Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата06.02.2017
өлшемі2,91 Mb.
#3568
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.  Назарбаевтың  
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2016  жылғы  1  наурыздағы 
 

258 
 
«Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  жҽне  ғылымды  дамытудың 
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 
№ 205 Жарлығы. 
2.  Қазақстан  Республикасының  ҧлттық  білім  беру  жҥйесінің  дамуы 
мен қалыптасуы ( http://yaneuch.ru/cat_16/page1.html).
  
 
3.  Қазақстан    Республикасының  2014-2018  жылдарға  арналған 
ҽлеуметтік-экономикалық 
даму 
болжамы 
(http://yaneuch.ru/cat_16/page1.html). 
4.  Қазақстан  Республикасының   «Білім  туралы» Заңы.  ("Білім 
туралы" 
Қазақстан 
Республикасының 
Заңына 
ҿзгерістер 
мен 
толықтырулар  енгізу  туралы.  Қазақстан  Республикасының  2011  жылғы 
24 қазандағы № 487-ІV Заңы). 
 
ҼОЖ 348(574)  
САГАДИЕВА К.Е., РАМАЗАНОВА А.С. 
С. Аманжолова атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ДІНИ 
БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҦҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
 
Мемлекет пен қоғамның дамуы барысында қоғамдық бірлестіктердің ҿзіндік 
ҥлесі  бар.  Қоғамдық  бірлестіктер  ҿз  кезегінде  ҽрбір  адамның  тҥрлі  ортақ 
мақсаттарға  жетуіне,  мҥдделердің  тоғысуына  жҽне  қордаланған  мҽселелердің 
жағдайға  сай  жетілуіне  мҥмкіндік  жасайды.  Қоғамдық  бірлестіктер  –  мемлекет 
дамуы барысындағы экономикалық, саяси, ҽлеуметтік, рухани салалар бойынша 
белсенді ықпал етуші маңызды қҧрылым. 
Ал осы қоғамдық бірлестіктердің ішінде – діни бірлестіктердің алатын орны 
зор.  Ҿйткені  ҽрбір  адамның  дінге  байланысты  ҧстанымы,  сенімі  бар.  Ал  ол 
адамның  жалпы  ҿмірлік  кҿзқарасы  осы  ҧстанымдар  мен  сеніміне  негізделген. 
Адамдардың діни сенімі, ҧстанымы жҽне кҿзқарасы бойынша топтасуы – бҧл ҿте 
берік ҽрі рухани қаруланған қоғамдық белсенді топ. Мҧндай белсенді топтар ел 
ҿмірі  мен  болашағы  ҥшін,  оның  дамуы,  ҿзгеруі  немесе  тығырыққа  тірелуі 
бағыттарында  мҥмкіншілігі  жоғары  ықпалды  кҥш.  Демек  діни  бірлестіктердің 
қызметі,  оның  сҽйкесінше  қҧқықтық  реттелуі  ҿте  маңызды  сҧрақ.  Қазақстан 
тҽуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға тҥсіп, Қазақстан 
Республикасы  ҿзін  зайырлы  мемлекет  деп  жариялады.  Конституциямызда: 
«Қазақстан  Республикасы  ҿзін  демократиялық  зайырлы,  қҧқықтық  жҽне 
ҽлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  -  адам 
жҽне  адамның  ҿмірі,  қҧқықтары  мен  бостандықтары»  деп  кҿрсетілген  [1]. 
Сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасы  зайырлы  мемлекет 
ретінде 
ҿз 
азаматтарының  заң  жҥзінде  діни  сеніміне,  таңдауына  жҽне  ҧстану  қҧқығына 
кепілдік береді. 
Қазақстанның  зайырлы  мемлекет  болуына  байланысты,  ресми  идеология 
дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. 

259 
 
Қазіргі  Қазақстандағы  діннің  жағдайы  авторитарлық,  тоталитарлық  жҽне 
теократиялық басқару жҥйесі бар мемлекеттерден тҥбірінен ҿзгеше. 
Конфессияаралық  бейбітшілік  пен  келісім  кҿпҧлтты,  кҿптілді  жҽне 
кҿпконфессиялы Қазақстан ҥшін кҥрделі мҽселе. Бҥгінде Қазақстан ҽлемге бҥкіл 
ҽлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған ҽлемдік жҽне 
дҽстҥрлі  діндердің  басшылары  анағҧрлым  маңызды  заманауи  діни  мҽселелерді 
шешу  ҥшін  жиналады  Осы  орайда  2010  жылы  Астана  қаласында  ҿткен  Рухани 
келісім  кҥнінде  Бҥкілҽлемдік  рухани  мҽдениет  форумының  ашылу  шарасы 
ҿткенін жҽне оған ҽлемнің 70 елінен делегаттар қатысқанын айта кету керек [2; 
1].  
Ҽлемдік  жҽне  дҽстҥрлі  діндер  басшыларының  бірінші  съезінде  еліміздегі 
конфессияаралық  келісім  мен  диалогтың  маңыздылығы  ерекше  атап  ҿтіліп, 
конфессияаралық келісім мен диалогтың негізгі қағидаттары айқындалды. Олар: 
толеранттылық,  ҿзара  қҧрметтеу  мен  тҥсінісу,  ҧлтаралық  келісім  мен  діни 
тҿзімділік.  Бҧл  қағидалар  Қазақстандағы  конфессияаралық  қатынастардың  да 
негізін  қҧрайды.  Дін  біріктірудің,  интеграциялық  ҥдерістердің  кҥшті  факторы 
бола алады. Ол ҥшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер 
мен  қағидаттарды,  ортақ  негіздер  мен  ортақ  қҧндылықтарды,  біріктіруші 
бастауды іздеуге міндеттіміз. 
Қазақстандағы  қазіргі  діни  ахуал  кҥрделі  ҽрі  сан-салалы.  Кейбір  деректер 
бойынша,  1989  жылғы  1  қаңтарда  30  конфессияға  тиесілі  700-ге  жуық  діни 
бірлестіктер  болса,  2003  жылдың  1  қаңтарында  3206  діни  бірлестіктер  жҧмыс 
істеген.  Олардың  арасында  1652  исламдық,  соның  ішінде  1642  суниттік,  2 
шииттік,  2  сопылық,  4  ахмадия  ағымдары  бар.  Бҧған  қоса  Қазақстанның 
аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы 
Орыс  православие  шіркеуіне  қарайды),  7  старообрядтық  шіркеу,  римдік-
католиктік  шіркеуінің  77  бірлестігі,  бірқатар  протестанттық  бірлестік  жҧмыс 
істейді.  Қазіргі  Қазақстандағы  дҽстҥрлі  емес  діни  қауымдарға  тҿмендегілер 
енеді:  5  буддистік  қауым,  24  индуистік,  12  кришнаиттік,  23  бахаи,  2 
трансценденталдық  медитация  қауымы,  ҧлы  ақ  бауырластықтың  2  қауымы,  6 
саентология шіркеуі қауымы жҽне т.б.  
Еліміздің  негізгі  діни  қауымы  суниттік  ислам  жҽне  христиандықтың 
православиелік  бағыттары.  Елімізде  1700-ге  жуық  мҧсылман  бірлестіктері  бар. 
Оның  басым  кҿпшілігі  суниттік  бағыттағы  бірлестіктер.  Орыс  православие 
шіркеуінің  ҥш  епархиясына  214  приход,  8  монастыр  жҽне  басқа  шіркеулік 
қҧрылымдар тиесілі. Орыс православие шіркеуі приходтар санының ҿсуіне жҽне 
материалдық  тҧрғыдан  нығаюына  кҥш-жігерін  жҧмсауда.  Еліміздің  бірнеше 
қаласында православиелік ғибатханалардың қҧрылысы жҥріп жатыр. 
Кейінгі  уақытта  католик,  протестанттық  жҽне  дҽстҥрлі  емес  діни 
қҧрылымдар  ҿз  қызметтерін  белсенді  тҥрде  жҥргізуде.  «Иегова  куҽлары» 
бірлестігінің  миссионерлік  қызметі  ерекше  қарқын  алуда.  «Иегово  куҽлары» 
Қазақстандағы  саны  жағынан  ҿсіп  келе  жатқан  конфессия  болып  отыр.  Оның 
діни орталығы Есік қаласында орналасқан, 70-тен астам діни бірлестіктері ҽділет 

260 
 
органдарында  ресми  тіркелген  жҽне  30-дан  аса  жергілікті  қауымдары  бар,  оны 
ҧстанатын адамдар 20 мыңға жуық [3; 15]. 
Кейінгі  кезде  еліміздегі  ҿзге  діни  бірлестіктердің  ішінде  католик, 
протестанттық  жҽне  дҽстҥрлі  емес  діни  қҧрылымдар  ҿз  миссионерлік 
қызметтерін елімізде белсенді тҥрде жҥргізуде. 1999 жылы діни бірлестіктердің 
қҧқықтары  мен  мҥдделерін  қорғау  мақсатымен  Қазақстанның  діни  бірлестіктер 
қауымдастығы  қҧрылды.  Бҧл  қауымдастық  200-ге  жуық  діни  бірлестіктерді 
біріктіреді.  
Сонымен  қатар  елімізде  протестантизмнің  жаңа  апостолдық  шіркеуі, 
елушілер  (пятидесятничество),  методизм,  меннонизм,  пресветерианство  сынды 
ағымдары  таралуда.  Пятидесятничество  ХХ  ғасырдың  басында  АҚШ-та 
қҧрылған. Бҧл ағымның ең ірі қауымдары Қарағанды жҽне Алматы қалаларында 
орналасқан.  Апостолдар  рухындағы  евангелшіл  христиандар  ҿз  жҧмысын 
белсенді жҥргізуде. Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40-қа жуық 
қауымдар  бар.  Пресветериандық  ағымы  елімізде  америкалық,  корейлік 
уағыздаушылардың  миссионерлік  қызметі  нҽтижесінде  таралып  жатыр.  Бҧл 
уағызшыларға шет елдегі діни орталықтар кҿмек кҿрсетуде. Елімізде 20-дан аса 
пресветериан  бірлестіктері  бар.  «Грэйс-Благодать»,  «Бірінші  пресветериан 
шіркеуі», «Алматы аймақтық пресветериан шіркеуі» бірлестіктері белгілі болып 
отыр. 
Евангелшіл  христиан-баптистердің  қауымдары  10  мыңнан  аса  сенушілерді 
біріктіреді.  Евангелшіл-христиан  баптистер  Қазақстан  евангелшіл  христиан-
баптистері  шіркеулерінің  одағын  қҧрды.  Бірлестіктің  орталығы  Қарағанды 
облысының  Саран  қаласында.  Евангелшіл-христиан  баптистердің  250-ден  аса 
қауымдары  мен  топтары  бар.  Евангелистер  2010  жылға  дейін  Қазақстан  мен 
Орталық  Азия  елдерін  евангелшілдендіру  жоспарын  басшылыққа  алуда  [4;  47]. 
Христиан  діні  миссионерлікпен  ғасырлар  бойы  айналысып  келеді.  Ал  енді  осы 
миссионерлікті  жҥргізудің  ҥш  сатылы  мақсаты  бар.  Бҧл  -  еш  ҿзгермейді 
Біріншісі  -  христиан  дінін  жаю,  Исаның  дініне  кірушілердің  санын  арттыру. 
Екіншісі - сол елдегі шіркеулер қҧрылысын салмас бҧрын шіркеуді толтыратын 
маман  адамдарды  табу,  ол  ҥшін  сол  елдің  зиялыларының  шығармаларына, 
мҽдениетіне  христиандық  элементтерді  енгізу.  Ҥшіншісі  -  дамыған  батыстық 
ҿркениетті  христиандықпен  бір  деп  кҿрсету.  Батыс  ҿркениеті  мен  мҽдениетін 
негізгі ҿлшем, эталон ретінде ҧсыну, еліктіру шарт [5; 8]. 
Миссионерлік - негізінен, діни ілімдерін таратуға арналған діни жҽне саяси 
қызмет  сонымен  қатар  шағын  мҽдениетті,  этносты  ҿзінің  табиғи  бейнесінен 
айырып,  ассимилияцияға  ҧшыратудың  таптырмас  қҧралы.  Миссионерлік 
ҧйымдардың  шоқындыру  саясаты  Африка  жҽне  Азия  халықтары  арасында 
қарқындап,  мақсатты  тҥрде  жҥргізіліп  отырды.  Миссионерлік  ҧйымдарға 
бірқатар елдердің мемлекеттік қҧрылымдары қайырымдылық қорлары, ҥкіметтік 
емес  ҧйымдар,  қаржылық  топтар  материалдық  жҽне  моральдік  тҧрғыдан 
кҿмектесіп,  ортақтаса  жҧмыс  істейді.  Миссионерлер  баратын  елдің  дінін, 
тарихын, ҽдет-ғҧрпы мен психологиясын зерттеп, біліп барады, жергілікті халық 
басым  елді  мекендерде  тҧрып,  сол  халықтың  тілін,  ҽдет-ғҧрпын,  мінез-

261 
 
қҧлықтарын ҿз қызметтерін табысты атқару ҥшін жетерліктей деңгейде зерттеп, 
ҥйренеді  [6;  47].  Бҧған  байланысты  ҽйгілі  миссионер  Чарльздің: 
«Мҧсылмандарға  жақындау  ҥшін  олардың  дін  тілін  қолданыңдар.  Қҧранның 
ішінен  христиандыққа  зияны  жоқ  аяттарды  алып  қолданыңдар.  Ҽрі 
мҧсылмандардың 
жҧма 
қҧлшылығына 
параллель 
жҧма 
уағыздарын 
ҧйымдастырып,  ҥй  шіркеулерінің  лидерлері  имам  секілді  кҿрінуіне  болады.  Ҥй 
шіркеуіне  кірерде:  аяқ  киім  шешу,  мҧсылмандардың  діни  рҽсімдеріне  ҧқсас 
рҽсімдер  ҧйымдастыруға  болады»  деген  сҿзі  жақсы  мысал  бола  алады  [7;  3]. 
Шынында,  миссионерлер  діни  уағыздарын  қай  ҧлттың  ҿкілі  басым  болса,  сол 
тілде  жҥргізетіндігін  кҿріп  отырмыз.  Сондай-ақ,  рҽсімдерінде  айтылатын  діни 
ҽндерін  домбыра,  қобыз,  сыбызғы  секілді  ҧлттық  музыка  аспаптарының 
сҥйемелдеуімен  орындайды.  Миссионерлердің  ҥгіт-насихат  қҧралы  да, 
материалдық техникалық базасы да тиісінше қамтамасыз етілген. 
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасында  2011  жылғы  11  қазандағы 
«Діни  қызмет  жҽне  діни  бірлестіктер  туралы»    Заңы  қолданылуда.  Бҧл  Заң 
Қазақстан  Республикасының  ҿзін  демократиялық,  зайырлы  мемлекет  ретiнде 
орнықтыратынын,  ҽркiмнiң  ар-ождан  бостандығы  қҧқығын  растайтынын, 
ҽркiмнiң  дiни  нанымына  қарамастан  тең  қҧқылы  болуына  кепілдік  беретінін, 
ханафи бағытындағы исламның жҽне православиелік христиандықтың халықтың 
мҽдениетінің  дамуы  мен  рухани  ҿміріндегі  тарихи  рҿлін  танитынын,  Қазақстан 
халқының  рухани  мҧрасымен  ҥйлесетін  басқа  да  діндерді  қҧрметтейтінін, 
конфессияаралық  келісімнің,  діни  тағаттылықтың  жҽне  азаматтардың  діни 
нанымдарын қҧрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады. 
Заң нормаларына сҽйкес діни бірлестіктерді қҧру, мемлекеттік тіркеу, қайта 
қҧру  жҽне  тарату  тҽртіптері  толық  қамтылған.  Сондай-ақ  заңда  қҧрушылардың 
санына,  таралу  аймағына  байланысты  діни  бірлестіктердің  жергілікті,  ҿңірлік 
жҽне  республикалық  мҽртебелері  айқындалып  берілген,  мҧның  ҿзі  аталған  заң 
жобасының  негізгі  жаңалығы  болып  табылады.  Заңнамадағы  жаңа  талаптар  бо-
йынша  жергілікті  діни  бірлестікті  қҧрушылар  саны  елу  адамнан  кем  болмауға 
тиіс,  ҿңірлік  діни  бірлестікті  –  бес  жҥзден  кем  емес,  ал  республикалық  діни 
бірлестікті  бес  мыңнан  кем  емес  бір  діни  сенімдегі  Қазақстан  азаматтары  қҧра 
алады.  Бҧған  қоса,  жергілікті  діни  бірлестік  бір  облыс  аумағында,  ҿңірлік  діни 
бірлестік  екі  облыстан  кем  емес  аумақта  ҧйымдастырылуы  тиіс,  ал  респуб-
ликалық діни бірлестік барлық аймақтарды қамтып, Қазақстан Республикасының 
барлық аумағында ҿзінің қҧрылымдық бҿлімшелері, филиалдары мен ҿкілдіктері 
болуы  шарт.  Сонымен  қатар,  қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына  сҽйкес  діни  бірлестіктің  атауына  ерекше  назар  аударылған. 
Олардың  атауы  қоғам  мҥшелерін  адастыратын  тҥсініксіз  жалпы  атау  болмауға 
тиіс,  бірлестік  атауында  оның  нақты  бағыты,  ҧстанатын  сенімі  мен  мҽртебесі 
қамтылуға  тиіс.  Ал  діни  бірлестіктерді  қайта  ҧйымдастыру,  олардың  қызметін 
тоқтата  тҧру  жҽне  тарату  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген 
тҽртiппен жҥргізіледі. 
Қорытындылай келе, Қазақстандағы қазіргі діни ахуалды таразылар болсақ, 
сан  алуан  діни  ілімдердің  белсенді  тҥрде  насихатталып  отырғанын  байқаймыз. 

262 
 
Діни  қозғалыстар  мен  ағымдардың  шынайы  мақсаттарын  анықтау,  радикалды 
діни ілімдердің елдегі ішкі саяси тҧрақтылыққа ықпалын, олардың белсенділігіне 
ҽсер  етіп  отырған  факторларды  тереңдей  зерттеу  қажет.  Қоғамның  модерниза-
циялануы жағдайында діни дҽстҥрлерді қалай жаңғырту қажеттігін ойлануымыз 
керек.  Бҧл  сауалдар  елдегі  қауіпсіздік  мҽселесімен  тікелей  байланысты 
болғандықтан, олардың ҿзектілігі жыл ҿткен сайын арта тҥсуде. 
Қазақстанда ҽрекет ететін діни бірлестіктер қызметінің біздің заңнамамызға 
қаншалықты сҽйкес екендігін бақылап, біліп отыруымыз қажет. Қазір жастар та-
рапынан  да,  ересек  тҧрғындардың  ҽлеуметтік  белсенді  ҿкілдері  тарапынан  да 
діни  қҧндылықтарға  деген  қызығушылық  қарқынды  тҥрде  артып  отыр.  Жас 
буынға  арналған  рухани-танымдық  тҽрбие  мен  теріс  пиғылды  діни  ағымдарға 
жол бермеу щаралары тек мемлекеттік органдардың ғана емес, жалпы қоғамның 
жҧмысы  болуға  тиіс.  Барлық  оқу  орындарында  тҽрбие  жҧмыстарын  кҥшейтіп, 
жастар  арасында  деструктивті  идеяларды  насихаттаушыларға  қҧқық  қорғау 
органдары мен білім департаменттері тарапынан бақылау жасау қажет. 
Демек,  жастардың  білімге,  мҽдениетке,  спорттық  жҽне  қоғамдық  іс-
шараларға  қатысу  мҥмкіндігін  кеңейту  керек.  Сонда  діни-ағартушылық 
бағыттағы  сҧхбат  алаңын  қалыптастыратын,  саламатты  ҿмір  салтын,  білім  мен 
рухани-ҿнегелік  қҧндылықтарды  насихаттайтын  жастар  орталықтары  ашылып 
жатса, рухани ҿміріміздің жаңғыруына ҥлкен септігі тиер еді. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы – 1995. – 30 тамыз. – 2015. 
2 Мҧхамедиҧлы А. Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тҧрақтылығының 
іргетасы // Егемен Қазақстан. – 2015. – 16 қазан. 
3  Мемлекет  тҧтастығына  дҽстҥрлі  емес  діни  ҧйымдардың  кері  ҽсері  // 
Егемен Қазақстан. – 2010. – 13 мамыр.  
4  Малаев  Д.Б.  Дінтану  жҽне  конфессиялармен  ҽлеуметтік  жҧмыс.  Оқу 
ҽдістемелік қҧрал. – Қарағанды: Болашақ, 2009. – 47 б. 
5  Кенжетай  Д.  Шахановтың  жан  айқайы  немесе  «дін  туралы  заңымыз» 
қазақтар ҥшін жасалған ба? // Иассауи жолы. -  2007. - №5. - 8 б. 
6 Бҧлҧтай М. Дін жҽне ҧлт // Зерде. – 2005. - №7. - 47 б. 
7  Бҧлҧтай  М.  Қазактың  ҧлттығына  нҧқсан  келтіретін  диссертацияларға 
ҽрқашанда қарсы боламыз // Заң газеті. – 2006. - №6. – 3 б. 
8 Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет жҽне 
діни бірлестіктер туралы»  Заңы // 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000483
 
 

263 
 
ҼОЖ 314.18 (574.42)                             
САЙЛАУБЕК Ҽ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан  
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҼУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ 
ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ  ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҼЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖҼНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
 
Республикамыздың  қазіргі  даму  сипаты  саяси,  экономикалық,  ҽлеуметтік 
салалардағы  тҥбегейлі  ҿзгерістермен  анықталады.  Қазақстанның  егемендік 
жағдайындағы  экономикалық,  ҽлеуметтік  дамуын  айқындап,  оны  іске  асыру 
ҿзінің алдына дамушы елдер тҽжірибесіне негізделген. 
Республика  экономикасының  ҿңірлер  бойынша  ҿркендеуі  Қазақстанның 
тҧрақты  экономикалық  дамуының  кепілі  болып  табылады.    Бҧл  дегеніміз  –  ҽр 
ҿңірдің  ҽлеуметтік-экономикалық  реформаларын  аймақтандыру,  оның  дамуына 
қолдау  кҿрсету  деген  сҿз.  Ҽр  ҿңірдің  ҿздігінен  дамуы,  ең  алдымен,  ҿзіндік 
ҽлеуметтік-экономикалық  даму  мҥмкіндіктеріне  арқа  сҥйейді,  ҿз  ҿнімі  ҥшін 
республикалық  макродеңгейде  ғана  емес,  ҽлемдік  нарықта  жаңа  орын  сайлауда 
ҿз  ҽлеуетін  пайдалану  болып  табылады.  Осы  ретте  ҽрбір  ҿңірге  уақыттағы 
дамуының  болашағын  айқындау  қажет.  Егемендіктің  алғашқы  жылдары 
бҽрімізге  де  белгілі  ҽлеуметтік-экономикалық  дағдарыспен  есте  қалған  еді. 
Барлық  макроэкономикалық  кҿрсеткіштер  –  ҧлттық  кіріс,  азық-тҥлік,  жеке 
тҧтыну, капитал қорлары, қоғамдық еңбек ҿнімділігі жҽне т.б. шаруашылықтың 
дағдарыс  жағдайын  куҽландырды.  Халықтың  тҧрмыс  жағдайында  да,  қаржы-
несие  саласында  да,  ҿндіріс  саласында  да  ҿте  ауыр  жағдай  орын  алған  еді. 
Кеңестік  дҽуір  кезеңінде  де,  егемендік  алғаннан  кейін  де  Шығыс  Қазақстан 
облысы  Қазақстан  Респбуликасының  жоғары  дамыған  ҿндіріс  ҿңірлерінің  бірі 
болып  қалыптасты.  1990-жылдар  басында  халық  шаруашылығы  кешені 
қҧрылымында облыстағы ҿнеркҽсіп саласының ҥлес салмағы – 62 пайызды, ауыл 
шаруашылығы  – 4 пайызды,  транспорт - 6,9 пайызды, қҧрылыс  - 4,5 пайызды,  
қызмет кҿрсету саласы - 12,8 пайызды жҽне басқа салалар - 9,8 пайызды қҧраған. 
Облыс ҿнеркҽсіптері 1990-жылдары барлық сала бойынша ҿндірістің қҧлдырауы, 
инвестициялық  белсенділіктің  тҿмендеуі,  ҿндірістік  кҥштерді  пайдалануды 
шектеу, экономикалық байланыстардың ҥзілуі, негізгі қорлардың ескіруі секілді 
жағымсыз факторларға ие болды [1]. 
Ауыспалы  кезеңде  ҿңірдегі  осыған  дейінгі  жинала  тҥскен  барлық 
экономикалық проблемалар асқына тҥсті. Нарықтық экономикаға кҿшу ҿте ауыр 
жағдайда болды. 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы ҿнеркҽсіп ҿндірісінің 
кҿлемі  2,4  пайызға  тҿмендеді  (негізінен  тҥсті  металлургия  саласы  бойынша): 
қорғасын,  мырыш,  титан  ҿндірістері  азайды  жҽне  т.б.  Еңбек  ҿнімділігі 
ҿнеркҽсіпте 0,02 пайызға артса, жҧмысшылар саны 2,6 пайызға кеміген. Келісім-
шарт  міндеттемелерін  21  ҿнеркҽсіп  орындай  алмай,  304  млн.  рубльге  ҿнімді 
жеткізбеді [2]. 

264 
 
Облыс бойынша ҿндіріс кҿлемін 32 ҿнеркҽсіп тҿмендетті, яғни, ҽрбір екінші 
ҿнеркҽсіп  115  млн.  рубльге  ҿнімін  жеткізбеді.  Тҧтынушыларға  ҿнімді  жеткізіп 
беру  ҥшін  шарттар  жасау  жҧмыстары  баяу  дамыды.  Ҿнім  ҿндіруші  60  ҿндіріс 
орындарының  ішінде  толық  кҿлемде  5-уі  ғана  шартқа  отырды,  12  ҿнеркҽсіп 
облыстық кҿрсеткіштен тҿмен деңгейде келісімге отырған. 
Экономика саласындағы дағдарыс жағдайлары 1993 жылдары да сақталды. 
1991  жылдың  қаңтарымен  салыстырғанда  ҿнім  ҿндірісі  салыстырмалы  баға 
бойынша 30,4 пайызға қысқарды, тҧтыну тауарлары 27,1 пайызға тҿмендеді [3]. 
Жҥктерді  транспортпен  тасымалдау  тең  жартысына  азайып,  инфляция  деңгейі 
126,4 пайызды қҧрады. 
1994-1995  жылдар  нарықтық  қҧрылымның  бой  кҿтеріп  даму  ҥрдісімен 
сипатталады. 8489 шаруашылық жҽне басқа субьектілер бой кҿтерді. 
Шығыс Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы ерекше орынға ие. 
Негізінен  етті,  сҥтті  мал  шаруашылығына,  қой  шаруашылығына,  жылқы,  бҧғы  
жҽне  ара  шаруашылығына  мамандандырылған.  Ҿкінішке  орай,  нарыққа  кҿшер 
кезеңдегі  ҿндірістің  қҧлдырауы  біздің  ҿңірдің  ауылшаруашылығын  да  айналып 
ҿтпеді. 
1991-1995 
жылдардағы 
экономикалық 
кҿрсеткіштер 
халық 
шаруашылығының  бҧл  саласында  да  ірі  проблемалалар  туындағанын  кҿрсетті. 
Ет,  шҧжық,  сҥт  жҽне  ҿсімдік  пен  жануар  майларын  шығарудың  тҿмендеуі 
байқалды. Осы мерзімде ет ҿнімі - 3,5 мың т., сҥт - 29,8 мың т., жҥн - 4,8 мың т. 
тҿмендеген.  1  сиырдың  орташа  сауу  кҿлемі  203  кг  сҥтке  азайған.  Оған  мал 
басының азаюы мен ҿнімділіктің аздығы себеп болды. 
1991-1992  жылдармен  салыстырғанда  ірі  қара  мал  басы  31пайызға  азайып, 
шошқа  басы  29  пайызға  артқан.  Барлық  малдың  тҿлдері  де  аз  алынды:  бҧзау-7 
пайыз, торайлар-12 пайыз, қозы мен лақтар-18 пайыз [4]. 
Конденсатор  жҽне  Согра  машина  жасау  зауыты  жҧмысын  тоқтатты,  ЖМК 
цехтары,  цемзауыт  тоқтатылды,  жҥнді  ҿңдеу  фабрикалары  босап  қалды. 
Нҽтижесінде    1990-жылдардың  ортасында  ҿнеркҽсіптер  инвесторларға  беріле 
бастады.  1996  жылдың  1  қаңтары  жағдайында  Мемлекеттік  тізімге  8489  нысан 
енгізілген, оның ішінде: 
5962-серіктестік  жҽне  шағын,  жеке  ҿнеркҽсіптер;  665  мемлекеттік 
ҿнеркҽсіптер  (  ҧйымдар)  мен  мекемелер;  605  ҧжымдық  ҿнеркҽсіптер  мен 
кооперативтер;  496  акционерлік  қоғамдар;  447  шаруа  қожалықтары;  183 
қоғамдық  бірлестіктер  мен  одақтар  жҽне  олардың  ҿнеркҽсіптері;  50  бірлескен 
ҿнеркҽсіптер жҽне басқа да қҧрылымдар [5]. 
Еңбек  нарығын  қалыптастырудағы  факторлардың  бірі  –  жҧмыссыздық. 
Жҧмыссыздықтың  артуы  облыс  жҽне  Қазақстан  бойынша  бастан  ҿткерген 
дағдарысқа  тікелей  байланысты  (инфляциялық,  тҿлемдік,  инвестициялық, 
экономикалық  даму  дағдарысы).  1991  жҽне  1996  жылдарда  ҿнеркҽсіпте 
ҿндірістік ҿнімдерді ҿндірудің шартты тҥрде кемігені байқалды, пайдасыз жҧмыс 
істеуші ҿнеркҽсіптер саны артты. 
1994  жылы  жҧмыссыздар  саны  60,3  мың  адамға,  1996  жылы  100,6  мың 
адамға ҿсті.  

265 
 
Мҽліметте  жҧмыссыздық  деңгейінің  артуы  1994  жылмен  салыстырғанда, 
1995 жылы 1,4 есе болғандығын кҿрсетеді, дегенмен, оның ең жоғары шегі 1996 
жылы байқалды [6]. Бҧл жылы ол 13,0 пайызға жеткен . 
Осы  жылдары  ҿнеркҽсіптер  мен  ҧйымдардың  жҧмысшыларға  зҽрулігіне 
қарағанда    керісінше  жҧмыс  іздеушілер  саны  анағҧрлым  артық  болды.  1994 
жылы  бір  бос  орынға  7  жҧмыссыз  ҥміткер  болса,  1995  ж.-  22,  1996  ж.  -  75 
ҥміткерге  жеткен.  Жҧмысқа  орналасу  мҥмкіндігінің    жоғары  шегінің  бірлігі 
0,142-ден  0,013-ке  тҥсті.  1994  жылы  жҧмыссыздарды  жҧмысқа  орналастыру 
деңгейі 25,5 пайыз, 1995жылы -18,8 пайыз, 1996жылы -12,3   пайызды кҿрсеткен. 
Аймақ  тҧрғысынан  алғанда  халықты  еңбекпен  қамту  ҽртҥрлі  болды. 
Аудандардың  тең  жартысында  еңбекпен  қамту  деңгейі  10,2  пайызды  қҧраған 
облыстық  кҿрсеткіштен  тҿмен  болды.  Аягҿз,  Глубокое,  Зайсан,  Тарбағатай, 
Ҧлан,  Ҥржар  аудандарындағы  еңбек  нарығындағы  жағдай  ҿте  қиын  еді.  Бҧл 
аудандарда  еңбекпен  қамту  орталығына  ҿтініш  білдіргендердің    жҧмыспен 
қамтылуы 2,7 пайыздан - 6,2 пайызды қҧрады [7]. 
Сонымен  қатар  халықтың  ҿмір  сҥру  деңгейі    ҿте  маңызды  ҽлеуметтік 
категорияның  бірі.  1991-1993  жылдарда  кедейлер  санатына  жататын  адамдар 
саны  арта  тҥсті.  1  қаңтар  1993жылғы  статистикалық  мҽлімет  бойынша  Шығыс 
Қазақстан облысында 761000 адам кҥн кҿріс деңгейінен тҿмен табыс тапқан [8]. 
1990-жылдардың  І  жартысы  макроэкономикалық  тҧрақтылықты,  ақша-
несиелік саясатты шешу проблемаларын алға қойды. Бҧл мерзім сонымен қатар, 
кедейшілікті  жоюға  қаржылық,  ҧйымдастырушылық,  техникалық  қорларды 
шектеумен ерекшеленді. 
Кеңестік  ҥкіметі  аясындағы  ҿнеркҽсіптер  арасындағы  байланыстардың 
ҥзілуі,  тҧрғылықты  халықтың  кҿп  мҿлшерінің  нарықтық  экономикаға  ҥйренісе 
алмауы, 1990 жылдардың алғашқы кезеңіндегі экономикалық дағдарыс пен 1993-
1995  жылдардағы  макроэкономикалық  тҧрақтылық  саясаты  кедейліктің 
кҿбеюіне,  жҧмыссыздыққа,  ҽлеуметтік  реформалар  шығынының  бағасының 
жоғарылауына ҽсер етті. 
Реформаның  алғашқы  кезеңінде,  яғни,  макроэкономикалық  тҧрақтандыру 
саясаты кезінде  бюджеттік тапшылық уақытында ҥкімет тарапынан жҥргізілген 
кедейлік  пен  жҧмыссыздықты  жою  туралы  ҽрекеттер  мҥмкіндігі  шектеулі  еді. 
1990  жылдардың  бірінші  жартысы  макроэкономикалық  тҧрақтылық  мҽселесін 
шешумен,  қатаң  ақша-несиелік  саясатпен,  қаржылық,  ҧйымдастырушылық, 
техникалық мҥмкіндіктердің шектелуімен ерекшеленеді. 
Ең  алдымен,  жҥйелі  тҥрдегі  экономикалық  дағдарыспен,  ҿндірістің 
қҧлдырауымен,  кедейлікті  жою  тҽжірибесінің  жоқтығымен    тығыз  байланысты 
ішкі факторлар кедейлікті азайтуды саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде 
санауды  қажет  етті.  Ҧлттық  деңгейде  кедейлікпен  кҥресу  мҽселесін  шешудің 
жолы  ҽлі  қалыптаспаған  еді.  Кедейлікпен,  жҧмыссыздықпен  кҥрес  арнайы 
қҧрылымдар  –  Еңбек  жҽне  Ҽлеуметтік  қорғау  министрлігінің  міндеті  болып 
саналды. 
Тиімсіз  ҽлеуметтік  даму  мемлекет  пен  қоғамның,  ең  алдымен  кедейлікті  
жоюдың  қажеттілігін  тудырды.  1996  жылдан  байқалған  макроэкономикалық 

266 
 
тҧрақтылық,  экономиканың  қҧлдырауының  тоқтай  бастауы,  ҥкіметтің 
кедейлікпен кҥрес проблемасының ішкі жҽне сыртқы саясатының артықшылығы 
ретінде бағалауын ҿзгертті. 
Алайда  тҽуелсіздіктің    алғашқы  жылдары  мемлекеттің  ҽлеуметтік-
экономикалық  дамуының    келеңсіз  ҥрдістерге  ҧшырауы  Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау жҥйесіне де кері ҽсерін тигізді. 
Негізінен  алғанда  Қазақстандағы    денсаулық  сақтау  саласының  дамуын  
1991-2008  жылдар  аралығында    бірнеше    сатыларға    бҿліп  қарастыруға  болады. 
Ҿткен  ғасырдың  90-жылдары  аяғында    аймақ  халқының    денсаулық  сақтау 
жҥйесі    кері  ҽсерлі  жағдайға  ие  болды.  Осы  кезеңде    туудың  жылдам 
тҿмендегенін жҽне ҿлім-жітім кҿрсеткіштерінің жоғарылағанын ескеру керек. 
Ҿңірлер бойынша туу кҿрсеткішінің ҿлім-жітім санынан артуы ең алдымен 
1990  жылы  Глубокое  ауданында,  1991  жылы  Риддер,  1993  жылы-  Ҿскемен, 
Шемонайха  қалаларында,  1996  жылы  Ҧлан,  Бородулиха  аудандарында 
байқалған. Барлық жағдайдың 50 пайызы жҥрек-қантамыр аурулары мен  қатерлі 
ісік бастамаларына тиеді. Еркектер арасында ҿлім-жітім ҿкпенің қатерлі ісігінен 
болса, ҽйелдер арасында  ішек, сҥтбезі,  қатерлі ісіктерінен болады [9. 4 б.]. 
Атап  айтқанда  1996  жылы  бір  жылда  42  аурухана  мен  амбулаториялық 
поликлиникалық мекемелер қысқарды, оның кҿлемі 2005 жылмен салыстырғанда 
16,3 пайызды қҧрады, 3,1 мың орын (24,9 пайыз), 2000 дҽрігер мен медициналық 
қызметкерлер  (14,4  пайызды  )қҧрады.  Бҧл  2006  жылғы  шығындық  бҿлікті 
ҥнемдеуді  қамтамасыз  етті.  Ҥш  аурухана:  Ҿскемен  жҽне  Риддер  қалаларында, 
Ҧлан  ауданында  туберкулездік  аурухана  қысқарды.  Аурухана  орындарына 
кеткен  шығынды  қысқарту  мақсатында  17  учаскелік  аурухананы  дҽрігерлік 
аурухана  етіп  қайта  қҧрды.  Облысымыздың  56  ауылында  емдеу-сауықтыру 
мекемелері  мҥлдем  жоқ  болғандықтан,  тҧрғындар  (10516  адам)    бірінші 
медициналық кҿмек ҥшін басқа елді мекендерге қаралуға мҽжбҥр болды. 
Бҥкіл  ҽлем  бойынша  «адамдықтың  қоры»  саналған  білім  экономиканың 
дамуы  мен  жақсы  тҧрмысты  қалыптастыру  факторы  болып  табылатындығы 
белгілі.  Оған  кеткен  салымдардың  ҽлеуметтік  ҽрі  экономикалық  жағынан 
болашағы жарқын. 
1991жылдан  бастап  облыс  халқының  білім  деңгейі  ҿсіп,  1999  жылы  89 
пайызды қҧрады. 
Бір жағынан нақты деректер 90-шы жылдары білім беру саласында біршама 
жетістіктердің  болғанын  кҿрсетеді.  Атап  айтқанда  осы  мерзімде  халықтың  
жоғары  жҽне  орта  арнайы  білімі  бар  саны  арта  тҥскен.  Екінші  жағынан, 
бюджеттік  қаржыландырудың  тҿмендеуі  салдарынан  кейбір  мемлекеттік  білім 
беру мекемелері қысқарып, білім берудің жекеменшік тҥрлері  дамыды. 
Қазақстандағы  ҧласпалы  тҥрдегі  бюджетпен  қамтудың  азаюы  1991  -2002 
жылдарда  білім  беру  саласында  мемлекеттік  шығындардың  6,5  пайыздан  3,2 
пайызға    азайғанын  кҿрсетеді,  сонымен  қатар,  оқу  орындарының  материалдық-
техникалық базасының нашарлауына, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің 
ҽлеуметтік  мҽртебесінің  тҿмендеуіне,  мамандарды,  кадрларды  кҽсіби  деңгейде 
даярлаудың  сапасының  қҧлдырауына  ҽкеп  соқты.  Керісінше  дамыған  елдер 

267 
 
қатарына  қосылу  ҥшін  білім  берудің  барлық  деңгейіне  4  пайыздан  -  6  пайызға 
дейін шығын шығару керек болатын [9]. 
1995 жылдан бастап білім беру саласына бҿлінген қаражат оның алдындағы 
кезеңмен салыстырғанда едҽуір арттырылды.  
1991-1999  жылдар  аралығында  мектепке  дейінгі  мекемелер  саны  8,2  есе 
азайған. Егер 1991 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша олардың саны 640 
болса, 1995 жылы 408, 1999 жылы - 78 болған. Азаю кҿрсеткіші ҽсіресе 1999 жыл 
мен 2002 жыл аралығында байқалады [10].  
Бҧл  қҧбылысқа  себепкер  болған  білім  беру  саласын  қаржыландырудың 
азаюы,  сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  мекемелердің  кҽсіпорын  балансынан 
жергілікті  ҿкімет  қарамағына  берілуі,  білім  беру  қызметі  қҧнының  артуы 
себепкер болды. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кҽсіпорын мҽртебесіндегі 
мектепке  дейінгі  мекемелерді  қалдық  принципі  бойынша  қаржыландыру 
баланың  балабақшада  болған  сағатына  тҿлеудің  артуына  негіз  бола  отыра, 
мектепке дейінгі мекемені, ҽсіресе, оны ерекше қажет етіп отырған аз қамтылған 
отбасыларға,  сонымен  қатар  халықтың  ҽлеуметтік  жағынан  аз  қамтылған 
бҿлігіне  қол  жеткізуіне  қиындық  келтірді.  Бҧл  жағдай  ауылдық  жерлердегі 
халықтың жағдайын ауырлата тҥскендігі белгілі. 
Білім  беру  саласында  орта  білім  басты  орын  алады.  Ол  еліміздегі  ҥздіксіз 
білім  берудің  негізгі  деңгейі  болып  саналатындығы  белгілі.  Жалпы  алғанда 
Шығыс  Қазақстан  облысында  1991  жылдың  басында  913  мектеп  жҧмыс  істесе, 
2008  жылы  олардың  саны  1,2  есеге  азайды.  1990-шы  жылдары  елімізде 
мектептер, балабақшалар, басқа білім ошақтары  салынбады. «Оптимизациялау» 
атты  ҿте  тиімсіз  ҥдеріс  жҥріп  жатты,  ҽсіресе,  білім  беру  саласына  қатты  соққы 
болды. 
Жалпы білім беретін мектептер ішінде  ауыл мектептері басымырақ, олар 78 
пайызды  қҧрайды.  Ауыл  мектептер  желісі  кейбір  аудандарда  азайғандығын 
кҿрсетеді,  Бородулиха,  Аягҿз  аудандарында  олардың  саны  10  бірлікке,  басқа 
аудандарда  1-2  бірлікке  азайған,  1996  жылдан  бастап  Зайсан  ауданында  бҧл 
кҿрсеткіш  еш  ҿзгеріссіз  қалған  (30  бірлік).  Облыс  контингентінің  азаюына 
байланысты  аз  комплектілі  мектептер  саны  ҿсе  тҥсуде.  Оқушыларды  мектепке 
тасымалдау  ісі  облысымыздың  17  ауданында  жҥзеге  асырылып  келді.  Жалпы 
алғанда облысымызда 3  шақырым жерде  тҧрып оқитын  мектептер  саны  -137-ні 
қҧрады [10. 45 б.]. 
Білім беру саласында бастауыш жҽне орта кҽсіптік білім беру ерекше орын 
алады.  1991  жылы  облысымызда  28  кҽсіптік-техникалық  оқу  орны  орта  кҽсіби 
білім  мамандарын  даярлауды  енгізсе,  2003  жылы  олар  37  пайыз,  2008  жылы 
41пайызға жетті [11].  
Еліміздегі кҽсіптік білім берудің жоғары  деңгейі жоғары оқу орындары 
болып  табылады. 
Шығыс  Қазақстан  облысында  1991-1995  жылдарда  жоғары  оқу 
орындарының  саны  2  есеге  артқан.  Жоғары  білім  беру  жҥйесінің  эволюциясы 
мемлекеттік емес сектордың дамуымен де тығыз байланысты болды [12].  

268 
 
Мемлекеттік  емес  оқу  орындары  санының  артуы  білім  беру  қызметінің 
нарықтық  жағдайымен  тҥсіндіріледі,  яғни  бҧл  білім  беру  саласының 
қҧрылымдық  трансформациялануы  болып  табылады.  Бҧған  себепкер  болған 
нарықтық  қатынастарға  кҿшу  кезінде  шет  тілі,  қҧқық,  менеджмент,  қаржы 
саласындағы мамандар даярлау ісіне сҧраныстың арта тҥсуі. Осы сала бойынша 
білім  беру  мемлекеттік  емес  оқу  орындарының  кҿпшілігінің  басты 
мамандандыруы болып қала берді.  
Осылайша,  облысымыздың  ХХ  ғасырдың  90-жылдарындағы  дамуының 
ҽлеуметтік-экономикалық  кҿрсеткіштері  тҿмендеу  ҥдерісіне  икемді  болды.  Ішкі 
жалпы  ҿнім  ҿндіру  қҧлдырады,  ауылшаруашылық  жҽне  ҿнеркҽсіп  ҿнімдері 
азайды,  инвестиция  кҿлемі    қысқарып,  халықтың  кірісі  азайды,  медициналық 
қызмет  кҿрсету  мен  білім  беру  тҿмендеді.  Керісінше,  жҧмыссыздық  артып, 
кедейлік  ҿсе  бастады.  Осының  барлығы  жаппай  облыс  тҧрғындарын  едҽуір 
бҿлігінің  эмиграциялауына  ҽкелді,  туу  жҽне  ҿмір  сҥру  ҧзақтығының 
кҿрсеткіштері  азайды,  ҿлім  кҿбейді.  Жҧмыспен  қамтылғандар  саны  азайды. 
Зейнетақы  мен  жҽрдемақы,  білім  алу  мен  денсаулық  сақтау  саласындағы  
шығындар азайды.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 
1
 
ҚРҦМ  64-қ.,  1-т.,  164-іс,  2-б.  Статистический  бюллетень  «Основные 
показатели работы промышленности РК» за 1991 год. 
2
 
Штойк  Г.Г.  О  формировании  зоны  совместного  предпринимательства 
(материала  региональной  научно-практической  конференции).  –  Усть-
Каменогорск: СДИ, 1990.  
3
 
Басылым. Рудный Алтай газеті.- 1993, ақпан - 10. 
4
 
Басылым. Рудный Алтай газеті. -  1996, ақпан - 6. 
5
 
ШҚООМ 41-қ., 10-т., 5-іс., 3-б. // Доклад «Состояние экономики области 
1995 году. 
6
 
 Гайсина С. Устойчивость общества: социальные параметры, направления 
и этапы развития // Евразийское сообщество. - 2006.- №2. –С.72 – 81. 
7
 
Социально-экономическое  развитие  области  за  январь  2006  года  // 
Управление статистики ВКО. – Усть-Каменогорск, 2006. – 151 с. 
8
 
ШҚООМ  296-қ.,  2-т.,57-іс.,  5-б.  Информационный  вестник  аппарата 
акима  г.  Усть-Каменогорска  о  социально  -  экономическом  положении  г.  Усть-
Каменогорска за 1995 год. 
9
 
 ШҚООМ  41-қ.,  33-т.,  253-іс.,  4-б.  Аналитические  записки,  экспресс-
доклады, пресс-выпуски, экспресс-информациий отдела за 2001год(том-1). 
10
 
ШҚО  облыстық  статистика  басқармасының  мҧрағаты    «Динамические 
ряды  развития  здравоохранения  Восточного  Казахстана».  –  Усть-Каменогорск, 
2001. – 20 с. 
11
 
ШҚО білім беру басқарма мҧрағаты «Аналитическая справка».  – 2000. – 
45 б. 

269 
 
12
 
 ҚРОММ  2255-қ.,  1-т.,  187-іс.,  3-б.  Материально-техническая  и 
социальная  база  учебных  заведении  и  учреждении  Министерство  Народного 
образования Казахской ССР на 1991 г. 
 
ҼОЖ 347.23 
СЕИЛХАН М.К., РАМАЗАНОВА А.С. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен к., Қазақстан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет