«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы



бет1/23
Дата16.02.2023
өлшемі182,51 Kb.
#68641
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


14.09.2018 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



12.09.2018-ғы № 13-1-6/4856-И шығыс хаты
12.09.2018-ғы № 20189 кіріс хаты

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі(бұдан әрі –Кодекстің жобасы).


2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан -2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың бүкіл өмір сүру кезеңінде халқымыздың денсаулығын сақтау бойынша міндеттер қойды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» өзінің кезекті Жолдауында денсаулықты мемлекет дамуының негізгі факторы ретінде айқындады, сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс берушілердің және халықтың азаматтардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігінде көрсетілген денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі қағидатын белгілеп берді. Елдің алдына әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына енуі бойынша жаңа міндет қойылды, бұл денсаулық сақтау сапасының жоғары деңгейін де білдіреді.
Қолданыстағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінде әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуі үшін денсаулық сақтауды дамытудыңбастапқы кезеңдері орналасқан болатын.
Әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену бойынша міндеттерді іске асыру денсаулық сақтау жүйесін жылдамдатып дамытуды талап етеді, бұл денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы қазіргі түсінікті түбегейлі өзгертеді.
Бұл мақсатқа қол жеткізу жүйеден қысқа мерзімде әлемдік және отандық экономиканың кез келген ауытқулары кезінде қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып, медициналық көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасы қамтамасыз етілетін жеке және әлемдік тәжірибенің үздік мысалдарына негізделген денсаулық сақтаудың жаңа, ұзақ мерзімді үлгісін құруға өзінің күшін топтастыруды қажет етеді. Сондай-ақ Кодекс жобасының жаңа редакциясын әзірлеу қажеттігі денсаулық сақтаудың жаңа жетістіктеріне негізделген денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізу бөлігінде медицинада жаңа технологиялардың екпіндеп пайда болуына және халықтың үмітінің артуымен байланысты.
Сонымен бірге, Кодекс жобасының жаңа редакциясын әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын әлемдік үдерістер мен отандық денсаулық сақтаудың жаһандық тегеуіріндеріне сәйкестігі мақсатында орындау қажеттілігімен байланысты.
Әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену үшін қазіргі кезде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – «ЭЫДҰ)» қатысушы мемлекеттері көрсететін терең жаңғыру мен дамудың іргелі көрсеткіштеріне қол жеткізу жолынан өтуі қажет.
Өз кезегінде ЭЫДҰ елдерінің қаржыландыру көздерінің және денсаулық сақтау үлгілерінің негізгі айрықша ерекшеліктерін басқару жүйелерінің біздің жүйеден барлық айырмашылығы мыналар болып табылады.
1. Денсаулық басымдықтары мен қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуИнфекциялық емес ауруларға (бұдан әрі – ИЕА) алаңдаушылық пен аса көңіл бөлу - барлық дамыған елдердің денсаулық сақтауының өзіне тән сипаты, бәрінен бұрын, сырқаттанушылықтың өсуінің тұрақты үрдісімен байланысты, ол барынша жоғары көрсеткішке қол жеткізді және болашақта өсетін болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректері бойынша адам денсаулығы денсаулық сақтау жүйесінен барлығы 10%-ға және 50% адамның төңірегіндегі әсерден, таңдау құқығына, өмір сапасы менденсаулықты нығайту мүмкіндігінің қолжетімділігіне байланысты. Профилактика ИЕА-мен күресу үшін ұзақ мерзімді стратегияның құны бойынша ең тиімдісін ұсынады. Денсаулықты нығайту, азаматтық қоғамның денсаулық сақтау проблемаларын шешуге белсенді қатысуы мәселелеріндегі ынтымақтастық ЭЫДҰ елдерінің денсаулық сақтау жүйелерінің айрықша ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда профилактикалық жұмыс, ИЕА проблемалары бойынша сектораралық өз ара іс-қимыл жігерін күшейту, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған созылмалы ауруларды басқарудың арнайы бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру мәселелері бастапқы кезеңде тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет