«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы


Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері



бет18/23
Дата16.02.2023
өлшемі182,51 Kb.
#68641
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Денсаулық туралы кодекс

6. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері
Аталған мәселелер бойынша заңнамалық актілерге уәкілетті орган жүргізген құқықтық мониторинг нәтижелері осы тұжырымдамада ескерілген.


7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар.
Кодексті қабылдау оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға алып келеді, нақты:
- азаматтардың қауіпсіз, тиімсіз және сапалы медициналық көмекке құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- жеке және қоғамдық денсаулықтың сақтау және нығайту үшін халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігі;
- денсаулық сақтау жүйесінің қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
- халық денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу;
- заттардың қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау жүйесіне жаңа инвестиция тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.


8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттiлiгi
Кодекс жобасын әзірлеу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы және «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын жоюға қоюды, сондай-ақ кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, атап айтқанда: Қылмыстық, Кәсіпкерлік, Еңбек, Бюджет кодекстері және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет