Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет1/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ƏДІЛ СӨЗ» 

СӨЗ БОСТАНДЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚОРЫ

Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, 

таптық немесе діни араздықты жандандыру 

туралы істер бойынша сот-филологиялық 

сараптама

ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ 

Алматы 2019


ƏОЖ 340(035)

КБЖ 67.01 я2

К 78

Құрастырушы авторлар: «Тұран» университеті «Журналистика жəне ау-



дарма  ісі»  кафедрасының  доценті,  филология  ғылымдарының  кандидаты 

Қарымсақова Р.Д.,  филология магистр і Сванкулов А. Э.



Рецензенттер:

Филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Г.Гиздатов

Филология ғылымдарының докторы, профессор В.С.Ли

Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араз-

дықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық 

сараптама:  қысқаша  анықтамалық. – Алматы,  Халықаралық 

«Əділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры, 2019. - 96 бет.

ISBN 978-601-80426-1-4

 

 



Ұсынылатын  кітапта  сот-филологиялық  сараптамадағы  өзек-

ті  мəселелердің  бірі – экстремистік  бағыттағы  ақпарттық  матери-

алдарды  зерттеу,  оның  ішінде,  əлеуметтік,  ұлттық,  рулық,  нəсіл-

дік,  таптық  немесе  діни  араздықты  жандандыру  істері  бойын-

ша  мəтіндерді  зерттеу  тұрғысынан  қысқаша  мəліметтер  келтіріледі. 

Анықтамалықты құрастыруда «Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, тап-

тық немесе діни араздықты жандандыру туралы сараптамалық зерттеу əді-

стемесі» негізге алынды (ҚР ƏМ ССО, 2019).

Басылым  тергеуші,  сот,  прокурор,  сарапшы,  қорғаушыларға,  сондай-ақ 

қазақстандық жоғары оқу орындарындағы заң, филология жəне журналисти-

ка факультеттерінің оқытушылары мен магистранттарына арналған.

ƏОЖ 340(035)

КБЖ 67.01 я2

ISBN 978-601-80426-1-4

©  Халықаралық  «Əділ  сөз»  сөз 

бостандығын қорғау қоры,2019

К 78



3

Алғы сөз

Қазіргі кезеңде Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл əлемде экстремистік 

əрекеттер мемлекет өміріне, азаматтардың конституциялық құқықта-

ры  мен  бостандықтарына,  қоғамдық  қауіпсіздікке  жəне  қоғамдық 

тəртіптің  орнауына  тікелей  қатер  төндіреді.  Ғасырлар  тоғысындағы 

экстремизм  тəжірибесі  экстремизмнің  сирек  жəне  көпшілік  жағдай-

да  бұзақылық  түрлерінен  құқыққа  қайшы  бұқаралық  акцияларға, 

жарылыстарға, өрт қою, кісі өлтіру, басқа да ауыр қылмыстарға жол 

салды.  Көпшілік  жағдайларда  экстремистік  сипаттағы  қылмыстар 

вербалды амалдармен, жазбаша жəне ауызша мəтіндерді таратумен, 

сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу арқылы жасалады. Ғалымдардың 

тұжырымдауынша, ақпараттық дəуірде экстремизмнің ауызша көріні-

стері (кейбір идеялардың таралуы) «дəстүрлі» ағымдарға қарағанда, 

қоғамға  аса  қауіпті  құқықбұзушылық  ретінде  танылады.  Адамзат 

сөзінің сиқырлы күші жалпыға жақсы мəлім, ол тек дау-дамайды дəй-

ектеп, талқылап қана қоймайды, сонымен қатар насихаттауға, басқа 

адамдардың  əрекеттерін  басқаруға,  жаппай  қырып-жоятын  қару 

ретінде  үлкен  əлеуметтік  төңкерістерге  алып  келу  мүмкіндігіне  ие. 

