Халықаралық көші-қонның тарихы Ерте кезеңдегі көші-қон. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы»



бет3/4
Дата16.02.2023
өлшемі86,5 Kb.
#68626
1   2   3   4
Байланысты:
Õàëû?àðàëû? ê?ø³-?îííû? òàðèõû Åðòå êåçå?äåã³ ê?ø³-?îí. «Õàëû?òà

1518 адам тұтқынға түседі. Қытайлар Чжи-Чжидің басын алып, 1200-дей жауынгерін үйсін мен Ферғана билеушілеріне сыйға тартады да, қалғандарын өлтіреді.
3. Ғұндардың Еуропаға жорығы. Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з-дағы 93 жылы басталды. Қоныс аудару кезінде кейбір тайпалар ғұндармен одақтасып біріксе, кейбірі ығыстырыла бастады. Өз кезегінде ғұндардың қысымы Орталық Қазақстандағы, Сырдарияның солтүстігіндегі, сондай-ақ Арал теңізі мен Каспий аймағындағы тайпаларды қозғалысқа түсірді. Бұл үрдіс толқын секілді үздіксіз жүріп, б.з.-дағы ІІ-V ғасыр аралығында 300 жылдан астам уақытқа созылды. Ғұндар б.з.-дың ІV ғасырында Еуропаға дейін жетіп, Шығыс Рим империясына шабуыл жасайды. Ғұндардан бірінші болып соққыға жығылғандар Азов теңізі өңірін мекендеген – аландар (осетиндер) еді. Б.з.-дағы V ғасырдың басында ғұндардың билеушісі Ругила Дунай жерін басып алып қазіргі Венгрия жерінде – «Батыс ғұн империясын» құрады. Ғұндардың осы аймақ тұрғындары құрамына енуіне байланысты Шығыс Еуропада түркі тайпалары түпкілікті орналаса бастады.
Ғұндардың Еуропа тарихында терең із қалдыруы даңқты қолбасшы Еділ (Аттила) патшаның есімімен тығыз байланысты. Б.з.-дағы 433 жылы ғұн патшасы Ругила қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі оның немересі Еділдің қолына көшеді. Еділ патшаның есімі бұлайша кездейсоқ аталмаған. Қазақтың эпикалық «Алаңқай батыр» дастанында оның Еділ өзенінің жағасында туылғанын, сондықтан есімі осылай аталғаны жөнінде айтылады. Ол Еуропада тұрақтап қалған ғұн билеушісінің баласы болғандықтан жас кезінен Римде оқып, білім алған. Кейін оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бургундия билеушілері оған балаларын оқытуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған. Б.з.-дағы V ғасырда Аттила 100 мың әскермен Батыс Рим империясына қарсы шайқасқа шығады. Бұл шайқас б.з.-дағы 451 жылы Галлиядағы Орлеан қаласының түбінде ғұндар мен римдіктердің арасында бір тәуліктен астам уақытқа созылған атақты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет