Халықаралық туризм және меймандостық


Рекреациялық ресурстар туралы түсінік



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі289 Kb.
#116866
1   2   3   4
Байланысты:
Қр Рекреация; Тұрсынбай Ә.

Рекреациялық ресурстар туралы түсінік

КСРО кезінде рекреация маселелері бойынша теориялық еңбектер ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары жарияланып басталды. Казіргі таңда рекреация адамдардың өмір сүруінде аса маңызды орын алады.
Рекреация деген латын тілінен аударғанда recratio- қайта қалпына келу деген яғни адамның физикалық және рухани күштерін еңбек әрекеттерінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру. Рекреациялық ресурстар рекреациялық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруда пайдаланылатын тарихи, мәдени немесе емдеу-сауықтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын обьектілермен түсіндіріледі. Адамның денсаулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру, демалуды қамтамасыз ететін табиғи және мәдени ресуртардың белгілі бір бөлігі рекреациялық ресуртар деп аталады.
Рекреациялык кызметтің ұйымдастырылуы кешенді сипатқа ие, өйткені кез-келген рекреациялық жүйедегі өзара байланысында демалушылардың
тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, кызмет керсету, өндірістік сала, еңбек ресурстары катысады.
Рекреациялық мәселелердің, ғылыми білімдердің зерттелуі негізінде пайда болғаны географияның жаңа мәні “рекреациялық география” саласының пайда болуына әсерін тигізді.
Ал 60-жылдардың ортасынан бастап рекреациялық география теориясын дамуының ережелерімен Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеулік мемлекеттік университет) айналысады.
Рекреациялык географияның пайда болуында мен дамуында алғашқы қадамын Преображенский жасады. Ол рекреациялық жүйесін «өзінің қызметіне байланысты әлеуметтік және обьективті құрылымы» деп қарастырды.
Сондықтан рекреациялық географияның пәні Территориялық рекреациялық жүйелерді қарастыру болып табылады.
Рекреациялық география - адам қызметі жұмыс уақытынан тыс территориялық жүйелердің ұйымдасуы жане дамуын география зандылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Рекреациялык география- жеке әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдары пайда болған жағдай болып табылады.
Рекреалогия - рекреациялык жүйелердің пәнаралық ғылым саласы басты маселесі адам экологиясы болып табылады. Ол адамның табиғи күшін қалпына келтіру әдістерімен айналысатын ғылым [1].
Туристік-рекреацияльқ ресурстар - туристердін рухани, рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітетін
табиғи (теңіз, көл, өзен жағалауы) және антропогендік (тарихи- архитектуралық көрікті жерлер)нысандар. Туристік-рекреациялық ресурстар катарына: курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейті, халық сирек орналасқан жерлерге) және экскурссия-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттын көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей танқаларлық техникалық құрылыстар) нысандар жатады [2].





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет