Использованные литературы:
1.
Ничкова Т.А. Активные формы, методы и приемы, используемые на уроках
русского языка.
2.
Звездина А.Я. Интерактивные методы как способ повышения мотивации в обучении
русскому языку и литературе. Мастер – класс, № 10, 2006.
3.
Методическое пособие для учителя. Русский язык 5 класс. 2018 г.
4.
Г.Б.Абдуллаева. Нетрадиционные формы обучения на занятиях по русскому языку.
5.
Преп. языка и лит. 2014г. Формативное оценивание как средство повышения
мотивации учащихся к обучению.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Нұрмәділ Ақбота Талғатқызы
6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру
бағдарламасы студенті
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Гулсим Лесбековна
Аннотация.
В статье рассматривается вопрос обогащения словарного запаса
учащегося начальных классов. Показаны способы овладения четырьмя языковыми
навыками: аудированием, произношением, чтением и письмом. В дисциплине "казахский
язык" рассказывается об активных действиях учащихся, таких как знание, понимание,
применение, анализ, составление и оценка.
Ключевые слова:
начальная школа, казахский язык, развитие языка, речевая
деятельность, аудирование, произношение.
Abstract.
The article deals with the issue of enriching the vocabulary of a primary school
student. The methods of mastering four language skills are shown: listening, pronunciation, reading
and writing. The discipline "Kazakh language" tells about the active actions of students, such as
knowledge, understanding, application, analysis, compilation and evaluation.
Keywords
: primary school, Kazakh language, language development, speech activity,
listening, pronunciation.
Тілді меңгеру тек сөздің мағынасын білумен ғана шектелмейді, қоршаған
ортаның объектілері мен құбылыстарын қатесіз білу үшін адамның санасында
белгілі бір ұғымдардың пайда болуы қажет. Ұғымдарды түсіну кезінде тұтас
логикалық ойлау операцияларының жүйесі қалыптасады, оның көмегімен адам
белгілі бір тұжырымдамаға қатысты объектіні немесе құбылысты және де
олардың айырмашылықтары мен ұқсастық қасиеттерін дұрыс ажыратады.
Онсыз тілде ойлау мүмкін емес.
508
Бастауыш сынып балаларының сөйлеуін дамыту баланың сөздік қорын
байыту мәселесінен, яғни балаға сөздерді ұсынудан басталатыны белгілі.
Сөйлеуді дамыту дегеніміз-балаларды сөздік қорын байланыстыруға,
мағынасын түсіндіру, осы сөздерді дәл қолдана білу, өз ойларын, пікірлерін жеке
сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастықты сақтай отырып, жүйелі
баяндау арқылы дұрыс білдіру, яғни. " нәрселердің жай-күйін, түрін, түсін, ісін
сөздермен келістіріп айтып беруге" үйрету болып табылады [1].
Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы болғандықтан, тілдің
әлеуметтік, тәрбиелік қызметі де ерекше. Тіл - ұлт мәдениетінің басты
көрсеткіштерінің бірі екені де белгілі. Әрбір халық тілінде оның ұлттық
дәстүрлері, сана-сезімі, ойлау тәсілі, мінез-құлқы көрініс табады.
Мектепте оқытылатын білімнің барлық негіздері тіл арқылы оқытылады.
Тіл болмаса, бірде-бір ғылымды игеру, әлеуметтік құбылысты білу мүмкін
емес. Осылайша, тілді, оның ішінде ана тілін оқыту әр халықтың мәдениетін,
әдет-ғұрпын, тарихын білдірудің негізгі құрал болып табылады [2].
Әдет-ғұрып, мәдениет, өну, өсу тарихы, әр ұлттың өмір тарихы ауызша
сөйлеу, жазу ерекшеліктері, әдеби тіл нормалары осы тілдің грамматикалық
заңдылықтары арқылы танылады және сол тілді жазу арқылы сақталады. Ұлт
мектептерінде оқыту ғылым негіздерін, әртүрлі педагогикалық жұмыстарды,
достық қарым-қатынас мәселелерін білу негізінде жүзеге асырылады,
оқушының логикалық ойлауы ана тілінде шыққан оқу құралдары мен баспасөз
беттерінде шыққан материалдармен қанығып, дамып отырады. Мектеп
қабырғасында оқытылатын барлық пәндер өмірді тану, оқушының көкжиегін
кеңейту үшін үлкен маңызға ие, бірақ ана тілінің алатын орын ерекше мәнге ие.
Оқушы бойындағы білім, мәдениет, өзін-өзі бақылау, қызығушылық және
оқушының мінез-құлқы өз ана тілі арқылы танылады [3].
Тіл мен қоғамның тығыз байланысы - бұл екі жақты байланыс.
Біріншіден, тілсіз бірде-бір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдар
қоғамда бірлесіп жұмыс істей алмайды, қоғамдық өндірісті ұйымдастыра
алмайды, оны дамыта алмайды. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың
бірлескен жұмысы үшін қажет болып таьылатын, тіл - қарым-қатынас құралы,
пікір алмасу құралы. Тіл - адамның өмір сүруінің және қоғамның дамуының
қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана болады.
Зерттеудің көпжылдық арнайы әдістерінің нәтижелері балалардың
сөйлеуді меңгеруі отбасындағы, мектептегі тәрбие жұмысымен байланысты
екенін көрсетеді, ата-аналар мен тәрбиешілер осы маңызды мәселеге назар
аударып, баланың сөйлеуін дамыту, қоршаған өмір құбылыстарын білуге
құмартқан сұрақтарға, олармен дұрыс қарым-қатынас жасай отырып сұрақтарға
дұрыс жауап берудің маңызды екендігін көрсетеді. Ал мұғалім басшылыққа
алатын білім мазмұны бағдарламада нақты жазылған. Сондықтан бастауыш
сыныптарда сабақ өткізудің мақсаты, бағдарламалық білім берудің мазмұнын
мұғалім жақсы білуі керек. Бұл туралы тілді барлық жағынан дамыту керектігі
бағдарламада айтылған: сөздің ана тілінің нормасына сәйкес айтылуын, сөздің
үйлесімділігі,
пікірдің
дәйектілігі,
бейнелілігі
қамтамасыз
етілуінің
қажеттілігіне баса назар аударылған [4].
509
Ол өз кезегінде төрт тілдік дағдыларды: тыңдалым, айтылым, оқылым
және жазылым меңгертумен тығыз байланыста жүреді.
«Тіл дамыту» қазіргі таңда тек бастауыш мектептің бағдарламасы
бойынша оқытылады, ал орталау, орта және жоғары оқу орындары
бағдарламаларында мұндай термин мүлдем кездеспейді, мұнда бастауыш
мектептің қазақ тілі оқулығы «Тіл және сөйлеу» бөлімінен басталады.
Көптеген жылдар бойы бұл талаптар әлі өзгерген жоқ. Мүмкін, бастауыш
сынып оқушылары үшін олардың сөздік қорын байыту, әдеби тіл нормаларын
сақтау, ойын айту жеткілікті болар. Бірақ олармен жүргізілетін тіл дамыту
онымен шектелмейді. Тіл мәдениетінде кемелді болу үшін адам өзінің саналы
өмірінде ана тілінің түпсіз терең және бай мүмкіндіктерін үздіксіз игеруі керек.
Бастауыш сынып оқушының тілдік байлығын дамытудағы тұрақты
тіркестердің маңызы өте зор. Тұрақты тіркестердің мағынасын толық түсіндіру
үшін фразеологиялық бірліктердің сөздігін қолдану қажет. Өкінішке орай,
"фразеология" ұғымы бастауыш мектепте мүлдем қолданылмайды. Тұрақты сөз
тіркесін ауызша және жазбаша қолдану қалай жүреді? Қарым-қатынас
барысында тұрақты сөз тіркестерін қолдану үшін тұрақты сөз тіркестеріне
байланысты күнделікті орындалатын тапсырмалардың болуы қажет. Бастауыш
сынып оқулықтарын талдаған кезде мынаны байқадық:
Бастауыш сыныптарда сөздіктерді қолдану өте күрделі және қажет
жұмыс. Бірақ сөздікпен жүйелі жұмыс мектеп тәжірибесінде әлі де сәтті жүзеге
асырылмаған. Сондықтан оқушыны бастауыш сыныптардағы сөздікпен жұмыс
істеуге үйрету керек, бағыт беру керек. Бастауыш сыныптан бастап мектепті
бітіргенге дейін оқушының сөздік дәптері болуы керек. Бастауыш
сыныптардағы сөздікпен жүйелі жұмыс оқушылардың сөздік қорын байытуға
негіз болады. Демек, оқушы қазақ тілі мен әдебиеті, срнымен қатар барлық оқу
сабақтарында үйренген сөздерді ауызекі тілде дұрыс және кеңінен қолдана
білуі керек. Осындай жұмыстар оқушының ойлау қабілетін дамытады, шебер
сөйлеу қабілетін тәрбиелейді. Сонда ғана, бала сөзді дұрыс қолдана отырып
және оның мағынасын жақсы біле отырып, өз бетінше сөйлем құра алады және
оны ауызша сөйлеуде шебер қолдана алады. Сөздіктермен жұмыс жүргізуді
дұрыс ұйымдастырған мұғалімнің шеберлігіне байланысты, ол бұл жұмысқа
жауапкершілікпен қарағаны жөн.
"Қазақ тілі" пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен: оқулықтан, әдістемелік
құралдардан,
демонстрациялық
кестелерден,
диктанттар
жинағынан,
электрондық оқу құралынан т.б. тұрады. "Қазақ тілі" пәніне байланысты оқу-
әдістемелік кешен бастауыш сынып оқушыларының төмендегідей кең ауқымды
дағдыларын қалыптастыру мен дамытуды көздейді: алған білімді
шығармашылықпен қолдану, сыни ойлауға дағдыландыру, зерттеу жұмыстарын
жүргізуге баулу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану,
қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану, топта, жұпта және жеке жұмыс
істей білу, мәселелерді шеше білу және шешім қабылдау, алған білімдерін
өмірде қолдана білу.
Бастауыш сынып "Қазақ тілі" пәнінің оқу бағдарламасына сай оқу-
әдістемелік кешеннің, оның ішінде оқулықтың оқу материалының негізіне
510
тілдік білім мен сөйлеу алынған. Қазақ тілін оқытуда тіл және сөйлеу
бірліктерінің (сөз, сөйлем, мәтін), түрлі грамматикалық категорияның (сөз
құрамы, сөз таптары, сөйлем мүшелері) оқушылардың сөйлеу әрекетін
дамытуға бағытталған сөйлеу аспектісіне ерекше назар аударылады [5].
Бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» оқулықтары төмендегідей авторлық
принциптерге негізделген:
-
лексикалық тақырыптардың аясында қазақ тілінің фонетикасы,
лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы теориялық
түсініктер беріледі және дұрыс жазу дағдылары қалыптастырылады;
-
тыңдалым,
айтылым,
жазылым
және
оқылым
дағдылары
қалыптастырылады;
-
сөйлеу мәдениеті және қарым-қатынас нормаларын сақтау дағдылары
қалыптастырылады;
-
оқушылардың сөйлеу, ойлау, талдау, талқылау және салыстыру
дағдылары қалыптастырылады;
-
сөздік қорын байыту және жандандыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту;
-
ана тіліне, тарихына, мәдениетіне, дәстүріне деген сүйіспеншілікті
арттыру барысында рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады;
-
оқушылардың
қимыл-қозғалыс,
әлеуметтік,
танымдық
және
қатысымдық белсенділіктері дамытылады;
-
алған тілдік білімдері мен дағдыларын жеке қарым-қатынас
тәжірибелерінде, күнделікті өмірлік жағдайларда қолдануға дағдыланады.
Тіл және сөйлеуден 2-4 сыныптарда берілген материалдарға тоқталсақ: 2-
сыныпта "Тіл және сөйлеуден" адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы сөйлеу
арқылы жүзеге асырылатындығы, тіл қарым-қатынас құралы болып
табылатындығы, адам ойын тіл арқылы жеткізетіндігі, яғни тілдегі сөздер мен
сөйлемдер арқылы берілетіндігі, сөйлеу ауызша және жазбаша болып
бөлінетіндігі жалғастырылады, еске түсіріледі және одан әрі дамытылады.
Сөйлеу тек адамға тән құбылыс екендігін оқушылар жаттығу мәтіндері арқылы
байқайды. Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктері меңгертіледі. Ауызша
сөйлеудегі дауыстың ырғағы мен екпіні сөйлеу жағдайларына байланысты
өзгеретіні сөйлеу модельдерін әртүрлі ортада беру арқылы түсіндіріледі. Хат
жазу арқылы оқушылардың өз ойларын дұрыс және сауатты жеткізе білуі –
жазу дағдысы қалыптасады.
2-4 сыныптарда "Қазақ тілі" пәнінің аптасына 4 сағаттан жылдық
жүктемесі 136 сағаттан тұрады. 2-сынып "Қазақ тілі. 1-бөлім" оқулығы
бойынша жұмысқа 64 сағат бөлінген. Оның ішінде 52 сағат оқушылардың
тілдік заңдылықтарды меңгеруіне арналған.
"Қазақ тілі. 2-бөлім" оқулығымен жұмыс істеуге 72 сағат бөлінген. Оның
ішінде 60 сағаты оқушылардың тіл заңдарын меңгеруіне арналған.
Оқушылардың қатысымдық және тілдік дағдыларын қалыптастыру
бойынша тапсырмалар мен материалдар күтілетін нәтижеге бағытталған оқу
мақсаттарына сәйкес құрылды.
511
Сабақта жаңа ұғым, түсінік мұғалім тарапынан жарияланбайды, оқулық
кейіпкерлері Әли мен Мерейдің диалогтық әңгімесі арқылы төменде
көрсетілген жүйеге сәйкес берілді:
-
мәселені қою және оны оқушылардың мұғаліммен бірлесіп талдауы;
-
оқушылардың өз бетінше қорытынды жасауға немесе тілдік құбылыс
туралы ереже шығаруға ұмтылысы;
-
оқулықтан оқушылардың тұжырымдарын нақтылау;
-
осы білімді тәжірибеде бекіту (түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау).
2-4 сыныптар бойынша "Қазақ тілі" оқулықтарымен жұмыс барысында
конструктивті оқуға және оқытуға, яғни әрекеттік парадигмаға көңіл бөлінеді,
ақпараттар негізінде жаңа мазмұнды білу, түсіну, қолдану, талдау, құрау және
бағалау сияқты оқушылардың белсенді іс-әрекеттері іске асырылады. Бұл жерде
қазақ тілін оқыту процесінің басты мәселесі мен мақсаты оқушылардың
белсенді қызметін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы
оқушылар өз бетінше білім алады, үйренеді.
Оқушылардың жазба тілін дамытуда "Жұмыс дәптері" үлкен орын алады.
"Жұмыс дәптері" оқулықта жазу бойынша жаттығу жұмыстарымен қатар
оқушыларды іздеу дағдыларына үйрететін шығармашылық тапсырмаларды
және өз іс-әрекеттерімен кері байланысқа, өзін-өзі бағалауға негізделген
рефлексивті тапсырмаларды ұсынады. Жұмыс дәптерінде берілген "Өз
жұмысыңды бағала" тапсырмасын қолдана отырып, оқушы сауатты және
көркем жазуды, орындалған шығармашылық жұмыстың дұрыстығын үш түрлі
түсті қарындашпен бағалайды. Бұл әр сабақтың соңында берілген үш дөңгелек
шартты белгілермен жүзеге асырылады: "жасыл" түс - "Бәрекелді!", "көк" түс -
"Жарайсың!", "қызыл" түс - "Ойлан!». Бағалаудың осы шартты белгілері жұмыс
дәптерінің 2-бетінде көрсетілген.
Қорыта айтсақ, жиырма бірінші ғасырда білімі дамымаған елдердің
тоқырайтыны белгілі. Сондықтан да біз кірген жиырма бірінші ғасыр-бұл
білімді және бәсекеге қабілетті ұрпақты қажет ететін жағымды құбылыстар
ғасыры. Білім беру саласындағы өзгерістердің негізгі мақсаты – оқу-тәрбие
үдерісін түбегейлі өзгерту мен жаңашылдандыру болып табылады. Қазіргі
таңдағы білім беру саласында болып жатқан өзгертулердің басты мақсаты-ой-
өрісі кең, жаңашыл, әрі шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын,
дүниетанымы өте жоғары, жан-жақты қалыптасқан, бәсекеге қабілетті жеке
тұлғаны тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |