Халықаралық туризм және меймандостық


Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі289 Kb.
#116866
1   2   3   4
Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік

Қазіргі рекреациялық географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ) болып табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың түйіскен жерінде орналасқан “шекаралас” ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көзқарасы ажыратылады:

  • Қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі);

  • Әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі);

  • Субъективтік көз қарас ( адамның қабылдау қасиеттерін және олардың ерекшеліктерін зерттейді);

Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектілері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдарды түсінеді. Рекреациялық географияның көзқарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне, стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әртүрлі іс-әрекетін рекреациялық әрекет деп атауға болады. Мұның ішінде рекреацияның тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді.
Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесінде қолданылатын тарихи, салыстырмалы, картографиялық, талдау-статистикалық, экспедициялық, зерттеу, математикалық-моделдестіру әдістерін пайдаланады. Рекреациялық географияның зерттеу предметі әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан бұл ғылымда басқа да қоғамдық және медико-биологиялық ғылымдардың әдістерін қолданады.
Рекреациялық географияның басты мәселесі территориялық рекреациялық жүйелердің даму және қалыптасуының обьективті заңдылықтарын айқындау.
Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша ажыратады, мысалы, туризм ресурстары, емдеу ресурстары т.б және экскурциялы-туристтік немесе емдеу, сауықтыру, спорттық және экскурсиялы-туристтік немесе тану мақсатында пайдаланатын ресуртары.
Ғылыми географиялық әдебиетте «рекрациялық объект»,
«рекреациялық территория» жене «территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ)» деген терминдер қолданады. Казіргі тандары анықтамалар бойынша демалуға ерекше жағымды қасиеттерге ие ауданы бойынша шектелген кез келген орын - рекреациялы объект болып табылады, Ниагара сарқырамасы, Шардара су қоймасьны плотинасы т.с.с. Адамның денсаулығының және енбек кабілеттілігін кайта қалпына келтіру, жалпы демалуға арналған су акваториясының немесе құрлықтың учаскесі рекреациялык территория болып табылады.
Территориялық рекреациялық жүйе концепциясы 1969 жылы В.С.Пребораженский негіздеді. Оның ойларын дамыта отырып бірнеше авторлар рекреациялық жүйенің адаптациялық моделін жасап шыққан. Берілген моделдің құрылымында демалушының рекреациялық ортаны қабылдаудың үш негізгі стадиясын ажыратады: әрекет алды (ортаның “көрінісі”), әрекеттегі (“ситуация”) және әрекеттен кейін (“ізі”) [3].
2. Рекреациялық және туристік іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторлары. Рекреациялық аумақтардың негізгі түрлері.

Рекрециялық саланың территориялық ұйымдастырылуына ең елеулі әсер ететін жағдайларды фактор деп, басқа жағдайларды- шарртар деп атайды. Туризмнің дамуы мен ұйымдастырылуына көптеген факторлар мен шарттар: әлеуметтік-экономикалық, табиғи-географиялық, демографиялық, ғылыми-техникалық, саяси және т.б. әсерін тигізеді. Рекреациялық қажеттіліктер рекрециялық саланың территориялық ұйымдастырылуының басты факторы болып саналады. Ал, рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық факторлармен айқындалады. Сондықтан барлық факторлар туризм мен халық демалысы дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси шектеуші факторларын ескере тұра талдануы керек Көрсетілген факторларды жүйелей отырып, оларды екі топқа бөледі. Осылай бөлуді В.С. Преображенский, В. И. Азар, И. В. Зорин, П. Мариот сияқты атақты ғалымдар ұсынылды.Туризмдегі қоғамдық қажеттіліктерді туғызатын факторлар, Олар демалыстардың турлі формаларына сұраныс туғызады. Сонымен қатар, олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын анықтайды.


Рекреациялық қажеттіліктерді іске асырушы факторлар. Олар жұртты туризмнің турлі факторларымен айналысуға тартады. Бұл факторлар туризмнің табиғи, ьәдени-тарихи ресурстарымен, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайымен(табыс деңгейі, бос уақыттың болуы) байланысты.
Бұл екі фактор территория жағынан шоғырланған және шоғырланбаған болып бөлінеді.Шоғырланбаған факторлар болып- рекреациялық шаруашылыққа халық шаруашылық деңгейінде әсер ететін, бүкіл халық шаруашылық кешенінің қоғамдық-экономикалық үрдісімен байланысты туғызушы және іске асырушы факторлар. Туристік-рекреациялық жүйеге талдау жасағанда бұл факторлар ескеріледі. Шоғырланған факторлар- туризмдегі еңбектің аумақтық бөлінуін анықтайтын, рекреациялфқ функцияларды белгілі бір жерге бекітетін, кеңістікке нақты жіктелген туғызушы және іске асырушы факторлар. Мұндай факторларға тау, орман, жылы теңіз бен өзендер, минералды сулар, мәдени ескерткіштер жатады. Себебі, олар туризм индустриясы мекемелерінің орналасуын анықтайды.
Авторлардың көбісі іске асырушы фактордың маңызы демалыс пен туризмді шағын көлемді аумақтарда ұйымдастырғанда өте жоғары, ал ауқымды территорияларда туғызушы факторлардың маңызы оданда жоғары деп есептейді. Іске асырушы факторлардың аумақтық рекреациялық ұйымдастырылуына жасайтын әсері санаторлық –курорттық және туристік –экскурсиялық қызмет көрсету кәсіпорындары торының аумақтық таралуы мен дамуында орын алады

3. Туристік-рекреациялық ресурстар және оның маңызы


Туристік іс әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүддені, демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар транспорттық қызметті, тамақгану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде.
Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі: қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік: саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары: саяхаттың ұзақгығы: топ құрамы: ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т.б. Туризм келесі түрлерге бөлінеді:
1. Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның
күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
2. Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни
қажеттілігіне негізделген.
Діни туризм екіге бөлінеді:
а)​діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:
б)​әулие жерлерге бару:
3.Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
4.Конгресті туризм. Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға байланысты ұйымдастырылады.
5. Конгреске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығынына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады. Өйткені аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы
орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
6.Өз бетінше ұйымдастырушыға туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы,
тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатың активті
демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айырықша
ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтарымен және бірлестіктермен біріге отырып ұйымдастырады.
7.Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.
8.​Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда
білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды.
9.​Спорттық туризм.
Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік-демографиялық жағдайын жасайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықтау керек болады.
Тұрғындардың бос уақыт құрылымы:
а)​қоғамдық өндірістегі еңбек
б)​физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты
в)​үй шаруашылығындағы еңбек
г)​білім алуға келетін уақыт шығыны
д)​еркін уақыт
Туризмге әсер ететін сыртқы факторларға: экономикалық және қаржы жағдайлары (төмендеуі): жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады.
Туризмнің дамуына • әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға сонымен қатар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық қажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі тұрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет