Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Международная научно-практическая конференция



жүктеу 335.58 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі335.58 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева 

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ 

КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

 

Международная научно-практическая конференция



 

 «СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ 

КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной  7-ым Зимним 

Азиатским играм 



 

International science-practical conference 

 «MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND 

SPORT»  

devoted to 7

th

 winter Asian games  



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

Астана қаласы – 2011 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 



Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева 

 

 



 

 

 



 

 

«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті 



мәселелері» 

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

МАТЕРИАЛДАРЫ  

4-5 ақпан, 2011 жыл 

 

«Современные проблемы физической культуры и спорта»  

МАТЕРИАЛЫ 

Международной научно-практической конференции

 посвященной  7-

ым Зимним Азиатским играм 

4-5 февраля 2011 года 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  

 

УДК______ 

ББК______ 

Қ________ 

 

 

Бас редакторы/Главный редактор 

 

Редакция алқасы/Редакционная коллегия 

 

Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск 

 

«Дене  тәрбиесі  және  спорттың  қазіргі  кезеңдегі  өзекті  мәселелері»:  VII  –  Қысқы 

Азия  ойындарына  арналған  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция 

материалдары  (4-5  ақпан,  2011  жыл)/  Жалпы  ред.  Басқарған  А.Ә.Жұмаділханов.  – 

Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет 

 

 

«Современные проблемы физической культуры и спорта»:  



Материалы  международной  научно-практической  конференции  посвященной    7-ым 

Зимним  Азиатским  играм  4-5  февраля  2011  года  (4-5  февраля  2011  года)/  под  общей 

ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр. 

 

 

 

 

ISBN________________ 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы 

Азия  ойындарына  арналған  «Дене  шынықтыру  және  спорттың  қазіргі  кездегі  өзекті 

мәселелеріне»  арналған  баяндамалар  беріледі.  Жинақ  материалдарын  жоғары  білім 

саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-

зерттеу жұмыстарында қолдана алады.  

В 

материалах 



международной 

научно-практической 

конференции 

предоставлены  доклады  посвященные  7-ым  Зимним  Азиатским  играм  «Современные 

проблемы  физической  культуры  и  спорта».  Опубликованные  материалы  могут  быть 

использованы 

в 

научно-исследовательских 



и 

практической 

деятельности 

специалистами,  работающими  в  области  высшего  образования,  учеными, 

соискателями.  

ISBN _________                                                           УДК_____ 

Қ ____________                                                            ББК__________ 

 

 

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011



 

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ 

БОЙЫНА ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.. 

 

Қ.Қ. Құланова  

Доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  

университеті, Астана қаласы 

 

          Қазақ ұлттық ойындарының студенттерге тигізетін тәрбиелік 



мәні орасан зор және де дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы. Қазақтың 

ұлттық ойындары тек ойын сауық жағынан ғана емес ол - спорт, ол - өмір 

сүру  үшін  маңызы  бар  үлкен  тәрбие  құрамы,  сонымен  қоса  ұлттық 

ойындар  ерлікті,  ептілікті,  ұлтжандықты,толеранттылықты  т.б.  мінез 

ерекшеліктерін  қалыптастырады.Бүгiнгi  таңда  ата-бабаларымыз  көне 

ғасыр  қойнауынан  сақтап  келген  ұрпақ  тәрбиесi  жөнiндегi  мол 

тәжiрибелерi  негiзiнде  жастарға  ұлттық  тәлiм-тәрбие  беру  мүмкiндегi 

туып  отыр.  Жастарға  осы  кезге  дейiн  жинақталған  озық  педагогикалық 

технологиялар  мен  тәжiрибелер  негiзiнде  жан-жақты  тәрбие  беру 

қажеттiгi  -  Үкiмет  құжаттарында,  Елбасымыз    Н.Назарбаевтың  халыққа 

арнаған  жолдауында  және  осы  мәселе  төңiрегiнде  зерттеулер  жүргiзiп 

жатқан 


көрнектi 

ғалымдар 

еңбектерiнде, 

ұрпақ 


тағдырына 

алаңдаушылығын  бiлдiрген  қоғам  қайраткерлерi  мен  зиялық  қауым 

өкiлдерiнiң  талап-тiлектерi  мен  әдеби  мұраларында  айтылып-жазылуда.

  

Әлемдегi аса ауқымды құбылыстардың бiрi –  жаһандану дәуiрiнiң бiлiм 



жүйесiне  зор  ықпалын  тигiзiп  жатқан  кезеңiнде  –  адамзат    ұрпағының 

тағдырына  деген  алаңдаушылығы  мен  жауапкершiлiк  сезiмдерi 

толастаған  емес.  Жер  бетiнде  бақытты  ғұмыр  кешiп  жатқан  олар  – 

бабалары  мирас  етiп  қалдырған  рухани-мәдени  қазыналарын  қастерлеп, 

өскелең ұрпақ тәрбиесiне жаратып келе жатқаны шындық. 

      Ұлт  болашағы  –  жас  ұрпақтың  қамын  әуел  бастан  ойлаған  әр 

этнос  -  өне  бойындағы  барлық  асыл  қасиеттердi  ұрпағының  санасына 

сiңiрiп,  өркениет  мәдениетiнде  теңдесi  жоқ  рухани  қазынасын  сақтай 

бiлдi.Ұлттық  педагогика  мұраларын  пайдалана  отырып,  жас  ұрпаққа 

кешендi тұрғыда сапалы бiлiм, саналы тәрбие берудiң тарихи-әлеуметтiк 

маңыздылығының  жоғары  екенiн  –  бүгiнгi  таңдағы  педагогикалық 

жетiстiктер  айғақтап  отыр.  Ұлт  педагогикасының  көп  салалы  ғылым 

жүйесi  екенiн  ескерсек,  оның  әр  саласы,  соның  iшiнде  –  ұлттық  тәлiм-

тәрбие саласы үлкен iзденiстердi қажет ететiнi анық..Ұлттық ойындармен 

ойнаған  кезде,  рухани  жағын  өсіреді,  ой  -  өрісін  кеңейтеді;  денсаулық 

мәселелеріне  келсек,  қан  айналымын,  тыныс  органын,  зат  алмасу 

процесін  және  жүйке  жүйелер  жұмысын  нығайтуда  маңызы  зор.  «Бала 

жасынан  ойнаған  ойындарының  әсерінен  болашақ  жұмысшы  ғана 

тәрбиелеп қана қоймай, мүсінді, дені сау, қоғамның қиындығына төзімді 

азамат  шығады»,-  деп  атақты  педагог  А.С.Макаренко  айтқандай,  дене 



қозғалыстарын жүйелі қалыптастыру, Отанның болашақ азаматтарын жан  

жақты тәрбиелеуге әсерін тигізді. 

 

          Ұлттық  ойындармен  шұғылданатын  ұлдар  мен  қыздардың 



қандай  іске  болсын  қабілеттерінің  артатындығын,  толеранттық  сияқты 

сапа  қасиеттері  өседі.  Ұлт  спорты  да  спорттың  басқа  да  түрлері  сияқты 

барлық  спорт  ойындармен  ұқсастығы  бар.  Мысалы:  доп  ойнау,  қуыспақ, 

жасырынбақ, атысу ойындарын барлық ұлттың балалары ойнайды. Демек, 

ойындардың да біріңғай негізі және заңдылығы бар. Біріншіден, ойындар 

барлық  дәуірлерде,  тарихи  кезеңдерде  де  болған,  адам  алғашқы 

қауымынан  бастап,  мәдениеттің  жоғарғы  даму  сатысына  дейінгі  кезеңде 

қозғалыс  қимылдарымен  дене  дамуының  небір  жетістіктерін  дәлелдеп 

келеді.  Ұлт  ойындары  қай  қоғамда  қалыптаспасын,  ол  даму 

ерекшеліктеріне  байланысты  барлық  өнерді  өз  бойына  сиғызудың 

салдарынан  да  қазақ  халқының  көретін  киносы  көңіл  ашар  театрының 

рөлін  атқарады.  Демек,  қазіргі  бізге  жеткен  мәдениет  пен  өнердің,  театр 

элементтерінің  қай  -  қайсысы  болса  да  ойын  үстінде  көрсетіліп,  сол 

ойыншылардың  әр түрлі  мәнерлі орындалуының  нәтижесінде  келіп,  яғни 

қайталау  жаттығулардың  салдарынан  бүгінгідей  үлкен  мәдениет  пен 

өнердің 


негізін 

қалады.Халқымыздың 

ұлт 

перзенттерінің 



бірі, 

заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың 

өмір кешкен - ұзақ жылдарында, өздерін қызықтырған алуан өнері бар ғой. 

Ойын  деген  -  менің  түсінуімше,  көңіл  көтеру,  жұрттың  көзін  қуантып, 

көңілін  шаттандыру  ғана  емес,  ойынның  өзінше  бір  ерекше  мағынасы 

болған», - деп тегінен тегін айтпаса керек.  

          Қазақ  халқының  тарихы,  көне  жырларының  эпостары  мен 

лиро эпостарының қай - қайсысын алып қарасақ та, олардың көне бойынан 

халықтың ұлттық ойындарының, әдет - ғұрып салттарының алуан түрлерін  

кездестіреміз.  Сол    ойын  арқылы  шынығып,  өзінің  бойындағы  табиғи 

дарының  шыңдай  түсіп,толеранттылықтары  қалыптасады  Ойынға  халық 

ерекше  мән  берген.  Сондықтан  халық  оған  тек  ойын  -  сауық,  көңіл 

көтеретін  орын  деп  қана  қарамаған.  Ең  бастысы  -  ел  қорғауға  қабілетті 

болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға 

тең еркін бәсекеде толеранттық арқылы жеңіп алуға тиіс болған. Сондай - 

ақ  талапты  жас  ойын  өнеріне  өзінен  жасы  үлкен,  танымал  ұстаздан 

үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз. 

      Ақсақалдардың  айтуынша  «Ақсүйек»,  «Орда»  ойындарындағы 

ерекшелік  олардың  түнде  ғана  ойналатындығында  емес,  бұл  ойында 

болашақ  жауынгерлерге  қажетті  қасиеттер,толеранттық,  қырағылық, 

байқағыштық,  бағытты  бағдарлай  білу,  тапқырлық,  сергектік,  жүйріктік, 

алғырлық,  батылдық,  өжеттік  т.б.  тәрбиелеумен  бірге  оның  түнде 

ойналатын  тағы  бір  сыры  алдымен  жау  шебіне  барлау  жасау  үшін  түнде 

жерді  айыра  білуге,  бағытты  дәл  білуге,  табуға  жаттығуда.  Әсіресе,  ерте 

замандарда  жау  жасыранып  келіп  шабатын  болған,  сондықтан  ауыл 


жастары түнде ауыл маңын төр иттін жаудан сақтық күзетінде тұрып, бұл 

ойындарды бір жағынан ермек ретінде және жаттығу үшін де пайдаланған. 

Әсіресе «Орда» ойыны қазақ пен қырғыздың ертедегі есептеу әдістерінен 

мағлұматтар  беретін  этнографиялық  материал  ретінде  аса  құнды  деп 

бағалайды. 

          Этнографиялық  материалдарда  ата  -  аналар  балаларды 

зорлықсыз  тәрбиелеуді  көздейді.  Балаларды  ойынға  қызықтыру  үшін  - 

ойыншықтар жасалды.  Дене тәрбиесіндегі халық педагогикасында жастар 

категориясы жақсы белгіленген. Бұл ағзаның дамып, қалыптасуына үлкен 

әсер  етеді.  Сондай  -  ақ  баланың  жүйке  жүйесіне  жамандық  әкелетін 

ойындар ойналмайды. Ойындар арқылы мінезде қалыптастырылады. Қазақ 

ойындарында  үлкен  педагогикалық  тәрбиелік  мән  жатыр.  Ойын  көбінесе 

дене шынықтырудан тыс уақытта ойналу керек. Мысалы, демалыста. Дене 

тәрбиесіндегі  халық  педагогикасы    тұлғаны  тәрбиелеудегі  бар  жақтарды 

қамтиды  және  де  үлкен  ырғақ  бұнда  физикалық  қасиеттерге  және 

мүмкінділікке  қойылып  отыр.  Педагогикалық  эксперимент  барысында 

келесі  факт  білінді:  ол  халық  ойындарын  ойнаған  балаларда  физикалық 

қасиеттері мен толеранттылық  мүмкіндіктері зор болып келеді. Өйткені, 

ойын  барысында  бала  көп  қозғалып  төзімдікті  және  өзі  де  үлкен 

қызығушылықта болады. 

      Этнограф  –  ғалымдардың  пайымдауынша,  ата-бабаларымыздан 

бізге  жеткен  ұлттық  ойындарымыздың  тарихы  Қазақстан  жерінде  б.з.б. 

бірінші  мыңжылдықта-ақ  қалыптасқан.  Олардың  ішінде  тоғызқұмалақ, 

қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы 

мемлекет- терде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың 

негізі,  шығу  тегі  халқымыздың  көшпелі  дәстүрлі  шаруашылық 

қарекеттерінен  бастау  алады.  Ахмет  Жүнісовтың  айтуынша  (Фәниден 

бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың 

да  ертеден  қалыптасқан,  атадан  –  балаға  мұра  болып  жалғасып  келе 

жатқан  ұлттық  ойын-сауық  түрлері  бар.  Зер  салып  байқап  отырсақ,  ол 

ойын-сауықтар  қазақтың  ұлттық  ерекшелігіне,  күнделікті  тұрмыс-

тіршілігіне  тығыз  байланысты  туған  екен  және  адамға  жастайынан  дене 

тәрбиесін  беруге,  оны  батылдыққа,  ептілікке,  тапқырлыққа,  күштілікке, 

төзімділікке  т.б.  әдемі  адамгершілік  қасиеттерге  баулуға  бағытталған 

екен».  Ал  енді,  «Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия»  кітабында  қазақтың 

ұлттық  ойындарының мән  -  маңызы  туралы  былай деп  жазылған:  «Қазақ 

ұлты  негізінен  ұрпақ  қамын  басты  мақсат  етіп  қойып,  балалардың  нағыз 

азамат  болып  қалыптасуына  аса  зор  мән  берген.  Нәтижесінде  дәстүрлі 

бала  тәрбиесінің  басты  құралы  ретінде  ұлттық  ойынды  орайластырып, 

дамытып  отырған».Қазақтың  ұлттық  ойындары  бес  түрге  бөлген  Олар: 

аңға  байланысты,  малға  байланысты,  түрлі  заттармен  ойналатын, 

зеректікті,  ептілікті  және  икемділікті  қажет  ететін,  соңғы  кезде 

қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. 


          Дене  тәрбиесіндегі  халық  педагогикасы  тәрбиеде  маңызды 

роль  ойнайды.  Халықта  еңбекке,  жақсылыққа,  әділдікке  деген 

сүйіспеншілік  қалыптасып  қалған.  Бұл  сүйіспеншілікті  сақтаушылар  әр 

халықта  бар.  Олардың  жастарға  деген  ықпалы  бар  екені  сөзсіз.  Дене 

тәрбиесіндегі  халық  педагогикасымен  қорыта  келгенде,  халықтың 

денсаулығы  бағаланады.  Барлық  халықтарда  ғасырлар  бойы  өзіндік  дене 

тәрбие  бағдарламасы  қалыптасқан.  Бұл  бағдарламада  түрлі  жаттығулар 

мен  ойын    сауықтарды  дұрыс  пайдалану  нәтижесінде  жүзеге  асып 

отырады.  Бірақ  бос  орында  халық  ойындары  тұрды.  Сол  ойындарды 

жаңарту  арқасында  дене  шынықтыру  мұғалімдері  жақсы  ұстауын 

қамтамассыз етеді. 

          Қазақтың  ұлттық  ойындары  толеранттылықты  ,  ерлікті, 

өжеттілікті, 

ұлтжандықты, 

батылдықты, 

ептілікті, 

тапқырлықты, 

байсалдылықты, т.б. мінез - құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш - қуат 

молдылығын,  білек  күшін,  дененің  сомданып  шынығуын  қажет  етеді. 

Сонымен  бірге  бұл  ойындар  әділдік  пен  адамгершіліктің  жоғарғы 

принциптеріне  негізделген.  Өйткені,  ойынға қатынаспай  тұрып  -  ақ,  оған 

күн  ілгері  көп  адамдардың  тер  төгіп,  еңбек  етуіне  тура  келеді.Ұлттық 

ойындар  өзінің  бастауын  халықтық  педагогиканың  тұңғиығынан  алады. 

Қазақ  ұлттық  ойындары  ерлікті,  өжеттікті,төзімділікті,  батылдықты, 

шапшаңдықты,  ептілікті,  тапқырлықты,  табандылықты  және  т.б.  мінез-

құлықтық  ерекшеліктермен  бірге  күш-қуаттың  молдығының,  дененің 

сомданып  шығуын  қажет  етеді.  Сонымен  бірге  бұл  ойындар  әділдік  пен 

адамгершіліктің  жоғары  ұстанымдарына  негізделген  қазақтың  ұлттық 

ойындары: көкпар, күрес, теңге алу, қыз қуу және т.б. туристік-спорттық 

сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болады. 

Солардың  ішінде  Е.Сағындықов  пен  Т.Ж.Бекбатчаевтардың 

ұсынған  классификацияларын  басшылыққа  алып,өз  анықтамамызды 

береміз:  «ұлттық  ойындар  дегеніміз  -  әрбір  ұлттың  алдыңғы  аға 

ұрпақтарынан  кейінгі  жас  ұрпақтарға  жеткен  ақыл-ойының,  іс-

әрекеттерінің,  қоғамдық  санасының  әлеуметтік  өмір  сүру  тәжірибесінің 

тәрбиелілік мәні бар құралдары».     

Ұлттық  ойындардың  әрқайсысына  тән  қасиет,  көздейтін  негізгі 

мақсат  –  адамға  әсер  ету,  оған  қоршаған  орта  туралы  мағлұмат  беріп, 

ықпал  ету.  Әр      ұлт      ойынының        бойында        жастардың    білімді 

меңгеруге,  өмірді  танып  білуге  деген  ынтасын  оятатын,  ұжымға  деген 

ынтымақ,  жолдасқа  деген  ілтипат,  сыйластық,  тіл  табысу,  басқалармен 

санаса  білу  және  т.б.  өмірге  аса  қажетті  адамгершілік  қасиеттерді 

қалыптастыру секілді дидактикалық ұстаным, тұтас педагогикалық үрдіс, 

іргелі идея бар.  

     Қорыта келгенде,  тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі 

жаңа,  ол  топ  бастайтын,  ескірмейтін  нәрсе,  өйткені,  күн  сайын  дүниеге 

келіп  жататын  сәбилердің  қиялын  қозғап,  сезімдерін  аялайтын,  денеге 


қуат,  жанға  саулық  беріп,  рухани  азық  болатын  да  осы  ойын.  Ұлттық 

ойын арқылы ғана ұлттық сезімге жететіндігіміз айқын. 

 

 

Әдебиеттер: 



1.

 

Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. - Алматы: Санат- 2001. 



2.

 

Тайжанова С. Дасымбекова С,«Қазақтың ұлттық 



ойындары»Мектептегі дене шынықтыру, №5, 2006. 

3.

 



Танекеев М.Мир народного спорт:Научное издание.-Алматы, 

«Санат», 1998. 

4.

 

Таникеев М.Т. От байги до олимпиады.Алма-Ата:1983. 



5.

 

ТәнекеевМ.Г.Қазақстанның  дене дәрбиесі жөніндегі тарихы.Оқу 



құралы,- Алматы,1977. 

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Қ атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі
123456789 -> Бегімбай К. М. Дизайн және бейнелеу өнері салаларына
123456789 -> СҮттің Қоректік сапасы және сүттегі микроорганизмдер
123456789 -> Қазақ халқының ою-өрнектерінің Қолданылуы
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
123456789 -> Қр президенттік мәдениет орталығының кіші ғылыми қызметкері
123456789 -> Адам қҰҚЫҚтары жүйесіндегі білім алу қҰҚЫҒЫ
123456789 -> Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды
123456789 -> Г.Қ. аЙҚынбаева оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ- пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДерді қолДануДыҢ еРекШелІктеРІ
123456789 -> Артыкбаев Ж. О. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Жаратылыс құпиялары туралы жыр


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет