Абайдың музыкалық мұрасы
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері - осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Бұрынғы он бір және жеті-сегіз буынды өлеңдермен айтылатын әндерге Абай әңдері ұқсамады. Абай тудырған жаңа поэзия лебі оның әндеріне де жаңа лебіз берді. Орыстың ұлы ақындарын үлгі тұтқан Абай музыка дүниесінде де мұсылмандық шығыстың құран оқу әуезінен үн сөздіктерін іздемегені былай тұрсын, өзіне дейінгі болып келген қазақтың халықтық әндерінің бірқалыптас тілдерін де місе тұтпады. Ол орыстың әдет- ғұрып музыкасы, қала романстарын ести, тыңдай отырып, солардан шығармашылық үлгі алды.
Оның үстіне Абайдың «Евгений Онегинді» аударып, «Татьяна хатына» өзінің ән шығаруы, А. А. Дельвиг пен М. М. Глинканың «Сұрғылт тұманын», А.Г.Рубинштейннің «Мен көрдім», М.Ю.Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғыбын» аударып, ояарға ән шығарғаны - Абайдың музыкалық сөздігін байытуға әсер етті.
Тағы бір айта кететін нәрсе - Абай әндері, сөзі мен музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының керінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмейді. Мысалы, «Қараторғай», «Екі жирен», «Жиырма бес», «Аққұм» сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-соңды кездеспеген жағдай деп айта аламыз.
Абайдың композиторлыққа басқалардан өзгеше жолмен келуі, оның шығармашылық заманының алдын ораған жаңалықтарының болуы, Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялық жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының тағы бір себебі - Абай ерекше бір музыкалық ортада болды: бір жағынан, өзінің асқан музыкалық қабілетінің, музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халық музыкасын жақсы біліп, Семей қаласына гастрольге келген артистердің концерттерін тыңдап-көру арқылы орыс музыкасымен тікелей танысып отырса, екінші жағынан айналасына топталған өнерпаздардың кейбіреулері орыс халқының музыкалық үлгілерімен таныс адамдар болды (өз баласы Әбдірахман, скрипкашы Мұқа). Олар Абай шығарған әндерді тыңдаушы ғана емес, бабына келтіріп орындаушы, дос пейілді кеңесшілер еді. Абайда Мұхит, Біржан сияқты күшті дауыс болмаса керек. Ол тек өз даусының жеткенінше ғана айтып шығарды. Ол-ақын, композитор, орындаушы арасында жетілген еңбек белгісі жоқ көздегі жағдай еді. Шығарманы бірінші рет орындаушы да, кейін оны халықарасына таратушы да шығарушының өзі болады. Бұл жағдай Абай басында да болды. Абай әндері жаңа болғандықтанда өз тұсында көп түсінбеушілікке көздесті. 7, 8, 11 буын ырғағымен ғасырлар бойы тәрбиелеңіп келген адамдарға Абайдың жаңалықты ән тілі тұсінікті болып кету үшін феодализмнің кертартпа дәстүрі қолайлы жағдай болмады. Абайдың : Адам аз мұны біліп ән саларлық, Тыңдаушы да аз ол әннен бәһра аларлық, - дегені осы бір жағдаймен байланысты болу керек. Әннің мөнін тұсіне айтатын орындаушы мен оны бағалай білетін, жаңа үнді жаны тұсінетін тындаушыны арман еткен, бұрынғы қара дүрсінділікпен күресіп келген Абай жаңа әндерінің көпке баяу тарағанына қынжылады. Алайда идеялық көзқарасында еңбекші халықтың мұңын жоқтауға көшкен Абай өзінің өлеңдерінде де, қарасөздерінде де, әндерінде де осы идеяны қолдап отырды. Поэзияның тілі жетпеген жерде Абай өлеңге ән қосты. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген Абай музыкасыныңда адам өміріндегі орнын, оның поэзиямен қосылғанда күші арта түсетінін сөзген. Абай әнді ермек үшін де, қосымша кәсіп болсын деп те шығармаған. Ол жан сырын халыққа тек поэзия тілі арқылы ғана жеткізуді місе тұтпай, сонымен бірге халқымен музыка арқылы да тілдесуді жөн көрген... Абайдың Музыкалық мұрасы тек совет өкіметі тұсында ғана жиналып, нотаға түсіріле бастады. Қазақтың халық музыкасын жинаушы А.Затаевич 1925 ж. Абайдың бірнеше әнін нотаға тұсіріп, жариялады. 30 жылдарда композитор Б. Ерзакович пен Л. Хамиди Абайдың 20-дан аса әнін нотаға тұсірді. Бұл әндердің бірқатары Абайдың екі томдық өлеңдер жинағында да басылды. 1939 ж. Қазақстанды зерттеу қоғамы Мәкен Мұхаметжанованың орындауымен Абайдың Ібәнін нотаға жаздырды. Бірқатар білімпаздардың ұйғаруынша, Мұхаметжанованың орындауындағы Абай әндері автордың түпнұсқасына жақын болуы керек. Қазақтың халықтық музыкалық үлгілерін жинаушы кейбір мекемелерде жеке адамдардың архивтерінде сақталып жатқан Абай әндерін шамамен есептегенде, түрлі нұсқаларын қосқанда, жалпы саны қырыққа жуық болады Абай әндері нотаға түскен күннен бастап фортепианолық сүйемелдермен жеке дауысқа арналып, нотаға түсіріліп орындала бастады. Бертін келе Қазақстан композиторлары Абай әндерін өздерінің шығармаларына тақырып-арқау етіп енгізді. Абай әндері негізінде жеке аспаптарға (ұлт аспаптарына, симфониялық оркестр аспаптарына), шағын ансамбльдерге(трио, квартет, квинтет) және үлкен оркестрге арнап шығармалар жазды. Абай әндері «Абай» операсына молынан кірді. Онда Абай әндері өзініңалға- шқы қалпында да, шығармашылық дамулы - өзгөрісті түріндедеендҢоркестрде, хорда, ансамбльдерде). Операдағы бір өзгешелік - бірқатар кейіпкерлер үшін Абай стилінде ән, ариялар жазылды. Мысалы, бірінші актідегі Айдар-Ажардуэті, төртінші актідегі «Ей, халайық, барым ең сен» деп басталатын Абайдың ариясы.
Қазақстан композиторлары Абайдың сәздеріне өздері көптеген ән жазып, Абай поэзиясының жан түкпіріне жететін асыл қасиеттерін музыка тілімен жапғастыру ісіне қызу атсалысты. Абай - тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер койнына кірер денең...» Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады. Абай музыканы таддауға материапистік тұрғыдан келіп, оны сыртқы дүниенің сәулесі деп топшылайды. «Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай түнық...» - деп, Абай әннің сыртқы дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетті. Ол сыртқы шындық біздің сөзім мүшелеріміз арқылы бастағы миға жетеді деген дәлел айтты: «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй...» немесе: «Жүрек тербеп оятар баста миды». Композитор шебер суреттей, образ жасай білсе, әнде өмір сәулесі түнық су түбіндегі заттай анық көрінеді, ән мен кұйдің санамызда бейнөлеңуі, «бойымызды алып, жүрегімізді тербеп, бастағы миымызды оятуы қүлақ (есту) арқылы келеді», - дейді Абай. Ән-күйдің сана-сезімге, кеңілге әсер ететінін айта келіп, Абай: «Салған ән көлеңкесі сол көңілдің», - десе, екінші біржерінде:
Достарыңызбен бөлісу: |