биологиялық жолмен алынатын дәрілік препараттар - құрамында биологиялық заттар бар препараттар (гормондар, цитокиндер, қанның ұю факторлары, инсулиндер, моноклоналды антиденелер, ферменттер, колониестимуляциялаушы факторлар, тін жасушаларының базасында жасалған препараттар және биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған өзгелері
лекарственные препараты биологического происхождения
medicinal products of biological origin
20.
биомедициналық зерттеу - мақсаты адамның өмірі, денсаулығы, аурулар, олардың диагностикасы, емдеу немесе профилактикасы, сондай-ақ өмір процестерімен, аурулар мен денсаулықпен байланысты генетикалық және экологиялық факторлар туралы жаңа білімді ғылыми әдістермен алу болып табылатын зерттеу
биомедицинское исследование
biomedical research
21.
биотехнологиялық дәрілік препарат - биотехнологиялық процестердің және рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы технологиясы, биологиялық активті ақуыздарды өндіруді кодтайтын гендердің бақыланатын экспрессиясы, гибридомдық технологиялар, моноклондық антиденелер немесе басқа да Биотехнологиялық процестер пайдаланылатын әдістерді қолданудың көмегімен өндірілген дәрілік препарат
биотехнологический лекарственный препарат
biotechnological medicinal product
22.
Биоэтика - өмір туралы ғылымның ең жаңа жетістіктерін қолданудың моральдық, әлеуметтік, құқықтық аспектілерін талдау мақсатында биомедициналық және гуманитарлық ғылымдарды біріктіретін Пәнаралық ғылыми бағыт