Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет168/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999. 
2.
ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы 
бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002. 
3.
ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.. 
4.
Сайпин М. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. – Алматы, 
«Мектеп», 1984. 


521 
5.
Начальная 
однокомплектная 
школа 
(математика, 
трудовое 
обучение, 
изобразительное искусство, музыка, физкультура). – М., «Просвещение», 1980. 
6.
Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру (мұғалімге 
арналған әдістемелік құрал). – А., «Мектеп», 1974 
ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТИІМДІ 
ӘДІС – ТӘСІЛДЕР 
Оралбаева Салтанат Усербаевна 
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 
арнайы пән оқытушысы 
Ибраева Жасмин Ахметжановна 
4 курс студенті 
Аннотация. 
Если мы говорим, что творчество характеризуется созданием чего-то нового, 
то творчеством можно назвать не повторение или копирование чего-то уже известного, а 
нахождение в уже известных, знакомых вещах чего-то особенного, создание их по-новому, 
нахождение их особые свойства можно назвать явлением, характерным для творчества. 
Ключевые слова: 
Творчество, новое, свежее, известное, повторение, уникальность, по- 
новому, особые качества, явление. 
Abstract. 
If we say that creativity is characterized by the creation of something new, then 
creativity can be called not the repetition or copying of something already known, but the finding of 
something special in already known, familiar things, their creation in a new way, finding their 
special properties can be called a phenomenon characteristic of creativity. 
Keywords: 
Creativity, new, fresh, known, repetition, uniqueness, in a new way, special 
qualities, phenomenon 
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» 
дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол 
жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық 
қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын 
іс-әрекет»,-деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С.Выготский 
«шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған». 
Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің 
түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық 
барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым 
жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған 
жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. 
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. 
Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі 
жинақталған 
тәжірибесін 
меңгерсе 
екіншіден, 
кез 
келген 
оқушы 
шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін 
дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы- ол 
баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған 
жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе 


522 
барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық 
қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, 
оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, 
қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, 
диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей 
қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі 
болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы 
дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің 
«қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты 
тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені 
нәтижелі ететіні нақтыланды.Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны 
жан – жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп 
қалыптастыратын дамуға апару[1] 
Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп дайындалып берген 
білімді, дағдарды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық 
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен 
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың 
шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. 
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру 
кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, 
шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады. 
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді 
жатқызуға болады : 
1.
Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. 
2.
Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру. 
3.
Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік 
тұрғыда жүйелі түрде орындату. 
4.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар 
мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу. 
5.
Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен 
өткізу. 
Шығармашылық қабілеттерді дамытуды бастамас бұрын ең алдымен 
“қабілет” ұғымының мәнін терең түсініп алу қажет. 
Қабілет: 
-
білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері. 
-
талаптарды қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін 
адамның қасиеттерінің синтезін айтады. 
-
іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін 
адамның жеке қасиеті. 
-
жеке адамның психологиялық айырмашылығы. 
-білім-білік жиынтығы, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, 
шығармашылық. 
Қабілеттер түрлері сан қырлы. негізгі 3 топқа бөлейік. 
1.
Психологиялық қабілеттер; 
2.
Ақыл-ой қабілеті; 


523 
3.
Физиологиялық қабілеттер. 
Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді. 
-репродуктивті- іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу 
деңгейі; 
-шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. 
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде: 
мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті; 
ақпаратты жүйке жүйесі арқылы хабарлауды; 
тасымалдай білуді; 
ақылдың икемділігі, ойдың орамдылығын; 
әрекетті бағалай білуді қарастырады. 
Шығармашылық 
туралы 
айтылған 
ойлар 
мен 
жасалған 
тұжырымдамаларды талдай отырып, ол төмендегідей ерекшеліктермен 
сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды жасаймыз: 
шығармашылықта қарама-қайшылықтардың болуы; 
әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы; 
шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы; 
нәтиженің жаңалығы, сонылығы. 
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан – жақты дамыған, шығармашыл 
жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жаңалыққа деген 
қызығушылық–басты ішкі талпыныс болып табылады. 
Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген 
қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл – ойын, ішкі 
күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың 
арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда қозғаушы күш 
және жан – жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін[2] 
Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір 
жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі 
қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет 
оқушыны өзіне тарта, баули түседі. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – 
дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін 
кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі 
күннің талабы[2]. 
Шығармашылық бұл шынай өмірде баланың өзін - өзі тануы. 
Жалпы білім беру үрдісінде: 
-жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып оқыту үрдісін 
демократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынастар қалыптастыру, 
сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз 
ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық 
қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту. 
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде : 
-
мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті; 
-
ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығы; 
-
әрекетті бағалай білуді қарастырады; 
Адам әрекеті : 


524 
-
шығармашылқтардағы қарама – қайшылықтардың болуы; 
-
әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы; 
-
шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы; 
-
шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы; 
-
нәтиженің жаңалығы 
Шығармашылық тапсырмалар орындауда шағын топтармен жұмыс жасау 
–бұл ең әйгілі стратегиялардың бірі, өйткені ол оқушылардың жұмысқа 
қатысуына, ынтымақтастық дағдысын тәжірибеден өткізуде, тұлға аралық өзара 
қарым–қатынаста (белсенді тыңдау, жалпы пікір қалыптастыру, түрлі 
көзқарастың шығуына рұқсат беру, өзгені тыңдап, өзін тыңдата білу) зор 
мүмкіндіктер береді. Шағын топта қандай дағдыларды меңгеру керектігін 
сезінуге мүмкіндік беріңіз. Егер топ құрамын тұрақты сақтаса, онда оқушылар 
арасындағы ролді ауыстырып тұруға болады. 
«Шағын топтардағы жұмыс» тәсілін пайдалану арқылы тапсырмаларды 
орында 
-
тапсырманың әр кезеңін орындауға қанша уақыт бергеніңізді жариялаңыз. 
-
оқушыларды шағын топтарға бөліп, қажет мысалдарды, мәліметті 
таратыңыз, содан кейін тапсырманы орындауға кірісуін сұраңыз. 
-
бір топтан екінші топқа жылжып отырыңыз және оқушыларға топтағы 
жұмыс ережесін орындауға көмектесіңіз. 
-
топтағы жұмысты аяқтаған соң, тапсырманы орындаудың нәтижесі 
жөнінде баяндау үшін топ өкілдеріне сөз беріңіз. 
Оқушының 
шығармашылық 
қабілеті 
практикалық 
әрекеттері, 
ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа 
технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға 
ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас 
қалыптасады[3] 
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: «Сәтсіздікке ұшыраймын, 
қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші - өзіне тым риза 
болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. 
Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу: 
-
оқушылардың шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, 
үйде қолайлы жағдай жасау; 
-
шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптасытрып 
отыру. 
Оқушыларды 
шығармашылық 
жұмысқа 
баулып, 
олардың 
белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық 
қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс – 
тәсілдерді қолдануға болады. 
Олар мынадай : 
-
тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта 
пікірталас тудыру; 
-
логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу; 
-берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есетер 
құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құрау) 


525 
-
әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу; 
-
қиялдау арқылы сурет салғызу; 
-
ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау); 
-
мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау. 
Осындай жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы 
оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады. 
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең 
алдымен олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың мәні зор. Ал сол 
шығармашылық қабілеттерді дамытудың көптеген әдістері мен тәсілдері бар. 
Бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін 
шартты түрде төмендегідей топтастыруға болады: 
1.
Жаңалықпен бетпе-бет келу. 
2.
Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық. 
3.
Шешімнің жарық көруі. 
4.
Шығармашылық акт. 
5.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалық 
қасиеттер қалыптасып жатады. 
Бастауыш сыныпта көп берілмейтін шығармашылыққа үйрету 
жұмысының бірі-өлең жазғызуға баулу. Бұл жұмысты 1-ші сыныпта әліппеден 
кейінгі кезеңнен-ақ бастаған жөн. Ол үшін оқушыларға ең алдымен ұйқас 
сөздің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. 
Сонан кеійн ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген 
жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. 
Мысалы: 
1)
у-у-у сыныпта жақсы оқу. 
2)
– ға,-ға,-ға бардым ауылға. 
3)
Ауылға барамын, Төлдерді табамын. 
Осы тәртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түседі. 
4)
өлеңнің бірінші жолын беріп, қалған 2-ші,3-ші,4-ші жолдарын 
ұйқастарды ескере отырып, балалардың өздеріне жалғастыру ұсынылады. 
Әрине, бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде 
және жиі қолданып отырған жөн. 2,3,4 сыныптарда оқушылар өлең шығаруға 
төселіп алады. Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің тағы бір жолы- 
әңгіме, ертегілер жазғызу. Бұл жұмысты төмендегідей бастаған жөн. Сынып 
оқушыларына қағаз таратылып беріледі. Сұрақтарға жауап жазатын орын 
қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылады. 1-ші сұраққа жауапты өзі 
жазады, сосын жауабын көршісі көрмейтіндей етіп жауып, парталас отырған 
балаға береді. 2-ші сұраққа жауапты сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен 
жұмыс жалғаса береді. Ең соңғы сұраққа жауап жазылып біткенде, жұмыс 
жиналып алынады да, жалпы сынып алдында оқылады. 
Сұрақтар келесідей болуы мүмкін: 
1.
Ол кім? (не?) 
2.
Ол қандай? 
3.
Қайда барды? 


526 
4.
Кімді (нені) кездестірді? 
5.
Оқиға немен аяқталды? 
6.
Не түралы сөйлесті? 
7.
Әрі қарай не болды? 
Осы тәріздес жұмыстар баланың қиялын шарықтатып, шығармашылығын 
дамытуға ықпал етендігіне көз жеткізуге болады[4] 
Оқу сабақтарын түрлендіріп,дамытушылық сипат беретін жұмыстың бірі- 
диафильм жасату. Диафильм – суретті шығарма. Онда сурет тірек ретінде 
пайдаланылады. Диафильм жасауға лайықты деп табылған тақырып мазмұны 
бөліктерге бөлінеді. Сосын бір бет қағаз алып, оны 4-ке бүктеу тапсырылады. 
Ол бөліктерге шығарманың бөліктерінің мазмұнына сәйкес суреттер 
тапсырылады. 
Диафильм баланың зейінін, байқампаздығын тәрбиелеп, ойын, тілін, 
шығармашылығын дамытады. Негізгіні анықтап, логиканы қатаң түрде сақтай 
білуге үйретеді. Оқушылардың қызығушылық туғызатын шығармашылық 
жұмыстардың бірі-мүсіндеу. Оқып отырған шығармадағы өзіне ұнаған 
кейіпкерлердің мүсінін жасатқызу арқылы оқушыларды шығармашылық 
әрекеттің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ ету, интуиция, шабыт сияқты 
кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады. Бұл жұмыстарды 
топтарда ұйымдастырған қолайлы. Шығарма ең алдымен оқылады, бөліктерге 
бөлінеді. Сосын бір үзіндіні композиция түрінде ермексаздан бейнелеу 
тапсырылады. Жұмыс аяқталған соң, әр топ өз композициясы арқылы не 
айтқылары келгендерін түсіндіріп береді. Бұл жұмыстар баланың 
шығармашылығын дамытып, оның мінез-құлқын, жаупкершілігін тәрбиелейді. 
Келесі жұмыс түрі- драмалау. Драмалау қоршаған ортадан, оқиғадан өз 
көрген білгендерін, көңіл-күйлерін, алған әсерлерін білдіруге асығып тұратын 
кіші жастағы оқушыларға өте жақын. Бұл туралы Л.С.Выготский “…драма 
басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда балаға жақындау, өйткені ол 
ойынмен тікелей байланысты, оның тұла бойында шығармашылықтың әр түрлі 
элементтері бар”,- деген. Шығарманың кейіпкерін сахналау үшін оны түсіну, 
оның образына ене білу қажет. Ол баладан үлкен саналылықты талап етеді[5] 
Бұл жұмыс арқылы бала өмірлік тәжірібе жинақтайды, өмірге деген 
көзқарасы қалыптасады. Драмалауға сабақта аз уақыт бөлінеді. Ол кезде 
оқушылар сыныпта қажетті реквизиттер әзірлейді, рөлдерін бөледі, дайындық 
жасайды. Көріністің өзі 10-15 минуттай уақыт алады. Соңынан 
ұйымдастырылған пікірталаста кімнің қалай ойнағандары, қандай кемшіліктер 
жібергендері талқыланады. Араларынан жақсы “ойнай” алатын “актерлер”де 
шығып жатады.Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар 
және мақал-мәтелдермен жұмысты жаңаша ұйымдастырудың көп көмегі тиуі 
мүмкін. Жұмбақтар - көркем миниатюра. Оларды салыстыру арқылы пайда 
болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың 
логикалық ойы дамиды. 
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын 
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп 
келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың 


527 
назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген 
ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық 
шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық 
педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық 
қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың 
жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет