Халық денсаулығын кешенді бағалау - демографиялық процестерді, сырқаттанушылықты, дене дамуы мен мүгедектікті сипаттайтын сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Халық денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістеме статистикалық есептілік шеңберінде әзірленетін түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады. Негізгі проблема - денсаулық сияқты көп қырлы құбылыстың әртүрлі аспектілерін толық көрсететін бірыңғай индикаторды таңдау. Қазіргі уақытта денсаулықты сандық бағалау әдістері әлі дамымаған, олар тек жеке сипаттамалары бойынша бағаланады. Оларға орташа өмір сүру ұзақтығы, өлім, ауру, халықтың физикалық дамуы және т. б. туралы мәліметтер кіреді.
Халықаралық және отандық тәжірибеде мына интегралды көрсеткіштер белгілі:
Адами Даму Индексі (АДИ) – алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, білімділігі мен өмір сүру деңгейін көрсететін үш негізгі компоненттен тұратын интегралды көрсеткіш.
DALY (disability-adjusted life years) – денсаулық жағдайын сандық интегралды бағалау арқылы аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады (еңбекке жарамсыздықпен түзетілген өмір сүру жылдарының саны).
QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өткен жылдарды көрсететін индекс.
DALE (disability adjusted life expectancy) - толық денсаулықта өмір сүрген күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы.
HALE (healthy life expectancy) –салауатты өмір сүру ұзақтығы.
Потенциалды өмірдің жоғалған жылдары - мерзімінен бұрын қайтыс болу салдарынан жоғалған өмір жылдарының санын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.
Еңбекке қабілеттіліктің медициналық-әлеуметтік потенциалы - халықтың алдағы еңбек қызметі жылдары санының (егер ол аурулар мен жарақаттармен шектелмесе) еңбек қызметі жылдары барынша мүмкін болатын санына пайыздық қатынасы.
Медициналық-демографиялық әл – ауқат көрсеткіші – біртекті медициналық-демографиялық көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік беретін дәрежелік бағалау әдісімен есептелген индекс.