«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы



бет5/23
Дата16.02.2023
өлшемі182,51 Kb.
#68641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Денсаулық туралы кодекс

Ағзалардың донорлығына тірі кезіндегі келісімі.
Ресми құжаттардың бірінде (жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі) келісімін тіркеу арқылы тірі кезінде әрбір азаматтың тетігі заңнамалық регламенттелетін болады. Транспланттауды, жасанды ағзаларды транспланттауды үйлестіру мәселелері регламенттелетін болады.
Тұруға ықтиярхаты жоқ уақытша тұратын шетелдік адамдарға медициналық көмек көрсету.
Қазақстанда уақытша тұратын және азаматтығы жоқ адамдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар мен жарналар аударған жағдайда медициналық көлемнің белгілі бір көлемін алу мүмкіндігін заңнамамен бекіту қажет.
Спортсмендерге медициналық көмекті ұйымдастыру. Спортсмендерге медициналық көмекті ұйымдастыру мен динамикалық бақылауды заңнамамен бірегейлендіру қажет. Бұл қызметтер медициналық болып табылады жәнеТМККК немесе МӘМС пакетіне кіруі тиіс, алайда қазіргі таңда халықтың бұл санатына медициналық көмек көрсетудің бірыңғай тәртібі жоқ, тиісінше әрбір өңірде қаржыландыру тетігі әртүрлі.
Әскерге шақыру комиссиясының қызметі.Қызметтің қосарлануын болдырмау үшін әскерге шақыру комиссиясының қызметін заңнамамен бірегейлендіру қажет. Қазіргі таңда, әскерге шақыру комиссиясының қызметі бойынша жағдайдың өңірлерде айырмашылығы бар. Әдетте, әскерге шақыру комиссиясына медициналық ұйымдарда жалғыз боп табылатын дәрігерлер денсаулық сақтау жүйесінен тартылады. Тиісінше басқа пациенттерге медициналық көмек зардап шегеді және МСАК орындалмайды. Мысалы, бұл мектептерде және ЖОО-ларда өткізілетін медициналық профилактикалық қарап-тексерулер. Сонымен бірге, қазіргі таңда профилактикалық қарап-тексерулердің деректерін алудағы сабақтастық жүйесі құрылған жоқ, сапасыз қарап-тексеру орын алған. Соған байланысты, қосарлану болуда. Одан басқа, әскерге шақыру комиссиясы жиі жағдайда әскерге шақырылғандарға ТМККК-ға кірмейтін қосымша зерттеулер тағайындайды. Соған байланысты, қаржыландырудың қажетті көлемін айқындай және әскерге шақырылғандарға медициналық қарап-тексеру жүргізу кезеңдеріндегі сабақтастықты белгілей отырып медициналық көмек көрсету стандартын заңнамамен реттеу қажет.
Кәсіби зияндарға байланысты зейнеткерлікке ерте шығу бойынша жеңілдіктер көзделетін мамандықтардың тізбесі. Үстемеақы алу және зейнеткерлікке ерте шығу үшін жеңілдікті құқығы бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретін заңмен бекіту қажет.
Мамандығы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін кәсіби қызметі барысында ауруды жұқтырған және дамыған жағдайда медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс берушінің құқығы мен міндеті. Жұмыс берушінің қаражатының есебінен қайта оқу және одан әрі жұмысқа орналасу. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету (бұдан әрі – АДҚ) шеңберінде осы ауруды емдеген жағдайда тегін дәрілік заттарды кезектен тыс алу, сондай-ақ ТМККК шеңберінде барлық қажетті консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу құқығы.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде міндетті статистикалық есептілікті меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау ұйымына ұсыну. Бірыңғай статистикалық есептілікті және бірыңғай электрондық ақпараттық жүйені қалыптастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде нысандар бойынша ақпарат беру үшін барлық медициналық ұйымның міндеттері мен жауапкершілігін заңнамамен бекіту қажет.
МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне, әскери қызметшілерге, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ осы санаттағы тұлғалардың зейнеткерлері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету мәселесін реттеу қажет болады.
Медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету тәртібі біріздендірілетін болады.
Азаматтардың ортақ жауапкершілігі құралын және медициналық көмек пен дәрі-дәрмекке бірлесіп төлеу механизмін енгізуді нормативтік бекітуді талап етеді. Бүгінгі таңда денсаулықты сақтау ауыртпалығы тек мемлекетке жүктелген, ал азаматтардың өздерінде өзінің денсаулығы үшін жауапкершілік деңгейі қалыптаспаған (динамикалық қаралудан уақтылы өту, сауықтыру іс-шараларына қатысу, зиянды әдеттерден бас тарту және басқалары).
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін халықтың, мемлекеттік және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесіне кезең-кезеңімен көшу бойынша жұмыс жалғасуда.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ сақтандырылмаған халықтың медициналық көмекті алудағы сақталып қалып отырған қаупін ескере отырып, ТМККК тізбесін қалыптастыруға және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек пакетіне жаңа тәсілдер әзірленді.
Бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және еліміздің экономикасына және МӘМС жүйесіне тарту бойынша ведомствоаралық жұмыс жалғасуда.
Сондай-ақ қызмет көрсетушілердің жауапкершілікте болуы және сапалы қызмет көрсетуі маңызды. Медициналық қызметтердің үйлестірілуін жақсарту медициналық көмектің сапасын арттырудың және қажетті тәжірибені жинақтаудың, әсіресе қажеттілігі күрделі пациенттер үшін қажетті шарт болып табылады.
Осылайша қаражатты тиімді пайдалану және өнім берушілердің меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық көмектің сапасы үшін жауапкершілігі мәселесін заңмен шешу қажет.
ТМККК кез келген нақты қайта қарау экономикалық тиімді болып табылатын іс-шараларды ғана қамтамасыз етуге кепілдік беруі тиіс.
Осылайша, жаңа Кодексті әзірлеудегі негізгі себеп:
- мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері ретінде халықтың салауатты, белсенді және шығармашылық өмірін қамтамасыз етудің қажеттігі;
- халықтың денсаулығының ролін стратегиялық әлеует, ұлттық қауіпсіздік факторы, қоғамның тұрақтылығы мен салауаттылығы ретінде тану;
- адамның бәсекеге қабілеттігінің, отбасының саламаттылығының, кәсіби дамудың негізгі рөлі болып табылатын денсаулыққа бағдарланудың қажеттігі;
- генетикалық, физиологиялық, психологиялық, интеллектуалдық, генеративтік функцияларды ескере отырып, адамның жеке дамуы мен әлеуетін іске асыру процесінде денсаулық мәдениетін, денсаулықты сақтау, нығайту механизмдерін қалыптастырудың қажеттігі.
Денсаулық сақтауды одан әрі қайта құрылымдау және дамыту сапыны арттыру бойынша қосымша күштер салынуы тиіс. Клиникалық басшылық принциптерді, аккредитациялау процестерін және медициналық көмекті көрсету жолдарын, сапаны арттыру жөніндегі жаңа шараларды қолдану сияқты сапа саласындағы қолданыстағы бастамадан басқа денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуге ықпал етуі тиіс.
Сонымен қатар, «медициналық ұйымдардағы сапа кепілдігі мәдениетін» деген ұғымды заңмен бекіту қажет. Есеп ұсыну және жазалау шаралары емес, медициналық көмек сапасын көтермелеу медицина қызметкерлерінің сапалы медициналық көмек көрсетуге тартуды кеңейтуге ықпал етеді.
ЭЫДО денсаулық сақтау жүйелерінің тәжірибесі денсаулық сақтау саласындағы анағұрлым жиі кездесетін көрсеткіштер туралы деректерді қызмет көрсетушілер деңгейінде жария көрсетудің қызмет көрсетушілер арасындағы айырмашылықтары туралы хабардарлығын арттыратынын, деректердің сенімділігін арттыру жолдарын талқылауға ынталандыратынын және күштерді көрсеткіштерді арттыруға бағыттайтынын растайды. Медицина қызметкерлерінің қатысуы ашық, сындарлы ортада анағұрлым маңызды болады.
Медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі кезінде пациентке бағытталушылық дәлелдеу медицинасы және медициналық технологияларды бағалау нәтижелері негізінде әзірленген стандарттарды, диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларын жетілдіру арқылы үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен жұмысты күшейту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Халықаралық тәжірибе мемлекеттің функцияларды беру нәтижелері өзара ынтымақтастық кезінде табысты болып табылатынын куәландырады.
Клиникалық практиканы стандарттармен қамтамасыз ету жүйесін заңды түрде бекіту және жаңғырту қажет. Әзірленген түрлі басшылық қағидаттар мен хаттамалар олардың практикада бекітілуі мен қолданылуын заңнамалық реттемейді.
Осылайша, медициналық көмек көрсету кезінде мамандар тиімді бірлескен жұмысты және МСАК көрсету шеңберінде және басқа да аралас салаларда түрлі мамандардың тиімді бірлескен жұмысын және ынтымақтастығын ұйымдастыру тәртібін анықтайтын нақты стандарттарды басшылыққа алуы тиіс.
Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді, толыққанды, сапалы медициналық қызметтердегі қажеттілігіне икемді ден қоятын инфрақұрылымды қалыптастыруға негізделетін болады.
Бұл жерде негізге денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңартылған нормативі алынбақ, оның негізіне жоспарлаудың қазіргі заманғы тәсілдері алынады.
Денсаулық сақтау ұйымдары желісін жоспарлауға деген жаңа тәсілдер нормативті анағұрлым икемді етеді және халықтың қажеттігіне бағыттайды, сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімдігін арттыруға ықпал етеді.
Жаңартылған желі белгілі бір аумақтағы халықтың белгілі бір санына медициналық көмек көрсетуге бағытталған, бұл объектілердің қайталануына жол бермейді.
Алыс және ауылдық аудандарда қызметтерге қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылатын, өңірлер арасындағы, сондай-ақ қалалар мен ауылдық аудандардағы медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділіктегі теңсіздіктерді жою үшін шаралар қолданылатын болады. Географиялық алыс болуына және халықтың сирек орналасуына, демографиялық көрсеткіштерге, өңірдің жыныстық, жас аралық құрамының ерекшеліктеріне байланысты проблемалар медициналық көмек көрсету кезінде ескерілетін болады.
Ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде медициналық қызмет көрсету стандарттары, сондай-ақ өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру стандарттары заңды түрде бекітілетін болады.
Мемлекеттік инвестициялар концессия мен МЖӘ қолдану шектелген, оны дамыту экономикалық мақсатқа сай келмейтін салаларда, сондай-ақ саланы дамыту үшін стратегиялық маңызды секторларда (ана, туберкулез, АИТВ және басқалар) жоспарланатын және денсаулық сақтау желілерін дамытуға бағытталатын болады.
Медициналық қызмет көрсету жүйесін қайта ұйымдастыру, тиімділігін арттыру, өңірлік қажеттілігін ескере отырып, сапалы қарауға қолжетімдікті қамтамасыз ету арқылы аурухана секторын жаңғырту жалғасатын болады.
Тез өзгеретін құқықтық және қаржылық жағдайлардағы өзгерістерге бейімделу, пациенттің қажеттілігін қанағаттандыру және есепті болу үшін стационарлардың төсек-орын қорын бейіндеуге және қайта бейіндеуге деген тәсілдерді өзгерту қажет.
III. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым қызметін жетілдіру
Денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін құрудың негізгі шарттарының бірі саланы бәсекеге қабілетті мамандармен, сұранысқа ие ғылыми әзірлемелермен және инновациялармен қамтамасыз ету болып табылады. денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру дәрігер кадрларын даярлау кезінде міндетті резидентураны және жаңа формациядағы мейіргерлер кадрларын даярлау үшін ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын енгізуді, клиникалық мамандықтар бойынша даярлаудың міндетті шарты ретінде университеттік клиникаларды және (немесе) біріктірілген академиялық медициналық орталықтарды құруды заңнамалық деңгейде бекітуді, медициналық білім және ғылым ұйымдарында стратегиялық әріптестікті жүзеге асырудың негізгі шарттарын анықтауды қоса алғанда медициналық білім мен ғылымның қолданыстағы жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қабылдауға мүмкіндік берді.
Медицина кадрлары сапасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі білім алушылардың білімін бағалау болып табылады. Осыған орай білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламаларын білуін және дағдысын бағалау заңнамалық деңгейде бекітілді. Бағалау рәсімінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы құрылды және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның білім мен дағдыларды бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредитациялау бойынша құзыреті бекітілді.
Медициналық білім беру жүйесін жаңғырту, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу медициналық білім және ғылым ұйымдары оқытушыларының жеке және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты медициналық білім және ғылым ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларының құзыретін бағалауды заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылды.
Барлық көрсетілген жаңалықтар әлемдік жетекші университеттерде қабылданған денсаулық сақтау мамандарын даярлауғақойылатын тәсілдерді енгізу үшін қажетті құқықтық негіздемелікті құруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар қазіргі кезде бірқатар проблемалар шешілмеген күйінде қалып отыр, олардың ішінде білім беру бағдарламаларының жетілмеуі және олардың практикалық денсаулықтың сұранысымен байланыстың төмендігі, білім алушыларды практикалық даярлаудың жеткіліксіздігі, медициналық білім беру ұйымдарындағы академиялық ортаның тиімсіздігі.
Көрсетілген проблемаларды шешу медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы анағұрлым үздік халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуді, оның ішінде Назарбаев университетінің және әлемдік жетекші университеттерінің – отандық медициналық ЖОО стратегиялық серіктестерінің тәжірибесін зерделеу негізінде қажет етеді.
Бұл ретте, Кодекстің жаңа редакциясында медициналық ЖОО-ларды коммерциялық емес ұйымдарға қайта ұйымдастыруды, оларға еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеу, білім алушылардың контингентін қалыптастыру мәселесін және оқыту құнын және т.б. дербес шешу құқығын беруді қоса алғанда медициналық білім беру ұйымдарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселесі көрініс табуы қажет.
Кодекстің жаңа редакциясында резидентура және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудың ең үздік халықаралық тәжірибесі, оның ішінде клиницист-практиктерді және ғылыми қызметкерлерді тереңдетіп даярлауды қамтамасыз ететін докторантурадан кейінгі бағдарламаларын енгізу негізінде көрініс табуы тиіс.
Тиімді академиялық ортаны қалыптастыру үшін Кодекстің жаңа редакциясында медициналық білім беру ұйымдарының стратегиялық серіктестігін іске асыру механизмдері, университеттік клиникаларды және кіріктірілген академиялық медициналық орталықтарды құру шарты мен жұмыс істеу қағидаты одан әрі дамуы тиіс.
Медициналық білім беру жүйесін жаңғырту, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу медициналық ЖОО мен колледждердің оқытушыларының кәсіби құзыретіне жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты Кодекстің жаңа редакциясында оқытушыларды даярлау, кәсіби дамыту және бағалау мәселелері көрініс табуы, сондай-ақ клиникалық тәлімгерлер қызметінің құқықтық шеңбері анықталуы тиіс.
Бір жағынан медициналық білім беру ұйымдарына академиялық дербестік бере отырып, екінші жағынан медициналық білім беру бағдарламаларын бітірушілерде тиісті біліктілік, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламаларын бітірушілердің базалық құзыреттері тізбесін анықтау, медициналық білім беру бағдарламаларын оқушылардың білімдері мен дағдыларын тәуелсіз бағалау жүйесін лицензиялық емтиханға өзгерту негізінде қамтамасыз етудің құқықтық механизмдерін енгізу қажет. Алдыңғы қатарлы шет елдердің (АҚШ-ғы USMLE пен NCLEX, бірқатар Еуропа елдеріндегі IFOM және т.б.) үлгісі бойынша лицензиялық емтихан Кодексте енгізілетін медицина қызметкерлерін лицензиялау рәсімдерінің негізін құрауы тиіс.
Білім беру ұйымдарының жұмыс істеу сапасын бақылау әлемдік практикада лицензиялау, лицензиялаудан кейінгі бақылау және аккредитациялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты Кодексте лицензиядан кейінгі бақылау және тәуелсіз аккредитациялау мәселелерін реттейтін, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлаудың ерекшелігін ескеретін нормаларды қамтуы тиіс. Сондай-ақ қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет