314
-
(С) механиканы оқыту процесі нәтижелі болуы үшін, оқушылардың
логикалық санасы мен диалектикалық ойлауын дамыту мақсатында, әр түрлі
әдіс-тәсілдерді қолданамыз, оқу материалын негізінен эксперименттік және
көрнекілік түрде түсіндіреміз.
Халық педагогикасында адамдарға үйрету мен оларды тәрбиелеу ісінде
тыңдаттыру, жаттаттыру,көрсету, жұмыс істеттіру, өнерге және кәсіби
шеберліккебаулу сияқты әдістерді пайдаланып келгені байқалады.
Қай заманда болса да үйрету мен тәрбиелеу ісі екі адамның (үйретуші-
үйренуші,тәрбиелеуші-тәрбиеленуші) өзара бірлесіп атқаратын жұмысы
(еңбегі) болған. Бұл жұмысты процесті жүзеге асыратын жол, әдіс-тәсіл, амал-
айла, іс-әрекет грек сөзімен «метод»(әдіс) деп аталып кеткен, кейіннен оған
қосымша орыс тілінде «способ» (тәсіл)» прием» (амал), «путь»
(жол),»действие»(әсер) деген әр түрлі балама терминдер пайдаланылды.
Казіргі кезде оқыту әдісі (метод) деп білім беру мақсатына
жеткізерліктей мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін
түсінеміз. Қысқаша айтқанда, оқыту әдісі-білім берудің тәсілдері, ал ондай
тәсілдердің түрлі қаракет, жол, әсер ету, амалмен жүзеге асырылатынын
аңғарған жөн. Демек, «әдіс», «тәсіл», «амал», «жол», «әсер», «іс-әрекет» деген
термин-ұғымдарды мұғалім осындай өзара байланыста түсініп, қолдануы керек.
1-
сурет. Wordwall интерактивті сервисі
Достарыңызбен бөлісу: