анонимдік зерттеп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық зерттеп-қарау
анонимное обследование
anonymous examination
5.
апарат медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі-төтенше жағдайлар) медициналық – санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ медициналық көмекті қамтитын медицина саласы; авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне көмек
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым
әскери медицина - ғылыми білім жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің практикалық қызметін білдіретін, бейбіт уақытта және соғыс уақытында арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскерлерін, бөлімшелері мен ведомстволарын жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өз мақсатына ие медицина және денсаулық сақтау саласы