Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет145/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Аубакирова Ж.К., Танирбергенова А.Ш. Психотехнология: Оқу-әдіс. құрал. 
2.
Студенттердің жеке дара мәселелеріне 
байланысты психологиялық кеңесті 
ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік нұсқаулық. Құраст. А.Ж. Хамит. 
3.
Иманғалиев Е., Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері, Астана, 2008 
4.
Ә.Қ.Алдамұратов. Жалпы психология.Алматы.2006 ж. 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ 
БІЛІМ БЕРУ 
Зарипбай Эльмира 
ІІ курс студенті 
Ғылыми жетекші Оспанбаева Айман Рахметиллаевна 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 
Аннотация: 
В статье представлены различные подходы к подготовке педагогов 
общеобразовательных школ к инклюзивному образованию. Раскрывается понятие 
«психологическая готовность педагогов к работе в условиях инклюзивного образования» как 
целенаправленный, творческий и непрерывный процесс развития профессиональной 
компетентности и показаны возможные результаты психологической подготовки 
специалистов. 
Ключевые слова: 
Ключевые слова: инклюзивное образование, психологическая 
готовность 
педагогов, 
профессиональная 
компетентность 
педагога, 
компоненты 
психологической готовности педагога. 
Abstract: 
The article presents various approaches to the preparation of teachers of secondary 
schools for inclusive education. The concept of "psychological readiness of teachers to work in 
inclusive education" as a purposeful, creative and continuous process of professional competence 
development is revealed and possible results of psychological training of specialists are shown. 
Keywords: 
Keywords: inclusive education, psychological readiness of teachers, professional 


434 
Инклюзивті білім беруге назар аударатын болсақ қазіргі таңда барлық 
әлемнің назарын аударып отырған өзекті мәселе деп айтсақта болады. 
Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын 
тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім 
берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге 
білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы 
жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. 
Инклюзивті білім беру – арнайы көмек беруді қажет ететін оқытып- 
үйретудің бір формасы. 
Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығының тең екенін басқа 
балалаомен құқығының тең екенін көрсету болып табылады, ерекше оқыту 
қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдайлар жасау идеологиясы жатыр. 
Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі 
шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық 
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды [1]. 
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, 
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. 
Инклюзивті білім беру – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу 
ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік туғызады. 
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқықтығын анықтайды және 
ұжыммен араласуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті 
оқыту 
– 
адамдармен 
қарым-қатынасына 
қажетті 
қабілеттілікті икемдеуге мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқытудың негізгі жолдары: 
-баланың құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабылетіне жеткен 
жетістіктерімен айқындалады. 
-әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті болып келеді. 
Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. 
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы 
құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке 
жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан- 
жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, 
ерекше қажеттілікті қажет ететін балалардың білім алуын қамтамасыз ететін 
жалпы білім үрдісі болып табылады [2];. 
Инклюзивті 
оқыту 
балаларды 
оқу 
үрдісіндегі 
қажеттіліктерін 
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. 
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді 
болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары жақсарады. Осы 
жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік 
білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, 
жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын 
кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу- 


435 
педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы 
білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. 
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім 
беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, 
инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын 
жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, 
сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке 
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады [3];. 
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 
90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы 
бағдарламаны толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі 
сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін 
балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей 
білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) 
арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік 
конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды. 
Инклюзивті білім берудің міндеттері мынадай: 
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. 
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және 
оқуға деген мұқтаждықтары болады. 
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды 
қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту. 
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды: 
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен 
жетістіктерімен анықталады. 
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
Барлық адам бір-біріне қажет. 
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
Әрбір бала үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай 
алатын әрекетін жүзеге асыру. 
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Инклюзивті білім беруге арналған бірнеше бағыттарымыз бар.Оларды 
жіктеп айтатын болсақ [4]; 
Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі 
шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы. 
Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар 
балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық 
ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету. 
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында 
тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, 
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату. 
Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру. 


436 
Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім 
алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, 
оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы. 
Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу. 
Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика 
қызметкерлерін даярлау; 
Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы 
балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау. 
Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара 
сабақтастықта жұмыс жасау. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу 
жүйесінің басымдылығын қолдау. 
Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының 
нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау. 
Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту 
үрдісінің мониторингін жасау. 
Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына 
кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын 
қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас 
қалыптастыру. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты 
факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді. 
Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі 
мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында 
білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде 
оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда 
тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар 
тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымға 
келетін мүмкіндігі шектеулі балаларғаарнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі 
шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып 
қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы. Объективті қиындықтар: 
материалдық техникалық базаның төмен болуы. 
Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей 
жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық 
құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі 
шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай 
жасау біздің міндетіміз. 
Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын 
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына 
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру 
жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа 
тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды 
толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ [5];. 
Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын 
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына 
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру 
мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір 
сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. 


437 
Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін 
ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның 
әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет