Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру



бет1/4
Дата09.03.2022
өлшемі287,18 Kb.
#27300
  1   2   3   4
Байланысты:
Стандарт





Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру(ұзынынан жасалатын әдіс)

Науқастың төсек тәртібін сақтау жағдайларында егер оған төсекте аударылуға рұқсат етілсе, ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке басының гигиенасын сақтау, төсек жаралардың, төсек тыстарының кірлеуінің алдын алу.

Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек орынды салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:


  • Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  • Қолыңызды антисептикалық түрде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  • Таза ақжайманы бүкіл ұзындығын бойлап ортасына дейін шиыршықтап бүктеңіз.

  • Науқастың басын көтеріңкіреп, оның астынан жастықты алып тастаңыз.

  • Ақжайманың шеттерін матрацтың астынан айнала шығарып алыңыз.

  • Кереуеттің шетіне қарай абайлап науқасты жылжытып, оны бір қырына аударыңыз, осы қалыпта қалдырыңыз.

  • Лас ақжайманың бос қалған бөлігін бүкіл ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).

  • Ұзынынан бүктелген таза ақ жайманы төсектің босаған жеріне төсеңіз.

  • Науқасты арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз, сөйтіп ол таза ақжайманың жарты бөлігінде болуы керек.

  • Лас ақжайманы науқастың астынан жинап алыңыз, оның орнына таза ақжайманың екінші жартысын жайыңыз.

  • Таза ақжайманы жазыңыз, ондағы қыртыстарды тегістеңіз.

  • Ақжайманың шеттерін матрацтың астына қайырыңыз.

  • Науқастың басының астына жастықты қойыңыз және оны көрпемен жабыңыз.

  • Лас ақжайманы төсек-орын тыстарына арналған клеенкалы қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

  • Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет