НУРЖАНОВА Б.Н.
Ҽл-Фараби атындағы ҚазҦУ, Алматы қ., Қазақстан
ЖАЗУШЫ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНЫҢ НОРМАТИВТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ҽлем халықтары мҽдениетіндегі авторы белгілі ҽдеби туындыларды зерттеу
ісі ерте дҽуірлерден бері жалғасып келеді. Соның ішінде
сҿздіктің қҧрылымы
мҽселесі де оңай шаруа емес. Ең алдымен сҿздерді анықтамалықтың корпусында
орналастыру тҽртібін айқындап алу қажет. Жалпы тілдік лексикография болсын,
жеке жазушы лексикографиясы болсын, материалды алфавит бойынша беру
дҽстҥрі басым. Бҧл жағдайда лексиканың бір бҿлігі, мысалы, жалқы есімдер мен
кҿмекші сҿздер қосымшада беріледі. Сондай-ақ жазушы тілінің сҿздігін тҥзудің
134
бҧлардан басқа да тақырыптық, идеологиялық, аралас тҽсілдері бар. Бірақ олар
тҽжірибеде ҿте сирек қолданылады.
Жалпы лексикографияда сҿзтізбенің толымдылығы мҽселесін шешу қиын
болса, ал жазушы лексикографиясында ол біржақты шешіледі: глоссарийді
есептемегенде, жазушы тілінің сҿздігі кҿркем мҽтіндегі барлық лексикалық
бірліктерді, оның ішінде кҿнерген сҿздерді, жеке сҿз қолданыстарын,
терминдерді, жаргондарды, вулгаризмдерді тегіс қамтиды. Оған қоса, жазушы
сҿздігіне жазушы қолданған символдар, цифрлар, тіпті кҿрнекі материалдар,
фотокҿшірмелер, гравюралар, суреттер енуі мҥмкін.
Жазушы тілінің сҿздігіне сҿздік бірліктерді алу кезінде ҽдетте нормативті
жҽне бейнормативті тілдік материал іріктелмейді. Лексика толығымен тіркеледі,
оған жалпы тілдік қорға кіретін материалдар, нормаға жатпайтын тілдік
деректер, оккозионализмдер енеді. Л.В. Шербаның терминологиясы бойынша,
мҧндай «теріс тілдік материал» ҧлттық тіл лексикографиясының сипаттау
нысаны бола алмайды, бірақ оны жазушы тілі сҿздігінде тіркеу мен ҿңдеудің
қҧндылығы сҿзсіз. Сҿйтіп, мҧндай сҿздіктерде норма мҽселесі туындамайды.
Ал сҿздіктердің басқа типтерінде ол сҿзтізбенің қанықтығы мен тҥсіндірмесінің
сипатына тҥбегейлі ықпал ететін орталық мҽселе болып табылады.
Қазір ғалымдар ақпараттық сҿздіктер арасындағы ең маңыздысы - жазушы
сҿздігі деген ортақ пікірге келді: «Ҽдеби ескерткіштің сҿздігі мен классик
жазушының толық сҿздігі ғана ғылыми қҧнды болып табылады, олар кез келген
сҧранысқа жауап бере алады, кез келген зерттеу немесе анықтамалық
қажеттілікті қанағаттандыра алады» [1]. Жазушы шығармаларының толық
тҥсіндірме сҿздігі «жҥйелі, дҽуірге сай, қҧжаттық тҧрғыдан сенімді дерек кҿзі»
болып табылады. Алайда, аталмыш сҿздіктерде жҥйелі жҽне жҥйесіз
грамматикалық тҧлғаларды бейнелеу мҽселесі даулы болып табылады.
Жазушыда жекелеген жҧрнақтар мен жалғаулардың ерекше қолданымы
кездеседі. Оларды сҿздікте қандай тҥрде тіркеу қажеттігін анықтап алу қажет.
Осы кҥнге дейін сҿзтізбеге жалқы есімдерді кіргізу-кіргізбеу мҽселесі
шешілмей келеді. Оның себебі, кҿптеген лингвистер жалқы есімдерге мағына
бермейтін сҿздер ретінде қарайды да, сҿзтізбе корпусына олардың тек
бейонимденіп жалпы есім қатарына ҿткендерін немесе фразеологизмдер
қҧрамында қолданылатындарын ғана енгізеді. Бҧған қарсы пікірді ҧстанушылар
олардың таза атаулық қызметінен басқа сигнификаттық қызметінің бар екенін,
яғни лексикалық мағынаға ие екенін кҿрсетеді. Кей ғалымдар, мысалы, О.
Есперсен жалқы есімнің мағынасын анықтауда контекстің мҽні зор екеніне
сенімді. Осы кҿзқарасты қолдай отырып, тілдегі жалқы есімнің лексикалық
мағынасы – заттар тобының қатарында жалпылық ҧғымға ие, ал сҿйлеуде жалқы
есімнің осы мағынасы нақты мазмҧнға ие болады деп есептейміз. Осыдан
жазушы сҿздігінің сҿзтізбесінде жалқы есімдерді жалпы есімдермен бір қатарда
тіркеу қажет деген тҧжырым жасауға болады: «Ҿйткені жалқы есімдер сҿйлеуде
қолданыла отырып, ешбір мағынаға ие болмауы мҥмкін емес, сондықтан
оларды да сҿз деп тануымыз қажет, оларды сҿздіктен шығарып тастауға негіз
жоқ». Кеңестік жазушы лексикографиясында жалқы есімдерге қатысты пікірлер
135
ҽрқилы болды. Мҽселен, Пушкин тілі сҿздігінде тек мифологиялық жалқы
есімдер ғана берілген. Алайда, М. Горький трилогиясы бойынша жалқы есімдер
сҿздігі жасалған.
Сҿзтізбе жасау мҽселесі кҿп жағдайда сҿздерді тіркеумен шектеледі, бірақ
бҧл іс мҽселені тҥбегейлі шешіп бере алмайды. Ҿйткені кҿптеген сҿздердің
бірнеше мағынасы бар. Сҿздік мақалада сҿздің мағынасын тҥсіндіру аса
маңызды мҽселе болып табылады. Себебі бҧл жағдайда лексикалық бірліктің
тілдік жҥйедегі орны, оның басқа сҿздерден айырмашылығы айқындалады. Бҧл
жазушы сҿздігі ҥшін ҿте-мҿте маңызды. Егер мҧнда сҿздік бірліктің шығармада
кездесетін барлық мағынасы кҿрсетілмесе, сҿзтізбені толық деуге болмайды.
Сҿздік мақаланың қҧрылымына қарамастан, оның басты мақсаты – жазушы
сҿзқолданысына семантикалық анықтама жасау болып табылады. Басты
қиыншылықтың ҿзі осыдан туындайды, ҿйткені сҿздік мақаланың нақтылаушы
сипаты бар. Жазушы сҿздігінде кҿптеген сҿзқолданыстардың аралық
семантикалық негізін емес, ҽрбір поэтикалық қолданысты, ҽрбір азатжолдағы
мҽн-мағынаны аша алатын бірден-бір семантикалық анықтама табу қажет.
Сҿзді семантикалық ҿңдеу кезінде сҿздің грамматикалық жҽне
стилистикалық сипаттамасымен, оның мағынасын тҥсіндірумен байланысты
кҿптеген сҧрақтар туындайды. Бҧл сҧрақтар кҿптеген отандық тілшілердің
еңбектерінде толық ашылған.
Сҿздіктің ғылыми қҧндылығы оның академиялық типке жатқызылуына,
«бірбҥтін тілдік сана-сезімді бейнелеуіне» немесе нормативті болуына ғана
байланысты деуге болмайды. Сҿздіктің ғылыми қҧндылығы, бір жағынан, оның
ғылыми метатілінің жақсы болуына, екінші жағынан, ондағы ғылыми білімнің
деңгейіне, яғни сҿздікте ғылым дамуының соңғы кезеңіндегі алдыңғы қатарлы
ақпардың мҥмкіндігінше толық қамтылуына да байланысты болады. Ғылыми
білім деңгейі жоғары сҿздіктер озық ғылыми туындылардың қатарына кіреді.
Мҧндай сҿздіктер оқырманның білігін кҿтереді, оны алға жетелейді.
Л.В.Щерба ҿзінің «академиялық сҿздік-анықтамалық сҿздік» антитезасы
бойынша анықтамалық сҿздіктердің қатарына ҧлт тілінің тҥрлі дҽуірлердегі
сҿйленімін қамтитын‚ тарихи принципке қҧрылған тҥсіндірме сҿздіктерін‚
жалпыға бірдей энциклопедиялық сҿздіктерді‚ пҽнаралық техникалық
сҿздіктерді жҽне жазушы тілінің сҿздігін енгізеді. Бҧлардың анықтамалық типті
сҿздіктер екендігін дҽлелдейді. Негізгі ҧстанымдық тҧрғыдан автордың
тҧжырымдарымен келісе отырып, оның еңбегінде аталған жіктемелердің
шарттылығы туралы, сҿздіктердің типтері арасындағы айырмашылықтарды
айқындаудың қиыншылықтары туралы да жазғандығын ескеру қажет.
Сондықтан сҿздіктің ғылымилығы туралы бҥгінгі кҿзқарастар тҧрғысынан,
мҽселен, энциклопедиялық сҿздікті, жазушы тілі сҿздігін ғылыми сҿздік ретінде
тану дау тудырмайды.
Авторлық сҿздіктердің кҿпшілігі – жалпы ҽдеби тілден ақпарат беретін
сҿздіктер, ҿйткені жазушының тілдік жҥйесі белгілі бір дҽуірдің ҽдеби тілін
бейнелейді, сондай-ақ жалпы ҽдеби тілдің семантикалық-стилистикалық жҽне
басқа да мҥмкіндіктерін іске асыруға мҥмкіндік береді. Бҧл мҽселемен кҿптеген
136
ғалымдар айналысқан. Мысалы, Л.С. Ковтун былай дейді: «Жалпы халықтық тіл
жеке сҿйлеу тілі арқылы кҿрініс табады. Сондықтан неғҧрлым типтік
жағдайдың ҿзінде ерекшелікті кҿрсететін сҽттер болады. Сондай ерекшені тани
білу мен сипаттай білу - жазушы сҿздігінің мақсаты» [2, 13]. Осы ойды дамыта
отырып, О.И. Рак мынаған кҿңіл аудартады: «жазушының сҿз қолданысын
байқауға қажетті лексика неғҧрлым кең ҽрі бейтарап болса, зерттеушінің жазушы
тілінде жеке жҽне жалпыхалықтық, узуальды немесе окказиональдық қолданыс
туралы тҧжырымдары соғҧрлым объективті (шынайы) болады. [3, 11].
Ҽр тҥрлі тарихи дҽуірдегі жалпы мен жекенің арақатынасы туралы Р.А.
Будаговтың сипаттамасын да еске алу қажет. Оның пікірінше, Орта
ғасырларда «жазушы тіліндегі ерекшелік ҽлсіз кҿрінді» [4, 6], сондықтан ҽдеби
тіл менен сол кезеңдегі кҿркем шығарма тілін ажырату, олардың арасын бҿлу
оңай емес.
Кеңес ҥкіметі кезеңіндегі ең танымал, ең беделді жазушы саналатын
М.Горькийдің былай деп жазған сҿзі кеңінен танымал: «Тілді ҽдеби жҽне
халықтық деп бҿлу шеберлер ҿңдеуінен ҿткен тіл мен «шикі» тіл дегенді ғана
білдіреді» [5, 491]. Бҧл ескертуде ҽдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен
байланысы дҧрыс кҿрсетілген, бірақ ҽдеби тіл ҧғымының ҿзі біржақты
тҥсіндірілген. Бҧл жердегі жазушының «шеберлер» деп отырғаны, ҽрине, ірі
жазушылар. Бірақ мҧндай жағдайда ҽдеби тіл кҿркем ҽдебиет тілімен тең
дҽрежеге қойылады. Оның ҥстіне ҽдеби тіл ҧғымы мен кҿркем ҽдебиет тілі
ҧғымы - сҽйкес келетін, бірақ тең келмейтін ҧғымдар емес. Ҽдеби тіл – оның
нормасын игергендердің бҽрінің игілігі. Жазушы тілі де сондай нормаларға
негізделеді, онсыз оны бҧқара халық тҥсінбеген болар еді. Бірақ, жазушы тілінде
кҿптеген жекеліктердің болатыны да анық. Бірақ жазушы тіліндегі жекелік
дегенді қалай тҥсіну керек? Егер жаңа дҽуірдің кҿркем ҽдебиетінде «жекелік»
бастама қандай кҥйде болса да ірі жазушылар тілінде кҿрініс табатын болса,
Орта ғасырлар ҽдебиетінде жағдай мҥлде басқаша болды. Ол кезеңде сҿйлемдер
жай ғана бірінен соң бірі қатар қҧрады. Олардың арасындағы қатынас бірінен
соң бірінің қатар келуі арқылы ғана берілді. Автор болып жатқан оқиғаны
бақылап, оның біріншісін, одан соң екіншісін, ҥшіншісін хабарлай отырып,
тыңдаушы мен оқырманға сипатталып отырған оқиғалардың арасындағы
қатынасты ҿзі толықтырып, жҥйелеп отырды. Ол кезеңдерде жазылған
ескерткіштер тіліндегі сипатталып отырған оқиғаны автор қандай тілдік
стильмен бейнелейтінін айту қиын – жазбаша ма, ауызша ма? Мҧнда ең дҧрысы
- ауызекі сҿйлеу формасының басымдығын анықтау ғана. Бірақ ол кезде ауызекі
сҿйлеу тілінің ҿзіне ғана тҽн ерекше грамматикалық формалары да анықталмаған
еді. Сондықтан бҧл жағдайларда ҿзінің жекелік стильдік ерекшеліктерін
сараптап, дамытып ҥлгермеген тілдің синкретті стилі басым кҿрінеді деуге
болады.
Ортағасырлық кҿркем ҽдебиет тіліндегі жекелік табиғаты туралы жазған
авторлар (Будагов Р.А., Щерба Л.В., т.б.) кҿркем шығарма тіліндегі жекелік пен
жалпылық норманың арақатынасы ҽр тҥрлі тарихи дҽуірде ҽр тҥрлі болады деген
137
ой айтады. Әдеби тіл мен кӛркем әдебиет тілі арасындағы айырмашылық пен
жақындық ҽр дҽуірде бірдей болған жоқ. Аталған ғалымдардың пікірі бойынша,
орта ғасырларда кҿркем ҽдебиет тілі жалпы ҽдеби тілге басқа дҽуірлерге
қарағанда ҿте жақын болған. Мҧнда бір шығармада кҿрсетілген қҧбылыс
екіншісіне де тҽн, екіншісінде де қайталанатын типтік қҧбылыс деуге болады.
Орта ғасырларда олардың бір біріне ҿте жақын болғандығынан жазушы
тіліндегі «жекелік» бастаманың ол кезде ҽлсіз ғана кҿрініс беретіндігін
байқатады.
Егер батысеуропа тілдерінің (француз, испан, итальян, т.б.) жалпы тарихына
қатысты еңбектерге кҿз салар болсақ, жаңа заман дҽуіріне дейін, яғни ХҤІ ғ.-ға
дейін, ҽдеби тілдің тарихы ең алдымен кҿркем ҽдебиеттің ескерткіштері
бойынша, сосын айтарлықтай аз дҽрежеде – ресми, ғылыми жҽне заңнамалық
ескерткіштер тілі бойынша сипатталады. Демек, кҿркем ҽдебиет тілі сол
дҽуірдің ҿзінде ҽдеби тілдің сипатын танытқан. Еуропа мҽдениетінде орта
ғасырлар кезеңі ҥшін бҧл ҽділетті шешім. Алайда, қайта ҿрлеу дҽуірінен бастап
ҽдеби тілге қатысты жағдай еуропа елдерінде баяу ҿзгере бастайды. Мҽселен,
Францияда кҿркем ҽдебиет тілі ХҤ ғасырдың ҿзінде (Франсуа Вийон) жаңа
сапаға ие бола бастайды. Ол келесі ғасырда дами тҥседі (Ронсар, Рабле).
Итальяда ҽдеби процесс сҽл басқашалау жҥреді: ҧлы жазушылар тілінің
«ҿрлеуінен» (Данте, Боккаччо, Петрарка) кейін оның қҧлдырауы болды, ал ХІХ
ғасырда, елде болған жалпыҧлттық бірігу тҧсында жаңадан кҿтерілу жағдайы
орын алды. Испанияда испан ҽдебиетінің «алтын ғасыры» – ХҤІ ғ. мен ХҤІІ
ғасырдың басы болса, Румынияда ХІХ ғ., Ресейде ХҤІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басы
болды. Г.О.Винокур былай деп жазды: «Орыс тілінің тарихы ХІХ жҽне ХХ ғғ.
ҥшін - жалпыорыстық ҧлттық тіл мен кҿркем ҽдебиет тілінің жеке-жеке тарихы
[6, 159]. Жалпыорыстық ҧлттық тіл деп мҧнда ҽдеби тілдің айтылып
отырғандығы анық. Ҽдеби тіл мен кҿркем ҽдебиет тілі арасындағы
айырмашылық айрықша кҿрсетілмегенімен, ой дҧрыс берілген.
Осы жерде ҧлы Абайға қатысты мҽселе шығады. Оны біз қазақ ҽдеби тілінің
негізін салушы дейміз. Осы қаншалықты дҧрыс болады. Дегенмен де,
жалпыҧлттық ҽдеби тіл мен кҿркем ҽдебиет тілі жҽне жалпыҧлттық ҽдеби тіл мен
жеке
жазушының
кҿркем
ҽдеби
тілі
ҧғымдарының
арасындағы
айырмашылықтарды ескермесе болмайды. Мҽселенің кҥрделілігі, жаңа заман
дҽуірінде, кҿркем ҽдебиет тілі ірі жазушылардың шығармашылығы арқылы
кҿрініс тауып отырған кезеңде, ҽдеби тілді ҧлы жазушылардың тілін зерттемей
жеке қарастыру қиын болатындығымен байланысты еді. Осы мҽселенің айқын
кҿріне бастағаны сонша, ол ҽдеби тілге қатыстының бҽрін қамтып жатты.
Мысалы, ҿз дҽуірі ҥшін жаңашыл болып саналатын В.В. Виноградовтың
кітабының ҿзінен осы идеяның басымдығы айқын байқалады [7]. Аталған
еңбекте ХІХ ғ. дейінгі материалдарда жалпыҽдеби тілдік мҽселелер
қарастырылатын болса, ХІХ ғ. басынан беріде ҽдеби тіл ҧлы жазушылардың
тіліне (Пушкин, Лермонтов, Гоголь, т.б.) негізделеді.
138
Шын мҽнінде, жаңа нормалар мен ҽдеби тілдің жаңа мҥмкіндіктерін
жасауға ат салыса отырып, Пушкин ҿзінің тілін (жазушы тілін) жасайды. Бҧл
жеке тілдің ҿзіндік ерекшелігінің айқын болғандығы сонша, зерттеушілер сол
дҽуірдегі жалпы ҽдеби тілді еріксіз Пушкин тілімен теңестіруге бейім тҧрады.
Содан барып ҽдеби тіл менен кҿркем ҽдебиет тілін араластыру қаупі туады.
Осындай жағдайдың қазақ ҽдеби тіліне қатысты да орын алғандығы баршаға аян.
XIX ғасырдағы қазақ ҽдеби тілін ҧлы Абай мен Ыбырай тілдеріне балаушылық
болды.
Бҧл ең оңай жол еді. Алайда, мҧның қауіптілігін, қате жол екендігін, орыс
ҽдеби тілі мҽселелері бойынша ірі еңбектер жазған мамандар дҧрыс айқындайды.
Олардың пікірі бойынша, мҧндай қауіп жазу тілі ерекше қарқын алып, бір жеке
тҧлғаның орнына екіншісі келген сайын жеке жазушы тілі мҽселелері туады,
сонымен қоса осы жазушылардың тіліне сҥйену қаупі туады. Сҿйтіп, ҽдеби тіл
менен жазушы тілі араласып кетеді. Екеуін ажыратудың қиындығы – бҧл
дҽуірдегі жазушылардың ҽдеби тіл нормасын қалыптастыруға белсене қатысып
қана қоймай, оны одан ҽрі дамытуға да ерекше ықпал етуімен байланысты еді.
Демек, ҽр тҥрлі дҽуірдегі жҽне ҽр тҥрлі тілдегі ҽдеби тіл мен кҿркем
ҽдебиет тілінің арақатынасын ажырату мҽселесі бірдей шешілмеуі тиіс. Орта
ғасырлар ҥшін, кей елдерде одан да кейін, ХІХ ғасырға дейін бҧндай
ажыратудың маңызы болмады – себебі кҿркем ҽдебиет тілінің жеке бояуы ҽлсіз
болды. Жаңа дҽуір ҥшін ҽдеби тіл мен кҿркем ҽдебиет тілін ажырату мҽселесі
қиын мҽселеге айналды, олардың айырмашылығын ашумен қатар ҿзара
байланысын, ҿзара кірігуін кҿрсету қажеттігі туындады. Осы мҽселені айқын
етуде, анық шешуде жазушы тілі сҿздіктерінің маңызы ерекше екендігі анық.
Жазушы сҿздіктері негізінде жҥргізілетін зерттемелер олардың тіліндегі
жалпылық пен жалқылықтың, жалпыҽдеби қолданым мен жеке қолданымның
аражігін ашуға тиіспіз.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Язикова Ю.С. Слово в языке М.Горького. Горький, 1985. 176 с.
2. Ковтун Л.С. О специфике словаря писателя // Словоупотребление и стиль
М.Горького. Л., 1962. С. 12-31.
3.
Рак О.И. Семантический анализ приставочных глаголов в
автобиографической трилогии М.Горького: Канд.дисс. – Л., 1965. – C.11).
4. Будагов Р.А. Индивидуальное в языке и стиле художественной
литературы как историческая категория // Филологические науки. – 1962. - №3. –
C.6.
5. Горький М. О том, как учился писать // Горький М. Собрание сочинении в
30 томах, т. XXIV, С.491.
6. Винокур Г. Русский язык. Исторический очерк. М., 1945, c.159
7. Виноградов В.В ХҤІІ-ХІХ ғғ. орыс ҽдеби тілі тарихының очерктері. 1-
басылымы: М., 1934, 2-бас.: М., 1938.
139
ҼОЖ 809.434.2.001.4
НҦРҒАЛИ С., САРБАСОВА А.Е.
Қ. Жҧбанов атындағы Ақтҿбе ҾМУ, Ақтҿбе қ., Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИН ЖҼНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
Тіл - қоғам ҿміріндегі қҧбылыстарға, ҿзгерістерге сай жаңару, жандану
тҽрізді тҥрлі даму процесін бастан ҿткізетін тірі организм іспетті. Ҽсіресе,
ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына кҿшкен
бҥгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жҥйесінде кҥн сайын жаңа тҥсінік,
ҧғым арқалаған сҿздер туындап отырады. Бҧндай сҿздер баспасҿз, радио,
теледидар тілінен, ҽр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық
жҥйесінен байқалады. Яғни ҿмірдің ҿзіндегідей тілде де даму процесі ҥздіксіз
жҥріп жатады.
Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене
ме, жоқ ҽлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика
қабатының дамуына қосқан ҥлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі
қандай? секілді сҧрақтар жаңадан кҿрініс тауып отырған термин тҿңірегінде
ҥнемі туындап отырады. Олардың ҽрқайсысы қоғам тарапынан қолдауды, тілдік
тҧрғыдан жҥйелеуді, саралауды қажет етеді. Сондықтан да термин жасау,
қалыптастыру, терминологияны жҥйелеу, реттеу жҧмыстарын дҧрыс жолға қою,
жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бҥгінгі
кҥннің кезек кҥттірмейтін ҿзекті мҽселелері болып табылады.
Алдымен, термин дегеніміз не деген сҧраққа жауап беретін болсақ, термин
(лат.terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) - ғылыми ҧғымға нақты
анықтама беретін, оның мағыналық шегін дҽл кҿрсететін сҿздер [1,241].
Негізінде, тілдегі қандай да бір сҿз болсын кҿп мағыналы болып келеді де, соған
сҽйкес оның мағыналық айқындылығы болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми
ой-пікірді дҽл білдіру ҥшін сҿздің мағынасы тҧрақты,айқын болу қажет.
Сондықтан сҿздің мағыналық шегін дҽл белгілеп, сҿзді сол нақтылы бір
мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.
Мысалы, ҽдебиетттану ғылымында қолданылатын кӛркемӛнер, кӛркем бейне
(образ), мазмұн, идея мен түрі лирика, эпос, драма, ӛлең құрылысы, әдеби
процесс, кӛркемдік әдіс, жанр дегендер міне, осындай терминдер қатарына
жатады.
Терминдердің қолданылу аясы нақты, жалпыға тҥсінікті, сапалы болу ҥшін
оның мағынасы мейлінше нақтылы болуы шарт жҽне ғылыми терминология
қҧрамындағы басқа ҧғымдармен тығыз байланыста, қолдануга ыңғайлы болуы
керек.
Ҽдебиеттану
ғылымына
тҽн
терминдердің
ҿзі
зерттейтін
ғылымдардағыдай
немесе
логика,
философия
сияқты
қоғамдық
ғылымдардағыдай ҽбден жҥйете тҥскен, толық қальптасқан сипатта кездесе
бермейді, яғни, термин деген ҧғымның талабына сҽйкес келе бермейді. Бҧл ҥрдіс
140
ҽр ғылымның пҽніне, зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тҽсілдеріне
де байланысты болса керек. Ал ғылыми мағынасы ҽлі толық айқындалмаған
"жартылай" терминдердің кҿп болуы зерттеу жҧмысын қиындата тҥседі.
Ғылыми терминдер жҥйелі тҥрде қалыптасса, ҽрі термин терең мағыналы
болып, ҽдеби қҧбылыстың сипатын нақтылы, дҽл кҿрсетсе ғана зерттеу
еңбектердің теориялық дҽрежесін биіктетуге жол ашылады. Терминдік жҥйенің
дамуы ғылыми танымның ҿрісін кеңейте тҥспек. Аристотельдің «Риторика»,
«Поэтика», Буалоның «Поэзия ҿнері» жазылған кезден бастап, метафора, стиль,
т.б.ҧғымдарды дҽл айқындап, нақтылай тҥсу мақсатындағы талпыныстар да міне,
осыны дҽлелдейді. Ал кейінгі кезде ҽдебиеттанудың кейбір саласында, мысалы,
поэтика, ҿлең қҧрылысын зерттеуде негізгі терминдерді бір мағыналы, тҧрақты
қолдану терең талдауға, жаңа қорытындылар жасауға кҿмегін тигізді. Қазіргі
ғылымда терминологиялық қҧрылымның жҥйелене тҥсуі, жалпы философиялық
терминдер, оның ҽдебиеттану саласы лингвистика, соңғы уақытта математика,
семиотика терминдері есебімен толыға тҥскені байқалады. Бҧл ҽсіресе
жазушылардың тіліне, фольклортануға арналған еңбектерден айқын аңғарылады.
Қазақ ҽдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай
жетістіктер баршылық. Ҽсіресе қазақ поэзиясына, сҿз ҿнеріне тҽн ҧлттық
сипаттағы ҽдеби қҧбылыстарды, соның ішінде, жырау, жыршы секілді
ҧғымдарды ауыз ҽдебиетінде кең ҿріс алған суырыпсалма ҿнеріне, ҿлең-жырды,
дастанды термелеп айту дҽстҥріне қатысты ҧғымдарды, айтыс, шешендік сҿздер,
ҿлең, қара сҿз, жыр, толғау сияқты сан алуан жанрлық тҥрлерді сипаттайтын
ҧғым-терминдерді орнықтыруға айтарлықтай назар аударылып келеді. Бҧл
салада айрықша бағалы еңбек сіңірген Ахмет Байтҧрсынҧлы болды. Оның 1926
жылы "Ҽдебиет танытқыш" атты кітабында халық поэзиясына, ҽдебиетіне
қатысты кҿптеген терминдер алғаш жҥйеге тҥсірілді. Оның бірталайы
ҽдебиеттану ғылымында орнығып, қолданылып келеді. Ал кейбір кезде мҽн
берілмей, не еленбей қалғандарын жаңадан қарап, орнымен қолдану -
келешектегі міндет. Соңғы кездерде қазақ тіліндегі терминдер ҽдебиеттануда
ғылыми ойдың дамуына байланысты одан ҽрі дамып, толыға тҥсті. Алайда бҧл
салада атқарылатын істер аз емес. Ғылыми ҧғымдардың қазақ тілінде мағынасын
терең ашып жеткізетін жҽне ҿзі жатық, қҧлаққа жағымды, кҿпшілік жақсы
қабылдайтын терминдерді ҽлі де кҿптеп қалыптастыру қажеттігі бҥгін ҿмір
талабынан туып отыр [2, 39].
Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жҥрген мҽселенің бірі
халықаралық деп аталатын терминдерді ҧлт тіліне аудару, жазу, қабылдау
тҽртібінің белгіленбеуі.
Сондай-ақ кҿптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен
қазақша баламалары бола тҧра тҧрақты қолданылмай немесе бҧрынғысынша
шет тілдеріндегі нҧсқалары жарыса қолданылып жатады.
Мысалы: Достарыңызбен бөлісу: |