Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет57/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72

Использованная литература

1. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис: пер. с англ. / общ. ред. И предисл. А.В. Толстых. 2e изд. 

М.: Флинта:2006. – 352 с.

2. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности (Основные положения, исследования и применение). – СПб.: 

Питер, 1999. – 267с.

3. Казанская В. Г. Подросток. Трудности взросления. – Спб.: Питер, 2008. – 230с.

4. Петровский А. В. Предпосылки и очерк стратометрической концепции групповой сплоченности. 

Возрастная и педагогическая психология. – Материалы Всесоюзного семинара-совещания. С. 1 – 37.

5. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии. – СПб.: Питер, 2000. – 688 с.


367

ҚАЗІРГІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКА НЕГІЗІНДЕ АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ, 

САҚТАУ, ӨНДЕУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ІСТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КИБЕРНЕТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР МЕН ҚАЗІРГІ 

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ЖИЫНЫ

Тажикова Г. Д., 

Байманов Д. А. 

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі 

Қызылорда қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл  мақалада  микропроцесссордың  құрылғыларына  қысқаша  шолу  жүргізіп,  оның  жұмысына  әсер  ететін 

түрлі жолдар қарастырылды.

Аннотация

В данной статье проведен обзор устройств микропроцессора, а также рассмотрены различные формы и спо-

собы, влияющие на его работу.

Abstract

In  this  article,  was  conducted  a  review  of  the  microprocessor  device  and  discusses  the  various  ways  that  affect  its 

performance.

Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-қатынасына  ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялардың  кеңінен  қолданысқа  еніп,  жылдам  дамып  келе  жатқан 

кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның 

негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау 

қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы 

әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни 

ақпараттық қоғамға бейімдеу. 

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу 

және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін  математикалық  және  кибернетикалық  тәсілдер  мен 

қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Микропроцессорге жалпы сипаттама

Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құрылысы, ол деректерді тікелей өңдейді, 

атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды 

[1]. 

Жалпы  алғанда  16  биттік  компьютер  8  биттік  жүйеден  жылдамдырақ  жұмыс  істейді,  ал  32 



биттік компьютер 8 және 16 биттік үлгілерден жылдамырақ. Микропроцессор, жады және перифе-

рия құрылғылардың арасында дерек беру үрдісі шина арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы 

процессорлардың көпшілігінде 32 биттік шина қолданылады, яғни бір мезетте 32 биттік дерек беруге 

болады. 64 биттік шиналы компьютер де болады, бірақ олар әлі кең тарай қойған жоқ.

Микропроцессор  тікелей  берілгендерді  өңдеу  және  берілгендердің  бағдарламалық  басқару 

үдерісін өңдеу жұмысын атқарады [3, 379-б].



Процессор_(ағылш._central_processing_unit,_CPU'>Процессор  (ағылш.  central  processing  unit,  CPU  –  Орталық  есептеуіш  бөлім).  Ол  өшемі  5х5 

тіктөртбұрыш керамикалық пластина түрінде болады [2, 178-б].

1)  программаға  сәйкес  операцияларды  орындауға  арналған  компьютердің  негізгі  құрылғысы, 

қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық 

есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компью-

терлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;

2)  мәліметтерді  өңдеу  кезінде  кейбір  алдын  ала  есептеу  жұмыстарын  немесе  ұйымдастыру 

қызметін атқаратын машиналық программа. 



Процессор  бірнеше  маңызды  блоктардан  тұрады:  1)  арифметикалық-логикалық  құылғы;  2) 

Математикалық сопроцессор; 3) Кэш-жады [2, 178-б]



Процессорды  компьютердің  жүрегі  десекте  болады.  Компьютеріңіздің  есептеу  жылдамадығы 

осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады [2, 180-

б]. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың 


368

жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де 

жоғарылайды.  Бұл  әрине  тиімсіз  болды.  Бұны  бір  корпусқа  екі  процессор  орнату  арқылы  жеңді. 

Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының 

түрімен әр түрге бөлінеді.

Машиналардың  маркалары  мысалға  (BMW  525i,  Mercedec600)  сияқты  процессорлардың  да 

номерлері бар. Celeron D 330 немесе Pentium 4 640. Процессор (микропроцессор) – компьютердің ең 

үлкен микросхемасы. Процессор ондаған миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың негізгі 

ішкі схемасы-арифметика логикалық құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық операциялармен 

жұмыс жасау схемасы, сыртқы шинаны басқаратын шина (сыртқы әлеммен байланысу схемасы).



Процессордың разрядтылығы. Сыртқы шина арқылы процессорға ақпарат түседі-мәліметтер 

және командалар. Бұлар арифметика логикалық құрылғыда өңделеді. Процессордың схемаларының 

разрядтылығы қаншалықты көп болса соншалықты ақпаратты тез өңдейді.

Процессордың  жиілігі  (frequency).  Разрядтылықтан  басқа  процессорда  маңызды  қызмет 

атқаратын ол тактылық жиілігі. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц ол секундына миллион такт 

болады. 100 МГц – секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактыда процессор қандайда 

бір фрагментті есептейді. Сондықтан тактылық жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен 

мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады.

Процессордың  кэш  жадысы.  Процессор  өңдейтін  мәліметтерді  оперативті  жадыдан  алады. 

Әдетте процессор өзінде еш нәрсеніде сақтамайды. Онда мәліметтер өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл 

жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады [4, 379-б]. 

Регистрлер  деп  ақпаратты  қабылдауға,  сақтауға,  беріп  жіберуге  және  түрлендіруге  арналған 

функционалдық құрылғыларды айтады. Ақпаратты жазу әдісіне байланысты параллельді, тізбекті, 

параллель-тізбекті регистрлер деп бөледі.

Параллельді  регистрлер.  Параллельді  регистрлерде  екілік  санды  жазу  параллель  кодымен 

жүргізіледі, яғни регистрдің барлық разрядтарына бір уақытта әсер етеді. Олардың функциясы тек 

ақпаратты қабылдау, сақтау және беріп жіберу болып табылады. Осыған байланысты параллельді 

регистрлерді көбінесе жады регистрлері деп атайды.

Параллель n- разрядты n-триггерлерден тұрады, олардың әрқайсысының ақпарат сөздерінің са-

нына сәйкес кірістері бар. Егер цифрлық ақпарат көзі біреу болса, онда әрбір триггердің бір кірісі 

болады. Ақпараттың екі параллельді каналында разряд триггері екі және үш кірістері болады. Сол 

және басқа каналдың цифрлық ақпараттың регистрге жазу регистрі басқару тізбегі бойынша іске 

асырылады. Параллельді регистрлерді құру принципі төрт разрядты цифрлық ақпараттың бір ка-

налы бойынша олардың құрылымдық схемасымен бейнеленеді.

Екілік санды жазу алдында барлық триггерлерді, «Нөлге келтіру» кірісіне импульс беру арқылы 

«0» күйіне орнатады. Кіріс ақпаратты регистрге жазу үшін ЖӘНЕ кіріс элементтерін ашатын жазу 

импульсін береді. Кіріс санның коды регистрге жазылады. Егер, мысалы, кіріске 11 санына сәйкестік 

1011  коды  кліп  түссе,  онда  осы  сан  регистрге  жазылып  қалады.  Жазу  операциясы  аяқталғаннан 

кейін регистрге жазылған ақпарат, кіріс ақпарат өзгеріп жатса да, оған қарамай, сақталып тұрады. 

Ақпаратты санап-оқу үшін «Санап – оқу» Кірісіне импульс береді. Регистрдің шығыс шиналарына 

регистрде жазылған санның коды беріп жіберіледі. Бұл жағдайда регистрде жады сақталады.

Жаңа ақпаратты алу үшін айтылған операциялар қайталанады.

Параллельді  регистрлерді  құруда  D-триггерлер  кең  қолданыс  тапты,  олар  параллельді 

регистрлерді элементтердің аз санында да орындауға мүмкіндік береді.

Тізбекті  регистрлер  (ығыстыру  регистрлері).  Тізбекті  регистрлер  (ығыстыру  регистрлері) 

санды  тізбекті  (реттілікті)  жаззумен  сипатталады.  Регистр  тізбектей  қосылған  жадының  екілік 

ұяшықтарынан тұрады, олардың күйлері келесі ұяшықтарынатаетілік импульстер әсерінен беріледі 

(ығыстырылады).  Осы  тактілік  импульстер  регистр  жұмысын  басқарады.  Жылжыту  регистрлері 

тактілік  импульстердің  бір  тізбегімен  басқарылуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  регистрлерді  бір  тактілі 

деп  атайды.  Екі,  үш,  төрт  т.  с.  с.  тізбекті  тактілік  импульстер  тізбегі  өзара  фазалық  ығысу  2π/m 

эл. градпен жүреді, мұнда 2π- тізбектің біреуіндегі импульстердің жүріп өту периоды, ал m- тактілік 

импульстердің тізбектерінің саны.

Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. 

Кэш  бұл  шағын  ұяшықтық  жады.  Буфердің  қызметін  атқарады.  Егер  бір  нәрсе  жалпы  жадыдан 

өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі. Егер бұл мәліметтер тағы керек болып жатса, алысқа 

жүгінбей буферден ала салады. Процессорға мәлімет керек болса, ол бірінші регистрді тексереді. 

Ол жерде керек мәлімет жоқ болса, жақын жердегі кэш жадыны тексереді. Ол жердеде жоқ болса 

оперативті жадыдан қарайды. Бұл жерде де жоқ болса, HDD дискіге сұраныс жасайды. 

Мәтіндік процессор. Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (систе-

ма подготовки текстов); word processor) — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу 

және  қағазға  басып  шығаруды  қамтамасыз  ететін  программалық  құралдар.  Баспа  машинкасында 


369

орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін 

іздеп  тауып,  оны  басқаға  өзгерту;  «қиып  алып  желімдеу»;  бірнеше  терезедегі  мәтіндермен  катар 

жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады. 

Сонымен регистрлер арифметикалық-логикалық құрылғыларда қолданылады. Сонымен қатар, 

регистрлер жекеленген логикалық операцияларды орындауда қолданылады. 



Үзу жүйесі

Микропроцессор  жүйесімен  жұмыс  кезінде  жедел  серпілісті  талап  ететін  жағдайлар  болады. 

Мұндай  серпіліс  бағдарламаның  үзілісін  қамтамасыз  етуге  және  сұраныстың  көзін  қамтамасыз 

етеді. Жүйе ішінде мынадай жағдайларда сұраныс пайда болады. Жұмыс істеу тоқтағанда, разряд 

сектасының толуында нольге бөлу кезінде т. б. сонымен қатар сыртқы құрылғылардан қамтамасыз 

етуді  талап  еткен  жағдайда  пайда  болады.  Басқару  объектілерінде  басқа  жерлерден  де  төтенше 

жағдайлар туралы дабыл қағуы мүмкін. Мысалы: қоректену көзінің дұрыс жөнделмеуі тағы басқалар 

да  бар.  Жай  жұмыс  атқаратын  сыртқы  құрылғылардың  үзу  сұранысы  бойынша  өндіріс  жүйесі 

ұлғайтылады,  сонымен  қатар  сыртқы  құрылғылар  процессордың  тек  қана  айырбасқа  дайындық 

уақытын алуға да мүмкіндік жасайды. Сыртқы құрылғы қамтамасыз етуді қажет еткенде ол триггер 

сұранысын үзуді құрады және ол қабылданып микропроцессорды өңделіп болғанша сұраныс дабы-

лы сақталады [4, 409 – б].

Микропроцессорлы  жүйеде  қабылданған  және  үзу  сұранысына  жауап  ретінде  ағымдағы  ко-

мандаларды  орындайды.  Микропроцессордың  жағдайы  есте  сақталады,  бағдарлама  ішіндегі  үзу 

қамтамасыз  етілуі  орындалады.  Содан  кейін  негізгі  бағдарламаның  басқаруға  лайық  команда 

орындалады.

К  1821  микропроцессорында  бес  ену  үзу  және  бір  шығуды  INTA-  басқаруы  бар.  Үзу  РС 

бағдарламалық санаушысымен стекке жіберіледі де РС бағдарлама ішіндегі мекен- жайда жүктеп 

тиісті  орындалудан  кейін  CALL  командасының  іс-  әрекетіне  ендіру  керек.  CALL  командасына 

енгізудің талабы микропроцессорды жүйенің қаржы аппаратына тиесілі болады. Егер үзу рұқсат 

етілсе олар ағымдағы командалардың соңғы орындалуында микропроцессорды жүзеге асырады [4, 

410 – б]. 

Микропроцессорға ену үзумен байланысты болады. Оларды: TRAP: RST 5.5 RST 6.5: RST 7.5 INTR 

деп атайды.

Үзуді  ұйымдастыру  кезінде  бүркеме  сұраныстар  және  бір  уақыт  ішінде  сұраныстың  түсуінен 

тұратын шиеленістердің деңгейін анықтайды. Бүркеме тиым салынған іс- әрекетерге сәйкес өндіруден 

тұрады. Үзу сұранысының енуі бүркеме немесе бүркеме емес болуы мүмкін.

TRAP- қа ену бүркеме емес және өте жоғарғы орынға ие болып келеді. Ол бағдарламаның коман-

дасымен тиым салынбайды. Бұл өндіруге дабылды қосады, микропроцессор жүйесіндегі маңызды 

жаңалықтарды, серпілістің пайда болуын талап ететін барлығын осы қосылған дабыл арқылы жар 

салынады. Мысалы: дабыл қоректену блогының аппаратына тиісті жедел шара қолдану.

Бағдарлама  ішіндегі  TRAP  үзуін  қамтамасыз  етудің  бастапқы  мекен-  жайын  24Н  жадылы  ме-

кен- жайына орналастырып бекітеді. Осындай жолмен TRAP- қа енуді сұранысының пайда болуы 

тәуелсіз болып келеді де, ағымдағы команданың орындалуының аяқталуынан кейінгі сәйкесті үзуді 

шақырады [4, 411 – б].

RST


n

(n= 5.5; 6.5; 7.5;) енуі Restart сөзін білдіреді. Үзудің осы ену бүркемесін рұқсат етілген және 

тиым  салынған  командалары  бар  EL(Enable  Interrupt)  және  DL  (Disable  Interrupt).  Олар  үш  енуге 

бір уақытта жұмыс атқара алады. Микропроцессордың бастапқы түсірілімінде осы сұраныстарды 

қамтамасыз етуіне тыйым салынады, ол үшін командасын қабылдау керек. SIM (Set Interrupt Mask) 

арнайы  командасының  көмегімен  RST

n

  жекеленген  бүркемеленген  ұстанымдар  мүмкіншілігін 



қабылдайды. Осының нәтижесінде аккумулятор мазмұны А

0

- А



3

 биттер мағынасына сәйкес келетін 

бір перде құрады.

RST 7,5 енуі динамикалық болып табылады, ал RST 6,5 және RST енуі- статистикалық болып табы-

лады. Мұнда дабыл деңгейі және осы ену арқылы ұстанымдар жоғалған автоматты түрде шешіледі.

RST  7,5  сұранысы  динамикалық  ену  триггерін  қабылдайды.  Сұраныс  дабылы  Reset  командасы 

орындалмайынша сұраныс түсірілмейді және сақталмайды [2].

TNTR (Interrupt) енуінің сұранысының түсірілімі кезеңінде үзу векторы басқа жаққа берілуі ке-

рек.  Бұл  енуге  жартылай  бақылаушы  үзу  қосады.  Ол  сыртқы  құрылғыларға  бірнеше  сұраныстар 

қабылдайды  да  микропроцессорды  үшін  жалғыз  INTR  дабылын  өңдейді.  Сонымен  қатар  осы 

жағдайда RST n командасы орындалады, бірақ п үзудің көзіне тәуелді болады. Аппаратты ену байты 

INTR сұранысы пайда болған жағдайда Шинада АД ену байты пайда болады. INTR дабылы кезінде 

енуге буферді күшейту шығысына рұқсат етіледі.

Рестарт  операциясының  орындалуы  кезіндегі  байтты  аппаратты  реализация  нұсқауы  болып 

табылады.


370

Қуды өңдеу кезінде EL командасы орындалмайынша TRAP үзуінен басқа үзулерге тыйым салына-

ды. Бүркемеленген TRAP үзуін басқа да үзулер кодтап тастайды, бірақ сол қалпымен сақтай алады.

Енгізу- шығару

Микропроцессордың келесі мәліметтерді жіберу үшін екі шығару түрі бар SOO және SIO (Serial 

Output Data және Serial Input Data).

SOO  шығару  SІМ  командасымен  басқарылады,  ал  SІO  шығару  дыбысы  RIM  командысымен 

оқылады. Бұл командалар құру командасы секілді ертеректен ескеріліпе келеді және RSTn- нің ажыра-

тылуына кіру үшін өшіріп қосу, олар тағыда басқарылатын келесі енгізу- шығаруда да қолданылады. 

SІМ командасының орындалуына дейін тоқ жинақтауышты сөз құралады.

7

6

5



4

3

2



1

0

SOO



SOE

X

R 7.5



MSE

M 7.5


M 6.5

M 5.5


Қайда SOO- келесі шығу мәлімет, SOE (Serial Input Enable)- дыбыс, микропроцессордың сәйкес 

шығуына  бір  ғана  маңызды  жіберетін  келесі  SOO,  бит  5  пайдаланылады,  R  7.5.  7,5  MSE  (Mask  set 

Enable)- дыбыс, биттің белсенді қалыбы жақсы жұмыс істеуге рнұқсат береді. 2....0, биттер М 7,5 ... М 

5,5 қайта сұрау. RST 5,5 егер сәйкес келетін биттің бір ғана маңызы болады [4, 413 – б].

Мысалы: құру SOD= 1, рұқсат RST 6,5. 5,5 программада екі командамен орындалады.

•  MVI A, b

2

- ток жинақтауыштың биттерінің құрылуы.



•  SIM- SOD битінің өзгеруі.

Команда MVI A, b

2

 ток жинақтауышқа байт жібереді, b



2

 жұмысын орындайды (A)- (b

2

).

Байт b2 тығыз жағдайда мынандайда түрі бар: 11х11101



7

6

5



4

3

2



1

0

SIO



17,5

16,5


15,5

IE

M 7,5



M 6,5

M 5,5


SIO қайда – келесі мәлімет енгізу арқылы байланыс SIO; I 7,5; I 6,5; I 5,5 – ой деңгейі шығуда RSI 7,5; 

RST 6,5 және RST 5,5 сәйкес келеді, IE – дыбыс үзуге рұқсат, М 5,5 ой деңгейі.

RIМ командасы кезінде биттер деңгейін біріктіреді. IE – ні көрсетеді, мыналардың ішінен қандай 

команда  ЕТ  және  ОI  соңғы  орындалды,  бұған  дер  кезіндегі  ажыратылуы  ррррр  қанша  қол  жерін 

тигізеді,  қанша  дегенмен  ол  IE  қайта  қосылуымен  жүзеге  асырылатындықтан,  басқа  өшірулерге 

тиым салаып отырады [4, 414 – б].

Сонымен,  осы  мақалада  микропроцесссордың  құрылғыларына  қысқаша  шолу  жүргізіп,  оның 

жұмысына әсер ететін түрлі жолдар қарастырылды.



Әдебиеттер тізімі

1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» 

ҒӨФ. 2006.

2. Трасковский А. Устройство, модернизация, ремонт IBM PC – «БХВ-Петербург», 2004.

3. Шагурин И. М. Микросхемотехника. – М.: Радио и связь, 1982.

4.  Безуглов  Д.  А.,  Калиенко  И.  В.  Цифровые  устройства  и  микропроцессоры  –  Ростов  н/Д.: 

Феникс, 2006.

5.  Тлостанов  Ю.  К.  Лабораторный  практикум  по  дисциплине  «ОСНОВЫ  ЦИФРОВОЙ 

ТЕХНИКИ». Кабардино-Балкарский государственный университет им. Х. М. Бербекова, 2002.

6. Вениаминов В. Н., Лебедев О. Н., Мирошниченко А. И. Микросхемы и их применение. – М.: 

Радио и связь, 1989.

7. Савельев П. В., Коняхин В. В. Функционально-логическое проектирование БИС. – М.: Высшая 

школа, 1990.

8. Токхейм Р. Основы цифровой электроники. – М.: Мир, 1988.

9. Угрюмов Е. П. Цифровая схемотехника. – СПб.: БХП – Петербург, 2001.


371

ТҰТЫҒУ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ

Талпакова С. А.

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Орал қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл  мақалада  қазіргі  кезде  балалар  арасында  жиі  кездесетін  тіл  кемістігінің  бірі  –  тұтығу  бұзылысы, 

оның  пайда  болу  себептері,  оны  алдын  алу  жолдары,  тұтығуды  жою  немесе  оны  түзету  жұмыстары  туралы 

қарастырылады. Сонымен қатар, тұтығатын балалар туралы шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу 

жұмыстарынан қысқаша дәлелдемелер берілген.

Аннотация

В данной статье рассматривается одна из наиболее часто встречающихся проблем среди детей – заикание, 

его проявление, профилактика и пути коррекции; проанализированы исследования зарубежных и отечественных 

ученых по данному дефекту у детей.

Abstract

This article discusses one of the most common problems among children – stuttering, its manifestations, prevention and 

correction of ways. And also describes studies of foreign and domestic scholars of this defect.

Кекештік  немесе  тұтығу  (тағы  бір  синонимі  –  логоневроз,  логоклония)  (лат.  balbutіes)  –  сөйлеу 

қалпының  бұзылуы,  жеке  дыбыстар  мен  сөз  буындарын  айтқанда  немесе  оларды  қайталағанда 

еріксіз мүдіру.

ХІХ ғасыр аяғында психиатр И. А. Сикорский алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың 

арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады. Ресей және 

шетел ғылымдарының мәліметтері бойынша жалпы балалардың 2% тұтығады.

Отандық  даңқы  шыққан  психолог  –  дефектологтар:  Ж.  Намазбаева,  А.  Шарапиева,  А.  Сатова, 

М. Адилова. Т. Тебенова, т. б. өз үлесін қосты.

Тұтығуды мектепке дейінгі кезеңде түзетудің алғаш рет негізін алып, дамытқан Б. А. Гиляровский 

болды.

1931 жылы Москвада тұтығатын балалар үшін бала-бақша ашылды. Онда Е. Ф. Роу логопедиялық 



жұмыстар жүргізуді және Н. А. Власова жұмыс істеді. 1932 жылы Санкт-Петербургте ұзартылған күн 

топтары ұйымдастырылды. Онда М. Ф. Брунс жас балалардың тұтығуын түзетумен айналысты.

И. А. Сикорский тұтығатын балалар психикасын мынадай топтарға бөледі:

•  Жат адамдар арасында өзін қолайсыз сезіну;

•  Шамадан тыс әсершіл;

•  Фантазияның айқындылығы, күшейген тұтықпа;

•  Еріктің әлсіздігі;

•  Тұтығуды қалыптастыратын және тежейтін психологиялық әдістер;

•  Көпшіліктің алдында немесе адамдар алдында сөйлеуге үрейлену [5;25б]

Тұтығудың  жедел  (эволюциялық)  және  созылмалы  (невротикалық)  түрлері  ажыратылады. 



Жедел түрінде – тұтығу біртіндеп дамиды. Әдетте, 2 – 5 жас аралығындағы балаларда (көбіне ер ба-

лаларда) кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесі орнықтылығын төмендеуін туғызатын 

факторлардың (тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған ашушаңдық, ызақорлық, т. б.) сал-

дары үлкен. Созылмалы түрі – қатты шошынудан, әр түрлі жарақаттардың әсерінен орталық жүйке 

жүйесі  қызметінің  бұзылуынан,  отбасындағы  келіспеушілік  жағдайлардың  салдарынан  пайда 

болады. 


Тұтығудың пайда болу себептері.

Этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді:

1.  Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2-ден 5 жасқа дейін балаларда сөз тіркесінің бай-

ланыстырылып  сөйлеуі  қалыптасуы  кезінде  пайда  болады.  Көбінесе  ашуланшақ,  күйгелек 

балаларда  кездеседі.  Тұтығудың  бұл  түрі  орталық  және  перифириялық  (шеткі)  жүйке 

жүйесіндегі сөйлеу механизмінің органикалық зақымдануы болмаса да пайда болады.

2.  Ал органикалық тұтығу орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан (жарақаттану, 

нейроинфекция, т. б.) болады. Бұл барлық жастағы адамдарда кездесуі мүмкін.



372

Тұтығу 3 дәрежеге ажыратылады: жеңіл, орташа, ауыр түрі.



Жеңіл – тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет