Жоспар Кіріспе Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері 1.1.Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
1.2. БҰҰ-ның құрылымы
1.3. БҰҰ-функциясы мен мекемелері
Тарау ІІ. БҰҰ-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы. 2.1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және НАТО байланысы
2.2. Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысы.
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды.
Осы іспеттес ұйым 1815 жылы Рейн бойындағы су жолын қадағалайтын Орталықтанған комиссия ұйымдастырылды. БҰҰ-ның мақсаттарымен сәйкес мақсаттас ұйымдар Еуропада пайда бола бастаған. Кейініректе бұл ұйымдардың саны және мақсаттарына сәйкес ерекшеліктері көбейе бастады. Мәселен, Халықаралық телеграф одағы мен Әлемдік почталық одағын айтуымызға болады. Осы ұйымдардың барлығы дерлік әлемдік қауымдастықты басқарудың қазіргі механизмінің бейнесін қалыптастыруында өзіндік қызметтерін атқарған [1. 56].
Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйымдар қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 жылы), «Дүниежүзілік почта одағы» (1874 жылы), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 жылы) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 жылы) жатқызуға болады.
Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:
-әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;
-халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл саяси, экономикалық, әскери, ғылыми және мәдени мақсаттар болуы мүмкін;
-халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;
-ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс. Себебі халықаралық ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы бағыт ұстанатын жағдайда, мемлекеттер арасындағы жанжалдарға жол ашуы әбден мүмкін. Бұл жағдай дүниежүзіндегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Халықаралық деңгейде саяси тұрақсыздыққа жол ашпау үшін мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық тәсілдер арқылы (бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.
Жоғарыда аталмыш белгілерді негізге ала отырып, халықаралық ұйымдарға мына түсініктемені беруге болады: Халықаралық ұйым деп халықаралық құқық субъектісі бар және тұрақты органдардан тұратын, халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін мақсаттарды орындау үшін көпжақты келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігін айтамыз.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі шеңберінде құрылған ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып екі категорияға жіктеледі.
ХХІ ғасырда бұдан да басқа талаптарды туғызатын әр елдің заңды мүддесімен есептесіп, өзара пайдалы ынтымақтастыққа қол жеткізу ешқандай озбырлықсыз қатынастарды қалыптастыру-адамзаттың алдында-ғы басты мақсат. Оны қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын орны ерекше.
50 жылдан астам уақытта ол шамасы келгенше халықаралық бейбітшілікті сақтауға, езілген халықтардың бостандыққа жетуіне көмектескені белгілі. Жедел және тоқтаусыз өзгеріп отырған әлем халықтарының тілек-талабына сай БҰҰ-ның да жаңартылуы қажет.
Көптеген елдер мен оның қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді, әсіресе тең құқылы мемлекеттер санын көбейту арқылы, оның Германия, Жапонияны, Үндістанды, Бразилияны, Нигерияны енгізу туралы ұсыныстар жасауда. Дегенімен БҰҰ-мен санаспай, түйінді мәселелерді шағын топпен қара күшке сүйене отырып шешпек болған қимылдар да орын алуда.
БҰҰ-ның әлемдік саясаттағы ролін анықтау үшін алдын халықаралық ұйым түсінігін сипаттайық.
Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті.
Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйым қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 ж), «Дүниежүзілік почта одағы» (1874 ж), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 ж) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 ж) жатқызуға болады.
Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:
әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;
халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;
халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты орган-дары болуы қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;
ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс. Себебі халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық нормаларына қайшы бағыт ұстанатын жағдайда, мемлекеттер арасындағы жанжалдарға жол ашуы әбден мүмкін. Бұл жағдай дүниежүзіндегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Халықаралық деңгейде саяси ьұрақсыздыққа жол ашпау үшін, мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық тәсілдер арқылы (бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.
Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құратын 25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформала туралы мәселе алаңдатады.
«Төрттік блок»-Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды.
2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып, ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.
БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық қызыл крест комитеті.
БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға мүшелікке елдерді «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.
Көптеген саясаттанушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі органының әлемдік үкімет деңгейде екендігін айтуда. Олардың пікірінше халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелер осы кеңесте талқыланады.
Биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін дүниежүзілік геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, экономикалық тұрғыдан қуатты Германия және Жапония мемлекеттері кеңесті кеңейтіп, тұрақты мүше елдер қатарына қосылуды тілге тиек етуде.
Қазіргі таңда БҰҰ-на жарна төлеуден АҚШ-тан кейін Жапония екінші (19 пайыз), ал Германия үшінші (8,7 пайыз) орынға иеленіп отыр.
Айта кететін жәйт, Қауіпсіздік кеңесі органы жаңадан реформалау арқылы кеңейтілетін болса, онда өз аймаөтарында белгілі мөлшерде ықпалдыққа ие Үндістан, Иран, Пәкістан, Туркия және Индонезия т.б. сияқты елдер де тұрақты мүшелікке ұмтылмайтынына кім кепіл. Ал егер олар тұрақты мүшелікке барлық күшімен ұмтылатын болса, онсыз да күрт өзгеріп бара жатқан халықаралық қатынастарды ұшырқтандыратындығы сөзсіз.