Экстремистік қылмыстар түрлеріне ҚР ҚК 174-бабында (қара. ҚК 

3-бабының 39-тармақшасы,  сондай-ақ  ҚР  Заңының  «Экстремизмге 

қарсы іс-қимыл туралы»1-бабының 1-тармақшасы) басқа да қылмы-

стар  қатарында  қарастырылған  əрекеттер  жатады,  бұл  əрекеттерді 

жүзеге асырудағы басты құрал ақпарат болып табылады. Əлеуметтік 

шиеленістерді, агрессия мен зорлықты-зомбылықты қоздыратын на-

сихат-үгіт  материалдарын  жаппай  жариялау,  мемлекет  тарапынан 

тиісті  əрекетті  талап  етеді.  Əлеуметтік  қақтығыстардың  уақтылы 

жəне  тиімді  түрде  алдын  алу  үшін  биліктің  құзыретті  органдары 

тиісті  материалдарды  қаурыт  жəне  объективті  сараптауға  мүдделі. 

Осыған  байланысты  экстремистік  бағыттағы  алғашқы  ақпараттық 

материалдарға  талдау  жүргізу  үшін  ғылыми  негізделген  жəне  тек-

серілген əдіснамалық база құру жəне оны іске қосу ерекше маңызға 

ие  болып  отыр.  Мəтіннің  мазмұны  оның  мақсаттық  бағыттылығын 

дəлелдейтін  бірден  бір  дереккөз  болып  табылатындықтан,  даулы 

ақпарат материалдарын зерттеу сендіру (иландыру) ықпалының рито-

рикалық тəсілдерін талдау əдістерін игерген тіл мамандарының құзы-

рына жатады. Сот-филологиялық (лингвистикалық) сараптама бары-

сында мəтіннің мазмұны, автордың коммуникативтік ниеті, мəтіннің 

мағыналық  (семантикалық)  бағыттылығы  зерттеледі,  экстремистік 




4

əрекетті насихаттау түріндегі иландырушы (сендіруші) сөздердің бар/

жоқтығы немесе нақты бір экстремистік əрекеттерді жүзеге асыруға 

үндеудің бар/жоқтығы анықталады, экстремистік мəтін құруда пайда-

ланылған тілдік құралдарға баға беріледі жəне т.б.  Экстремистік сөй-

леу актісін құқықтық бағалау осы таратылған ақпараттың мазмұны-

на байланысты жəне сол ақпарат мазмұнының бағасынсыз хабардың 

семантикалық  бағыттылығын  анықтау  мүмкін  емес. «Əлеуметтік, 

ұлттық, рулық, нəсілдік, тектiк-топтық немесе діни араздықты жан-

дандыру  туралы  сараптамалық  зерттеу  əдістемесі» (ҚР  ƏМ  ССО, 

2019)  осы  көрсетілген  міндеттер  шешіміне  бағытталған  жəне  со-

ның негізінде осы ұсынылып отырған анықтамалық құрастырылды. 

Анықтамалықтың  сөздік  мақалаларында  аталған  категориядағы 

істердің басты ерекшелігі – құқыққа қайшы сөйлеу əрекеттерінің наси-

хаттық немесе үгіттік бағыттылығы көрініс табады. Анықтамалықта 

экстремистік  материалдардың  сот-филологиялық  сараптамасындағы 

негізгі ұғымдар алға тартылады, олардың сыртында нақты сараптама-

лық келелі мəселелер шоғырланған. Кітапта, сондай-ақ сот сарапта-

масының аталған түрі бойынша  сараптама тағайындау, оны жүргізу 

жəне рəсімдеу мəселелері баяндалады, сараптама міндеттерінің заң-

дық  тұрғыдан  орынды  тұжырымдамасы  ұсынылады.  Жалпы  алған-

да,  анықтамалық  құқық  қолданушыға  сөз  экстремизмін  құқықтық 

анықтауда  айқын  бағдар  беру  мұмкіндігіне  ие  деп  болжаймыз.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет