Халықаралық Бизнес Уневерситеті
Қаржы және есеп кафедрасы
СӨЖ тақырыбы:
Бюджет-салық саясаты
Топ: Экономика және менеджмент 21.641
Орындаған студенттер: Рахимова Гүлназ
Талғатова Керемет
Ақзамова Дания
Мысаева Айсулу
Сүйеш Мағжан
Тексерген оқытушы: Мырзаева У.А
Алматы, 2023
Жоспар:
Кіріспе
Зерттеу мақсаты;
Зерттеу міндеттері;
Зерттеу обьектісі;
2.Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?
3.
Кіріспе:
Фискалдық саясат қазіргі мемлекеттердегі экономикалық басқарудың негізгі құралы болып табылады. Бұл макроэкономикалық процестерге әсер ету және Экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар қабылдайтын қаржылық әрекеттер мен шешімдер жүйесі. Фискалдық саясат салық саясатын, мемлекеттік шығындарды, қарызды қаржыландыруды және қарыз саясатын қоса алғанда, көптеген іс-шараларды қамтиды.
Зерттеу мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы бюджет-салық саясатынын мәнін түсініп, бюджет-салық саясатының қолдану аясын зертеу.
Зерттеу міндеттері:
ҚР-дағы бюджет-салық саясатының мәнін түсіну;
Бюджеттің кіріс бөліміне сараптама жасау және салық түсім көздерін анықтау;
ҚР-ның бюджет-салық саясатын статистикалық талдау арқылы соңғы 10 жылдағы өзгерістерін анықтау.
Зерттеу обьектісі:
Қазақстан Республисасының бюджет-салық көрсеткіштері.
Негізгі бөлім.
Мемлекеттік бюджет түсінігі.
Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік шығындарды және оларды қаржылық жабу көздерінің жылдық жоспары. Ол ұлттық табыстың бір бөлігінің қайта белуге жататынын корсетеді және есептік кезендегі табыстар мен шығындардың балансы түрінде жасалады. Әкімшілік-аумақтық баскару құрылымына байланысты елдің бюджетті орталықтық, провинциалдық және жергілікті болады. Олардың арасында түсім түрлері және солардың бөлек бюджеттерінің үлесінде, оларға жүктелген каржыландыру міндеттері бойынша, сондай-ак орталық бюджеттің қызметтерін қайта бөлуге байланысты табыстарды бөлшектеп бөлудің айтарлықтай күрделі қатынастары болады.
Бюджеттің мәні оның маңызды қызметтерінде көрінеді:
1. Салалар, аймақтар және тұрғындар арасында бөлу, қайта бөлу мақсатында, мемлекет қолында қаржылық ресурстарды топтау.
2. Басқару қызметі арқылы жүзеге асырылатын, оның институттарымен мемлекетті ұстауды қамтамасыз ету.
3. Ел үшін маңызды бағыттарда экономикалық өсуді ынталандыру
4. Тұрғындардың, зейнеткерлердің, балалардың кедей топтарын әлеуметтік корғау.
Мемлекет бюджет саясатын жүргізеді, яғни экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейіне, ұлттық экономиканың жекелеген аяларын ынталандыруға ықпал ету мақсатында мемлмемлекеттік табыстар мен шығындардың деңгейін реттейді. Сөйтіп, бюджет саясаты- бұл мемлекеттік шығындардың, салық мөлшерлемесінің мемлекеттік қарыздардың саясаты. Мемлекеттік бюджет - экономикалық саясаттың шоғырландырылған түрі.
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Оның басты мақсаты – қаржы құралдарының көмегімен экономикалық тиімді дамуы және мемлекеттік міндеттерді шешу үшін жағдай жасау. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын кіріктірумен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет.
Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.Қазақстан Республикасының 2022 жылғы мемлекеттік бюджетінің құрамы және кірістері мен шығыстарының құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.
Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері.
Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Болжау кезінде есептеулер негізіне іс жүзіндегі базамен байланысы бар немесе оның шамасын айқындайтын, салықтық база немесе макроэкономикалық көрсеткіштер қабылданатын, салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалаудың есебі мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) тиісті салықтық базаға салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы тікелей есеп мынадай формула бойынша:
Pбағ. = NB * S, мұндағы:
Pбағ. – ағымдағы қаржылық жыл бойынша кірістер түсімдерін бағалау;
NB – салықтық база;
S – Салық кодексінде белгіленген мөлшерлеме;
Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың катаң максатты арналымы болады.
Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Қарыздарды өтеу - қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс.
Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.Қаржылық активтермен операциялар:
1. қаржылық активтерді сатып алуды;
2. мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржылық активтер мен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |