • Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.

  • Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.

  • Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.

  • Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

  • Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет