Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет62/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы 
ретінде». Алматы 2006 жыл. 


154 
2.
Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4. 
3.
Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру 
жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл. 
4.
Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 
2004 жыл. 
5.
Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен 
мәселелері». Алматы 2002 жыл. 
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ: ТРЕНДТЕР, 
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Көшер Балнур Қанатқызы 
6В01512 - «Биология және География» мамандығының ІІІ курс студенті 
Калкашев Сагынгали Габизиятович 
Аға оқытушы, магистр 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
 
В данной статье отражена одна из важнейших проблем современной системы 
образования – тенденции внедрения новых инновационных технологий на уроках географии. 
В статье представлены возможности и значение геоинформационных систем в 
географии, представлены формы применения в практических и лабораторных работах на 
уроках географии. С помощью геоинформационных систем (ГИС) физические процессы 
работают с онлайн-платформами Google Earh, Google Maps, Google Maps, даны методы 
проведения виртуальных обучающих систем. 
Ключевые слова: 
геоинформационная система, визуализация, картография, цифровая 
география, инфографика, графическая обработка, инновационные технологии. 
This article reflects one of the most important problems of the modern education system – 
the trends in the introduction of new innovative technologies in geography lessons. 
The article presents the possibilities and importance of geoinformation systems in geography, 
presents the forms of application in practical and laboratory work in geography lessons. With the help of 
geographic information systems (GIS), physical processes work with the online platforms Google Earth, 
Google Maps, Google Maps, methods of conducting virtual training systems are given. 
Keywords: 
geoinformation system, visualization, cartography, digital geography, 
infographics, graphic processing, innovative technologies. 
Қазіргі білім алушылар үшін инфокоммуникациялық технологиялар 
мүмкіндіктерін пайдалану – өмір нормасы. Сондықтан қазіргі кезде цифрлық 
оқыту немесе электронды оқыту – бұл обьективті заңдылық болып табылады. 
Білім беру қызметін цифрландыру мақсаты – білім алушыларды 
компьютерленген орта жағдайында өмірге дайындау, компьютерлік техниканы 
және білім беру ортасында жаңа сандық технологияларды пайдалану 
тәсілдерінде сапалы жаңа деңгейге көшу болып табылады . Қазіргі таңда білім 
беру саласын толық күйде цифрландыру саясатын іске асыру халықтың 
компьютерлік (цифрлық) сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Егемен 
елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне 


155 
енуге бағыт алуда. Бұл оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты 
болып отыр. Себебі, мектептегі білім беру парадигмасы өзгерді білім берудің 
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болуда. 
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің 
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі 
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. 
XXI ғасыр – жаңашылдықтың заманы. Әсіресе, білім беру саласында 
бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, 
озық технологияларын, инновациялық педагогикалық технологияларды, 
ақпараттық технологияларды игеру маңызды. Білім берудің жаңа 
технологиясының қалыптасуында ақпараттық технологияның қарқынды 
дамуының рөлі ерекше. Қазіргі заман ақпараттық технологиялар уақыты. 
Осыған 
байланысты 
білім 
беру 
саласында 
басымдық 
ақпараттық 
технологияларды меңгеруге беріледі. Бұл туралы өзінің жолдамасында 
Н.Ә.Назарбаев-та айтып өткен: «Адамзат үшін XXI ғасыр – жаңа технологиялар 
ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, 
игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас 
ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында». 
Яғни білім беру саласында жаңаша 
ойлайтын, ақпараттық технологияларды меңгерген, инновациялық үрдістерге 
ілесетін, заманауи шешім қабылдайтын, жаңа тұрпатты педагог болуы қажет. 
Ол кез-келген білім алушымен коммуникацияға түсе білуі қажет. 
Интеллектуалды рессурстарды толық меңгеру педагогтар мен білім 
алушылардың бәсекеге қабілеттілігін көрсететін негізгі фактор болып 
табылады. Сондықтан да білім беру үрдісінде инновациялық әдістер мен 
технологияларды қолдану өзекті мәселенің біріне айналды 
[1].
Қазіргі жаңа инновациялық тәсілдер дегеніміз не? Бұл жаңа білім беру 
технологиялары: 
ақпараттық-коммуникациялық, 
интернет-технологиялар, 
белсенділік технологиялары, ойын, құзыреттілік, интеграциялық пәнаралық 
бағдарламалар, білім беру нәтижесін бағалау әдістері. Бұл жалпы білім беру 
стандартына сәйкес сабақ және сабақтан тыс жұмыстар. Менің ойымша, 
оқытудың инновациялық тәсілдері, ең алдымен, мұғалімнің сабақ беруіне және 
студенттің немесе оқушының тез қабылдап алуына байланысты. Инновация-бұл 
жаңа көзқарастар мен міндеттері бар, заманауи технологияларды, әдістерді
тәсілдерді біліп қана қоймай, оларды тез өзгеретін әлемде қолдану қажеттілігін 
сезіндіреді. Қазіргі заманғы инновациялық технологияларды іс жүзінде тиімді 
қолдану, ең алдымен, оларды терең, жан-жақты оқып-үйренуді талап етеді. 
Сондықтан да әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны 
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын 
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы 
қажет. Себебі мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқу-тәрбие үрдісін 
ұйымдастыру жаңа педагогикалық инновациялық технологияны енгізуді 
міндеттейді. Оқу-тәрбие үрдісіне заманауи технологиялар мен әдістерді 
енгізу 
оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз 
бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады.


156 
Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – география 
сабағында жаңа инновациялық технологияларды енгізу болып табылады. 
География пәні – өзіндік ерекшелігі бар әрбір оқушыны қызықтыра білетін, 
тылсым ғажайып сырға толы пән. География пәнінің тағы бір ерекшелігі – 
оқушылар өздігінен ізденіп білім дағдысын толықтыруға, қосымша мәліметтер 
жинақтауға, сөзжұмбақтар құрастыруға, рефераттар даярлауға, интернет 
жүйесін қолдануға, слайдтар жасауға үйренеді. География пәнінде табиғат 
жағдайындағы құбылыстар мен заңдылықтарды, түрлі процестерді өз 
көздерімен көріп таныса алады.
Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс 
істеу білім алушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың 
нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім 
қабылдай алуға тәрбиелейді. Қазақстандық ғалым С.М.Кеңесбеков «Білім 
беруді ақпараттандыру білім беру саласының теориясы мен практикасына 
ақпараттық -коммуникациялық технологияны жан-жақты пайдалану және 
оқыту мен тәрбиеде оның психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін 
қолдану үрдісі» - деп айтқан болатын. Білім алушылардың цифрлық 
дағдыларын дамыту үшін мектеп жүйесіне «Ақпараттық коммуникациялық 
технологиялар» пәні енгізілуде [2, 214 б].
Ақпараттық 
технологияларды 
қолдану 
оқушылардың 
төмендегі 
мүмкіндіктерін ашады:

Коммуникациялық қабілеттерін дамыту;

Ақпарат көздерімен жұмыс жасау;

Шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Оқу үдерісіне белсене қатысу;

Оқу мотивациясын арттыру;
Белсенді оқу қызметі оқудың мақсаты мен шартынан және нәтижесiнен 
құрылады. «Инсерт», «Миға шабуыл», «Топтық пікірталас», «Блум сұрақтары»,
«Кластер», «Синквейн», «Рөлдік ойын», «Шатастырылған логикалық баулар» 
т.б. белсенді әдістер пәнге деген қызығушылықты оятады.
География оқытуында инновациялық білімге бағытталған кейбір трендтер: 
Геоинформатикалық технологияларды қолдану:
Географияда 
мәліметтерді 
анализдау 
және 
картографияда 
геоинформатикалық 
технологияларды 
қолдану 
– 
географияны 
инновацияландыруда көпшілікке ие болатын бір тенденция. 
Интерактивті карталар мен қосымшалар: Оқушылардың түрлендіру 
жолдарын тиімді жасау үшін интерактивті карталар мен қосымшаларды 
қолдану - бұлар арқылы оқушылар деректерді талдау жасау мен меңгеру 
мүмкіндігіне ие болады.
Виртуалды жаттығу системалары және құралдар: Виртуалды жаттығу 
технологиялары мен құралдарды оқу мазмұнын дамыту үшін қолдану - 
география пәнінен түрлі мамандандырылған сілтемелер мен тақырыптармен 
танысу мүмкіндігін арттырады.


157 
Интерактивті жаңалықтар мен курстар: Оқушыларды өздерінің білімін 
арттыру үшін интерактивті жаңалықтар мен курстарды пайдалану арқылы 
география білімінің дамуына көмек көрсетеді [3].
Педагогикалық бағдарламалық құралдар, жүйелер, технологиялар және 
олардың міндеттері (1 таблица).
Кесте 1. Электрондық оқыту құралдары. 
Құралдардың
түрлері
Бағдарламалардың функциялары
Инструментальды 
жүйе
Автоматтандырылған құралдарды немесе бақылау, кеңес беру, 
тренингтік міндеттегі жүйелерді әзірлеу барысында, оқу 
материалдарының «қағаз түрінде» көрсетуін барынша азайтып,
оны «экрандық» түрге ауыстыруға мүмкіндік береді.
Компьютерлік
модельдеу жүйелері
Демонстрациялау мен имитациялауға арналған.
Бағдарламалық 
құралдар
Оқу орындарында, оқу орындарының іс қағаздарын жүргізу
жүйесін және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесін 
автоматтандыру үшін.
Ойындық 
бағдарламалық
құралдар
Оқу үрдісінде ойын және оқу-ойын іс-әрекетінің әр-түрлі 
деңгейлерімен қамтамасыз ету.
Kahoot
Бұл дидактикалық мақсатта тиімді пайдалануға болатын онлайн- 
викториналар, тестілер мен сауалнамалар өткізуге арналған 
танымал сервис түрі. Білім алушылар ұсынылған тапсырмаларға 
планшеттерден, ноутбуктерден, смартфондардан, яғни интернетке
қосылған кез келген құрылғыдан жауап бере алады .
Mozaik3d
Бұл технология арқылы түрлі анимациялық бейнелерді білім 
алушыларға көрсете аламыз. Технологияның мүмкіндігі мол, 
географиялық бейнелерді (мұхит, атмосфера, жер бедері,
ғаламшар т.б) толық 3d форматта көрсете аламыз.
Google Earh
Виртуалды глобус немесе географиялық ақпараттық жүйе. Бұл 
бағдарлама арқылы білім алушыларды өздерін ғарышкер ретінде 
сезінуге мүмкіндік береміз. Жоғары сапалы спутниктік
фотосуреттің негізінде жердің үшөлшемді моделін ұсынады.
Google Maps
Веб-карта жасау қызметі. Ол пайдаланушыларға карталарды және 
спутниктік суреттерді көруге, сондай-ақ бағыттар мен қоғалыс
жағдайын және баруға болатын жергілікті жерлер туралы ақпарат 
алуға мүмкіндік береді.
Eargh
Глобалды карта. Бұл картада жер бетінің толық толық нұсқасын 
көре аламыз. Картада кез-келген мемлекеттің дәл осы уақыттағы
ауа-райын және жел бағытын көре аламыз .
0
Educaplay
Бұл бағдарламада түрлі бейне ойындар арқылы білім алушының 
білімге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын 
жоғарылатады. Бағдарлама ішіндегі түрлі бейне ойындарды
пайдалана отырып, сабақ барысында қолдануға болады .
1
2ГИС
Онлайн карта. Бұл картаның онлайн нұсқасын браузер арқылы
ашып, ұйымдардың анықтамалығын қарау үшін немесе бір 
жерден екінші жерге жету үшін қолдануға болатын онлайн карта.
2
Google карта
География сабағының ең керекті технологияларының бірі.
Мұғалім әлемнің кез-келген бұрышын онлайн карта арқылы 
жақыннан көрсете алады.


158 
Оқу ресурсы ретінде оқушылардың ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. 
Осындай түрлі ресурстың көмегімен әр баланың мүмкіндіктерін ескере отырып, 
интерактивті немесе баспа жаттығуларын құру арқылы оқытуды саралау мен 
дараландыруды ұйымдастыруға болады. Әртүрлі тапсырмаларды құрастыру 
арқылы мұғалім өзінің сабағын қызықты өткізеді. Викториналық сұрақтар, тест 
тапсырмалары, сәйкестендіру жаттығулары, ментальды карта, интеллект карта 
құрастыру т.б. тапсырмалар жасау арқылы білім алушының ізденуін, оқуға 
деген мотивациясын жетілдіреді [4, 65-68 б].
Соңғы уақытта инновациялық білім беру географияны оқытудың негізгі 
элементіне айналды, жаңа трендтерді, цифрлық технологиялар мен құралдарды 
енгізу арқылы оқушы қызығушылығын арттыра түсуге болады. Инновациялар 
интерактивті карталар, виртуалды турлар және географиялық ақпараттық 
жүйелер сияқты әртүрлі әдістерді қамтиды. Сонымен қатар заман талабына сай 
жаңа технологияларды енгізу білім алушының да, оқытушының да бір орында 
қалып кетпей, бойындағы ізденісті, дарынды еңбекқорлықты оятады. 
Электронды кітаптарда цифрлық технологияға жатады. Сол себепті электронды 
білім беру білім алушылар мен оқытушыларға оқу материалдарын кең 
таңдауына қолайлы мүмкіндік береді. Жоғарғы оқу орындары мен мектеп 
қабырғалары да өз кезегінде кітапхана қорларын электронды кітаптармен 
толықтыруда. Осылайша, білім беру үдерісіндегі қуатты және елеулі өзгерістер 
қазіргі заманғы білім алушыларды цифрлық қоғамда өмірге дайындауда, сондай 
– ақ цифрлық экономика жағдайында кәсіби қызметті ұйымдастыруға 
бағытталған. ХХІ ғасырдағы білім беру стратегиясын жүзеге асыру негізінде,
«Ғұмыр бойы оқып үйрену» қағидасын ұстана отырып, цифрлық білімнің заман 
талабы екендігін ескеріп, ақпараттандыру ғасырынан қалыс қалмай, өз білім, 
білік, дағдымызды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман болуға барынша 
жағдай жасалуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет