Использованной литературы:
1.
Левашов В. К., Сарьян В. К. Цифровизация и безопасность: проблемы и решения //
Социальные новации и социальные науки. 2020. №1 (1). С. 37-46.
2.
Гайдамака Е.П. Использование российской онлайн-платформы «Учи.ру» в
деятельности учителя-предметника // Информация и образование:границы
коммуникаций. 2018. № 10. С. 62–63.
3.
Патаракин, Е.Д. «Сетевые сообщества и обучение». – М.: ПЕР СЭ, 2006.–112 с.
4 Положихина М. А. Влияние цифровизации на безопасность: от индивидуума до
социума // Социальные новации и социальные науки. 2020. №1 (1). С. 9-27.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖЕТЕКШІЛІГІ
Балтаева Жанна Сабыралиевна
№4 «Балдырған» бөбекжай- бақшасы
Ғылыми жетекші: Кадырова Айгуль Еркиновна
Аннотация.
Обсуждение путей диагностики и методического руководства
формирования элементарных математических представлений дошкольников. Дать
представление о том, будут ли предметы одним или несколькими по размеру, форме, цвету и
будут ли они расположены по-разному в пространстве. Дать представление о том, будут ли
предметы одним или несколькими по размеру, форме, цвету и будут ли они расположены по-
разному в пространстве.
Ключевые слова:
Числа, математические знания, объем предметов, множества.
Abstract.
Discussion of diagnostic methods and methodological guidance for the formation of
elementary mathematical representations of preschoolers. To give an idea of whether objects will be one
or more in size, shape, color and whether they will be located differently in space. To give the idea that
objects are one or more in size, shape, color and that they are arranged differently in space
Keywords
. Numbers, mathematical knowledge, volume of subjects, sets.
«Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен
айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны
дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже
деген ұғыммен егіз.
339
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ-тарауы 18-баптың 17-тармақшасында
«Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандары
бағытталған, мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де
алдымызда тұр» делінген. Балаларды алғашқы математикалық білім мен
іскерлікке оқытудың міндеті меңгеретін білімдер мен іскерліктердегі
байланыстарды өз бетімен қабілетін жалпы дамытудағы қамтамасыз ететіндердің
ішінен ең мәнділерін бөліп алу.Ал балабақшаға келген әр баланың математикалық
дайындық деңгейін тексеріп, біліп алған тәрбиеші, олардың әрқайсысы мен жеке
дара қарым-қатынас жасай отырып, олардың бәрінің де жетілуіне және жан-жақты
дамуына дұрыс ықпал жасайды.Өйткені осы бағытта жүргізілген жұмыстың
нәтижесі дайындық кезеңі материалының мазмұны және сәйкес іс-әрекетінің
түрін, оны ұйымдастырудың әдісін айқындауға көмектеседі. Осығанорай
жекелеген балалармен немесе топпен қарастырылуы тиістігін анықтайды. Сонда
ғана оқу процесі әр баланың өзіндік ерекшелігіне және дайындық деңгейіне
сәйкес келіп, нәтиженің де сапалы болу негізін қалайды.
Математиканың негізгі ұғымдарының бірі – шама туралы және мектепке
дейінгі мекемелерде қарастырылатын шамалар жайында көптеген ғалымдар,
педагогтар зерттеген болатын. Оларды атап өтсек: классик педагогтар:
Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева т.б; Ресей педагог -
ғалымдары: Б.Г.Ананьев, З.М.Богусловская, Л.Георгиев, Р.Л.Березина,
В.К.Котырло, т.б қазақстандық зерттеушілер мен әдіскерлер: М.С.Сәтімбекова,
Н.Құлжанова, Ф.Н.Жұмабекова, Б.Б.Баймұратова, Ә.С.Әмірова, С.Ғ.Бәтібаева,
Г.Е.Өтебаева, А.Қ.Әбілдаева т.б.
Сан туралы түсініктердің қалыптасуы жайында арифметиканы оқыту
әдістемесінің тарихында әртүрлі әдістер қарастырылды.Мысалы, кейбір
әдіскерлер сан туралы ұғым көрнекі материалға негізлелмей-ақ өзінен санаққа
үйрету нәтижесінде қалыптасады десе, кейбіреулері «Бірде бір сан жай
қабылдау арқылы танылмайды, сан туралы ұғым тек қана заттарды санай білу
арқылы түйсініледі». Неміс педагогы Лай «сандық ұғымдар заттардың
кеңістіктегі орны немесе уақыт бойынша бірізділігін ұғыну арқылы
қалыптасады». Заттардың кеңістіктегі орны мен оны көре отырып қабылдау
сандық ұғымның дамуына анағұрлым дұрыс әсер етеді.Сан туралы түсініктің
дамуын Лай өзінің баласына бақылау (1-6 жасқа дейін) жасауы бойынша
пайымдаған. «Бақылау мен тәжірибе» геометриялық түсініктердің қалыптаса
бастауын туындатады, ал одан жоғары түсініктер адам санасында өздігінен
құрастырылады.Сан туралы түсініктердің қалыптасуы жайлы өте қызық
бақылауларды К.Ф.Лебединцев жүргізген.Оның «Баланың ерте кездегі сан
туралы ұғымы» еңбегі 1923 жылы жазылды.Өзінің бір қызына екі жастан
бастап бақылау жүргізеді.Кейін екінші қызына бақылау жасады.Өзі көрген
дәлелдерге анализ жасады.Ол дәлелдер негізінен балалардың заттардың саны
туралы ұғымдары.Сол ұғымдармен ойнағанда, күнделікті өмірде кездестіреді.
Лебединцев балаларда сан туралы түсініктердің дамуын төмендегідей
көрсетеді:
340
Сандар туралы (1-5)түсініктері заттарды көру, түйсіну арқылы пайда болады;
Балалар санау білмесе де,1 мен 5 сандарын біледі;
Санау сан туралы ұғымдарын жүйеге келтіреді;
Кейінгі сан туралы ұғымдар санау барысында келеді.
Совет психологы Н.А.Менчинскаяның сан және санау туралы
түсінігі.Совет психологы
Н.А.Менчинская «Арифметиканы оқытудың
психологиясы» кітабында Лебединцнвтің концепwиясын сынға алды.Бұл кітап
1955 жылы жарық көрді. А.Менчинская Лебединцев сияқты сан туралы
ұғымның дамуын өз қызынан бақылау жасау арқылы бақылады. Сол кезде ол
мына бір жайтқа тап келді. Баланың «қанша?» деген сұрақтың әртүрлі
қабылдауы.Н.А.Менчиская ең соңында балалардың сандардың аты туралы
үлкендерден естіп қабылдауына мән береді.Дайындық курсын қоса алғанда,
барлық топта тәрбиеші балаларды санау әрекетіне үйретеді: педагог жиын, сан
жөнінде, натурал қатары түріндегі сандар системасы жөнінде, сандар
арасындағы өзара кері қатынастар жөнінде бастапқы элементар ұғымдарын
қалыптастырады; балалардың санау системесының негіздерін элементар түрде
түсінуге, заттардың топтарын санауға келтіреді; педагог балаларды бүтін және
оның бөліктерімен іс жүзінде таныстырады, яғни келешекте бүтін санды
түсінуге негіз қалайды.
Нақтылы жиындармен (заттармен, дыбыстармен, қимыл-қозғалыстармен)
әрқашан істес болатын санау іс-әрекетіне үйрету мектепке дейінгі оқытудың
басты міндеті болып табылады. Жиындармен әр түрлі операциялар жасауды
және санау іс-әрекетін, сондай-ақ сол кезде қалыптасатын ұғымдарды
балалардың игері алуы оларды іс-әрекеттің жаңа түріне-есептеу іс-әрекетіне
келтіруге мүмкіндік береді, бұл негізінен мектепте оқытылады. Алайда бұл іс-
әрекет болса балалардың даярлық тобында-ақ таныстырған жөн, бұл болса
балалардың мектепке арифметикалық материалды игеруге дайындығын тексеру
болып табылады. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды
балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-
әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді.
Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және
олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.
Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен
беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе
тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.
Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.
«Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп»,
«бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып жауап
беруге үйрету.
Көп заттың ішінен белгілі бір ерекшеліктеріне қарай заттарды іріктеп
алып топтастыру қабілетін дамыту.
Көп және оның құрамы арасындағы қатынастарды орнату іскерліктерін
жаттықтыру. Бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара
бірыңғай сәйкес екендігі туралы түсінік беру.
341
10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.
Көрнекі негізінде 10 санының пайда болуымен таныстыру.
10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Сөздік қорына математикалық атауларды енгізіп, «Қанша?», «Нешінші?»
сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.
10 көлеміндегі сандарды қасында тұрған сандармен салыстыруға,
теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу,
ал көп заттан бір затты шегеру арқылы («6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты
қосса, онда екеуі тең болады», «7 саны 6-дан артық, егер 7-ден - затты шегерсе,
онда екеуі тең болады») үйрету[40].
Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орыңдауға жаттықтыру.
Теңдік туралы ұғымдарын қалыптастыру. Топтағы әр түрлі заттардың тең
мөлшерін анықтау іскерліктеріне үйрету. Санау мен салыстыру арқылы санның
мағынасын дұрыс қорыту («Мұнда барлық ойыншыққа тең алты сәбіз, алты
қоян, алты тәрелке»).
Сан заттың көлеміне, ара қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау
бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру.
«Сан» термині жаңа математикалық сөз ретінде енгізіледі. Бірақта сан
шығу үшін заттарды немесе нәрселерді санаудың қажеттігі аңғартылады.
Осыған орай заттар мен мандарды сәйкстендіруге байланысты әр алуан
жаттығулар қарастырылады. Мысалы, балалар қолдарына алады да санау
шыбығын, екі дөңгелекті, үш үшбұрышты, төрт квадратты алады да санау
арқылы сәйкес заттардың 1,2,3,4 сандармен өрнектелетінін байқалады. Ал енді
заттардың басқа тобын алып та осындай сандарды шығарып алуға
болатындығы көрсетіледі. Демек, балалардың сан туралы игерген түсініктері
сандардың - заттарды немесе нәрселерді санаудың нәтижесін көрсететіндігі
болып табылады. Осы деңгей мектепке даярлық тобының балалары үшін
жеткілікті деп есептеледі. Натурал сандар қатарындағы 1-ден басқа санды оның
тікелей алдындағы санға бірді қосу арқылы (3-бұл 2 және тағы бір) және одан
тікелей кейін келетін саннан бірді шегеру арқылы (3 бұл біреуі кем төрт)
шығарып алуға болады. Сандардың жасалуы жаттығулардың көмегімен
айқындала түседі. Мәселен, бір-бірлеп қосу немесе шегеру-нәрселерді
иллюстрациялап көрсету арқылы сандарды оқып үйренгенде, тәрбиеші
балаларға 2 таяқша оларға жақындатып қоюды тапсырады. Сонда неше таяқша
болғанын және 3 таяқша қалайша шыққанын анықтайды, яғни 2+1=3.
Мектепке дейінгі балалар реттік сан есімдердің мәнін түсініп, ″қанша?″
және ″нешінші?″ деген сұрақтарға дұрыс жауап бере білуі қажет. Даярлық
тобында балаларды реттік есептеуге үйрету жөнінде үш сабақ өткізіп, оны
кейінгі сабақтарда қайталау ұсынылады. Сабақтардың құрылымы әр түрлі
болуы мүмкін. Мысалы, тәрбиеші үстелдің үстіне бес таяқшаны қатарластыра
қойып қызыл таяқшамен алмастыруды тапсырады. Тапсырманы орындай
отырып, балалар нешінші таяқшаны алмастырып жатқанын айту керек.
Бағдарламада сонда-ақ кейбір заттарды тең бөліктерге бөлуге болатыны
жөнінде түсініктер беру де қарастырылған: екіге, төртке бөлу. Мысалы, алманы
342
ортасынан, яғни әрқайсысы жарты деп аталатын екі бөлікке де бөлуге болады,
сондай-ақ төрт бөлікке бөлуге болады. Кейіннен балалар квадратты, шеңберді
бүктеп екіге, төртке бөліп оларды салыстыруға үйренуі керек. Балаларды
қызықтырып, берілген тапсырмаларды орындаудың жолдарын іздестіруге
ынталандыру үшін бірінші сабақта ойындық элементтердің көбірек болғаны жөн.
Дайындық топтарда сандарды оқу, жазу және салыстыруды оқытып
үйрету дайындық деп аталатын кезеңдегі балалардың игерген белгілі бір
деңгейдегі білім қорына негізделеді. Білімнің бұл қоры: заттардың оннан
аспайтын тобындағы заттарды реттік және есептік сандардың көмегімен
санау, соның нәтижесінде «Берілген топта неше сан бар?» және «Әр
затсанағанда несінші?» екенін анықтау, екі топтағы заттардың сандарын
салыстыру. Онда алдымен балалардың мектепке дейінгі тәбиесінде, яғни
жанұяда және балабақшада алған әр алуан мағлұматтарын жинақтау,
толықтыру және бір жүйеге келтіру керек болады. Сондықтан алғашқы күннен
бастап-ақ әр баланың математикалық дайындығының нақты деңгейін дәл
анықтап алуға ерекше көңіл бөлуге тура келеді.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке
басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені осы
кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық
қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.
Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс
әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына
қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл
міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың логикалық-
математикалық ойлауының толыққанды дамуын, қамтамасыз ететін негізгі
шарттардың жасалынуы.
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды
элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің маңызды рөлі артты.
Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау
деңгейіне байланысты.
Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқытудың басты міндеті –
тәрбиешінің білім беруі және мектеп жасына дейінгі балалардың білім алу
қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз. Өскелең заман әрбір баланың
жеке тұлға ретінде тәрбиелеуін қажет етуде. Сондықтан әрбір пәнді оқытқанда
балалардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |