Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
П

Пікір – қара. болмыстың тілдік интерпретациясының типтері.

Р

Ру жəне рулық алауыздық

 –

 ҚР ҚК 174 бап нормасы рулық ала-

уыздықты жандандыруға байланысты жауапкершілікті қарастырады. 

Ру – əлеуметтік қауымдастықта өзінің шығу тегін бір атадан тарата-

тын (əке жағынан немесе шеше жағынан) қан жағынан туыстар тобын 

танытатын алғашқы формаларының бірі. Ру ұжымшылдық қарым-қа-

тынас, өзара көмек беру, жалпыға бірдей жауапкершілік алу т.с.с. өзі-

не тəн қасиеттерімен сипатталады.  

Көшпелі өмір салты ерекшеліктеріне негізделетін қазақ этносына 

тəн сипат болып оның ру-тайпалық құрылымы табылады. ХХ ғасы-

рдың басына дейін қазақ этносы үш жүзге бөлінеді: Ұлы, Орта жəне 

Кіші,  жəне  олардың  əрқайсысы  өз  іштерінен  ру-тайпалық  топтарға 

тармақталады. Мысалы, Ұлы жүз қазақтары келесі ру-тайпалық топ-

тарға  тармақталады:  жалайыр,  ошақты,  дулат,  албан,  суан,  қаңлы, 

сары-үйсін,  шапырашты,  сіргелі,  шаңышқылы,  ысты;  Орта  жүз  қа-

зақтары қыпшак, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат сияқты ру-тай-

палық  топтарға  тармақталса;  Кіші  жүз  қазақтары  əлімұлы,  байұлы 

жəне жетіру деген ірі үш ру-тайпалық бірлестіктен тұрады, олар өз 

кезегінде шекті, төртқара, қаракесек, қарасақал, кете, шөмекей жəне 

т.б. ажыратылады. Қазіргі уақытта ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 

бастап қазақ елін мемлекеттік басқару жүйесі территориялық ұйымда-

стыруға негізделсе де, қазақтың анықталған бір руға қатыстылығы ол 

үшін маңызды орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет