Қазақстан-АҚШ қатынасыКазакстан Америка қатынастарына Қазақстан Республикасынын Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған 1997 жылғы сапары жана серпін берді. Сапар қорытындысы бойынша 18 мақызды құжатқа қол қойылды, соның ішінде Экономикалық әріптестік жөніндегі бағдарлама, ядролык қуатты бейбіт мақсаттарға қолдану бойынша ынтымақтастық туралы келісім, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын игеру және Каспий шельфі өнімдерін болу жөніндегі келісімдерді айрықша атап етуге болады. Энергетика саласындағы Қазақстан-Америка әріптестігі (2002 ж.), Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастықтың 2003-2007 жылдарға арналған жоспары карастырылды.
Қазақстан Америка қатынастарындағы маңызды саяси оқиға Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылдың желтоқсанында Президент Джордж Буштың шақыруымен АҚШ-қа жасаган сапары болды. Келіссөздердін өзекті етуіне 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі Нью-Йорктегі Дуниежузілік сауда орталығы мен Вашингтондағы Пентагоннын ғимаратына жасалган террорлық шабуылдар әсер етті. АҚШ сапарындағы бірлескен қорытынды декларацияны жариялағанда Н.Ә. Назарбаев пен Д. Буш екі елдің ұзақ мерзімдік стратегиялық әріптестікке» қол жеткізгенін айтты.
Казіргі кезеңде екі ел арасындағы ынтымақтастық Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарынын (2018) қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтармен айқындалады. Сапар барысында Қазақстан және АҚШ: ХХІ ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
Қазақстан–Түркия қарым-қатынасы
Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы 1991 жылдан бері Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сыйластық пен сенімділік ахуалы негізінде саяси, сауда-экономикалык және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты тығыз ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен ерекшеленеді. Қазақстан аумағында жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындар пайда болды. Алматыда қысқа мерзім ішінде «Анкара» қонақүйі тұрғызылды. Қазақстан делегациясы Туркияда өткізілетін конференциялар мен кездесулердін тұрақты қатысушысына айналды.
Жүздеген жігіттер мен қыздар Стамбул мен Анкара университеттерінде оқиды. Қазақстанда қазақ-турік оқу орындары мен мерзімді басылымдар ашылды. 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында түркі тілдес мемлекеттер мәдениет министрлерінін 1-кездесуінде Түріксойдың негізі қаланды. Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылы Туркияга жасаган ресми сапары барысында Астана мен Анкара арасындагы қатынастардың сенімді де тұрақты әріптестік денгейге жеткендігі айтылды.
2007 жылы Түркия призединті А.Гүлдің Қазақстанға сапарында Н.Ә. Назарбаев түркі тілдес елдердің Парламентарлық Ассамблеясын құру туралы өз ұсынысын білдірді. Қазақстан мен Түркия арасында сауда айналымы берік жолға қойылып, ол бугінде 1,5 млрд долларды құрап отыр. Қазақстан нарығында түрік капиталынын қатысуымен 2 мындай кәсіп орын жұмыс істейді. Сонымен бірге екі ел арасында мәдени ынтымақтастық жақсы жолға қойылған.
Қазақстан қандай халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатты?
Тиянатқы да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды . Атап айтсам: