Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет147/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
«Педагогика» Мағжан Жұмабаев. 1992 ж. 20-40-бет. 
2.
«Педагогика» Н.В.Савин. 1971 ж. 27-47-бет. 
3.
«Халық педагогикасы». М.Дүйсенов. 1992 ж. 3-10-бет. 
4.
«Педагогика» Қоянбаев. 1999 ж. 30-50-бет. 
5.
«Қазақтың ұлттық ойындары». Е.Сағындықов. 1998 ж. 28-38-бет 


441 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҚТАРЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Иманжан Жанат 
IV курс студенті 
Ғылыми жетекші Оспанбаева Айман Рахметиллаевна 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 
 
Аннотация. 
В статье определены научно-теоретические основы формирования 
познавательных интересов учащихся на уроках естествознания. Также дифференцированы 
педагогические условия и принципы. На уроках естествознания в начальной школе показаны 
особенности развития учащихся с формированием познавательных интересов. 
Ключевые слова: 
Любопытство, познание, обучение, ценность, инновации 
Abstract. 
The article defines the scientific and theoretical foundations for the formation of 
cognitive interests of students in natural science lessons. Pedagogical conditions and principles are 
also differentiated. At the lessons of natural science in elementary school, the features of the 
development of students with the formation of cognitive interests are shown.. 
Keywords: 
Interest, cognition, learning, value, innovation 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына 
сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне 
ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы 
ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен 
шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының 
жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. 
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің 
мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. 
Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің 
қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім 
мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан 
жетілдіруді қарастырады. 
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, 
шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын 
қалыптастыра 
отырып, 
танымдық 
және 
рухани 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын 
қалыптастыруды көздейді. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке 
тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі 
өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді. 
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке 
тұлғаның танымдық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық 
іс-әрекеттегі 
шығармашылық 
қызығушылығына 
тікелей 
байланысты. 
Танымдық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын 
дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың 
барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты 
шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең 
дамуына мүмкіндік алады. 


442 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
танымдық 
қызығушылығын 
қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен бұл мәселенің мектептегі қазіргі 
жағдайымен қоғамдық сұраныс арасында бастауыш сынып оқушыларының 
дүниетану сабағында танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттігі мен 
бұл салада арнайы жасалған ғылыми - әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы 
арасында қайшылықтар бар екені байқалады. 
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру туралы мәселе тамырын 
тереңге жіберіп, көне заманнан бастау алады. Ал Ежелгі Рим философтарының 
түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық қызығушылығы 
айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі 
оқушылардың танымдық ізденімпаздығы туралы пікір ұлы чех педагогы 
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде, балалардың қызығушылықпен 
ойлануын жандандыратын оқыту әдістемесі айтарлықтай. 
Г.Ибраеваның еңбегінде педагогика ғылымының докторы, профессор 
оқушылардың білімге деген қызығуларын үш топқа бөліп қарастырады. 
-
Қызығудың анық емес түрі 
-
Кең тарапты қызығу 
-
Негізгі тұрақты қызығу 
Сонымен оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен балада білімге 
деген қызығушылықты туғызуға байланысты. Оның өзі оқуға талаптанбаса, 
күшпен зорлап оқытуға болмайды. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға 
берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу 
міндеттерін қойып және анықтап беру қажет. 
Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған 
білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді 
қозғайды. Танымдық іс-әрекетте коллективтік және жеке жұмыс формаларын 
бөліп қарайуға болады. Коллективтік сыныптан тыс танымдық іс - әрекетте 
балалар коллективі мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. 
Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В.С.Сухомлинский әр 
баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әр – қайсысы өзінше ақылды да 
дарынды деген болатын. 
Оқу оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің 
логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің 
звенолары танымдық іс - әрекетінің кезеңдері кіреді. 
таным міндеттерін жете түсіну; 
жаңа материалды қабылдау; 
ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі білімді, 
іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру; 
Қызығушылықты дамытуда өнер – білім рөлінің әрқашан жоғары екендігі 
туралы кезінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевта айтып өткен. 
Егер А.Байтұрсынов «балаларды қинамай, оңай оқыту керек. Қиналмай оқыса, 
оқуға балалар қызығушылықпен оқиды », - деп жазса, Ж.Аймауытов «оқытуда 
қызығусыз үлкен нәтижеге жетпейміз. Бойдағы ынтаны қызығуды қоздырып, 
кейбір нәрсеге ынтаны қолдан жасап еріксіз шақырамыз»-деп, оқушылардың 
ынтасын оятып, қызығушылығын қозғау керектігіне баса назар аударды. 


443 
Қызығушылық 
мәселесі 
Г.К.Байделдинова, 
А.О.Қараханова, 
С.А.Жолдасбекова, т.б. еңбектерінде де белгілі дәрежеде зерттелген [7, б.180]. 
Танымдық қызығушылық танымдық іс-әрекеттің әртүрлі саласын 
қамтиды. Ол қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың әртүрлі жақтары 
туралы хабарларды білуге байланысты кең, күрделі, тар сипатта болуы мүмкін. 
Әрине, әртүрлі 
іс-әрекет түрімен айналысқан адамның танымдық 
қызығушылығы кең болатыны айтпаса да түсінікті. 
Олай дейтініміз, бұл процестердің ешқайсысы өздігімен жеке қызығушылық 
тудыра алмайды. Эмоционалдық факторлардың болуы қызығушылық затын 
тартымды етеді, ал қызығушылықтың интеллектуалдық және еріктік сәттермен 
байланысты болуы оған танымдық бағыт береді. Осылайша қызығушылық жеке 
бастың болмысқа танымдық көзқарасын анықтайды. 
Бастауыш 
мектеп 
балаларының 
танымдық 
қызығушылығын 
қалыптастырудың мүмкіндіктері 
Оқушылардың танымдық қызығушылық саласында жарық көрген 
педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау жеке тұлғаның меңгерген білімі 
оқушылардың жалпы дамуының көрсеткіші бола алады деп тұжырым жасауға 
мүмкіндік береді. Мұндай пайымдамаға негіздер аз емес: 
танымдық қызығушылық негізгі іргелі іс - әрекетпен оқумен, танымдық іс 
- әрекетпен байланысты, өйткені олардың адамды дамытудағы ықпалы аса зор; 
танымдық қызығушылық адамның белсенділік, дербестілік сияқты жеке 
тұлғалық қасиеттерімен әрекеттестікте болады, өйткені оның ықпалында 
адамның өзі де дамиды және осы қасиеттердің дамуына да әсерін тигізеді; 
танымдық қызығушылық оқушының оқып - білу мақсатында таңдаған 
пәні мен іс-әрекеті мазмұнына деген көзқарасын айтарлықтай айқын көрсетеді. 
Бұл көріністен оқушының даму деңгейімен қатар, оның болашағы туралы да 
пікір айтуға болады. 
Зерттеушілердің көптеген бөлігі танымдық қызығушылықты іс - 
әрекеттің мотиві ретінде қарастырады. 
адамның қоршаған ортадағы құбылыстарды және обьектіні тану бағыты 
ретінде; 
жеке адамға қанағат әкелетін іс-әрекетпен айналусуға деген негізгі ой, 
мақсат, тырысу қажеттілік ретінде; 
жеке бастың белсенділігін талпындырушы ретінде, соның әсерінен 
адамның барлық психикалық процестері қарқынды өтеді, ал іс-әрекеті нәтижелі 
және қызықты болады 
ең соңында, қоршаған ортаға, оның құбылыстарға, процестерге ерекше 
таңдамалы 
қатынас 
ретінде 
қарастырады. 
Оқушылардың 
танымдық 
қызығушылығының тағдыры мұғалімдердің қолында екендігін көрсетеді. Ол 
оқу пәндеріне деген саралы көзқарас, ең алдымен мұғалімге, оның жеке басына 
және шеберлік дәрежесіне байланысты екендігін, сондай-ақ мына жәйттерді де 
ескеру қажет екендігін ескертеді: 
-
танымдық қызығушылық – жеке адамның ішкі процесі және ол 
танымдық процестердің (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойдау) дамуымен 
байланысты; 


444 
-
оқушыны оқытудың әртүрлі жақтары қызықтыруы мүмкін. 
Педагогикалық 
зерттеулерде 
танымдық 
қызығушылық 
мектеп 
оқушыларының жалпы дамуының өлшеуіші қызметін атқарады деген де 
пікірлер бар. Өйткені: 
-
танымдық қызығушылық оқыту және танымдық іс-әрекетпен тығыз 
байланысты, олардың адам дамуындағы әсер ықпалы зор; 
-
Танымдық қызығушылық жеке адамға тән белсенділік қасиетімен және 
дербес жұмыс істей білу қабілетімен байланысты. 
Оқу 
материалының 
түсініктілігі, 
мазмұндылығы, 
оқытуды 
ұйымдастырудағы тиімді тәсілдер, мұғалім мен рқушы арасындығы жылы 
көзқарас оқушылардың оқуға танымдық қызығушылығының қалыптасуына 
үлкен жәрдемін тигізеді. 
Танымдық қызығушылығы оқу әрекетінің себеп – салдары (мотив) 
ретінде ішкі ынтаға байланысты жеке тұлғаның қажеттілігінен туындайды. 
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. Әдіс-оқу-тәрбие 
жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен 
оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы 
мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері 
танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, 
жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе- оқушылардың 
танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз 
етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. 
Тәсіл оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін 
сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, 
ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. 
Оқыту тәсілдерінің түрлері: 

ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; 

мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; 

оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; 
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің 
жүзеге асуына көмектеседі. 
Оқыту әдістерінің басты қызметі оқыту, ынталандыру, дамыту, 
тәрбиелеу, ұйымдастыру. 
Оқыту құралдары білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, 
оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары. 
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз 
бойынша топтарға бөлу оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. 
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістеріні іріктеген. 
Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру 
әдісі, в) тәжірибелік әдіс. 
Балалар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған 
оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды. Танымдық 
қызығушылықтың қалыптасуы оқушының ой-санасын дамыта түсуге, меңгерген 
білімін өмірге үйлесімді пайдалануға, тиісті мәселені терең ұғынып «Тіл – адам 
жанының тілмашы» (М.Жұмабаев) екендігін мойындауға жол ашады; 


445 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет