ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ
А.Ж. Жарқын
Майқайын атындағы №1, ЖОМББ
Баянауыл ауданы, Павлодар облысы
«Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлағын
ояту ең маңызды мақсат»
К.Д. Ушинский
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып келеді. Бұл педагогика
42
теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты
болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің жаңа
мазмұны пайда болады.
Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін
арттыру.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңының 8 – бабында
«Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау жеке адамның шығармашылық, рухани
және дене мүмкіндіктерін дамыту деңгейлік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін
жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында
«бәсекелесуге қабілетті жұмыстар мен мамандар даярлау және
біліктілігін арттыру» делінген. Шынында да, қазіргі қоғамға қабілетті,
талантты, іскер мамандар көптеп қажет. Сондықтан ұстаздар алдында
заман талабына сай тұлға тәрбиелеу жауапкершілігі жүктеледі. Аталған
міндеттерді іске асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алуды көздейді.
Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы,
бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық
әрекеттің ұйытқысы. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру
үшін әуелі қызықтыру жолдарын іздестіру қажет. Химия ғылымына
оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес.
Қызығулар оқушының ой-өрісін кеңейтіп, білім алуға талпындырады, іс-
әрекетін жеңілдетеді, бір нәрсеге қызығатын болса, ол кез-келген іспен
шұғылдану үшін қиындықтарға қарсы тұрып, жеңе біледі.
Мектептегі оқу әдісінің негізгі мақсаты – баланың білімді игеруі
кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
дамыту. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау
қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Оқушының
шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс-жүзіндегі әрекеттері
арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен
мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет
Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне
оқытудың жаңа техгологияларын тереңдете ендіру жолмен шешіле
алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы
мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке тұлғаны дамытудың жоғары
деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық теориямен жеткілікті тұрде қаруланған мұғалімнің
іс-әрекеті тиімді болатыны әр кезден – ақ мәлім. Ендеше оқыту
технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және
оны басқаруды қамтамасыз етеді.
43
Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық жаңа реформалар бүгінгі
замануи технологияларды пайдалануға, олармен қарулануға негіз болып
отыр. Бұл іс-тәжірибеде шығармашылық жұмыстар арқылы жеке
тұлғаның ойлау қабілетін дамыту мәселесіне қатысты зерттеулердің тек
теория жағынан қарастырылып, тәжірибеде қолданылып, бір жүйеге
келтірілмеуі осы тақырыптың білім беру үрдісіндегі өзектілігін айқындай
түседі. Балалардың шолақ ойлылығы, өздігінен шығармашылық
жұмыстар орындай алмауы, логикалық ойлау қабілеттерінің қалыптасып
дамуы нәтижесінде білім сапасы төмендеуіне басты себеп болатыны
анық. Сол себепті логикалық тапсырмалар мен тіл ұстарту жұмыс
түрлері арқылы шығармашылық жұмыс істеуді бағытқа ала отырып,
өзіндік мәні бар мәселені шешуге тырыстым.
Шығармашылық жұмыстың мақсаты – логикалық ойлауды дамыту,
шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге
ұластыру.
Баланың шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі қай жаста
мол екенін психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа
баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар. /
А.Б. Бакушинский/
Шығармашылық қабілетті дамыту, ойлау қызыметімен жетілдірумен
тығыз байланысты. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айра
білсе, демек ол күрделі шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.
Оқыту формасында өзінің басты ұстанымым:
1) Оқу жүктемесі есте сақтау қабілетінде емес, ойлау қабілетіне
бағытталуы керек;
2) Оқу жаттанды емес, шығармашылықпен меңгерілу тиіс;
3) Оқу материалдарын оқушы дайын күйде емес, өз бетінше игеруі
керек;
4) Оқушы қызметін бағалауда бақылау, талдау, анализдеу т.б негізгі
рөлді мұғалімнен гөрі оқушылар атқарғаны дұрыс;
5) Оқушыны іс-әрекетке зорлықпен емес, өз еркімен араласуға
жағдай туғызу керек.
Осы қағидаларды орындауда оқушыға толық шығармашылық еркіндік
беріліп, оқу материалын еркін меңгеруге мүмкіндік алдым.
Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын талап – оның сапасын
арттыру.
Баланы мектеп қабырғасынан бастап шығармашылық ойлауға,
қалыптан тыс шешімдер қабылдауға, практикалық әрекеттерге дайын
болуға үйрету керек. Оған дайын болуға қазіргі уақытта оқу үрдісіне
жаңа технологияларды қолданудың мәні зор делініп жүр.
Жалпы педагогикада баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –
жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан,
бұл жерде жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты
компоненті – оқыту мақсаты болып табылады. Бірақ, бұл мақсат
44
өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның
өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсенділенуі қажет.
Жаңа мақсат жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқытудың әдістерін
өзгертуін талап етеді.
Осы талаптарды орындау үшін төмендегі ұсыныстар қажет.
1. Оқушылар өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерінің әдістерін
меңгеру қажет. Демек, жаңа мақсат бойынша «оқушы – мұғалім», деген
қатынасты қарастырады. Бұл жағдай бірінші орында тұрады және өз
бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылады.
2. Оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне
сүйене отырып, өз беделі, қадір-қасиеті сезімін дамыту.
3. Оқу құралдары оқушылардың өздігінен іс-әрекет жүргізе алатындай
болуы керек. Мұндай талаптары болса оқушыларға тақырып бойынша
заңдар мен ережелерді, тұжырымдарды өздігінен шығаруға жетелейді.
Бүгінде білім беру саласында оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік,
рухани азаматтық және басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үлгісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің дамуы мен
тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология
қолданылып жүр.
Солардың бірі – Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы (RWCT жобасы).
Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте
тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға
тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру,
ізденгіштігін, байқампаздығын дамыту.
Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын
пән ерекшелігіне қарай қолдана білу оқыту мақсатында жетудің бірден
бір бөлігі. Сабақ барысында бірлесіп жұмыс жасау, өзі білгісі келетін
мәселеге нар тәуекел ету, жазбаша және ауызша ой алмасу бүгінгі
оқушылардың дағдысына айналуда. Сондықтан мен өзімнің алдымы
мынадай мақсат қойдым: оқушылар қалай болғанда да тақырыптарды,
теоремаларды өздері талдап, дәлелдей білуі керек, ал мен сол үшін орта
құруым керек, әрине бірінші сабақтың сұрақтарымен, нұсқауларымен
проблеманы анықтаймын. Себебі, сабақ барысында білгісі келу
қажеттілігі туады, өз бетімен үйрену сенімділігі артты, топтарда белгілі
орта пайда болады.
Оқушыларға өмірге қажетті есептеулер, нағыз заттарды ұстап көріп,
оларды өлшеу,бағалау, сұрыптау бағытындағы есептермен жұмыс жасау
керек. Сонда ғана оқушыда ой талқысына салу, елестету әдеті қалыптасады,
нәтижесінде енжар оқушыдан ізденушілер, зерттеушілер және мәнді
іс-әрекет жасайтын мүшесін дайындауға болады.
45
Енді осы жобамен өзімнің жасаған жұмыстарыма тоқталып өтейін.
Барлық басқа пәндер сияқты химия пәнін мектепте оқытудың
алдында қойған мақсаты бар екені анық.Оқушы өзі білетін химиялық
ұғымдарды ойша қорыта біліп, бір қарағанда көрінбейтін түсініксіз
жағдайларды қарапайым химиялық фактілермен салыстыра отырып
қорытынды жасай алса,күрделі мәселені қарапайым бөліктерге жіктей
отырып жалпы ережеден дербес жағдайға және керісінше дербес
жағдайдан жалпы заңдылыққа көше білсе, өзіне қажет сұрақ туралы
біртұтас қорытындыға келе алатын деңгейге жетсе, пәнді оқыту өзінің
мақсатына жетті деп айтуға болады.
Оқушының терең білімді болуының басты шарттарының бірі
мұғалімнен оқушыға берілетін білімнің көлемі жеткілікті, толық әрі
нақты болуы керек және де білім оқушының ішкі жан дүниесінде
қалыптасып, керек кезде белгілі бір интуициялық күш ретінде қажетке
жарау керек. Бұл жоба арқылы бірінші сабақ құрылымы өзгереді, одан
соң сабақтың мазмұны өзгереді, алайда сабақ қызығушылықты оятудан
басталуы сыныптағы барлық оқушыны бір ұғымның, бір мәселенің
айналасына жинақтауға, жұмылдыруға, жаңалық ашуға, көруге
қызықтырады,ынталандырады.
ББҮ таблицасын толтыру, түртіп алу стратегиясын қолдану
оқушының жаңа фактіге бұған дейін өзі білетін фактілердің керегі ғана
жинақталып, оларды қолдануға мүмкіндігі туады, соған үйренеді.
Жекелеп, жұптасып, топтасып жұмыс істеу әдістері де оқушының
білгенімен бөлісу, білмегенін өзінің әріптестерінен алуға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар химияның өзіне тән тілі бар, ол-формулалар. Сол
формулаларды әрқашан өмірмен байланыстыра оқытса, бала өмірде
химияны қолдана біледі, ал сабақта өмірде байқаған құбылыстарды
химиялық терминдер мен символдарды қолданып өз ойын айта алады
дегім келеді. Мен осы жетістіктерге «Сыни ойлауды дамыту»
бағдарламасы арқылы жеттім.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі
толықтыратын ойлау деп білемін.Бұл жобаның ішкі құрылымында
ерекшеліктер бар. Бұл құрылым 3-деңгейден тұратын оқу мен үйренудің
үлгісі. Көп ақпаратты, талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға
үйретеді.
Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңі оқушылардың бұрынғы
білетіні мен жаңа білімін ұштастыруынан тұрады. Бұл ойды қозғау, ояту
ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету кезінде жүзеге асады.
Бұл – үйрену үрдісі. Осы кезеңнің екінші мақсаты – үйренушінің
белсенділігін, ынта – жігерін арттыру.
Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен,
тобымен талқылайды. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік
туады. Сабақтың екінші кезеңінде оқушы жаңа ақпартпен танысады,
тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушының
өзбетімен жұмыс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасалады.
46
Сабақтың үшінші кезеңі – толғаныс сатысы. Оқушылар осы кезеңде
үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді. «Бес жолды өлең»,
«Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Эссе», «Семантикалық карта»
стратегияларын қолданамын. Осы тұста әр оқушы өз шығармашылығын
көрсете алады. Бір сабақтың үстінде бірнеше стратегияларды қолдану
шарт емес. Басты мақсат – тақырыпты толық ашып, меңгерту.
Сабақ соңында оқушылармен жүргізілетін «Не үйрендік? Қандай
сұрағың бар? Сенің пікірің?» сұрақтары төңірегінде ой қозғау, оқушылардың
пікірін білу келесі сабағыма бағыт-бағдар сілтеп отырады. Оқушыларымның
осы сұрақтарға жауабын тыңдай отырып, олардың көзқарастарымен
санаса отырып, келесі сабағымды жоспарлаймын.
Өткізген сабағымнан химиялық элементтердің тотығу дәрежелері,
формулары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу
дәрежелерін анықтау
Сабақтың тақырыбы: химиялық элементтердің тотығу дәрежелері,
формулары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу
дәрежелерін анықтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: химиялық элементтің тотығу дәрежелерін, қосылыстардағы
химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау туралы түсінік;
Дамытушылық: химиялық элементтің тотығу дәрежелерін, зарядтары,
теңдеу арқылы дәрежесін анықтау туралы ұғым, ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: топпен жұмысқа және өзіндік ой қорытуға, шапшаңдыққа,
байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, «шындық па әлде жалған
ба?» «блиц кездесу»
Көрнекілігі: слайд, Д.И. Менделеевтің периодтық кестесі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал: картопты егу
Тотығу дәрежелері бойынша топқа бөлу.(+, -, 0)
Үй тапсырмасын тексеру.
Шындық па, әлде жалған ба?
Алдарынызға берілген карточкаладағы сұрақтарға жауап беру үшін
тек дұрыс болса «Ш» әріпімен, ал қате болса «Ж» әрпімен белгілеңіздер.
І – топ
Сутектің химиялық таңбасы Hg болып табылады
Сутекке металл натриді қосқанда тұз қышқылы пайда болды.
Күкірт қышқылының формуласының құрамында күкірт бар
Белсенді металл мен суды қосқанда металл гидроксиді мен сутек
газы түзіледі.
ІІ – топ
1. Кипп аппаратымен тұз қышқылын алады
47
2. Белсенді металмен қышқыл әрекеттескенде тұз және сутек газы
түзіледі
3. Сутектің түсі қызыл
4. Сутектің судағы массалық үлесі 1,11%
ІІІ – топ
1. Сутегі латынша «су тудырушы» дегенді білдіреді
2. Сутек пен күкіртті әрекеттестіргенде шіріген жұмыртқа иісіндей
иісі бар күкіртсутек газы бөлінеді
3. Сутек дегеніміз тұз тудырушы дегенді білдіреді
4. Жер қыртысында сутектің массалық үлесі 18%
Элементтерде қандай зарядтар болады?
Тақырыпқа шығу мақсатын ашу.
Ионды қосылыстардағы ионның заряды, полюсті ковалентті
қосылыстардағы атомдарының шартты заряды тотығу дәрежесі деп
аталады.
Тотығу дәрежесін « + » немесе « - » белгілермен көрсетеді. Кез
келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі
сәйкес келеді.
Мысылы, НҒ – да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі – 1.
Биэлемент қосылыстардың химиялық формуларында, негізінде,
бірінші орынға электротерістігі кіші және соған сәйкес оң тотығу
дәрежелі элементтің таңбасы жазылады (мысалы, металдар). Одан соң
электротерістігі үлкен теріс тотығу дәрежелі элементтің таңбасы
жазылады.
Көптеген химиялық элементтердің тотығу дәрежесінің мәні
өзгермелі. Мысалы, күкірттің тотығу дәрежелері H
2
S қосылысында – 2,
SO
2
қосылысында +4 , ал SO
3
қосылысында +6. Жай күкірттің тотығу
дәрежесі 0 – ге тең. Басқа да химиялық элемент атомдарының жай зат
ретіндегі тотығу дәрежесі нөлге тең деп алынады.
Қосылыстардағы химиялық элементтің тотығу дәрежесінің сандық
мәні, біріншіден, осы элементті электртерістігіне, екіншіден, онымен
байланысқан басқа химиялық элемент атомының электртерістігіне
байланысты.
Үлкен қосылыстардағы элементтің тотығу дәрежесін қалай анықтауға?
Мысалы, KMnO
4
қосылысындағы марганецтің тотығу дәрежесін
анықтау. Алдымен қосылыстағы тұрақты тотығу дәрежесін үстіне
жазамыз. Ал белгісіз элементтің үстіне х қоямыз. Теңдеу құрамыз:
KMnO
4
(-1) + х + (-2) * 4 = 0
1 + х – 8 = 0
х = 8 – 1 = 7
х = +7
48
Келесі мысал
ҒеSO
4
(+2) + х + (-2) * 4 = 0
2 + х – 8 = 0
х = 8 – 2 = 6
х = +6
Күрделі қосылыстағы элементтердің белгісіз тотығу дәрежесін,
оның жанындағы элеметтердің белгілі тотығу дәрежесіне сүйеніп
есептеп шығарады.
Қорытындылау.
«Блиц кездесу» осы ойын арқылы бүгінгі сабақта не түсінгенін бір-
біріне қарама-қарсы түрып айтады.
Үйге тапсырма: §66 №3,4,5
Бағалау.
Әдебиет
1. «Білім берудегі инновацилар: тәжірибе, мәселелер мен болашақ» халақаралық
ғылыми – практикалық конференциясының материалдарының жинағы. Павлодар
2012 жыл
2. Нәтижеге бағытталған білім. «Педагогикалық тәжірибедегі инновация»
сериясы. Павлодар: ЭКО, 2012 жыл
3. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
4. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
5. Н.Ә.Назарбаев – 2050 жолдауы
6. Қазақстан мектебі журналы № 2-3, 2012 ж
7. 12 жылдық білім журналы № 4, 2011 ж.
8. И. Нұғыманов. Химияны оқыту әдістемесі // Алматы:Print- S 2005
9. А.Салихова.
Оқушылардың
шығармашылығын
дамыту//
Ғылыми-
әдістемелік журнал, № 5 – 2009 ж.
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ
МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ АЯСЫНДА
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ж.А. Жасталапова
Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік – техникалық
институтының колледжі, Павлодар қ.
«Қазақстан – 2050» – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты»
Стратегиясында рухани тұтастану мен ұрпақтар жалғастығы, ұлттық
сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмнің белгіленген бағдарға
орай қалыптасуы мәселелерімен сабақтас сауалдардың маңыздылығына
49
тоқтала отырып, Президент жақын болашақта аса қуатты да күшті
Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құруға барлық жағдай
жасалғандығына айрықша назар аударды.
«Қазақстан – 2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыру
бойынша ерекше жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ
халқына жүктей отырып, Президент ұлттың мәдени коды (тілі,
руханияты, дәстүрлері) сақталғанда ғана уақыт үніне ілесе алатынымызға
көңіл бөлген болатын.«Ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтатын болса,
ұлттың өзі де жоғалады. Абыройлы тарихымыз, даңқты ата-бабаларымыз
туралы жады естеліктері ғана бізге алдағы уақытта қиындықтарға төтеп
беруге көмектеседі». Осы орайда ұлттық идеологиялардың жасампаздығы
мен ұлттардың осы жолда бейне бір «өз» мүддесі үшін күрескендей
қайсарлық танытуы, сондай-ақ осы айтылғандар болмаған жағдайда ұлт
және оның тарихи өміріндегі перспективалар жөнінде мүлде сөз қозғау
қажет еместігі туралы көптеген ғалымдардың көзқарас-пікірлері әбден
орынды.
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдарының басым бағыттарын
анықтай отырып және жақын келешекте қуатты Қазақстан мемлекетін
құрудағы жастардың ролі мен жауапкершілігін айқындай отырып,
Президент оларды ұлттық сана-сезімі мен тарихи санасының жан-жақты
қалыптасуы мәселесінің маңыздылығын барынша нақтылаған болатын.
Ұлттық сана-сезім қазіргі адам санасының ажырамас бөлігі
болғандықтан, бұлай болуы заңды. Өркениетті елдердің баршасында
қилы мәдени мағыналарды іздестіру мақсатында сан алуан ой-әрекет
түрлеріне араласып, сұхбат жүргізе алатын ұлттық мәдениетті ұстанушы
адамды тәрбиелеу заманауи білімнің мән-маңызы болып табылады.
Білім алушы жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі
ғылыми зерттеулерде келесілер атап көрсетілген: тұлғаның ұлттық сана-
сезімі ұлттылы туралы ой-пікірді, ұлттың өткен тарихына, бүгіні мен
болашағына деген көзқарасты, ана тілін үйрену мен төл мәдениетті
зерделеп танудағы белсенділікті, ұлттық мүдде мен құндылықтар
бағдарын түйсіне отырып қабылдауды білдіреді.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, соңғы онжылдықтарда
жастар арасында рухани-адамгершілік дағдарыстың барлық аспектілерде
(адамгершілік, әлеуметтік, физикалық, психикалық) күшеюіне байланысты
қоғамның аса күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқандығын тілге тиек
етпеу мүмкін емес. Мұндай тұжырымға Қазақстан жастарының белгілі
бір бөлігінде ұлттық сана-сезім мен ділдің, азаматтылық пен
патриотизмнің төмен деңгейде болуы негіз бола алады. Бұл, ең алдымен,
өз халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрін білмеу сынды сипаттамадан
анық аңғарылады. Әсіресе бұл жағдай қазақ жастарының арасындағы
туған тілі мен тарихын, салт-дәстүрлерін білмегенімен қоса, осы мәселе
жөнінде терең ойланып-толғанбайтындарына тікелей қатысты. Осылайша
олар келесі ақиқатты көзден таса қалдыратыны анық: халықтың
50
жойылуы үшін оның физикалық тұрғыда қырғынға ұшырауы міндетті
емес – оны жадыдан, ой мен сөзден айыру жеткілікті, сөйтіп халықтың
жаны өлім құшады. Өз халқының төл мәдениетін, оның өткені мен
бүгінін білмеу ұрпақтар сабақтастығының, замана жалғастығының
үзілуіне әкеліп соғатындығы, ал мұның тұтастай алғанда адам мен халық
дамуына айтарлықтай нұқсан тигізетіні тарихтан белгілі.
Жастар арасында алуан түрлі мәнге ие діни көзқарас-пайымдардың
көбеюі, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың өсуі, маскүнемдік,
шылым шегу, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының жиілеуі,
жезөкшелік, аталған жастық ортада зұлымдық, қатігездік, агрессия, т.б.
белең алуы көкейкесті мәселелерге айналып барады.
Жастардың кей бөлігінің Отан қорғауға дайын еместігі әлі де
тұрақты үрдіс болып қалып отыр. Бұл әскери қызмет пен әскери
мамандыққа деген теріс көзқарастан, жастардың дене дайындығының
жеткіліксіздігінен айқын аңғарылады.
Жастардың рухани-адамгершілік деңгейінің төмендеуі келесі
деңгейлерде тікелей көрініс тапқан: 1) ұлт денсаулығы; 2) ұлттың
зияткерлік әлеуеті; 3) ұлттың бәсекеге қабілеттілігі; 4) еліміздің тұтастай
ұлттық қауіпсіздігі. Жастар – біздің мемлекетіміздің келешек тағдырына
жауапты буын.
Күллі әлем қауымдастығы жастарға әлеуметтік құбылыстардың аса
маңызды субъекті, қоғамның адамгершілік барометрі, ғаламат инновациялық
күш-қуат және стратегиялық ресурс ретінде қарайды. Сондықтан да біз
қазіргі жастардың, әсіресе студенттердің ұлттық сана-сезімінің қалыптасу
деңгейі және осыған сәйкес патриотизм, азаматтылық пен әлеуметтік
белсенділіктерінің деңгейі қандай болатындығына енжар қарай алмаймыз.
Бүгін бәсекеге қабілетті адамзат капиталы бар елге жол, жалпыға
ортақ Еңбек Қоғамына жол, өмірдің мүлде жаңа сапасына жол ұлттың
рухани-адамгершілік түлеуі арқылы ғана ашылады деген қағида аксиомаға
айналуы тиіс.
Қазақстан колледждеріне «Мәңгілік Ел» сынды пәнді енгізу
қажеттілігін дәл осы көзқарас тұрғысынан зерделеген жөн.
«Мәңгілік Ел» пәнін Қазақстан колледждарына енгізудің мағыздылығы
бүгінгі таңда мемлекетімізде жаһандану мен әлемдік білім кеңістігіне
кірігу үдерістері қарқынды жүргізіліп жатқандығымен де негізделеді.
«Жақын болашақта мемлекетімізге кәсіби біліктілігі жоғары мыңдаған
мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады. Қазақстанның әлемдегі
мейлінше бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуын жоғары кәсіби
білікті мамандар жүзеге асырған жағдайда ғана бұл міндет іс жүзінде
шешімін таппақ.
Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының
негізгі қозғаушы күші. Бүгінгі студенттер осыны жақсы түсінуі тиіс.
Дамуды көздемейтіндер мен алға баспайтындарға өз орнын неғұрлым
бәсекеге қабілетті маманға босатуға тура келеді. «Мак Синти»
51
атты беделді халықаралық консалтинг компаниясының кеңесшілері
айтқандай, «Алға, әйтпесе жол бер». Қазіргі бәсекелестік әлемін осындай
ұстаным билейді.
Ұлттың заманауи әрі тиімді білім беру жүйесін ұстану, оқыту
арқылы болашақ мамандардың зияткерлік деңгейін жетілдіру қабілеті
бәсекеге қабілеттіліктің сындарлы мәнге ие алғышарттарының біріне
айналды (Н.Ә.Назарбаев).
Азаматтардың зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейі мен оны жүзеге
асыру мүмкіндіктерінің болуы – әлеуметтік жүйенің қалыпты қызмет
етуіне аса қажет жағдай.
Көптеген отандық және шетелдік зерттеулер қоғамның ілгерілеп
дамуы оның зияткерлік және басқару ресурстарының даму деңгейіне
байланысты екендігін растайды. Француз ғалымы Луи Пастер сонау
ХІХ ғасырда-ақ ақыл-ой жұмысы саласында өзгелерден озған халық
қашанда алда болатындығын көрегендікпен ескерткен болатын.
Жоғарыда айтылған ой зияткерлік әлеуеті жоғары, ұлт мәдениетінің
рухани құндылықтарын сақтап көбейтуге жауапты, ұлтаралық қарым-
қатынас мәдениетін жоғары деңгейде меңгерген, ұлттық сана-сезім
стереотиптерін еңсеріп, өзге мәдениет өкілдерімен салихалы сұхбат
алатын мамандардың жаңа буынын, әлеуметтік белсенді қоғам
мүшелерін тәрбиелеу мәселесінің өзектілігін айқындай түседі.
Бұл мәселені шешу жолында «Мәңгілік Ел» пәнінің орта мектепте
ғана емес, жоғары мектепте де міндетті пән ретінде енгізілуі теңдессіз
роль атқаруы тиіс. Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін
қалыптастыру моделі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды
құрамдас бөліктері негізінде түзілуі тиіс:
а) этнос қалыптастырушы – тұлғаның этникалық барабарлығы мен
этникалық әлеуметтенуіне бағытталған;
б) азаматтық – тұлғаның азаматтық барабарлығына бағытталған;
в) жалпыұлттық – болашақ маман тұлғасының зияткерлік және
бәсекеге қабілеттілік сапаларын дамытуға бағытталған.
Болашақ мамандар үшін (мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін)
ұлттық сана-сезімнің үздіксіз дамуы олардың ұлттық мәдениетпен етене
бірлікте тіршілік етіп, ұлттық және жалпыадамдық құндылықтарға иек
артуын қажет етеді.
Тұлғаның этникалық барабарлығы, этникалық әлеуметтенуі деңгейінде
болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ана тілін үйрену,
қазақ халқының тарихымен, рухани және материалдық мәдениетімен,
оның ұлттық ділімен, дүниетаным ерекшеліктерімен, салт-дәстүрімен,
құндылықтар бағдарымен танысу және оларды іс жүзінде басшылыққа
алу арқылы жүзеге асуы тиіс.
Болашақ маманның ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы негізгі
кезеңдер: қазақ халқының, Қазақстанның біртұтас халқының өзіндік
тарихы мен ұлттық мәдениет ерекшеліктері туралы білім мен көзқарас-
52
пайымдарды игеру кезеңі; эмоционалдық сезім-күйді бастан кешіру
кезеңі (Отанды сүю мен жерге деген қимастық сезімінің қалыптасуы,
ұлттық мақтаныш сезімі, атамекен тағдырына жауапкершілік); қазақ
халқына, Қазақстан халқына хас ұлттық мәдениет құндылықтарын,
дәстүрлерін сақтауға бағытталған этносхема мен қалаулы әрекеттер
этномоделінің түзілу кезеңі.Осыған сәйкес мемлекет құрушы ұлт
өкілдері үшін этникалық барабарлық пен этникалық әлеуметтену
деңгейінде болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру
келесі бейнелі ойды қалыптастыруға бағытталуы тиіс: «МЕН – ҚАЗАҚ
ХАЛҚЫНЫҢ ӨКІЛІМІН. Мен қазақтілін меңгерген, өз халқының
ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетін, қалыптасып, даму тарихын біліп
қана қоймай, бірлесіп өмір сүріп жатқан халықтар мен ұлыстардың
тіліне, салт-дәстүрлеріне, ұлттық мәдениеті мен тарихына құрметпен
қараймын. Мен Қазақ мемлекетінде өмір сүретін халықтар мен ұлыстардың
бейбітшілігі, тыныштығы, бірігіп нығаюы үшін жауаптымын. Мен мұны
өз халқымның ұлттық сана-сезімін, ділін өркениетті түрде дамыту жолы
ретінде түйсініп қабылдаймын. Бұл күшті де қуатты Қазақстан
мемлекетінің қалыптасу жолы».
Осы ұстанымға сәйкес Қазақстан колледждарында оқу-тәрбие
үдерісі ұлттық ерекшелік пен білім мазмұнындағы «ұлттық ерекшелік»
ақтаңдақтарының орнын толтыру қажеттігін ескере отырып ұйымдас-
тырылуы керек. Сонда ғана тұлғаның ұлттық сана-сезімі, ұлттық сезімі,
ұлттық мінезі жайында сөз қозғауға болады. Қандай тәрбие жайында сөз
болса да (ұлттық, діни, құқықтық, саяси, (т.б.), ол қашанда жалғыз мәнге
ие – тұлғаның қалыптасу үдерісі. Адам өз ұрпағын өз көзқарас-
пайымына сәйкес, сондай-ақ өзі қмір сүретін қоғам талаптарына сай
тәрбиелеуге тырысады. Тәрбиеші көзқарасы мен қоғам талаптары сәйкес
келген жағдайда ғана бұл міндет неғұрлым тиімді жолмен шешім таппақ.
Ол үшін әртүрлі жағдайлар – жалпы және жеке, объективті және
субъективті, т.б. ескерілуі шарт. Мейлінше жалпы әрі мейлінше тиімді
жағдайдың бірі – тәрбие үдерісінің әдіснамалық негіздеріне арқа сүйеу.
«Мәңгілік Ел» пәнінің мақсаты мен міндеттері жаңарған қазақстандық
қоғамның сұраныстарына сай болашақ маман тұлғасын қалыптастыруға
бағытталған. Демек, олар тәрбие теориясының әдіснамалық көзқарастары
негізінде жүзеге асуы тиіс. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш
құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық)
аясында болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда тұлғалық-
әрекеттік (субъектілік), жүйелік-тұтастық, аксеологиялық, мәдениеттану-
шылық, этнопедагогикалық, этномәдени, көпмәдениетті, құзіреттілік
ыңғайлар айтарлықтай маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |