Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі


Диплом жұмысының құрылымы



бет3/23
Дата05.04.2023
өлшемі290,5 Kb.
#79747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тарау және тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен құралған.
Диплом жұмысының қамтылу кезеңі:ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан қазірге дейінгі аралықты қамтиды.


Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
1.1.Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті. Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйым қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 ж), «Дүниежүзілік почта одағы» (1874 ж), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 ж) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 ж) жатқызуға болады [1. 456-470].
Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:
-әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;
-халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;
-халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;
-ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс. Себебі халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық нормаларына қайшы бағыт ұстанатын жағдайда, мемлекеттер арасындағы жанжалдарға жол ашуы әбден мүмкін. Бұл жағдай дүниежүзіндегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Халықаралық деңгейде саяси ьұрақсыздыққа жол ашпау үшін, мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық тәсілдер арқылы (бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.
Жоғарыда аталмыш белгілерді негізге ала отырып халықаралық ұйымдарға мына түсініктемені беруге болады: Халықаралық ұйым дегеніміз, халықаралық құқық субъектісі бар және тұрақты органдардан тұратын, халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін мақсаттарды орындау үшін көпжақты келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі шеңберінде құрылған ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып екі категорияға жіктеледі.
Үкіметаралық ұйым дегеніміз, бірнеше мемлекеттің бірараға келіп ортақ саяси, экономикалық, әскери, мәдени, т.б. мүддені көздейтін ынтымақтастық негізінде құрылған халықаралық бірлестіктер болып табылады. Яғни үкіметаралық ұйымдардағы келісім шарттар мемлекеттік деңгейде қабылданады.
Үкіметтік емес ұйымдар болса, мемлекеттік билікке ұмтылмай, кәсіби ерекшелікпен шектелмейтін ашық коммерциялық емес ұйым болып есептелінеді. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдарға кәсіподақтар мен саяси партиялар жатпайды. Бұған қоса үкіметтік емес ұйымдар алдарына нақты, қоғамдық маңызы бар мақсаттар мен міндеттер қояды және өз қызметтеріне соларға сүйенеді. Қысқасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік деңгейде құрылмағанымен, олардың қызметтеріне мемлекет ешқандай кедергі жасайды. Мысал ретінде айта кететін болсақ, біріншісіне «Шанхай ынтымақтастық ұйымын», ал екіншісіне «ЮНИСЕФ-ті» жатқызуға болады.
Айта кететін жайт, үкіметаралық ұйымдар өздерінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындау бағытында ғаламдық және аймақтық болып екі категорияға да жіктеледі.
Ғаламдық үкіметаралық ұйым дегеніміз, дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін халықаралық бірлестік болып табылады. Бұндай ұйымдар өз алдына ғаламдық мақсаттар қояды. Қазіргі таңда осындай ұйымдардың ішінде ең беделдісі-Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). БҰҰ-да қабылданған шешімдер ғаламдық деңгейде барлық мемлекеттерді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет