Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет154/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы. [ 1, 25б ] 
2.
Ақылдың кені /Ұлағатты сөздер/-Алматы, 2008 жыл. [2,17б ] 
3.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары. - Алматы, 2007 жыл. [3,31б ] 
4.Аймаханова. Қ., Аманова Ф., Әбубакирова А. [4, 11б ] 


472 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ 
САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТЫ 
Қонысбаев Қанат Болатович 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Болат Бекзат Қанатұлы 
Дене тәрбие және спорт мамандығының 4 курс студенті 
 
Аннотация. 
Технологии здравоохранения, личностно-ориентированная педагогика и 
др. позиции и особенности соответствуют образовательным системам 
Ключевые слова: 
Технология здравоохранения, личность, направление, педагогика, 
образование, системы, принципы, особенности, значение. 
Abstract. 
Health care technologies, personality-oriented pedagogy, etc. positions and 
features correspond to the educational system 
Keywords: 
Health technology, personality, direction, pedagogy, education, system, 
principle, special features, value. 
Денсаулық сақтау педагогикасы барлық басқа педагогикалық жүйелер 
мен әдістемелерге балама бола алмайды. Оның басқа педагогикалық жүйелер 
мен бағыттардан айырмашылығы – оқушы мен мұғалімнің денсаулығына 
қамқорлықтың басымдылығын жүзеге асыруы. 
Денсаулық сақтау технологиясы, тұлғалыққа бағытталған педагогика 
және де т.б. білім беру жүйелерімен ұстанымдары мен ерекшеліктері мәндес 
болып келеді Оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау, қажудың алдын 
алу мен зорығуды болдырмау үшін, олардың еңбегі мен демалысын дұрыс 
ұйымдастыру арқылы шешу денсаулық сақтау педагогикасының негізгі міндеті 
болып табылады. Ол үшін мектеп өмірінің негізгі жағдайларын ескеру қажет: 
сабақтың ұзақтығы, оқу күні мен аптасының ұзақтығы, сабақтың 
ұйымдастырылуы, сабақ кестесі, үзілістер. 
Жұмыс қабілеттілік динамикасы сызығына жүргізілген арнайы зерттеулер 
сабақтың 45-тан ұзақ болуының қажет еместігін көрсетеді. Бірақ бастауыш 
сынып оқушылары үшін, әсіресе 1-сыныпқа 45 минуттық сабақ ұзақтығы ауыр 
соғады. Жұмыс қабілеттілік сызығы сабақтың 35 минутына дейін балалар 
жұмысының жылдамдығы мен нақтылығы бірқалыпты, ал соңғы 10 минутта 
күрт 
төмендейтінін 
көрсетеді. 
Бұл 
адам 
миының 
сұр 
бөлігінің 
шаршайтындығын түсіндіреді. 
Педагогикалық бақылаулар сабақтың соңғы 10 минутында балалардың 
жартысынан көбі мұғалімді тыңдамайтындығы мен басқа шаруамен айналыса 
бастайтынын байқаған. Сабақтың ұзақтығы 35 минутқа қысқарту орталық жүйке 
жүйесінің функционалдық жағдайын жақсартады және оқушының жоғары жұмыс 
қабілеттілігін оқу күні барысында сақталуына мүмкіндік береді [1]. 
Мектеп ұжымның келісімімен бастауыш сыныптардағы сабақ ұзақтығын 
(әсіресе 1 - сыныптарда) 35 минут жасауға құқығы бар. Бірақ көп жағдайда 
мектеп ұйымдастыру қиыншылықтарына байланысты бұл құқықты пайдалана 
бермейді. Бала денсаулығын сақтауды ойластырған мектеп үшін бұл 


473 
шешілмейтін мәселе емес. Мысалы, 1 сыныптағыларды мектепке бейімдеу 
мақсатында алғашқы 2 айда (қыркүйек - қазан) 3 сабақтан 30 минуттық 
ұзақтықпен, ал қарашада 4 сабақ 30 минуттан, желтоқсаннан бастап 4 сабақ 35 
минуттан етіп біртіндеп ұзақтығы мен жүктемесін ұлғайту керек. 
Оқушының сабақ үлгерімі мен денсаулығының оң нәтижелері оқу үрдісін 
ұйымдастыруда биологиялық ритмін ескерілу қажет екендігін көрсетті. Күннің 
бірінші жартысында сабақ ұзақтығы 45 минуттан 35 минутқа төмендеуі (жұмыс 
қабілеттіліктің төмендеуіне байланысты) қажет. Ал күннің екінші жартысында 
(2 - кезекпен оқытылатын мектептерде) алғашқы сабақ 30 минуттан, соңғы 
сабақтарды 45 минуттық етіп қоюға болады. Оқуды 6 жастан бастаған балалар 
үшін қысқартылған (30 - 35 минуттық) сабақтар аса қажет. 
Соңғы жылдары көптеген мектептерде 5 күндік оқуға көшулеріне 
байланысты бір күнде оқылатын сабақтар саны көбейген, ал сабақ ұзақтығы 40 
минуттан болды. Бұл дұрыс шешім, бірақ бастауыш сынып оқушылар үшін, 
әсіресе 1 - сыныптар үшін 40 минут өте ұзақ [2]. 
Бәрімізге белгілі 1- сынып балалары балабақшадан мектепке бейімделетін 
өтпелі уақытты кешеді, маңыздысы оның аса күрт болып, балаға ауыр соқпау 
керек.Оның үстіне балалар бақшаның дайындық топтарында 2-3 сабақты 
25 минуттық ұзақтықпен оқиды. Арада бірнеше ай ғана айырмашылықпен 
бірден 4 сабақпен 35, кейбір жағдайда 45 минуттық сабақ үлкен ауыртпалық 
болып есептеледі. Бұндай оқу күні 1-сынып оқушылары үшін әсіресе алғашқы 
уақытта қиын соғады. Зерттеулерге сүйенсек, 30-35 минуттық сабақтың өзінде 
оқушылар қажетті деңгейді меңгереді, ал 45 минуттық төрт сабақ (әсіресе 
І жартыжылдықта) 6 жасарларға ғана емес, 7 жасар балалар үшін де ауырлық 
жасайды. 
Сондай-ақ, 1-сыныптар үшін төрт сабақ өте тиімсіз. Мысалы, олардың 
4-ші сабақтағы жұмыс жылдамдығы 1-сабақпен салыстырғанда 1,6 есе, 
жұмыстың орындалу нақтылығы 2,6 есе төмен. Оның үстіне 1-3 сабақтарда 
оқушылардың жұмыс қабілеттілігі біртіндеп түссе, 4-ші сабақта күрт, секірмелі 
төмендеу байқалады. Бұл «секіру» критикалық нүкте ретінде физиологиялық 
мақсаттылық пен мүмкіндік шегін көрсетеді. Бұл әсіресе апта соңындағы 
4 сабақта айқын байқалады. 
Демек қазіргі міндет аз уақыт ішінде көлемді оқу материалын игерту 
қажет. Бұл міндетті шешудің бірнеше бағыттары бар. 
Біріншіден, адамның қордағы мүмкіндіктерін белсендіретін оқытудың 
жаңа құралдары мен әдістерін жасау. 
Екіншіден, мектептің оқу уақытын ұзарту, ол жылдың соған сәкес күндік 
жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 
Үшіншіден, мектептің кәсіби бағыты бойынша арнайы бағдарламалармен 
оқыту, яғни мамандығына қажетті пәндерді ғана оқыту арқылы, сабақ 
жүктемесін азайту. 
Сонда оқу сағатының санын көбейту арқылы көп мәлімет білдіреміз деу 
бала денсаулығына физиологиялық сәйкес келмейді және тиімсіз. 


474 
Ал оқытудың жаңа құралдары мен әдістеріне келетін болсақ, олардың 
салауатты болуы шарт, яғни оқушы денсаулығына зияны болмауы керек. 
Бүгінгі күні педагогикада дамыту және оқыту технологиялары көп, бірақ 
олардың барлығы салауаттылық мақсатты ұстана бермейді. Мысалы, 
В.Н.Зайцевтің технологиясы төменгі сынып оқушыларының жалпы оқу 
біліктерін жоғары нәтижеге жеткізуге бағытталған[3]. 
Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің мақсаты - тұлғалық жан-жақты 
үйлесімді дамуы, т.б.Практикада бір-біріне кедергі келтірмейтін, керісінше 
бірін-бірі толықтыратын, жетілдіретін бірнеше оқыту технологиялары бар. 
Олардың ішінде қазіргі мектептерде жиі кездесетін - дәстүрлі және дамыта 
оқыту технологиялары бар.Ал дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы 
бірлесе отырып оқып үйренеді, бұндай оқыту өз кезегінде оқушы дамуын 
қамтамасыз етеді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтардың дамыта оқыту 
технологиясы, дәстүрлі оқытуға қарағанда, денсаулық сақтау педагогикасы 
принциптеріне жауап береді. 
Сондай-ақ, ойын технологиялары арнайы ұйымдастырылған жағдайда
белгілі ережелерге сай іс-әрекеттерге сүйеніп, оқушының жасына сай әрекеттік 
негіздегі жолдар мен құралдар арқылы оқу әрекетіне ауысады. 
Оқушының мектепке келгендегі оқуға деген қызығушылығын пайдалана 
отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың маңызы зор, себебі бала қызыққан 
нәрсесін тез игереді. 
Оқу әрекеті дұрыс ұйымдастырылғанда ғана (мектептің сабақ режимі қатаң 
сақталғанда, сабақ кестесіндегі пәндерді баланың жұмыс қабілеттілігін ескере 
отырып ретпен қойғанда, көрнекі құралдарды қолдану, гигиеналық талаптарды 
орындау, жағымды эмоциялық дем беру, т.б.) денсаулық сақтау педагогикасының 
міндеттерінің бірі - оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау мен қажуын 
болдырмауды шешуге болады. Қазіргі мектеп оқушылардан арнайы білім мен 
біліктерді ғана емес, аналитикалық-синтетикалық күрделі ақыл-ой әрекетін талап 
етеді, ол өз кезегінде үлкен жұмыс қабілеттілікті қажет етеді. 
Ал ақыл-ой қабілеттілік деп баланың өнімді және ұзақ уақыт белгілі бір 
ақыл-ой әрекетін өз жасына лайықты жүйке-физиологиялық аз шығынмен 
орындай алу қабілеті. Ол мектепте табысты оқытудың негізгі маңызды шарты. 
Бастауыш сынып оқушыларында ақыл-ой қабілеттілік жоғары шегіне көтеріле 
алады, әсіресе ол инновациялық бағдарламаларды оқыту кезінде байқалады. 
Бірақ бұл барлық балаларға тән емес. Практика жүзінде байқағанымыздай, 
әсіресе бастауыш сынып оқушыларында қажу тез болады, осыдан келіп 
үлгермеушілік туады. Сондай-ақ төменгі сынып оқушыларының ақыл-ой 
қабілеттілігіне олардың физикалық дамуы мен денсаулық жағдайы әсер етеді. 
6 жастан мектепке келгендердің 39%-да құжаттағы жастан биологиялық 
жасының кешігуі байқалады. Баланың 6-7 жасқа келгені, оның мектепке 
психологиялық жетілгендігі мен дайындығын көрсетпейді. 
Керісінше бұл кезеңде балалардың дамуының ауытқулары мен денсаулық 
жағдайлары 
бақылау 
жасауды 
талап 
етеді. 
Балалардың 
90%-ның 
жұмысқабілеттілігі төмен болуы себепті сабақта пассив болады. Олардың оқуға 
деген қызығушылығы төмен, ақыл-ойды жұмсауды қажет ететін тапсырмаларға 
селқос болады[4]. 


475 
Оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеру үшін бастауыш сынып 
оқушыларының сабағын ұйымдастыру жағдайын үнемі өзгерту, сабаққа сергіту 
минуттарын енгізу, оқу материалдарын игеруді ойын түрінде өткізіп отыру 
қажет. Мазмұны әртүрлі қозғалыс ойындары арқылы, физикалық жаттығулар 
арқылы баланың биологиялық табиғатына әсер етіп, оның денсаулығын 
шынықтыруға, физикалық жетілдіруге болады. Дамуы кешеуілдеген 
балалармен күнделікті жеке жұмыс жасау арқылы, олардың ақыл-ой 
қабілеттілігін көтеруге болады. Жұмыс қабілеттіліктің бір күндегі 
динамикасына қарайтын болсақ 2 типті: І тип 800-1200 сағаттың арасы, ІІ тип 
1600-1800 сағат арасында жоғары жұмысқабілеттілікті көрсететіндігін байқауға 
болады. 
Осыған орай сағат 1200 –ден соң жұмыс қабілеттілік төмендейді. Оның 
үстіне балалардың жұмыс қабілеттілігі бір деңгейде тұрмайды, ең оптималды 
уақыт 9 – ден 12-нің арасы болады. Бір сабақ барысының өзінде ол әртүрлі 
болып тұрады. 
Адамның жұмысты бастауға кірісу кезі ену фазасы деп аталады. Бұл кезде 
жұмыс қабілеттілік төмен болып, біртіндеп көтеріле бастайды. Ересектерге 
қарағанда балаларда ену фазасы қысқа болады, ол олардың жүйке жүйесінің 
функционалдық қызметінің тез қозуымен түсіндіріледі. 80% балаларда ол 2-7 
минутқа созылады. Одан соң жұмысқабілеттілік бір қалыпты деңгейде болады 
да, 20 минуттан соң төмендей бастайды. Сондықтан сабақтың алғашқы 7 
минутынан соң, жаңа материалды игерту жұмыстары жүргізілу қажет. Кейбір 
мәліметтер бойынша (М.В.Антропова) бастауыш сынып оқушыларының 
белсенді зейінділік көрсететін уақыты 15-17 минут деп анықталады. Сол 
себепті 6 жасар балалар 15-20 минуттан соң, 7 жастағылар 20-25 минуттан соң 
әр нәрсеге алаңдап, олардың зейіні төмендейді. Сабақтың соңғы 5-10 минуты 
педагогикалық өнімділігі төмен уақыт, сол себепті «соңғы секіру» деп аталады. 
Осыған байланысты оқушылардың оқу белсенділіктерін ескеру қажеттілігі 
туралы көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап кетеді. 
Бір күндегі жұмысқабілеттілік динамикасына талдау жасайтын болсақ, 
1-ші сабақ аса өнімді болмайды. Себебі ол ену фазасына түседі, ал 2-3 сабақтар 
оптималды жұмыс қабілеттілік кезеңге келеді, сондықтан оқушылар өте өнімді 
жұмыс жасайды. 4-сабақ жұмыс қабілеттіліктің төмендеген кезеңіне тап 
болады, сондықтан өнімсіз болады. Ал оқу күні мен аптасындағы жұмысқа 
қабілеттілік сабақ кестесінің түзілуіне қойылатын физиологиялық-гигиеналық 
талаптарға байланысты. Сабақ кестесін құру кезінде пәндердің меңгеру деңгейі 
қиындығы ескерілу қажет. Пәндердің қиындық шкаласын пайдалана отырып 
деңгейлеу қажет. 
Жұмыс қабілеттіліктің ең төменгі көрсеткіші дүйсенбі күні байқалған, 
сондықтан дүйсенбі және сенбі күндері оңай сабақтар қойылу қажет. 
Оқушының жұмыс қабілеттілігі бір күн ішінде ғана өзгеріске түспейді, апта 
күндерінде де өзгерісі болады. 6 жасынан оқуға келгендердің апталық 
динамикасы оқу пәндерінен қиындығына байланысты. 


476 
Жоғары сынып оқушыларына қарағанда бастауыш сынып оқушылары 
апта ортасында жеңілдетілген күн тәртібін сұранады, олардың жұмыс 
қабілеттілігі төмендеп, көңіл-күйлері бұзылады.Жоғары жұмыс қабілеттілікті 
сақтау үшін сабақтың ұзақтығы мен оқушы әрекетінің әртүрлі болуына назар 
аудару қажет. Сабақ қаншалықты біртекті, монотонно өтсе, соғұрлым балалар 
тез қажиды. Әсіресе бұл бастауыш сынып оқушыларына тән. Бұдан басқа, 
бастауыш сынып оқушыларына бірінші сигнал жүйесі арқылы оқыту, яғни 
көрнекілік арқылы оқытуды қолдану қажет. Оқушының оптималды жұмыс 
қабілетінің ұзақтығын көрсету үшін сабақты мұғалімнің монологы түрінде 
емес, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолданып, оқушымен 
мұғалімнің сұхбаты түрінде өткізу керек. Сабақ барысында әрекеттің бір 
түрінен, екінші түріне көшіп отыру оқушылардың қажуын ұмыттырады. 
Сабақ кестесін түзу кезінде оқушының күн және аптадағы жұмыс 
қабілеттілік динамикасын ескере отырып, жұмыс қабілеттілік жоғары болатын 
сағаттар мен күндерге қиын пәндерді, ал төмендейтін сағат пен күндерде оңай 
пәндерді қою керек. Әрине, қиын-жеңіл екендігі оқушының қабілеті мен 
икемділігіне, оның пәнді қалай эмоционалды қабылдайтынына да байланысты. 
Сондай-ақ, пәннің қиын-жеңілдігі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне де баланысты. 
Сонда пәннің қиын - жеңілдігі туралы пікір субъективті болып шығады [5]. 
Дегенмен көптеген зерттеулерде пәннің қиындық деңгейлері анықталған. 
Бастауыш мектепте оқу мен жазу сабақтары арифметикаға қарағанда қиын 
екендігін көрсетті, ол оқушылардан белгілі бір дағдының қалыптасу қажеттігін 
көрсетеді. Ең жеңіл сабақтарға дене шынықтыру, еңбек, бейнелеу өнері, музыка 
сабақтары екендігі анықталған. 
Егерде оқушының еңбегі мен демалысы ауысып отырса, қандай болса да 
әрекеттердің өнімділігі жоғары болады. Демалыс ретінде сабақ арасында 
үзілістер қойылған. Олардың ұзақтығы мен дұрыс ұйымдастырылуы арқылы 
оқушылардың жұмысқабілеттілігін сақтап қалуға болады. 
Демалыстың 2 фазасы белгілі: а/ жоғалған жұмыс қабілеттілікті толтыру, 
б/ толтырылғанды бекіту. Бұл фазаны жүзеге асыру үшін оқушының 
шаршауына байланысты уақыт берілу қажет. Физиолог, медик, гигиена қызметі 
мамандары анықтағандай 45 минут сабақтан соң 10 минут жеткілікті. Осыған 
орай үзілістің 10 минуттан кем болмауы қадағалану қажет. Көптеген 
мектептерде бұл да ескерілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет