Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет17/52
Дата06.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#8316
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52

 
Әдебиеттер  
1.
 
Кҿбеев  С.  Таңдамалы  шығармалар  /Қҧрастырған:  Қирабаев  С./.  –  Алматы:  Кҿркемҽдебиет  баспасы, 
1960. – 295 б. 
2.
 
Бҿлеев Қ., Ибраимова Л.Н. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тҽрбие. Оқу қҧралы. – Алматы: 
Нҧрлы ҽлем, 2008. – 156 бет 
3.
 
Ахметов  Ш.  Қазақ  балалар  ҽдебиеті  /Жоғары  оқу  орындары  мен  педучилищелердің  студенттеріне 
арналған оқулық.  – Алматы: Мектеп, 1974. – 176 б. 
4.
 
Пралиев  С.Ж. Республикалық ғылыми-кҿпшілік бағыттағы Ҧлттық тҽрбие  журналы.  –  Алматы,  №1, 
2010.  
5.
 
Волков Г.Н. Чувашская народная педагогика. – Чебоксары, 1956 
6.
 
Пирлиев К. Прогрессивное традиций народной педагогики в современном воспитании школьников. – 
Ташкент, 1991. с.350 
7.
 
Оразбекова К.А. Жеке тҧлға ҧлттық тҽрбиесiнiң ғылыми-педагогикалық  негiздерi. – Алматы, 2001. – 
298 бет 
8.
 
Жҧмабаев М. Шығармалар. 2, 3 Т. – Алматы: Білім, 1996. – 512 б.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

93 
 
ҼОЖ 373.3:37.091.322.7 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ДАҒДЫСЫН  
ТЕКСЕРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аманбекқызы Ж., Пердебаева Ә., Кӛшенова Ә. 
М. Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Актуальность  данного  исследования  заключается  в  том,  что  в  исследовательской  работе 
рассматриваются пути проверки учебных навыков учащихся начальных классов. 
 
Summary 
The  present  research  is  important  because  it  explores,  this  paper  considers  methods  of  verification  of 
academic skills of primary school pupils 
 
Кіші  жастағы  оқушылар  ҥшін  ана  тілі  сабақтары  ҿмірді,  ондағы  адамдық  қарым-қатынастарды 
тҥсінуге  ашылған  терезе  іспеттес.  Мҧнда  қайырымдылық,  адалдық,  бір-бірін  тҥсіне  білу,  парыз  жҽне 
басқа  да  кҿптеген  тҥсініктердің  алғашқы  бастамаларының  негізі  қаланады.  Ҽрине,  осындай  маңызды 
ҧғымдар  бала  санасында  дайын  кҥйінде  қалыптаса  салмайды.  Міне,  сондықтан  ана  тілі  пҽні 
мҧғалімдері  сабақ  қҧрылымын  қҧруда  кҿркем  сҿздер  арқылы    тек  баланың  санасына  ҽсер  етуді 
кҿздемей, бірінші кезекте баланың сезіміне  ҽсер етуге, оларды жақсылыққа қарай итермелеуге жағдай 
жасап, шығарма арқылы шынайы ҿмірге кҿпір салуға ҧмтылуы тиіс.  
Ана тілі – баладан тек терең меңгеруді ғана қажет етіп қоймай, басқа да мектеп бағдарламаларын 
игерудің негізі болып табылатын пҽн.  
Оқушылар бастауыш мектепті бітірерде шапшаңдыққа оқу мен тҥсініп оқуды қамтитын талдап 
оқуға қалыптасады. Оқу дағдысының қалыптасу кезеңі ҧзақ уақытты қажет етеді. 
Сҿздерді  толық  сҿздермен  минутына  40  сҿзден  дауыстап  оқу  шапшаңдығы  мҽтін  мазмҧнын 
тҥсінуге  қол  жеткізбейді.  Мҽтін  мазмҧнына  бала  минутына  60  сҿзден  оқығанда  жҽне  сҿздерді  толық 
оқуға қол жеткізгенде тҥсіне бастайды. Ал даыстап толық сҿздермен минутына 90 сҿзден оқыған бала 
оқыған мҽтінінің мазмҧнын толық жҽне терең тҥсінуге қол жеткізеді. Міне, сондықтан мҧғалімдер оқу 
техникасын,  яғни  белгілі  бір  уақыт  кесігіндегі  баланың  оқу  техникасы  бойынша  білім,  білік, 
дағыдысын бақылауға алып отыруы тиіс.  
Оқу дағдысының қалыптасуын тексеруді жылына ҥш рет жҥргізген тиімді: 
-
 
оқу жылының басында ( 10-15 қыркҥйек) 
-
 
бірінші жарты жылдықтың аяғында (20-25 желтоқсан) 
-
 
екінші жарты жылдықтың соңында ( 10-15 мамырда) 
Осы ҥш кезең оқушының оқу дағдысындағы ҿзгерістердің деңгейін кҿруге мҥмкіндік береді. Оқу 
жылы барысында ҽр оқушының оқу дағдысының қалыптасуы мен дамуын бақылап отыру мҧғалімнен 
кҿп тер тҿгуді қажет етеді. Бҧл жҧмыста мҧғалімнің басшылыққа алатыны - бағдарлама мен ҽр жарты 
жылдыққа арналған бағдарламалық талаптар. 
Қазіргі  бастауыш  мектептердегі  деңгейлеп-саралап  оқыту  ҽрбір  оқушының  жҧмыс  қарқынын, 
қабылдау,  есте  сақтау,  ойлау  қабілеттерінің    ерекшеліктерін  ескеруге  мҥмкіндік  береді.  Кез-келген 
деңгейлеп-саралап  оқытудың  тҥпкі  мақсаты  –  оқудың  сапасын  арттыру.  Бірсыдырғы  оқу  тҥрлері 
оқушының оқуға деген қызығушылығының жоғалуына ҽкеліп соқтырады, сондықтан дауыстап оқу мен 
іштей оқу, бҽсең дауыспен немесе дауыстап оқу, қарқынын жылдамдатып немесе баяулатып оқыту т.б. 
жҧмыс тҥрлерін алмастырып отыру қажет. Сыныптан-сыныпқа кҿшкен сайын ҿзіндік оқудың кҿлемін 
ҧлғайтып отыру керек, мҧнсыз баланың толыққанды дамуы туралы сҿз болуы да мҥмкін емес.  
1-сыныпта  10-15  қыркҥйек  аралығында  оқушылардың  оқу  дағдыларын  тексеру  мақсатында 
алдымен жеке сҿздер мен «А-та. Ма-та са-ры» деген сияқты ашық буынды сҿздерден тҧратын мҽтіндер 
беріледі,  содан  кейін  бітеу  буынды  сҿздері  бар  мҽтіндер,  соңында  ҥш  жҽне  одан  да  кҿп  буыны  бар 
сҿздерден  тҧратын  мҽтіндер  беріледі.  Мҧндай  мҽтіндер  мҧғалімге  оқу  жылының  басында  ҽрбір 
оқушының  оқу  дағдысының  қалыптасу  деңгейін  байқауға,  мектепке  дейін  оқуды  ҥйреніп  келген 
оқушыларды  анықтауға  мҥмкіндік  береді.  Алдын  ала  тексеру  мҧғалімге  Ҽліппемен  жҧмыс  барысын 
жоспарлауға,  оқушылардың  оқу  дағдыларын  жетілдіру  ҥшін  қосымша  ҽдебиеттер  мен  кҿркем 
шығармаларды таңдауға мҥмкіндік береді. Бірінші жарты жылдықтың соңында жҽне жыл соңында оқу 
дағдыларын тексеру ҥшін мҧғалім оқушы деңгейіне сай мҽтінді таңдап алады. Бҧл проза немесе ҿлең, 
кҿлемі жағынан шағын немесе кҿлемді мҽтін, ауырлығы жағынан ҽр тҥрлі қҧрылымдағы сҿздер болуы 
мҥмкін.  

94 
 
2-4 сыныптар ҥшін де ҽр тҥрлі нҧсқадағы мҽтіндер ҧсынылған. Мҧғалім таңдауына сай тексеру 
бір немесе бірнеше мҽтін кҿлемінде жҥргізілуі мҥмкін.  
Оқу  бағдарламасындағы  кҿптеген  мҽтіндердің  ҿлең  тҥрінде  келетінін  ескере  отырып, 
шапшаңдыққа оқу дағдысын тексеру барысында ҿлең тҥріндегі мҽтіндерді де қолданып отырған жҿн. 
Ҿлең  тҥріндегі  мҽтіндерді  оқыту  кезінде  ҿлең  оқу  ырғағына,  дауыс  реңкіне,  кідіріс  қоя  білуіне, 
эмоционалдық  бояуына,  бейнелі  оқи  білуіне  мҽн  беріледі.  Мҧндай  мҽтіндер  мҧғалімнің  қалауы 
бойынша алынады.  
Оқу техникасын тексеру кезінде мҧғалім баланың оқу дағдысын, тҥсініп жҽне дҧрыс оқуын, оқу 
шапшаңдығын, мҽнерлеп оқуын біртҧтас алуы қажет.  
Оқушының түсініп оқуын тексеру кезінде бҽрінен бҧрын мҽтіннің толық мазмҧнын, жекелеген 
сҿздердің,  сҿз  тіркестерінің,  сҿйлемдердің    мағынасын  тҥсінуіне    кҿңіл  бҿлу  қажет.    Бҧл  жағдайда 
мҧғалім  мҽтін  соңынан  «Мҽтін  не  туралы?»,  «Басты  кейіпкерлерді  ата»,  «Мҽтін  бойынша  ерекше 
қалған  оқиғаны  баянда»  деген  сияқты  қысқа  кҿлемді  сҧрақтармен  тексеруіне  болады,  алайда  кҿп 
сҧрақпен баланы шаршатуға да болмайды. 
Кіші  мектеп  жасындағы  оқушылардың  мҽнерлеп  оқу  дағдысының  қалыптасуының  басты 
кҿрсеткіші -  ҽр оқу кезеңіне (жарты жылдық, жылдық)  байланысты оқу бағдарламасында бекітілген 
оқу  тҽсілі.  Ең  тиімді  оқу  тҥрі  -    сҿздерді  толық  оқу,  бҧл  ҽсіресе  3-4  сынып  оқушылары  ҥшін  аса 
маңызды. 
Сабақ  барысында  оқушылардың  мҽтінді  бірнеше  қайтара  оқуы  оқу  дағдыларының  жетілуіне 
мҥмкіндік береді. Бҧл іріктеп оқыту, рҿлдерге бҿліп оқу, хормен оқу, тізбектей оқу, іштей оқу, «кҿзбен 
оқу» сияқты ҽр тҥрлі оқу тҥрлері арқылы жҥзеге асырылады. «Кҿзбен оқуды» мҽтінмен ауызша жҧмыс 
тҥрлері алдында (мазҧндау, жоспар қҧру, тақырып қою т.б.) қолданған тиімді. 
Оқу шапшаңдығы да оқу тҽсіліне байланысты. Буындап оқитын оқушылардың шапшаңдығы бір 
басқа  болса,  ал  тҧтас  сҿздерді  оқитын  оқушылардың  шапшаңдығы  бір  басқа.  Оқу  дағдысын  тексеру 
кезінде  баланы  «тезірек  оқы»  деп  асықтыруға  болмайды.  Мҧндай  асықтырудан  кейін  ол  1-2  сҿзді 
немесе  сҿйлемді  ғана  тез  оқуы  мҥмкін,  алайда  қайтадан  сол  кезеңдегі  ҿзінің  қалыптасқан 
шапшаңдығына тҥседі.  
Егер  оқу  дағдысы  оқу  жылының  басында  (10-15  қыркҥйекте)  тексерілетін  болса,  оқу 
шапшаңдығының кҿрсеткіші ҿткен сыныптың соңындағы деңгейде болуы тиіс. 
 
Оқу дағдысын тексеру кестесі 
Сыныбы 
І жарты жылдық 
ІІ жарты жылдық 

15-20 сҿз 
20-25 сҿз 

40-45 сҿз 
50-55 сҿз 

55-60 сҿз 
60-65 сҿз 

65-70 сҿз 
75-80 сҿз 
 
Оқу  дағдысын  тексеру  кезінде  оқушыны  жайдары  жҥзбен  қабылдап,  қолайлы  жағдай  жасау 
оқушының мҽтінді қалыпты жағдайда аспай-саспай тҥсініп оқуына, оқу сапасының артуына мҥмкіндік 
береді.  Оқушы  тарапынан  жіберілген  қателіктер  оқу  материалының  мазмҧнын  дҿрекі  бҧрмалауға 
апармаған жағдайда мҽтін оқылып біткеннен кейін тҥзетіледі.  
Мҽнерлеп  оқуын  бағалау  кезінде  сҿздің  анықтылығына,  нақытылығына,  кідірістің  сақталуына, 
логикалық  екпіннің  қойылуына,  тиісті  дауыс  ырғағына  келтіріп  оқи  білуіне,  диалогтардың  дҧрыс 
оқылуына  мҽн  беру  керек.  Мҽнерлеп  оқу  –  оқудың  ең  жоғарғы  тҥрі.    Оқушылардың  мҽнерлеп  оқу 
дағдыларын қалыптастыру ҥшін мҧғалім сабақ ҥстінде тҿмендегідей жҧмыс тҥрлерін жҥргізіп отыруы 
тиіс: 
-
 
мҽтіндегі  (ҥзіндідегі)  қай  қатарларды  дауыстап,  қуанышты,  ал  қай  қатарларды  қалыпты 
жағдайда, жай, мҧңды оқыр едің? Неге? 
-
 
нағыз батырдың ҿзін қарсы алып тҧрғандай болып оқуғы тырыс 
-
 
тыңдармандарымыз  біздің  кейіпкерлеріміздің  ҽрқайсысының  ерекшеліктерін  аңғаратындай 
дҽрежеде оқуға, асықпай оқуға тырыс; 
-
 
бірнеше  сҿздерді  топтап  оқуға,  ҽңгімедегі  (аңыздағы,  ҿлеңдегі)  негізгі  ойды  беретін 
сҿйлемдерді дауыс ырғағымен  бҿліп оқуды ҥйрен жҽне т.б. 
Бастауыш  мектепте  іштей  оқу  дағдыларын  қалыптастыру  да  кҿзделеді.  Дауыстап  оқу  арқылы 
материалды оқушы ғана емес, тыңдаушы да қабылдайды. Іштей ҥндемей оқуға тек оқып жатқан бала 
қатысады, алайда тҥсіну, есте сақтау жҽне оқығанын меңгеру іс-ҽрекеті жақсара тҥседі. Іштей оқу – бҧл 
дауыс шығармай кҿзбен оқу. Сыбырлап жҽне еріндерін жыбырлатып оқу дауыстап оқудан іштей оқуға 
кҿшу кезеңінің кҿрінісі болып табылады жҽне іштей оқуға жатпайды.  

95 
 
Егер  іштей  оқу  шапшаңдығы  дауыстап  оқу  шапшаңдығынан  аспаса,  онда  іштей  оқу  ҿз 
дҽрежесінде  қалыптаспаған  деген  сҿз.    Іштей  оқу  дауыстап  оқуға  қарағанда  20-40  сҿзге  дейін  артық 
жҥретіні белгілі, сондықтан оқудың бҧл тҥрін қадағалап отырудың да маңызы зор. Мҧндай тексеруді 2-
сыныптан бастап жҥргізген жҿн.  
Іштей  оқуға  кҿлемді,  мазмҧны  жағынан  қызықты,  тілі  анық,  балаларға  онша  таныс  емес 
шығармаларды  оқытқан  абзал.  Іштей  оқуды  тексеру  ҽдісі  дауыстап  оқуды  тексеру  ҽдісімен  бірдей. 
Іштей  оқу  аяқталғаннан  кейін  оқушының  мҽтіннің  негізгі  мазмҧнын  қаншалықты  меңгергені 
тексеріледі. 
Мҧғалімге  кҿмек  ретінде  оқу  дағдысын  тексеруге  арналған  кесте  ҧсынылып  отыр.  Бҧл  кестені 
барлық  4  жыл  кҿлемінде  пайдаланған  тиімді.  Оқу  дағдысын  жетілдіруге  бағытталған  жҧмыс 
барысында  жҥйелі  тексеріп  қана  қоймай,  тексеру  нҽтижесін  арнайы  дҽптерге  тіркеп,    жіберілген 
кемшіліктерді  жоюға  бағытталған  жеке  жҧмыс  тҥрлерін  жҥргізіп  отыру  қажет.  Мҧғалім  тек  ҽр  жеке 
оқушының оқу деңгейін біліп қана қоймай, жалпы сыныптың оқу деңгейін де білуі қажет. Сондықтан 
ҽр тексеруден кейін сынып бойынша кесте жасалады. 
 
Оқу дағдысы 
Оқушылар (саны) 
Тәсілдері: 
 
буындап оқиды 
 
буындап жҽне толық сҿздерді оқиды 
 
толық сҿздерді оқиды 
 
. . . 
. . . 
. . . 
Дұрыстығы: 
 
қатесіз оқиды 
 
қате жібергендер 
. . . 
. . . 
Шапшаңдығы: 
 
талаптан тҿмен 
 
талапқа сай 
 
талаптан жоғары  
. . . 
. . . 
. . . 
Мәнерлеп оқуы: 
 
Мҽнерлеп оқыды 
. . . 
Оқу дағдыларын жетілдіруге арналған ҧсыныстар: 
. . . 
 
Ҽр  оқушының  оқу  дағдысы  жеке  тексеріледі.  Бҧл  кезде  секундомер  пайдаланбаған  жҿн, 
минуттық тілі бар сағат пайдалану керек. Мҧғалім оқыту барысында уақытты оқушыға білдірмей жҽне 
сағатты  оқушы  оқуды  бастағаннан  кейін  белгілегені  жҿн,  ҿйткені  кҿптеген  оқушылар  оқуға 
дайындыққа кҿп уақыт жібереді, бірінші қатарын іздейді, зейінін тҧрақтандырады, т.б. Тҿменгі нҽтиже 
кҿрсетіп  жҥрген  оқушылар  бойында  сенімділік  ҧялатып,  кҿңілдерін  кҿтеріп,    кҿмек  кҿрсету  қажет, 
оқуына  жайдары  жҥзбен  сипаттама  беріп,  жақсы  жақтарына  баса  кҿңіл  аудару  қажет,  содан  кейін 
кеткен кемшіліктері ескертіледі. Ҽсіресе психо-физиологиялық кемшіліктері бар кекеш, кҿзінің кҿруі 
нашар,  шамадан  тыс  баяу  балалар  ерекше  бақылауда  болуы  тиіс.  Қорытынды  шығару  кезінде  бҧл 
ескеріледі.  Мҧндай  оқушылардың  оқуын  бақылауды  сабақ  барысында  жҥргізуге  де  болады.  Оқу 
дағдысын тексеру оқушыларға таныс емес мҽтіндермен жҥргізіледі.  
 
СЫНЫПТАР БОЙЫНША   ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖҼНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА 
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
1-сынып оқушылары: 
 
Ҽліпби ҽріптерін (таңбасы, жазба, бас, кіші);  
 
дыбыс пен ҽріптің дҧрыс атауын; 
 
дыбыс пен ҽріптің негізгі ҿзгешеліктерін («дыбысты естимін жҽне айтамын»); 
 
дауысты  жҽне  дауыссыз  дыбыстарды  («дауысты  дыбыстар  ҽндетіліп,  созылып      айтылады,  ауа 
кедергісіз шығады»); 
 
дҧрыс  жазу  ережесін:  1)  Кісі  аттары  мен  ҥй  жануарлары  жҽне  жер-су  аттарының,    сҿйлемнің 
бірінші сҿзінің бас ҽріппен жазылуы; 2) сҿйлемдегі ҽрбір сҿздің бҿлек жазылуы;  
       3) сҿйлем соңына тиісті тыныс белгінің (нҥкте, сҧрақ, леп) қойылуы; 
 
сҿйлем, сҿз, буын, дыбыс туралы; 
 
сҿз мағынасы туралы  (сҿздің заттың, қҧбылыстың, қимылдың, сапаның атауы екендігі; мағынасы 
мҽндес,  қарама-қарсы,  дыбысталуы  бірдей,  бірақ  беретін  мағыналары  ҽр  басқа  сҿздердің 
болатындығы)  біледі. 
 
сҿз, сҿйлемнің шегін таба алады; сҿзді буынға бҿледі; 

96 
 
 
саналы,  дҧрыс,  бірқалыпты  буындап  жҽне  тҧтастай  минутына  20-35  сҿз  оқиды  (белгілерімен 
қосқанда); 
 
мҽнерлеп, дҧрыс, тҥсініп  оқуға дағдыланған; 
 
монолог,  диалог  арқылы  берілген  синтаксистік  қҧрылымдағы  хабарлы,  сҧраулы  жҽне  лепті 
сҿйлемдердің оқылу ерекшеліктерін ажырата біледі; 
 
кіші,  бас  ҽріп  элементтерін  жазу,  оларды  каллиграфия  нормасына  сақтай  отырып,    бір-бірімен 
байланыстырады; 
 
жазуда орфографиялық жҽне пунктуациялық ережелерді қолданады; 
 
баспа ҽріптермен берілген мҽтінді кҿшіріп жазады (10 белгіден кем емес); 
 
сҿздерді есту арқылы жазады (мҧғалім сҿздерді орфоэпиясы бойынша оқиды) (жыл   соңында 10-
15 сҿз); 
 
сҿйлеуден сҿзді бҿліп алады; оны сызбамен кҿрсетеді; 
 
бҿліп алынған сҿзге сҧрақ қоя алады (кім? не? қандай? не істеді? қайтті? нешеу?); 
 
сҿйлеуден  сҿйлемді  ажыратады  жҽне  бҿліп  алады,  мҽтіннен  оның  орнын  (шегін)  таба  алады; 
сҿйлемнің сызбасын сыза алады; 
 
сҿзді буынға бҿледі жҽне оны графикалық тҥрде белгілейді; 
 
сҿздің дыбыстық жҽне дыбыстық-ҽріптік сызбасын кҿрсете алады; 
 
сҿздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады; 
 
затты не қҧбылысты, сапаны немесе қимылды білдіретін сҿздерді таба алады; 
 
тыңдағанын тҥсінеді, сҧрақтарға толық жауап береді, диалогқа тҥседі, ҽңгімеге қатысады; 
 
ҽңгіменің  логикалық  жҥйесін  сақтай  отырып,  естіген  немесе  оқыған  мҽтінін  ҿз  сҿзімен  айтып 
береді; оқыған немесе ҽңгімесіне ҿзінің бағасын бере алады; 
 
тірек сҿздер, сюжетті картиналар арқылы 4-5 сҿйлемнен тҧратын ҽңгіме қҧра алады; 
 
мҽтіннің берілген басы мен соңы арқылы мҽтін, диалог қҧрастырады; 
 
затты, қҧбылысты, аңдарды сипаттайды, ҿз тҽжірибесінде 4-6 сҿйлемнен тҧратын ҽңгіме қҧрайды; 
 
берілген  тақырыпқа  диалог  қҧрастырады,  сҿйлеу  ҽдебі  сҿздерін  (амандасу,  алғыс  айту,  кешірім 
сҧрау) пайдаланады; 
 
картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (4-6 сҿйлем). 
 
2-сыныпты  бітірген оқушы: 
 
ауыз ҽдебиеті мен жазба ҽдебиеті ҥлгілерін ажырата алуды 
 
мҽтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын; 
 
мҽтіннің атауын, мҽтіннен кейінгі сҧрақ – тапсырмаларды таба алуды
 
кҿлемі 150-200 сҿзден тҧратын мҽтін мазмҧнын қысқаша ҽңгімелей алуды; 
 
мҽтіннің тҥрлерін (сипаттау, ҽңгімелеу, пайымдау) ажыратуды; 
 
ҿлеңнің ҧйқасқа қҧрылатынын  біледі.  
 
Мҽтіннің негізгі ойын; 
 
мҽтіндегі оқиға желісін; 
 
мҽтіндегі ақын-жазушының кҿңіл-кҥйін тҥсінеді. 
 
Мазмҧндама мен шығарма жазуды (25-30 сҿзден тҧратын); 
 
оқыған немесе кҿрген оқиғасы жҿнінде ауызша ҽңгімелей алуды; 
 
мҽтін бойынша сҧрақтарға жауап беруді  меңгереді. 
 
3-сыныпты бітірген оқушы: 
 
ауыз  ҽдебиеті ҥлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал – мҽтел, жаңылтпаш, айтыс, шешендік 
сҿздер, батырлар жыры, айтыс ҿлеңдер т.б.) ажырата алуды; 
 
шығарма авторларын, олардың кҿзқарасын; 
 
авторы арқылы шығармаларын атауды; 
 
кҿлемі 200-250 сҿзден тҧратын мҽтінді толық жҽне қысқаша ҽңгімелей алуды; 
 
кҿркем шығарма жанрларын (ҽңгіме, ҿлең, қара сҿз т.б.) ажырата алуды; 
 
ҿлең жолдары мен шумағын; 
 
шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.  
 
Мысалдағы аллегорияны; 
 
кҿркем шығарманы ҿмірмен байланыстыра білуді
 
мҽтінді  тапсырмаға сҽйкес теріп оқуды; 
 
мҽтіндегі белгілі мен белгісізді тҥсінеді. 
 
Мазмҧндама мен шығарма жазуды (30-35 сҿзден тҧратын);  

97 
 
 
ата – аналарына қҧттықтау, достарына хат жазуды; 
 
жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4 - 5 ҿлең, 3 - 4 ҥзінді, 4 - 5 жҧмбақ, 5 - 6 мақал-мҽтелді жатқа білуді; 
 
 мҽтінге жоспар қҧруды; 
 
мҽтін бойынша сҧрақтар қоя алуды меңгереді. 
4-сыныпты бітірген оқушы: 
 
халық  ауыз  ҽдебиеті  басты  жанрларының  (ертегі,  аңыз,  наным-сенім  ҿлеңдері,    тҧрмыс-салт 
жырлары, жҧмбақ, жаңылтпаш, мақал-мҽтелдер, батырлар жыры айтыс, шешендік сҿздер) негізгі 
сипаттарын; 
 
жанр  тҥрлерін  (шағын  фольклорлық  жанр,  ҽңгіме,  мысал,  ҿлең,  ғылыми  -  танымдық  шығарма, 
очерк, мақала, жарнамалық мҽтін) ажырата алуды; 
 
кҿлемі  300-350  сҿзден  тҧратын  мҽтін  мазмҧнын  қысқаша,  толық  жҽне  жоспар  бойынша  таңдап 
ҽңгімелей алуды; 
 
ҿлеңдегі ақынның кҿңіл-кҥйін тани алуды; 
 
мҽтіннен теңеу, кейіптеу, эпитетті таба алуды; 
 
мҽтінге жоспар қҧруды; 
 
шығармадағы оқиғаның ел басынан ҿткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі. 
 
Шығарманың тақырыбы мен идеясын; 
 
шығармадағы оқиғаға ҿз кҿзқарасын білдіруді; 
 
ғылыми-танымдық жҽне публистикалық мҽтіндерден ҿзіне қажетті мҽліметті таба алуды жҽне оны 
берілген ҥлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай ҿңдеп, жҥйелеуді; 
 
мҽтінді талқылау кезінде автор сҿзін дҽлел ретінде келтіре алуды тҥсінеді. 
 
Портреті арқылы жҽне шығармалардағы іс-ҽрекетіне сҽйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды; 
 
кҿркем  шығармада  суреттелген  оқиға,  кейіпкерлер  іс-ҽрекеті  мен  қарым-қатынасының  нақты 
ҿмірмен байланысын кҿрсете алуды; 
 
мҽтіннен тҥсініксіз сҿздерді тауып, мағынасын тҥсіндіруге қатысуды
 
мазмҧндама мен шығарма жазуды (40-45 сҿзден тҧратын) меңгереді. 
 
Әдебиеттер  
1.
 
ҚР БМ Ы.Алтынсарин атындағы ҧлттық білім беру академиясы ҧсынған ҽдебиеттік оқу бағдарламасы 
(2-4 сыныптар ҥшін); 
2.
 
ҚР БМ Ы.Алтынсарин атындағы ҧлттық білім беру академиясы ҧсынған сауат ашу оқу бағдарламасы 
(1-сыныптар ҥшін); 
3.
 
Дайындауыш немесе қазақ тілінен 55 сабақ. Шымкент «ШИКУЛА жҽне К» - 2007 ж. 
4.
 
Менің алғашқы ҽліппем. «Алматыкітап»ЖШС, 2006 ж; 
 
 
ҼОЖ 373.3:37.091.3 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА «МӘТІН» ТАҚЫРЫБЫН 
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Аманбекқызы Ж., Сафар Ә., Сейдалы М. 
М. Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  статье    рассматриваются  методика  изучения  темы  «текст»  на  укоках  казахского  языка  в 
начальных классах. 
Summary 
The technique of studying the topic "text" in the Kazakh language lessons in primary school 
 
Мҽтінді  оқыту  кезінде  ең  біріншіден,  оқушыға  мҽтіннің  тақырыбын  жас  ерекшелігіне 
байланысты,  білім  деңгейіне,  жақсы  оқитындарға  қиынын,  орта  оқитындарға  орта  тақырыптар 
таңдап,  бағыт  беру.  «Мҽтін»  тақырыбы  –  бастауыш  сыныпқа    кейінгі  жылдары  енген  жаңа 
тақырыптардың бірі.  Бастауыш сыныптарда мҽтін туралы тҥсінік беріліп, оның қҧрылымы мен тҥрлері 
таныстырылады.  Сонымен  қатар  мҽтіндегі  негізгі  ой  анықтатылып,  мҽтінге  ат  қоюға  жҽне  оның 
идеясын ашуға ҥйретіледі. 
Мҽтінді оқуға дайындалу жҧмыстары кезінде: 
1.
 
Мҽтінде  синоним  сҿздер  бар  ма,  болса,  олардың  мағыналарын  қалай  ҧғындыру  керек, 
балалар        жауаптарында  ол  сҿздерді  қолдану  ҥшін,  қандай  сҧраулар  қою  қажет  —  осыларды 
анықтайды. 

98 
 
2.
 
Егер  мҽтінде  синоним  сҿздер  болмаса,  ал  мҧғалім  балаларға  синоним  сҿздерді 
білдіргісі  келсе,  оны  қалай  ҧйымдастырған  жҿн:  оқу  барысында  сҿздің        синонимін  айтып 
тҥсіндіре  ме,  қорытынды  ҽңгімеде  кірістіре  ме,  сурет  арқылы  ма,  ҽңгімелесу  барысында  ма 
осыларды қарастырады. 
Сҿйтіп,  мҧғалім  мҽтінді  оқуға  дайындалу  кезінде,  біріншіден,  мҽтінді  дҧрыс  қабылдауға 
қажетті  сҿздерді,  екіншіден,  оқу  барысында  оқушыларға  мағынасы  ҧғындырылатын  сҿздерді, 
ҥшіншіден, оқушылардың актив сҿздігіне енгізілуге тиісті сҿздерді іріктеп алады. 
Міне,  осылайша,  оқу  сабақтарының  барлығының  органикалық  элементі  ретінде 
жҥргізілетін  лексикалық  жҧмыс  оқушылардың  ойы  мен  тілін  дамытудың  ең  маңызды  шарты 
болып есептеледі. 
Мҽтінді  дҧрыс  қабылдауға  байланысты  жҥргізілетін  жҧмыстың    тҥрі  —  шығарманы        оқу. 
Мҧнда кҿпшілік
 
мҧғалім шығарманың мазмҧны        кҥрделі,        кҿлемі ҧзақ  болмаса,  оны  ҽуелі  ҿзі 
дауыстап  оқып  шығады.  Осыған  
 
орай, шығарманы алдымен тҧтас оқыған дҧрыс па,  ҽлде бҿліп-
бҿліп  оқыған  дҧрыс  па  деген  сҧрақ  туады.  Шығарма  бірінші  рет  оқылғанда  оқушылар  ондағы 
кейіпкерлердің  істерімен  танысуға        тиіс.  Егер        бҿлініп  оқылса,  балаларға  оның  мазмҧнын  тҥсіну 
оңай  болмайды.  Сондықтан  шығарма        алғаш        рет  тҧтас        оқылғаны  жақсы.
 
Шығарманың 
мазмҧнын бір оқығанда-ақ   тыңдаушылардың кҿкейіне қондырып, манасына жеткізу ҥшін, ол 
нақышына  келтіріле,      мҽнерлеп      оқылуға  тиіс.  Сондықтан  оны  ҽуелі  мҧғалімнің  ҿзі  оқиды 
немесе  оқу  техникасын  меңгерген,  мҽнерлеп,  дҧрыс  оқи  алатын  балаға  оқытады.  Бірақ  ҽсіресе 
ырғағы қиын немесе жолдары  ҧзақ, бала демі жетіңкіремейтін ҿлендер, кҿркем фразалар мен сҿз 
ҿрнектері  қездесетін  шығармаларды  мҧғалімнің  ҿзі  оқығаны  жҿн.  Мысалы,  В.  Маяковскийдің 
« К і м  болам?» ҿлеңін талапқа сай, ҽсерлі де асқақты ҥнмен оқып
 
беру балаларға оңайға тҥспейді. 
Кейбір  оқуға  жеңіл  қысқа  ҥзінділер  мен  мақала  стилімен  жазылған  шағын  ҽңгімелерді 
шамалылау  оқитын  оқушыларға  оқытуға  болады.  Ондай  материалдарды        оқу  арқылы  балалар 
оқу дағдысына тҿселеді, келе-келе мҽнерлеп оқитын болады. 
Мҽтінді оқушыларға бҿліп оқытқанда оны кез келген  жерден ҥзбей,  ҽр  бҿлімнің белгілі  бір 
аяқталған  ойды  білдіргені  дҧрыс.  Шығарманы  бір  рет  тҧтас  оқып  шыққанда  балаларда  жалпы 
ҧғым  ғана  қалыптасады,  енді  осы  тҧтас  қабылдаудан  бірте-бірте  оның  жеке  бҿліктерін  талдауға 
кҿшу  қажет.  Бірақ  қайталап  оқуға  кіріспес  бҧрын  оқушылардың  мҽтінді  алғашқы  қабылдау 
дҽрежесін  тексеріп  алған  жҿн.  Мҧғалім  мҽтіндегі  негізгі  фактіні  анықтау  ҥшін  екі-ҥш  сҧрақ 
қояды.  Жауаптарына  қарай,  ҽңгіменің  қ ай  жері  кҥштірек  ҽсер  етті,  баланың  ой  жҥрісі  қандай 
бағытта анықтайды. 
Бастауыш  мектеп  бағдарламасы  тілдің  кҿркемдік  қҧралдарымен  практикалық  таныстыруды 
да  міндеттейді.  Бҧл  міндетті  орындау  ҥшін  бақылау  жургізу  керек.  Мҧндай  жҧмыстар  мҽтіннің 
мазмҧнын талдау барысында, сонымен қоса жҥргізіледі. 
Шығарманың  кҿркемдік  қасиетін  таныту  жҧмысы  дҧрыс  жҥргізілсе,  оның  мазмҧнын 
толық  та  терең  тҥсінуге  жағдай  жасалады. Бҧл жҧмыс  ҿте  кҥрделі,  сондықтан  мҧғалімнен  ҥлкен 
шеберлікті, жан-жақты ойластыруды, белгілі бір шығарманың қҧрылысы мен тіліне оқушылардың 
зейіндерін  қандай  жолдармен  аудару  керек,  қандай  бақылаулар  жҥргізтуге  болады,  оқушыларға 
қалайда  эстетикалық  ҽсері  кҥшті  болу  жағын  ойластырған  дҧрыс  жҽне  т.б.  қажет  етеді.  Бҧл 
тҧрғыда  оқу  кітаптарында  бірқатар  тапсырмалар  берілген.  Дегенмен  онымен  ғана  қанағаттанып 
қоймай, мҧғалім ҿз тҧрғысынан біраз жҧмыстар іздестіруіне тура келеді. 
Мҽтінге  жақын  мазмҧндау  механикалық  тҥрде  ҿтпеу  ҥ ш і н   мҧғалім  дайындық  жҧмысын 
жҥргізеді.  Онда  бейнелі
 
суреттемелерді,  сҧлу  сипаттамаларды  кҿрсетіп,  идиомаларды  тҥсіндіреді, 
оларды  қалай  қолдану  керек  екенін  айтады.  Балалардың  зейінін  мҽтіндегі  кейбір  сҿйлем 
қҧрылыстарына аударады. Оны жеңіл, қарапайым  тҥрде айту керектігін кҿрсетеді. 
Тілдің  қҧрылысына  жақын  мазмҧндауда  мҽтін  оқушылардың  жеке  ерекшеліктеріне  қарай 
таңдалады.  Ҽсіресе  сҿздік  қоры  тапшы  балалар  кітап  тіліне  еліктеп,  мҽтінге  жақын  баяндайды. 
Ал  тіл  байлығы  мол  балалар  ҿз  сҿздерімен  айтуларына  да  болады.  Бірақ  олар  да  мҽтіндегі 
жаңа сҿздерді, орынды сҿз тіркестері мен синоним сҿздерді қолдануы керек. 
Мҽтіннің мазмҧнын айтқызу екі тҥрлі жолмен іске асырылады: 
1) толық, 
2) ішінара. 
Кҿлемі  шағын  мҽтіндерді  жҽне  жазбаша  мазмҧндамаға  дайындық  барысында  толық 
баяндаттыру  қажет.  Ішінара  мазмҧндау  кҿлемі  ҥлкен  мҽтіндер  бойынша  жҽне  бҿлімге  бҿліп  оқу, 
жоспар жасау барысында, кҿбіне қорытынды ҽңгіме кезінде іске асады. 
Мҽтінмен жҧмыс – сабақта ҿтілетін ҽртҥрлі жҧмыстардың жиынтығынан қҧраладыОлар: 
1. Дыбыстармен жҧмыс. 
2. Сҿздіктермен жҧмыс. 
3. Сҿздік қорларын жетілдіру. 

99 
 
4. Тіл дамыту. 
5. Ережемен жҧмыс 
6. Ауызша сҿйлей білуге дағдыландыру. 
Осы тҧрғыдан келгенде мҽтінді меңгертуде сҿздік жҧмысының рҿлі ҥлкен. 
1. Тҿл дыбыстарымыз бар сҿздерді оқытушы дауыстап ҿзі оқып, сонан соң қайталау керек. 
2.  Жаңа  сҿздерді  тақтаға  жазып  есте  сақтауын  қадағалап,  оған  байланысты  сҿздерді  дыбыстап 
оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек. 
3. Қиын сҿздерді, сҿз тіркестерін жекеше оқытып, дҽптерге жазғызып, хормен оқыту керек. 
4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сҿйлете білуге дағдыландыру мақсатында 
мҽтіннің мазмҧнын қысқаша баяндауды уйрету керек. 
5. Мҽтінге байланысты сҧрақ қойғызып, жауап алу керек. 
Мҽтінді  меңгертуде  осындай  амал-тҽсілдерді  қолданған  тиімді.  Мҽтін  оқылып  болған  соң, 
ондағы  ҽр  сҿзді  оқушылардан  қалай  тҥсінгеніне  кҿңіл  бҿлу  керек.  Тҥсінбеген  сҿздерін  мҧғалім  ҿзі 
қосымша  тҥсіндіріп,  ҽр  сҿздің  мағынасына  тоқталу  керек.Мҽтінде  кездесетін  сҿздер  мен  сҿз 
тіркестеріне  де  айрықша  мҽн  беру  қажет.  Біз  оқытып  жҥрген  оқулықта  тақырыпқа  сай  мҽтіндер  кҿп. 
Оқулықтары  мҽтіндердің  кҥрделігі  сол  мҽтінмен  жҧмыс  істейтін  оқушылардың  білім  деңгейіне 
байланысты болу керек. 
Мҽтінді оқытудың мынадай тҥрлері бар: 
1)  Дауыстап  оқу:  бҧл  ҽдісті  жҥргізе  отырып,  оқушының  сҿйлеу  элементтерін  меңгергендерін 
байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп 
жҽне оны тҥзетеді. 
2)  Іштей  оқу.  Бҧл  жҧмыстың мақсаты  оқушылардың  шапшаң  оқу  дҽрежесін  анықтау.  Мысалы: 
мҧғалім оқушыларға іштей оқу ҥшін бір мҽтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мҧғалімге 
бітіргенін  байқатады.  Осыған  қарап  ҧстаз  олардың  оқу  шапшаңдықтарынан  мҿлшерін  белгілеп 
отырады. 
3) араласып немесе кезектеп оқу. 
4) буынға бҿліп оқу. 
5) мҽнерлеп оқу. 
6) Сҿйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу.  
Сабақта  мҽтінді  тек  оқытып  қана  қоймай,  сол  мҽтіннің  тҽрбиелік  мҽніне  байланысты  мақал-
мҽтелдер,  ҿлеңдер,  қанатты  сҿздер  алып,  қосымша  дҽптермен  жҧмыс  жҥргіземіз.  Одан  басқа, 
оқушылардың назарын сол мҽтіннің авторына аударады. Мысалы: бҥгінгі сендердің қызығып тыңдаған 
ҽңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын 
білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?- деген сҧрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор 
туралы  буклет,  реферат,  хронологиялық  кесте,  сҿзжҧмбақ  жасаймыз.  Егер  ол  автор  ақын  немесе 
композитор  болса,  ол  кісінің  ҿлеңдері  мен  ҽндерін  жаттаймыз,  кҥй  табақтар,  қара  сҿздер,  поэмалар, 
термелер  бар  аудиокассеталар  тыңдаймыз,  берілген  оқиғаға  байланысты  оқушылар  ҿз  ойларын 
суреттер  арқылы  да  жеткізеді.  Ҽр  мҽтінге  байланысты  портреттер,  суреттер,  дидактикалық 
материалдар  қолданамыз.  Мысалы:  қазақ  халқының  ғҧламаларына  байланысты  портреттер,  «бес 
арысқа» арналған папкалар, қазақ батырлары т.б.  
Оқушыны  қызықтыратын  мҽтіндер  таңдау,  оқушылық  қызығушылығын  есепке  алу,  жҧмыста 
қазақша сҿйлеуге, жаттығуға бағыттау, оны ҧйымдастыруда мҧғалімнің рҿлі ерекше. Мҧғалім сабақта 
ҽр  тҥрлі  ҽдіс-тҽсідерді  пайдалана  білу  керек.  Ол  негізгі  ҽдістер:  ҽңгімелесу,  кҿрнекілік,  техникалық 
қҧралдар  қолдану,  жҧмысты  қазақша  сҿйлесу  тҥрінде  жҥргізу,  оқушының  танымдық  мҽніндегі 
тапсырмаларды  орындауы  арқылы  білім  қуушылығын,  ҿз  бетімен  шығармашылық  жҧмыс  істеуіне 
жағдай  жасау,  қазақша  жазу,  дҧрыс  сҿйлеу  дағдысын  қалыптастыру,  қазақша  білімін  байқауларда, 
конференцияларды, олимпиадаларда кҿрсетуге жағдай жасау керек. 
Осындай  жҧмыс  тҥрлерін  жҥргізу  кезінде  оқушылардың  ой-ҿрісін  дамытуға,  терең  білім 
алуларына мҥмкіндік туады. Мҽтінмен жҧмыс істеу кезеңінде оқушыларды жҧмыс істеу қабілеттеріне 
жҽне білім деңгейлеріне қарай топтарға бҿліп, ҽр топқа лайықты тапсырма берген жҿн. Сол себепті ҽр 
тҥрлі ҽдістер қолдануды жҿн кҿреміз: 
1. мҽтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару
2. оқыған мҽтіннің мазмҧнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айтқызу; 
3. мҧғалімнің сҧрағына дайын жауап оқу; 
4. берілген мҽтіндегі ойды бірнеше сҿйлемдер арқылы айтып беру; 
5.  оқыған мҽтінге немесе азатжолға тақырып қою; 
6. сигналды кҽртішкілер арқылы тексеру; 
7.  ҥлестірмелі  кҽртішкелерге  мҽтінді  тҥсінгенін  айтуға  кҿмектесетін  тірек  сҿздер  жазылады. 
Мысалы:  бірнеше  сҿйлем  оқимыз,  сол  сҿйлемдердің  ішінде  мҽтіннің  мазмҧнын  білдіретін 
сҿйлемдердің ретін балалар белгілейді; 

100 
 
8.  мҽтіннің  мазмҧнына  сай  келетін  суреттерді  таңдап  алып, соларды  пайдалана  отырып,  ҽңгіме 
қҧрауға болады. Бҧл жҧмысты ҿткізгенде суреттерге қарай тапсырма беріледі немесе сҧрақ қойылады; 
10. мҽтінді ҿзім оқып болған соң, сыныпқа мҽтін бойынша қазақ тілінде сҧрақ қойып, оқушылар 
сҧраққа орыс тілінде жазбаша жауап береді
11. жоспар тҧрғызып, мҽтіннің мазмҧнын тҥсінгендерін тыңдау; 
Осындай  жҧмыс  тҥрлерін  ҿткізе  отырып,  мҽтінмен  жҧмыс    жҥргізу  кезінде  оқушылардың  ой-
ҿрісін дамытуға, терең білім алуларына мҥмкіндік туады. 
Бастауыш  сыныпта  мҽтін  қҧрастыруға  ҥйрету.  Қазіргі  мектептің  оқу  –  тҽрбие  ісіндегі  басты 
мақсат  –  тіл  дамыту,  тіл  мен  сҿйлеу  процесін  жіктей  оқыту,  оқушының  дҧрыс  сҿйлей  білуіне  кҿңіл 
бҿлу.  Сондықтан  мҧғалім  қазақ  тілі  сабақтарында  тіл  дамытуға,  байланыстырып  сҿйлеуге  айырықша 
кҿңіл  бҿледі,  тілдік  материалдарды  дҧрыс  таңдай  білу,  оны  дҧрыс  бере  білу,  тілдің  теориясы  мен 
сҿйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы тҥрлі жаттығулар арқылы іске асырылады. Демек, 
қазақ тілі пҽнін оқыту барысында мҧғалім оқушының ойын логикалық жағынан дҧрыс, анық, қазақтың 
ҽдеби тілінің нормасына сай, дҧрыс айта білуге ҥйретумен бірге, екінші жағынан, ойын орфаграфиялық 
жҽне  пунктуациялық  жағынан дҧрыс  жаза  білуге  жаттықтырады. Оқушының тілін  дамыту  жҧмысы  – 
ол баланың жалпы ойын дамыту деген сҿз, ҿйткені оқушы қай пҽнді оқып – ҥйренсе де, ҿзінің істеген 
жҧмысы, кҿрген-білгені туралы кҥнбе-кҥн сҿйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Тіл дамыту жҧмысн 
ҧйымдастырудың  негізгі  мақсаты  –  дҧрыс,  сауатты  жазып,  оқушының  ауызша  жҽне  жазбаша  ойын 
грамматикалық жҽне стилистикалық жағынан дҧрыс сҿйлем қҧрап жҥйелі сҿйлеуге ҥйрету.  
Тіл  дамыту  жҧмыстарының  бірі  –  мҽтін  қҧрау.  Мҽтінің  осы  тҥрлерін  қҧру  арқылы  оқушының 
ойлау ҥрдісі жҥзеге асырылады, тілдік материалға реттеушілік сипат беріп, ойды жазбаша тҥрде жҥйелі 
мазмҧндау  мҽдениеті  қалыптасады.  Мысалы,  ҽңгімелеу    мҽтінінде  сҿйлемнің  қҧрылымы  бір-бірімен 
мағыналық  байланысы  арқылы  оқиға  дамытылып,  ҿрбіп  отырады.  Мҽтінді  бастауышта  оқытуды 
зерттеген ғалым Т.Ҽбдікҽрім «мҽтіннің бҧл тҥрлерін ҥйретуде де оның екі қыры ескерілуі керек, себебі 
мҽтінде  сҿйлеу  мен  ойлаудың  заңдылықтары  тоғысып  жатады»  [1,  311  б.]  деп  жазады.  Бастауыш 
сыныпта  мҽтін  тҥрлерінің  белгілерін  ажырату  арқылы  оқушыларға  мҽтін  қҧру  жолдарын  ҥйреткен 
дҧрыс  деп  санаймыз.  Мҧның  себебі,  мҽтін  кез  келген  сҿйлемдер  жиынтығы  емес,  мағыналық, 
логикалық, композициялық жағынан байланысқан қатысымдық тҧлға. Мҽтіннің сыртқы қҧрылымы ҥш 
бҿліктен,  кіріспеден,  негізгі  бҿлімнен,  соңғы  бҿлімнен  тҧрса,  ішкі  қҧрылымы  сыртқы  қҧрылымына 
қарағанда  кҥрделірек  болады.  Н.Қҧрманова  «Оқушыны  мҽтін  қҧрастыруға  ҥйрету  ҥшін  мҽтіннің 
қҧрылымдық ерекшелігі мен ішкі жҽне сыртқы байланыстарға негізделіп қҧралатынын таныту керек» 
[2, 116 б.] деп тҧжырымдады. Қазақ тілі сабақтарында мҽтін  қҧрастырудың бірнеше ҽдіс-тҽсілдеріне 
тоқталсақ,  мҽтін  қҧрастырудың  алғашқы  кезеңі  белгілі  бір  тақырып  бойынша  ойға  тҥйгенін  жазу 
қажеттілігінен  туындаған  себептен  басталады.  Бҧл  қажеттілік  жазатын  сҿйлемді  іштей  айту  арқылы 
қҧрастырумен ҧштастырылады. Одан кейін ішкі сҿйленіс механизмдерінің кҿмегімен ой синтаксистік 
қҧрылымға  тҥсіріліп,  қағаз  бетіне  жазылады,  жазылғанын  тексереді.  Мҽтінде  ҧсынылған  тақырыпқа 
тҥсініп,  оның  жігін  ажырата  алу  дағдысы  мен  шеберлігі  қалыптасады.  Ҽр  оқушы  ҿз  беттерінше 
ізденуге, ҿздерінің ойларын тҧжырымдауға, бір-бірінің жҧмысын бағалауға, кҿптеген жаңа сҿздер мен 
сҿз  тіркестерін  ҥйренеді. Олар  арқылы  балалардың  лексикалық  қоры  байып,  тілдері  ҧстарады.  Мҽтін 
қҧрылымының  тағы  бір  ерекшелігі  сҿйлемдердің  ҿзара  байланысқа  қҧрылуы  болса,  мҽтін  тҧтастығы 
айтайын  деген  ойды,  мазмҧнды  беру  ҥшін  қолданылатынын  тілдік  қҧралдарды  пайдалану  мҽселесіне 
байланысты.  Мҽтіннің  мағыналық  қҧрылым  ерекшелігін  таныту,  мҽтін  жайлы  теориялық  жҽне 
тҽжірибелік  білімді  меңгерту  мҽтіннің  байланыстылық,  тҧтастық  жҽне  бҿлікке  бҿлінушілік  сияқты 
негізгі  белгілерін  оқытумен  қатар  жҥргізіледі.  Мҽтін  тҧтастығына  мҽтіннің  негізгі  ойын  қамтамасыз 
ететін  мҽтін  тақырыбы  жататын  болса,  мҽтіннің  бҿлінушілік  қаситеі  мҽтінді  мағыналық  бҿліктерге 
жіктеу  арқылы,  яғни  қайталаулар,  есімдіктер,  т.б.  арқылы  жҥзеге  асырылады.  Мҽтіннің  қатысымдық 
қызметі, мҽтін тҥрлері жайлы тҥсінік қалыптастыру ҥшін екі тҥрлі тақырыпта жазылған мҽтінді талдау 
жҧмыстары жҥргізіледі. Оқушыларға мҽтіндегі сҿйлемдер байланысының екі тҥрін, қатарластық жҽне 
тізбектік  байланыс  тҥрлері  таныстырылады.  Осы  байланыс  тҥрлері  арқылы  байланыс  қызметін 
атқаратын  сҿздерді    ажыратуға  ҥйренеді.  Мағыналық  мазмҧнды  мҽтін  ішінде  тҥзу  ҥшін  сҿзді  дҧрыс 
таңдау,  сҿйлемнің  синтаксистік  қҧрылымын  реттеу,  мҽтіндегі  байланысты  қамтамасыз  ету  негізгі 
ҽрекет  болып  саналады.  Мҽтінге  қажетті  мағыналық  мазмҧн  қҧру  ҽрекеті  тақырып  жҽне  оның 
шекарасын анықтау, мазмҧнның негізгі мағыналық бірліктерін таңдау, оның композициясын қҧру, одан 
тҧтас мҽтін қҧрастыру сияқты бірнеше ҽрекет жҥйесін қамтиды. Мҽтін қҧруға ҥйрету ҥшін балаларды 
ҥш  топқа  бҿліп,  мҽтіннің  алғашқы  ҥш  сҿйлемі  беріледі  де  оны  ары  қарай  жалғастырып  жазуға 
тапсырма беріледі. Мысалы, балалар «Тҥйе» туралы мҽтіннің ҽңгімелеу, сипаттау, пайымдау тҥрлерін 
бірінші  сҿйлемге  сҥйеніп,  қҧрып  шығуы  қажет.  Мҽтін  мазмҧнын  қҧру,  жоспар  жасау,  мҽтін 
композициясын бірігіп қҧрастыру, сосын оларды бірігіп талдау, салыстыру оқушының байланыстырып 
сҿйлеу  дағдысының  қалыптасуына  жағдай  жасайды.  Тҧлғааралық  ҿзара  ҽрекеттесу  топтық 
серіктестіктің  нҽтижесінде  рефлексивтік  қарым-қатынастың  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Барлық 

101 
 
оқушылар  жҧмысқа  тартылады.  Уақыт  ҥнемдеу,  бірін-бірі  тыңдап  талдауға  ҥйренеді. Сонымен  қатар 
мҽтінді  шебер  қҧрастыра  білуге,  тілін  дамытуға  септігі  тиеді.  Бҧл  тапсырмада  оқушының  ой 
ҧшқырлығы мен дҧрыс сҿйлеу дағдылары қалыптасады. Оқушылар ҿз ойын грамматикалық тҧрғыдан 
дҧрыс, логикалық бірізділікпен жеткізе біледі, терең ойлы пікір айтуға ҥйренеді.  
Тірек сҿздерді пайдаланып мҽтін қҧрау ҿте тиімді. Тапсырманы тірек сҿздер бойынша орындату 
мҧғалімнің  де,  оқушының  да  жҧмысын  ҽлдеқайда  жеңілдетеді.  Ҿйткені,  С.Лысенкова  айтқандай: 
«Балалар  ҥшін  тірек  сҿз  ой  мен  жҧмыс  сҽтінде  ерекше  бір  арқа  сҥйер  тірек  тҽрізді».  Тірек  сҿздер 
тапсырманы нақты жҥргізуге кҿмектеседі, мҽтіндегі ойды байланыстырып жазуға кҿмектеседі.  
Жоспар бойынша мҽтін қҧрату – мҽтіннің мазмҧнын пысықтау ҥшін, оқушылар мҽтіннің негізгі 
ойын  есте  сақтап,  оны  айтып  беру  жҧмысын  жҥйелендіреді.  Сонымен  қатар  оқылым,  айтылым, 
тыңдалым ҽрекеттерінің негізінде іске асады. Жоспар бойынша мҽтінге тақырып қоя білуді ҥйренеді. 
Аяқталмаған мҽтінді логикалық ойды бҧзбай жалғастырып айтқызу кҿзделеді. Ауызша айтқызу кезінде 
бірін-бірі  қайталаған  оқушылар  да  кездеседі.  Оқиғаны  ҽр  оқушының  қайталамай,  ҿз  ойымен  айтуға 
кҿңіл  бҿлеміз.  Сондықтан  бҧл  тапсырманы  да  жазбаша  алудың  мҽні  зор.  Себебі,  ҽр  оқушының  ой-
қиялын  байқауға  да  тигізер  ҽсері  мол.  Алдағы  уақытта  оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сай  осы 
жҧмыстарды  дамытып,  кҥрделендіріп  отырамыз.  Ҽсіресе,  шығарманың  тҽрбиелік  жҽне  ҽсемдік 
ерекшеліктеріне,  кейіпкердің  психологиялық  жҽне  логикалық  иірімдеріне  бойлай  отырып, 
оқушылардың ҿмірге деген кҿзқарасын қалыптастыруда мҧғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, 
бірлескен шығармашылық кеңінен дамып, жалғасын тапса-нҧр ҥстіне нҧр. 
Сҿз соңында айтарым, қазақтан шыққан кемеңгер ҧстаз Ы.Алтынсарин былай деген еді: «Мектеп 
– қазақтарға білім берудің басты қҧралы, біздің барлық ҥмітіміз қазақ халқының келешегі осы, тек қана 
осы  мектептерде»  [3,  19  б.].  Сол  ҥшін  ҧстаздарымызға  ҿскелең  ҧрпақты  саналы  да  тҽрбиелі  етіп 
дамытуы ҥшін ҿздері сондай терең білімге ие  болуы керек. Олай болса, тҿл тіліміздің мҽртебесі арта 
беруі  ҥшін  біз,  ҧстаздар  қауымы,  ҿз  бойымыздағы  асыл  қазына  білімді,  ҿнерді  шҽкірттеріміздің 
кҿкейіне қҧюға ат салысайық! Біздің еліміздің, мемлекетіміздің кҿсегесін тек білімді, салауатты ҧрпақ 
кҿгерте алатынына анық сенімдеміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет