Менеджмент-бұл өндіріс тиімділігін арттыру және кірісті арттыру үшін қолданылатын принциптер, әдістер мен басқару құралдарының жиынтығы.
Менеджменттің элементтері:
Мақсаты – денсаулық сақтау жүйесінің немесе медициналық мекемелердің тактикалық және стратегиялық міндеттерінің кепілді орындалуынан, ұжымдар мен жетекшілердің іс-әрекетінен күтілетін нәтижелер.
Адам қорлары – жетекшілер мен орындаушылар және олардың қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы дайындығы мен жетістігінің, инттелектуалды потенциялының, дағдыларының, игеруінің, білімінің жиынтығы.
Материалдық қорлар – қаржылық мүмкіндіктер.
Медициналық-технологиялық қорлар – медициналық мекемелердегі мамандардың инновациялық, клиникалық, басқарушылық мүмкіндіктері.
Тиімді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесіне немесе медициналық мекемелерге максималды пайдалы медициналық-технологиялық және материалдық, адами қорларды пайдалану.
Менеджменттің функциялары: Жоспарлау – алдыға мақсат қою және оған жетудің іс-әрекеттерін таңдау үрдісі. Жоспарлау келесі элементтерден тұрады: мақсат қою; қорлар мен мүмкіндіктерді талдау; шараларды жасау және тарату; нәтижесін бақылау және баға беру.
Ұйымдастыру – орындаушылар мен бөлімшелердің арасында ұсынылатын іс-әрекеттердің көлемін бөлу үрдісі; мақсатқа жетудегі іс-әрекеттердің үйлесімділігі және басқарудың иерархиялық инфрақұрылымын қалыптастыру.
Қызметкерлерді басқару – қойылған мақсатқа жету үшін орындаушыны анықтау, оқыту, іріктеу үрдісі.
Көшбасшылық – қойылған мақсатқа жету үшін бөлімшелерді және орындаушыларды қызықтыру және талаптандыру.
Бақылау – өзгерістерді тұрақты бақылау, іс-әрекеттерді өз уақытында коррекциялау, нәтижелерін бағалау арқылы және де мақсатқа жетуді көздеуде жұмыскерлердің сәйкесінше өз үлестерін қосуды ескере отырып орындаушылар мен мекемелердің мақсатын қамтамасыз ету үрдісі.