Ағымдағы жылға республикалық бюджеттің негізгі шығыстарының үлес салмағын анықтау, нәтижені жазу. Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтердісатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады. Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;
қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
бюджет тапшылығы (профициті);
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кеміті- луге тиіс.
Сауда саласы бойынша нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне % - бен
Бөлшек және көтерме сауданың нақты көлемінің индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне % - бен
Көтерме сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 28167,2 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы тиісті кезең деңгейіне 111,2% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (82,5%). Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Алматы қаласына (38%), Астана қаласына (16,4%), Атырау облысына (14,9%), Қарағанды облысына (5,1%) тиесілі.
Жалпы көтерме сауда көлеміндегі облыстардың үлесі, %
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 13122,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезең деңгейінен 7,2% - ға артық. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 10,7%-ға ұлғайды, дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасаушылардың, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 0,4% - ға ұлғайды. Жыл басынан бері жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізуінен 11773,7 млрд.теңге (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 89,7%), шетелдік меншік нысанынан 1348,4 млрд. теңге (10,3%) сомасында айналым алынды. 2023 жылғы 1 қазан жағдай бойынша бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) тауар қорларының көлемі 1539 млрд.теңгені, сауда күндерінде – 71 күнді құрады. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық – түлік тауарларының үлесі – 32,3%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 67,7% құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6,4% - ға азайды, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 15,2% - ға ұлғайды. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Алматы қаласына (32%), Астана қаласына (12,9%), Қарағанды (8%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі. Жалпы бөлшек сауда көлеміндегі облыстардың үлесі, %