Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет152/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата: главная ред. 
казах.сов. энциклопедии, 1984. – Т. 1. – С. 190-197. 
2.
Н.Бектемісов // Торғай таңы 1987 ж, 24.сәуір 
3.
Н. Мұқатов // Қостанай таңы 1997,- 19 қыркүйек 
4.
«Торғай өлкесінің географиясы» (құрастырылған жинақ) Қостанай, 2013ж. 
5.
Ж. Қ.Қосабаев. «Торғай-дуан» Алматы, 1995жыл 
6.
Шежірелі Торғай (құрастырмалы жинақ). Қостанай, «Шапақ»- 2008 жыл 


463 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Копесканова Әсел Жанболатқызы 
IV курс студенті 
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы. 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 
Ғылыми жетекшісі: Сманова Алуа Арыстанқызы PhD, доцент 
 
Аннотация. 
В статье рассматривается проблема развития познавательной активности 
младших школьников. В ней начальная школа выделяется как этап формирования, развития 
личности и сознания учащегося, нормализации познавательной активности. Познание учащихся- 
сложный психический процесс, имеющий характерную особенность. Существуют внешние и 
внутренние силы или причины, которые влияют на продуктивное обучение учащегося. 
Основная сила, которая заставляет учащегося двигаться вперед в обучении, заключается в 
столкновении с различными противоречиями и трудностями, решение которых, преодоление 
которых осуществляется в результате выполнения учебных задач. Рассказывается о значении 
учебной и обучающей деятельности в развитии познавательной активности. 
Ключевые слова
: начальный класс, ученик, познавательная деятельность, обучение, развитие. 
Abstract. 
The article discusses the problem of developing cognitive activity of Primary 
School students. In it, Primary School is distinguished as the main stage of formation, development 
of personality and consciousness of a student, as well as normalization of cognitive activity. 
Cognition of students is a complex mental process with a characteristic feature. There are external 
and internal forces or causes that affect the student's productive learning. The main force that causes 
the student to progress in learning is faced with various contradictions and difficulties, as a result of 
solving and overcoming which educational tasks are carried out.The importance of learning and 
learning activities in the development of cognitive activity is reported. 
Keywords: 
primary school, student, cognitive activity, learning, development. 
Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда білімді, құзыретті, шығармашыл 
және мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқан жеке тұлғаны қажет етеді. 
Білімді тұлға өзінің негізгі іс-әрекетін ақыл-ойға әрі алған білімді басқа таныс 
емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. 
Соңғы қабылданған құжаттарда білім беру ісінде бастауыш мектепте 
оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мәселелері қарастырылған. Қазақстан 
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында: «…баланың жеке басын бастапқы 
қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және танымдық 
белсенділігін дамыту» бастауыш мектептің негізгі міндеті ретінде айқындалған. 
Төменгі сатының (бастауыш білім беруде) өзінде оқу мен тәрбие оң уәжді 
қалыптастыруға және оқу іс-әрекетін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын 
үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі 
шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке 
гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарлануы белгіленген [1]. 
Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты – әрбір балаға тереңірек білім 
беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын 
қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – 


464 
әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып 
қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін танымдық 
белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, 
кәсіби сауаттылық, т.б. жеке тұлғалық қасиеттерін меңгерту болып саналады. 
Демек, бастауыш мектеп оқушының жеке басы мен санасын 
қалыптастырудың, дамытудың негізгі сондай ақ, танымдық белсенділігін 
қалыптсатырудың кезеңі ретінде ерекшеленеді. Оқушылардың танымы - өзіне 
тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер 
ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушының білім 
алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар 
мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері 
жүзеге асырылады [2]. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық ол 
педагогикалық міндет талаптарымен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі мен 
дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұған 
тағы да оқушының теориялық білімі мен практикалық бейімділігінің 
арасындағы шығармашылық ойлауы мен репродуктивтік ойлауы арасындағы 
қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы 
түрде көп күш жігер жұмсауын керек етеді. 
Қорыта келгенде, қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным – 
адам санасын дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны 
игеруге де үйренеді. 
«Таным» - философиялық ұғым: «...айналадағы материалдықтың адам 
санасында бейнеленуі». Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін 
болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, 
сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, 
біз оларды қабылдаймыз. Қабылдаған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы 
таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. 
Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды 
нақтылай түседі. 
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары 
мен айырмашылықтары жайында бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. 
«Таным... өмірлік қызмет барысында іске асады». 
Р.Қоянбаевтың «Қысқаша педагогикалық сөздік кітабында танымға 
былай деп түсінік берілген: «Таным» - объективті шындықты адамның ойында 
бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол 
заттардың пәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама қайшылықты процесс 
барысы ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың 
диалектикалық жолы: «Нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан 
тәжірибеге көшу» болып табылады. Таным үрдісінде ойлаудың түрлі тәсілдері 
пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция, индукция, абстрактіліктен 
нақтылыққа көтерілуі және т.б.)» [3]. 
Оқушылардың бойында кездесетін таным қабілеттері дегеніміз – білімді 
өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу 
әрекеті аса күрделі үрдіс. Ол оқушылардың сыртқы дүние туралы білімді 


465 
меңгеру ептілігі және дағды мен әдістерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге 
асырылады [4]. 
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға 
қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. 
Қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алып, оны нақты 
қабылдау барысында оқушылар әр түрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен 
затты не құбылысты көру әрекеті арқылы түрін, түсін, пішінін, көлемін 
анықтаса, ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және 
басқа да сапасын айқындайды, ал құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде 
ой қорытып заттарды салыстырып айырмашылығы мен ұқсастығын табу 
нәтижесінде оларды ғылыми ұғымның негізі қаланады. 
Оқыту – қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және 
мазмұны қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан тәрбие 
берудің басты құралы болып табылатын оқыту үрдісінде балалардың ғылыми 
дүниетанымын 
қалыптастыру, 
олардың 
рухани 
дамуын 
жетілдіру 
мұғалімдердің басты міндеттеріне кіреді. 
Демек, оқыту – таным үрдісі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, 
оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқытудағы міндет – оқушыны 
табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен қаруландыру. 
Баланың оқуы – жалпы адамның дүниетану үрдісінің өзгеше бір формасы. 
Дүниетану заңдары барлық адамдарға бірдей ортақ болады. Адамның дүниетану 
әрекеті бірыңғай, бір сатылы емес, диалектикалық сипатта болатындығын және 
оның белсенді әрекет екенін есте сақтау керек. Өйткені, оқушының таным әрекеті 
мұғалімнің басшылығымен іске асырылып отырады. Оқыту үрдісінде 
оқушылардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру - өте маңызды 
міндет. Ал оқыту қалай болса, солай жүрмейді, ұйымдасқан түрде жүзеге 
асырылады. Сондықтан оқыту мазмұнының өзіне тән әдістері, ұйымдастыру 
формалары мен нәтижесі болады. Ол оқушыларға білім беру мен дағдыны 
көздейді. Оқушы білім алу үшін оқу үрдісінде өзінің танымдық қабілетін 
арттырады. Кейбір зерттеулерде оқуға анықтама бергенде, оны оқушының ойлау 
әрекетін басқару деп қарайды. Мұндай анықтама дұрыс та сияқты, бірақ 
оқушының танымдық әрекеттері ішінде ойлау жетекші роль атқарады [5]. 
Дегенмен, бұл көзқарас толықтыруды қажет етеді. Өйткені оқушының 
танымдық әрекеті тек ойлаумен ғана шектелмейді. Оқыту баладан ойлау 
әрекетімен қатар басқа да психикалық үрдістерді: сезімдер мен эмоцияларын, 
мотивтер мен қызығуларын, жігері мен қабілеттерін, т.б. бастың қасиеттерін 
керек етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет