Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет91/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Интерактивті карталар: 
оқушыларға географиялық нысандардың 
орнын көрсету, сондай-ақ олар туралы қосымша ақпараттар беру үшін Google 
Maps немесе 2GIS (Географиялық ақпараттық жүйе) сияқты интерактивті 
карталарды пайдалануға болады. Интерактивті карталарды пайдалану арқылы 
цифрлық карталарды, цифрлық суреттерді пайдалануға, экранда географиялық 
нысандар мен құбылыстарды нақтылауға немесе оны кез-келген уақытта 
өзгертуге, бір тақырыптық қабаттарды, сондай-ақ, жалпыгеографиялық, 
физикалық карталарды басқаларына кіріктіруге, контурлық карталарды 
пайдалануға мүмкіндік береді. 

Далалық саяхаттар: 
бұл саяхат түрі оқушыларға өте көп мүмкіндіктер 
береді. Атап айтар болсақ, далалық саяхаттарға бару арқылы сабақта оқыған 
теориялық білімін практика жүзінде толықтырып, білімін шыңдай түседі. 
Мектептен тыс шынайы өмірде болып жатқан құбылыстарды өз көздерімен 
көріп, зерттеуге көп септегін тигізеді және далалық саяхат жасау барысында 
оқушының география сабағына деген ынтасы мен қызығушылығы арта түседі. 


250 

Ойын техникасы: 
оқушыларға жер атаулары, астаналар, өзендер және 
таулар сияқты географиялық фактілерді есте сақтауға көмектесетін оқу 
ойындарын ұйымдастыру. Көптеген ойын түрлерін қолдану арқылы балалар 
денесін шынықтырып, жылдамдығын арттырып, тапқырлыққа, сонымен қатар, 
оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеруге 
болады. Мысалы, оларға мақал-мәтелдер, викториналық қызықты сұрақтар, 
ребус, сұрақ-жауап және т.б. ойын түрлері жатады. 

Жоба әрекеттері: 
оқушыларға географиялық тақырыптар бойынша 
зерттеулер жүргізуге және олардың негізінде презентациялар, есептер, 
бейнетаспалар және т.б. сол сияқты жобалар жасауға бағыт-бағдар беріп, сол 
бойынша тапсырмалар беру. Бұл берілген тапсырмаларды орындау арқылы 
олардың еркіндігін және шығармашылығын дамытуға ынталандыра түседі. 

Ынтымақтастық және біліммен бөлісу: 
Оқушылардың, мысалы, 
топтық талқылаулар, топтық жобалар немесе онлайн платформалар арқылы бір- 
бірімен білім және тәжірибе алмасуға ынталандыру керек. Оқушылар бір- 
бірімен білім алмасқан соң, өз білімдерін толықтыра түседі және қарым- 
қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі [4]. 
Географияны оқыту үрдісінде дамыта оқыту технологиясын пайдалану өте 
тиімді. Өйткені, оқушылар сабақ барысында ақпараттың барлығын тек мұғалім 
тарапынан емес, өздері де ізденіс үстінде болады. Ал, мұғалім бағыт-бағдар беріп, 
оқушыларға жол көрсетіп, қолдап отырады. Оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылығын ашуға немесе оны сөндіруге мұғалімнің тигізер ықпалы зор. Осы 
орайда, төбеде айта кеткен идеяларды әр мұғалім сабақ беру барысында қолданатын 
болса, оның берген сабағы оқушыларға өте түсінікті және қабылдауға жеңіл болады. 
Бұл жерде география пәні болғандықтан, басты түсіндіруші құрал ретінде 
географиялық картаны аламыз. Сол картаны оқушыларға әртүрлі бағытта қызықтыра 
отырып, түсіндіретін болсақ, жаңа технологиялардың жүзеге асқанының айқын 
көрінісі болар еді. Кез-келген сабақ беру барысында тек дамыта оқыта 
технологиясымен шектеліп қалмау керек. Сабақтың тақырыбына және құрылатын 
тапсырмаларға байланысты технологияларды бір-біріне кіріктіріп жіберуге болады. 
Сонда бізде өтілетін тақырыпты оқушыларға толықтай түсінікті тілде жеткізуге 
мүмкіндігіміз болады [5]. 
Қорыта келе айтарым, ғылым мен білімнің, техниканың дамыған заманы 
болғандықтан, білім саласына жаңа өзгерістер мен толықтырулар әлі де 
жалғасуда. Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман талабынан 
қапы қалмас үшін, болашақ ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу – 
ұстаздарға жүктелген ең маңызды жауапкершілік. 
«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ізденуді 
тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» – деп К.Д. Ушинский айтқандай, 
оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақта қолданып, оқушыларға тиімді 
білім берер болсақ, сапалы, саналы ұрпағымыздың көп болары анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет