Халықаралық бірліктер жүйесін сипаттаңыз



Дата05.05.2023
өлшемі15,58 Kb.
#90530
Байланысты:
Халықаралық бірліктер жүйесін сипаттаңыз


      1. Халықаралық бірліктер жүйесін сипаттаңыз.

Халықаралық бірліктер жүйесі (кейде Халықаралық өлшем бірліктері жүйесі (фр. Système International d'unités, SI) — бірліктер жүйесінің халықаралық үлгісі, метрикалық жүйенің заманауи нұсқасы. Ол әлемдегі барлық дерлік елдерде ресми мәртебеге ие жалғыз өлшем жүйесі.
Халықаралық бірліктер жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін Халықаралық бірліктер жүйесі арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды.
SI күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде SI заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады. Осы аздаған елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін SI бірліктерне ауыстырған.

      1. Негізгі физикалық шамалар және олардың бірліктерін сипаттаңыз.

Физикалық шамалар жүйелері және олардың бірліктері әрбір объект үшін физикалық шамамен көрсетілетін қасиеттің сандық құрамындағы айырмашылықтарды анықтау үшін, оның мөлшері мен мәнінің ұғымдары енгізілген.
Физикалық шаманың өлшемі – бұл берілген объектіде "физикалық шама” ұғымына сәйкес келетін қасиеттің сандық құрамы.
Физикалық шаманың мәні – ол үшін қабылданған бірліктердің қандай да бір саны түрінде оның мөлшерін бағалау (өлшеумен немесе есептеумен алады).
Физикалық шаманың бірлігі – бұл белгіленген мөлшердің физикалық шамасы, оған біртекті физикалық шамаларды сандық өрнектеу үшін қолданылатын, бірге тең, сандық мән шартты түрде берілген.
Физикалық шаманың негізгі сипаттамасы оның өлшемдігі "dim Q” болып табылады – берілген шаманың негізгі физикалық шамалармен байланысын көрсететін, дәрежелі көпмүше түріндегі өрнек; ондағы пропорционалдылық коэффициенті бірге тең болып қабылданған.

мұнда L, M, T, I – берілген жүйенің негізгі шамаларының шартты белгілері;


- тұтас немесе бөлшек, оң немесе теріс заттық сандар.
Оған негізгі шаманың өлшемдігі шығарылған дәреженің көрсеткіші, өлшемділік көрсеткіші деп аталады. Егер барлық өлшемділік көрсеткіштері нөлге тең болса, онда мұндай шаманы мөлшерсіз деп атайды.
Өлшемділік ұғымы кеңінен пайдаланылады:
- бірліктерді бір жүйеден екіншіге ауыстыру үшін;
- теориялық тұжырым нәтижесінде алынған, күрделі есептік формулалар-дың дұрыстығын тексеру үшін;
- шамалар арасындағы тәуелділікті айқындау кезінде;
- физикалық ұқсастық теориясында.
Объектілердің қасиеттері арасындағы шамалар тіліне ауыстырылған өзара байланыс модельді құрайды, ол өзінің жиынтығында физиканың белгілі бөлімін сипаттайтын, теңдеулер жүйесі болып табылады.

      1. Туынды физикалық шамаларды жазыңыз

Туынды физикалық шама – бұл жүйеге кіретін және бұл жүйенің негізгі шамалары арқылы анықталатын физикалық шама.
Мысалы, қазіргі заман барлық физикалары 7 негізгі шамалардан құрастырылған. Бұл шамалар қайсылары материалды әлемнің іргетасты қасиеттерін сипаттайды.

Бұлар: ұзындық, масса, уақыт, электр тоғының күші, термодинамикалық температуралар саны және жарық күші.


Өлшеудің мақсаты бұл физикалық шамалардың мәндерін тәжірибе жолымен, арнайы өлшеу құралдары арқылы табу және ол мәндерді қабылданған бірліктермен көрсету.


Физикалық шама (ФШ) дегеніміз, ол сапа жағынан қөптеген физикалық объектілерге тиісті, ал сандық жағынан әр объектіге дара болатын қасиет.
Мысалы: 1 Ауа-райы - физикалық объект, температура – сандық.

2 Солтүстікте - -40...-50оС, оңтүстікте - +40...+50оС.


Сонымен, физикалық шаманың өлшемі дегеніміз берілген объектідегі физикалық шама деген қасиетке сәйкес, сандық өлшемі.


Физикалық шаманы ГОСТ 16263 стандарты арқылы объектінің қасиеті ретінде анықтайды. Өлшенгеде қолданылатын нормаланған техникалық құрылғы (құрал) - өлшеу құрылғысы (құралы ӨҚ) деп аталады.


Халықаралық шама жүйесі бойынша (орысша система измерений СИ), физикалық шаманың 7 негізгі мөлшер шамалары бар, олар:


1 Метр – м (длина, ұзындық);


2 Килограмм – кг (масса, салмақ);


3 Секунда – с (время, уақыт);


4 Ампер – А (сила тока, тоқ күші);


5 Кельвин – К (термодинамическая температура, динамика жылу температурасы);


6 Моль – моль (количество вещества, зат саны);


7 Кандела – кд (сила света, жарық күші).



      1. Оптикалық шамалар және олардың бірліктерін сипаттаңыз

      2. Механикалық шамалар және олардың бірліктерін жазыңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет