Халықтың ауызша шығарған сӛз ӛнерін, оның табиғаты мен тарихын



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі334,12 Kb.
#8424

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 

 

Халықтың  ауызша  шығарған  сӛз  ӛнерін,  оның    табиғаты  мен  тарихын 



зерттейтін  ғылым  фольклортану  /фольклористика/.  Фольклордың  тарихы  мен 

теориясы туралы түсінік. Халық ӛнерінің түрлері, олардың ішінде фольклордың 

алатын орны және фольклортанудың басқа ғылымдарға (әдебиеттану, ӛнертану, 

этнография,  тіл-тарих,  философия)  қатысты.  Фольклор  мен  жазба  әдебиет. 

Ауызша  сӛз  ӛнерінің  табиғаты:  шығарманың  туу,  таралу  және  сақталу 

ерекшеліктері,  мезгілі  мен  мекені.  Ауызша  айтудың  дәстүрлілігі  мен 

формулалығы,  стильдік  ӛзгешелігі  мен  шындықты  бейнелеудің  кӛркемдік 

әдістері. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері. Фольклордағы сюжет пен 

мотив,  қайталаулар  мен  оның  түрлері.  Образдардың  жасалу  жолдары. 

Фольклордың  пайда  болу  туралы  пікірлер  және  оны  зерттеудегі  историзм 

принципі.  Рулық  қоғамдағы  фольклор.  Шаманизм,  бақсылар  қызметі.  Қазақ 

фольклорының және жанрлары: мифтер, аңшылық, тӛрт түлік туралы әңгімелер 

мен  жырлар,  бақсы  сарыны,  арбау  бәдік,  алғыс,  қарғыс,  түрлері  рәсімге 

байланысты ӛлеңдер, ертегілер, кӛне эпостар. 

Феодалдық  қоғамдағы  фольклор.  Түрі  қағанаты,  орта  ғасыр,  қазақ 

хандығы  кезіндегі  ауыз  әдебиетінің  дамуы.  Ислам  дінінің  әсері.  Түркі  жазба 

ескерткіштері,  ақындық,  жыраулық  поэзияның  фольклорға  қатысты.  Эпостық 

жырлар,  ертегілер  мен  аңыз-әңгімелер,  шешендік  сӛздер,  тарихи  ӛлеңдер  мен 

жырлардың  қалыптасуы  дамуы.  Кеңес  дәуіріндегі  фольклордағы  ӛзгерістер, 

кӛне жанрладың тағдыры. Ш.Уалиханов, В.Радловтың халық ӛлеңдерін жіктеуі. 

Қазіргі  зерттелу  жайы  және  классификациялаудың  проблемалары,  жанрдың 

сипаттамасы  мен  анықтамасы.  Тұрмыс-салты  жырларының  үй  іші, 

шаруашылық,  еңбек  процестеріндегі  түрлі  салт-ырым,  әдет-ғұрып,  наным-

сенімдермен байланысы. 

Абай – қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін 

салушы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар.  Абай – қазақ әдебиетінің 

классигі.  Абай  шығармалары  –  ақын  заманының  шежіресі.  Абай 

шығармаларындағы  қазақ  қауымының  әлеуметтік  бейнесі.  Ақынның  саяси 

әлеуметтік  лирикасы.  Ақынның  жастар  тәрбиесіне  арналған  «Жігіттер,  ойын 

арзан,  күлкі  қымбат»,  «Бір  дәурен  кемді  күнге  бозбалалық»  атты 

шығармаларының мазмұны. Абайдың ағартушылық қызметі. Ақынның жастар 

тәрбиесіне  арналған  «Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі  қымбат»,  «Бір  дәурен  кемді 

күнге  бозбалалық»  атты  шығармаларының  мазмұны.  Абайдың  оқу,  білім 

тақырыбындағы лирикасы. Абайдың ағартушылық қызметі. 

ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  елінің  тәуелсіздігі  мен  азаттығы  үшін 

күрес.  Оның  кӛркем  әдебиетке  тигізген  ықпал-әсері.  Осыған  орай  қазақ 

әдебиетінде  азатшылдық,  ағартушы-демократтық  және  туған  топырақтан  нәр 

алған ұлттық қасиет бағыттардың ӛріс алуы. Осындай прогресшіл бағыттардың 

алдыңғы  сапында  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов, 

С.Торайғыров,  С.Дӛнентаев  және  т.б.  болуы.Қазақ  халқының  бодандықтан 

бостандыққа  ұмтылған  арман-тілектері  азатшылдық  идеясын  насихаттаған 

«Оян,  қазақ!»  (М.Дулатов),  «Тілек  батам»,  «Жұбату»  (А.Байтұрсынов), 



«Бостандық»  (М.Жұмабаев),  «Алаш  ұраны»  (С.Торайғыров),  т.б.  авторлардың 

шығармаларынан кӛрініс табуы.  Сонымен  бірге,  қазақ  жұртшылығының 

кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей 

еңбек  етуге,  оқу-білімге,  әртүрлі  ӛнердің  түрлерін  үйренуге  шақырған 

ағартушылық  бағыттағы  ӛлеңдердің  де  тууы.  Мысалы,  аталмыш  авторлардың 

«Жиған-терген», «Қазақ қалпы», «Қазағым», «Қарағым», «Шәкірт ойы», «Неге 

жасаймын», т.б. туындылары.  

 Сондай-ақ,  қазаққа  тән  суырыпсалмалық 

ӛнерді  Ж.Жабаев,  Н.Байғанин,  О.Шипин,  Н.Бекежанов,  Ш.Қошқарбаев,  т.б. 

ақындардың  одан  әрі  дамытуы.  Әсіресе  олардың  айтыстарында  тарихи  дерек, 

драмалық  тартыс,  психологизм  элементтері,  әлеуметтік  құбылыстардың  да 

жымдасып жатуы. 

1917  жылғы  Қазан  тӛңкерісі.  Тұңғыш  рет  Қазақстан    автономиялық 

советтік  социалистік  республикасының  құрылуы.  С.Сейфуллин,  Б.Ізтӛлин, 

С,Шәріпов  сияқты  қаламгерлердің  кеңес  ӛкіметінің  идеясын,  тӛңкерістің 

жетістік-жемісін  қабыл  алуы.  Атап  айтқанда,  С.Сейфуллинің  «Асығып  тез 

аттандық»,  «Кел,  жігіттер»,  «Тергеген  болсаң  айтайын»  (1917),  «Жас  қазақ 

марсельезасы»,  «Жолдастар»,  «Қашқынның  ауылы»  (1918-1920)  ӛлеңдеріндегі 

тӛңкеріс  дүрбелеңі,  сол  кезеңдегі  ӛмір  шындықтарының  кӛрініс  беруі.  Кеңес 

ӛкіметінің  халықты  жаппай  сауаттандыру  мақсатында  мектептер  ашып,  ұлт 

тілінде газет-журналдар шығара бастауы. Мәселен, «Қазақ тілі» (Семей, 1919), 

«Дұрыстық  жолы»  (Орда,  1919),  «Жаңа  ӛріс»  (Ташент,  1920),  «Тіршілік» 

(Ақмола,  1918-1919)  және  т.б.  басылымдар.  Қазақстанның  әр  жерінде  саясат 

майданы  қызып,  қазақтың  ұлттық,  халықтық  сезімінің  оянуына  кӛмектескен 

«Бірлік  туы»  (Ташкент),  «Сарыарқа»  (Семей),  «Ұран»  (Орда)  газеттерінің 

шығуы. 


1925  жылдан  бастап  «Жаңа  мектеп»  (қазіргі  «Қазақстан  мектебі»),  «Әйел 

теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), 1928 жылдан «Жас әдебиет» (кейіннен 

«Әдебиет майданы», «Әдебиет және искусство», «Жұлдыз») журналының шыға 

бастауы.  Жиырмасыншы  жылдардың  екінші  жартысында  қазақ  поэзиясында 

сюжетті  поэмалардың  үлгілері  туып,  онда  бүгінгі  ӛмір  мен  ӛткен  феодалдық 

қоғамның  келеңсіз  кӛріністерінің  орын  алуы.  Қазақ  ауылын  колхоздастырып, 

ұжымдық  еңбекке  ұйымдастыру  бағытында  Б.Майлиннің  «Қара  шелек», 

«Ұлбосын»,  «Арыстанбайдың  Мұқышы»,  «Қырманда»,  Ғ.Мүсіреповтың 

«Шұғыла»,  «Қос  шалқар»,  т.б.,  Ғ.Мұстафиннің  «Кек»,  «Қан»,  «Қашқын»,  т.б. 

әңгіме,  повестерінің  жариялануы.  Қазақ  кеңес  әдебиетіндегі  роман  жанрының 

алғашқы  қарлығашы  «Адасқандардың»  (С.Мұқанов)  дүниеге  келуі.  Роман 

оқиғасының дайын штамп-схемаға құрылуы, кӛркемдік, идеялық кемшіліктері. 

Қоғамдағы  қайта  құру,  жариялылық,  демократиялық  процестерге  байланысты 

қатарға  қайта  келіп  қосылған  дарынды  жазушы  Жүсіпбек  Аймауытовтың 

«Қартқожа»  (1926),  «Ақбілек»  (1927-1928)  романдары.  Олардағы  тақырып 

үндестігі.  Осы  романдардың  басты  қаһармандары  Қартқожаның  («Қартқожа» 

романы), Ақбілектің («Ақбілек»романы) феодалдық қоғамның қарым-қатынасы 

қалыптастырған  надандықтың,  етекбастылықтың,  ескі  салт-сананың  бұғауын 

бұзып, оқуға, білімге ұмтылуы. Олардың ӛмірден ӛз жолын, ӛз бақытын табуы. 


  Қазақ  кеңес  әдебиетінде  драматургиялық  шығармалардың  пайда  болып, 

С.Сейфуллиннің 

«Бақыт 

жолында»(1917), 



«Қызыл 

сұңқарлар»(1920), 

М.Әуезовтың  «Еңлік-Кебек»  (1917)  трагедиясы  мен  Б.Майлиннің  «Ауыл 

мектебі»,  «Неке  қияр»  пьесаларының  қала,  ауыл  сахналарында  қойылып,  ел 

арасында кең таралуы.  Бұл  жылдары  қоғамдық  ӛмірдің  даму  барысында 

бірталай  ӛзгерістердің  болуы.  Атап  айтқанда,  ауыл  шаруашылығын 

колхоздастыру 

республикада 

ауыр 

ӛнеркәсіпті 



дамыту, 

КСРО 


Конституциясының  қабылдануы.  Қазақстанда  бірталай  рухани,  мәдени 

ӛзгерістер  болып,  Қазақ  мемлекеттік  университетінің,  КСРО  Ғылым 

академиясының қазақ филиалының, опера және балет театрының ашылуы. 

Поэзияда  ән-күй,  ӛнер  тақырыбына  кең  құлашты  эпикалық  дастандардың 

жазыла  бастауы.  Олар  І.Жансүгіровтың  «Күй»,  «Күйші»  (1935),  «Құлагер» 

(1935),  «Құлагер»  (1936),  Ә.Тәжібаевтың  «Оркестр»  (1935),  «Абыл»  (1940) 

поэмалары.  Лирик  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  ӛз  шығармашылығында  халық 

ӛмірінің  шындығына  бет  бұрып,  «Тоқсанның  тобы»  дастанын,  махаббат, 

табиғат кӛріністері, балаларға арналған бірталай ӛлеңдер жазуы. Қазақ әдебиеті 

үшін тың тақырып  - ӛндірістің әр саласына арналып Ғ.Мұстафиннің «Ӛмір не 

ӛлім»,  С.Ерубаевтың  «Менің  құрдастарым»,  Ғ.Слановтың  «Арман  ағысы» 

романдарының  жазылуы.    Проза  жанрында  ӛмірбаяндық  шығармалардың 

жазыла  бастауы.  Олар:  «Тар  жол,  тайғақ  кешу  (С.Сейфуллин),  «Менің 

мектептерім»  (С.Мұқанов).    Б.Майлиннің  проза  жанрында  ӛнімді  еңбек  етуі. 

Оның замана шындығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін зерттеуден туған, сӛйтіп 

суреткерлік  күш-қуатын  танытқан  «Даудың  басы  Дайрабайдың  кӛк  сиыры», 

«Колхоз қорасында», «Он бес үй», «Қырманда» тәрізді әңгіме, повестерінде сол 

кезеңдегі  ауыл  ӛмірін  суреттеуі.  С.Мұқановтың  «Жұмбақ  жалау»  («Ботагӛз») 

романының  қазақ  прозасындағы  жаңа  сӛз  екендігі.  Оған  себеп  романның 

идеялық-кӛркемдік деңгейінің жоғары болғандығы. 

Жазушы  Сабыр  Шәріповтың  Иран  жұртының  салт-сана,  тұрмыс-тірлігі 

негізінде  «Рузы  Иран»(1935),  «Ләйлә»(1936)  повестерін  жазуы.  «Бекболат» 

(1937)  повесінде  қазақ  халқының  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысын 

сипаттауы. М.Әуезовтың ауылдық жердегі тап жауларының іс-әрекетін, оларға 

қарсы  бұрын  жалшы,  малшы  болған  адал  азаматтардың  күресін  суреттеген 

«Құм  мен  Асқар»  (1934),  «Іздер»(1932),  «Шатқалаң»(1935),  «Бүркітші»(1937) 

әңгімелерін жазуы. Автордың жаңа ӛмір құруға талаптанған замандас бейнесін 

сомдауға ұмтылыс жасауы. Ғ.Мүсіреповтың әңгіме жанрындағы алғашқы сәтті 

қадамдары.  Оның  қазақ  ауылдарын  колхоздастыру  мәселесіне  арнап  «Талпақ 

танау», «Күсен», «Шұғыла», «Бір адым кейін, екі адым ілгері» әңгімелері. 

1941  жылы  22  маусымда  Ұлы  Отан  соғысының  басталуы.  Қазақ 

жазушыларының 

қаламын 

қаруға 


айырбастап 

майданға 

аттануы. 

А.Жұмағалиевтың,  Б.Бұлқышевтың  соғыста  қаза  табуы.  Осы  кезеңдегі  қазақ 

поэзиясының  басты  тақырыбы  –  Ұлы  Отанды  қатыгез,  зұлым  жаудан  қорғау, 

бүкіл  елді  майдандағы  сарбаздарды  жеңіске  деген  сезімге  жігерлендіру 

болғандығы.  Ж.Жабаевтың  «Ленинградтық  ӛрендерім»,  «Алынбас  қамал», 

Ә.Тәжібаевтың  «Ленинград»,  Ж.Саинның  «Айтылмай  кеткен  аманат», 

«Партизандар»,  «Жаралы  партизан  жырлары»,  Қ.Аманжоловтың  «Байкал», 


«Ақын ӛлімі туралы аңыз», Ә.Сәрсенбаевтың Балқан, Балатон, Вена жырлары. 

Халық поэзиясының дәстүрлі жанры – айтыстың қайтадан жандануы.  

Осы  жылдары  туған  бірсыпыра  поэмалардың  Ұлы  Отан  соғысында  ерлік 

кӛрсеткен батырлар ӛмірінен алынып жазылуы. Жаңа герой жасауға талпыныс 

Н.Баймұратов  («Ер  Тӛлеген»),  Н.Байғанин  («Ер  туралы  жыр»),  Қ.Жапсарбаев 

(«Сеңгірбаев 

Мұсабек»), 

М.Хакімжанова 

(«Мәншүк»), 

Д.Әбілев 

(«Майданбек»),  Қ.Сатыбалдин  («Әлия»)  және  т.б.  Осы  тақырыпқа  жазылған 

ӛлең-жырлардың елде қалың тылда жанқиярлықпен еңбек еткендердің ерлігіне 

арналуы.  Ж.Жабаевтың  «Темір  тұлпар  мінген  қыз»,  А.Тоқмағанбетовтың 

«Мұнай  бер»,  «Қызыл  Тулы  жайлау»,  Ә.Тәжібаевтың  «Қарағанды 

шахтерлеріне», Ғ.Ормановтың «Жар жалауы», «Жылқышы» шығармалары. 

Ғ.Мұстафиннің  «Шығанақ»  романының  жазылуы.  Шығармада  30-шы 

жылдардағы және соғыс кезіндегі елеулі қоғамдық құбылыстардың қамтылуы. 

Автордың  коммунистік  идеологияның  әсерімен  жалған  тартысқа  бой  ұруы. 

1942  жылы  М.Әуезовтың  «Абай»  романының  бірінші  кітабының  басылып 

шығуы. Бұл кітапта ХІХ ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік-психологиялық, 

мәдени  ӛмірінің  Абайдың  балалық,  бозбалалық  шағымен  байланыста 

суреттелуі.  С.Мұқановтың  «ХҮІІІ-ХІХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  очеркі» 

атты  еңбегінің  басылуы.  Бұл  кезеңде  қазақ  әдебиеті  тарихының,  жекелеген 

жанрлар табиғатының кең кӛлемде зерттеле бастауы. 

Халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі ӛркендету, елдің әл-

ауқатын  арттырудың  бейбіт  дәуір  жүктеген  негізгі  міндет  болғандығы.  Бұл 

жылдары  Қарағанды,  Жезқазған,  Теміртау  сияқты  ірі  ӛндіріс  орындары 

кӛркейтіліп,  Соколов-Сарыбай  комбинатының  құрылысы  қолға  алынды.  1954 

жылдың  кӛктемінде  қазақ  даласында  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру 

жорығы  басталып,  молшылық  қазынасын  жасау  ісінің  еңбек  тарихында  жаңа 

беталысқа  айналуы.  Халық  шаруашылығын  ӛркендетудегі  жаңа  дәуір 

бағдарламасының  адамдардың  саяси  ой-ӛрісін  жетілдіруді  талап  етуі.  Соған 

сәйкес  идеологиялық  жұмысқа  айрықша  мән  беріліп,  саяси-тәрбие  ісінің  тың 

жолға қойылғаны. 

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң қазақ әдебиетінің дамудың жаңа дәуіріне 

енуі.  БК(б)П  Орталық  Комитетінің  «Звезда»  және  «Ленинград»  журналдары 

туралы  (1946),  «Драмалық  жанрлардың  репертуары  және  оны  жақсарту 

шаралары туралы» (1946), Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Республика 

партия  ұйымдарындағы  идеологиялық  жұмыстың  жайы  және  оны  жақсарту 

шаралары  туралы»  (1951)  қаулыларының  кӛркемдік  шеберлікті  коммунистік 

идеологияға бағындырып, шындықты бұрмалап, ӛрісті ӛнерге нұқсан келтіруі. 

Жазушылар  съездері  мен  онкүндіктердің  әдебиетті  ӛркендетуге  бағытталған 

шаралары. 

 Осы  жылдары  поэзияға  бір  топ  талантты  жастардың  келуі.  Олар: 

Ғ.Қайырбеков, 

А.Шамкенов, 

Ә.Ахметов, 

І.Мәмбетов, 

Т.Бердияров, 

Қ.Шаңғытбаев,  З.Шүкіров,  т.б.  Еңбек  адамын  жырлаудың  бұл  кезеңде  ерекше 

орын  алғаны.  Шығармашылық  іздену  мен  жаңа  образдар  табуда  біраз  жемісті 

нәтижелердің байқалуы.  Тың игеру  саяси-әлеуметтік,  қоғамдық-экономикалық 

бетбұрыс ретінде танылып, оған С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды аға 


қаламгерлердің, М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев, С.Шаймерденов, Ә.Нұршайықов 

тәрізді таланты жазушылардың атсалысып, очерк, әңгіме, пьесалар жазуы. Бұл 

дәуірде халық ақындарының да белсенді еңбек етуі. Майданнан оралғандардың 

бастан  кешкен  ерлік  хикаяларын  суреттеудің  жаңа  кезеңінің  басталуы.Қазақ 

поэзиясын 

идеялық-кӛркемдік 

жағынан 

Қ.Аманжолов, 

Ж.Саин, 

Ж.Молдағалиев,  Ә.Сәрсенбаев,  Д.Әбілев,  С.Мәуленов,  Т.Бердияровтардың 

жаңа биіктерге кӛтеруі. 

Сын  -  әдебиеттану  ғылымының  бір  саласы.  Оның  әдебиет  тарихымен, 

әдебиет теориясымен байланысы және айырмашылықтары. Сынның эстетикаға, 

журналистикаға жақындығы. Әдеби сынның қоғамдық ой-пікірде алатын орны. 

Сыншылық  ӛнер  мен  сыншының  принциптілігі.  Әдебиет  классиктерінің  сын 

туралы пікірлері. Сын тарихы. Қазақстандағы әдеби сынның тарихына арналған 

еңбектер.  Қазақ  әдебиетіндегі  сыншылдық  ойлардың  негіздері.  Халықтық 

эстетика.  Фольклор  мен  халық  әдебиетіндегі  кӛркем  сӛздің  рӛлі.  Шоқан 

Уәлихановтың,  Ыбырай  Алтынсариннің  кӛркемдік  танымы.  Абайдың 

эстетикалық кӛзқарасы. Қазақстандағы әдеби теориялық ой-пікірлердің дамуы. 

А.Байтұрсынов,  Қ.Жұмалиев,  Е.Ысмайыловтың  бұрынғы  еңбектері.  Әдеби 

стиль (Қ.Жұмалиев), ӛлең құрылысы мен ӛлең сӛздің теориясы (З.Ахметов), сӛз 

ӛнері  (З.Қабдолов)  жайлы  зерттеу  кітаптары.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымы  мен 

әдебиет  сынының  бүгінгі  күйі,  проблемалары.  Тәуелсіз  елдің  әдебиетіне, 

ғылымына қойылатын талаптар мен алдағы міндеттер. 

 

ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.

 



Абай эциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б. 

2.

 



Абайдың ӛмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 1954. 

3.

 



Абайды оқы, таңырқа.-Алматы.Ана тілі,1993.-160 б. 

4.

 



Абай және қазіргі заман.-Алматы: Ғылым , 1994.-336 б. 

5.

 



 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі-Алматы:Ана тілі,1995.-272 б. 

6.

 



Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы. Шығармалары – А, 1989/ 

7.

 



Әдеби мұра және оны зерттеу . Алматы,1959. 

8.

 



 Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991. 

9.

 



 Әуезов М.Әр жылдар ойлары. Алматы,1959.  

10.


 

Әуезов М. Жиырма томдық шығ. жин. Алматы,1979-1985 

11.

 

Әуезов М. Абайды білмеин парыз ойлы жасқа. - Алматы,1997. - 416 б. 



12.

 

 Әуезов М.Абайтану дәрістерінің дерек кӛздері. - Алматы, 1997. – 448 б. 



13.

 

Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы,1966. 



14.

 

Байтұрсынов А. Шығармалар. А, 1989. 



15.

 

Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. Алматы, 1971. 



16.

 

Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы – А, 1971. 



17.

 

Базарбаев М. Әдебиет және дәуір – А, 1966 



18.

 

Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Отан соғысы кезіндегі әдебиет.-А., 1984. 



19.

 

Бейімбет Майлин творчествосы. - А, 1966 



20.

 

Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы, 1979.  



21.

 

Базарбаев М,Нарымбетов Ә. Қаһарлы күндер әдебиеті – А, 1968 



22.

 

Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов – драматург, А, 1982 



23.

 

Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров – А, 1965 



24.

 

Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-Алматы: Қазақ университеті, 2002. 



25.

 

Ергӛбеков Қ. Баянғұмыр. – А, 1991 



26.

 

Елеукенов Ш. Мағжан. Ӛмірі мен шығармагершілігі – А, 1995 



27.

 

Жуковский В.А.- критик. Москва, 1985. 



28.

 

Жармағамбетов Қ. Ж.Жабаевтың ӛмірі мен творчествосы – А, 1955 



29.

 

Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1996. 



30.

 

 Кәкішұлы Т. Мағжан- Сәкен. Алматы, 1999. 



31.

 

 Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Алматы, 1986 



32.

 

 Қабдолов З. Екі томдық шығармалар. Алматы, 1983.  



33.

 

 Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы, 1958. 



34.

 

 Қирабаев С. Талантқа құрмет. Алматы, 1988. 



35.

 

Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. А, 1993 



36.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы. Т. III, 1 – кітап – Алматы: 1967 



37.

 

Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин - А, 1974 



38.

 

Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы, 2001. 



39.

 

Қирабаев С. Қазақ кеңес дәуірінің әдебиеті.- Алматы,2001. 



40.

 

Қирабаев С. Аймауытұлы Жүсіпбек.-Алматы,1993 



41.

 

Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І,ІІ т. - А., 2002. 



42.

 

Кәкішев Т. Мағжан-Сәкен.- Алматы,2001. 



43.

 

Кенжебаев Б. Жамбыл – қазақ халқының жыршысы – А, 1955 



44.

 

Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Алматы, 1972-1980. 



45.

 

 Мұстафин Ғ. Ой әуендері. Алматы, 1978. 



46.

 

 Мүсірепов Г. Суреткер парызы. Алматы, 1970. 



47.

 

 Мырзахметов М.  М. Әуезов және абайтану проблемалары. – А.,  1982. 



48.

 

 Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы:Дәуір, 1993-224 б  



49.

 

Мырзахметов М. Абайтану тарихы.-Алматы:Ана тілі, 1994.-132 б. 



50.

 

Мырзахметов М. Әуезов және Абай.-Алматы. Қазақстан. 1997. 



51.

 

Мұқанов С. Жарық  жұлдыз.- Алматы:Санат,1995.-272 б. 



52.

 

Нұрғали Р. Әуезов және алаш. Алматы, 1997. 



53.

 

Майтанов Б. Мұхтар Әуезов – суреткер. – Алматы, 1996. 



54.

 

Нұртазин Т. Жазушы және ӛмір. Алматы, 1960. 



55.

 

Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, 2002. 



56.

 

Нұрғали Р.Трагедия табиғаты.-Алматы,1968. 



57.

 

Нұрқатов А. Ғ. Мүсіреповтың творчестволық жолы – А, 1962 



58.

 

Негимов С. Ақын – жыраулар поэзиясының бейнелілігі – А, 1991 



59.

 

Сағынбекұлы Р. Жүсіпбек. – А, 1997 



60.

 

Тәжібаев Ә.  Ӛмір және поэзия – А, 1960 



61.

 

Ысмайылов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960. 



62.

 

 Ысқақұлы Д. Сын ӛнері. Алматы, 2001.



 

 

 



 

 


ҚАЗАҚ ТІЛІ 

 

Тіл  білімі  лингвистика  (грек  linqua–тіл),  тіл  және  оның  даму  заңдары 



туралы  ғылым.  Тіл  білімінің  зерттеу  нысанасы  –  тіл.  Тіл  –  адамның  табиғи 

тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.  

Тіл  білімінің  салалары:  фонетика,  лексика,  грамматика  (сӛзжасам, 

морфология және синтаксис) стилистика.    

Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы - бүкіл тіл 

жүйесіндегі  тарихи  ӛзгерістер.  Диахрондық  лингвистика.  Сипаттамалы 

лингвистика-белгілі  бір  кезеңдегі  тіл  жағдайын  зерттеу,  яғни  белгілі  бір 

уақыттан  және  ӛзгерістерден  тыс  жататын  қатынастар  жүйесі  ретінде  зерттеу. 

Синхрондық лингвистика. 

Жалпы  тіл  білімі  –  жалпы  тілдерге  ортақ,  универсалды  мәселелерді 

зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер 

тобын  зерттейді.  Туыстас  тілдер  тобын  тюркология  (түркі  тілдер). 

Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді. 

Ғылым  атаулы  екіге  бӛлінеді:  қоғамдық  (әлеуметтік)  ғылымдар  және 

жаратылыстану ғылымдары.Тіл білімі қоғамдық  (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі 

- дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану  ғылымдарымен де 

қарым-қатынаста,  ӛзара  байланыста  болады.Тіл  білімі  және  филология. 

Филология  грек  тілінен  аударғанда  «сӛзді  сүю»  деген  мағынаны  береді.  Тіл 

білімі  -  тарих,  археология,  этнография,  әдебиеттану,  психология,  педагогика, 

логика, философиямен  байланысты. 

Тіл  білімінің  әр  түрлі  ғылым  салаларымен  байланысынан  туындайтын 

түрлері:  социолингвистика  (әлеуметтік  лингвистика)  этнолингвистика, 

психолингвистика, 

лингвостатистикалық, 

лингвистикалық 

философия, 

логикалық  грамматика,  қолданбалы  лингвистика,  лингвистикалық  география, 

когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б. 

Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес. 

Тілдің  қызметтері:  қарым-қатынас  құралы  болу  –  коммуникативті,  ойды 

жарыққа  шығару  қызметі  –  экспрессивті,  адамның  кӛңіл-күйді  білдіруі  – 

эмоционалды, таным құралы болуы -  когнитивті, белгілі бір зат не құбылыстың 

атауы болуы -  номинативті және т.б. 

Тілдік  таңбалар:  фонема,  морфема,  сӛз  тіркесі,  сӛйлем.Тілдік  таңбаның 

белгілері: 1) еріктілік, 2) шарттылық. 

Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген 

заттың  немесе  ұғымның  арасында  ешқандай  табиғи  байланыстың  жоқтығы.  

Семиотика  -  хабарды  сақтап  басқаға  жеткізе  алатын  әр  түрлі  таңбалық 

жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән. 

Құрылым дегеніміз - бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар 

схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен 

тұрады.  Тілдің  құрылымы  тілдік  бірліктер  дыбыс,  морфема,  сӛз,  сӛз  тіркесі, 

сӛйлем.  Фонема  -    тілдің  ең  кішкене  дыбыстық  бірлігі.  Морфема  –  ары  қарай 

бӛлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік 

бірлік.  Сӛз  –  болмыс  құбылыстарын,  заттарын,  олардың  қасиетерін  атайтын 


негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сӛйлем – тиянақты ойды білдіріп, 

бір  нәрсені  хабарлайтын  тіл  бірлігі.  Жүйе  дегеніміз  -  ӛзара  байланысты  бір 

тектес элементтердің бірлігі.   

Фонетика  -  тіл  дыбыстарының  ерекшеліктері  мен  заңдылықтары, 

процестер,  сәйкестіктер  туралы  ілім.  Фонетикалық  процестер:  ассимиляция, 

диссимиляция,  диереза,  редукция,  элизия  және  т.б.  фонетикалық  құбылыстар: 

просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық құбылыстар, 

инлауттағы  фонетикалық  құбылыстар,  ауслауттағы  фонетикалық  құбылыстар. 

Фонетика  тілдің  дыбыстық  жүйесін  зерттейтін  тіл  білімінің  бір  саласы. 

Бағдарламада қазақ тілінің дыбыс жүйесінен берілген теориялық ұғымдар мен 

практикалық  дағдылар  жоғарғы  оқу  орнындағы  оқытудың  талаптарына  сай 

жасалды. Фонетиканың қарастыратын негізгі нысанасы  - дыбыс, әріп, фонема, 

тіл дыбыстарының пайда болуы, іштей жіктелуі, бір-біріне әсері, ықпалы, буын 

құрамы, тілдің айтылу және жазылу нормалары т.б. болып келеді. 

Лексикологияның  зерттеу  нысаны  -  сӛздік  құрам,  яғни  лексика. 

Семасиология  сӛздер  мен  сӛз  тіркестерінің  мағыналарын  зерттейді.  Мағына 

түрлері.  Полисемия,  омонимдер,  антонимдер,  табу  мен  эвфемизмдер.  Мағына 

ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха. 

Ономасиология - атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, 

топоним,  этноним.  Сӛздердің  шығу  тегі  туралы  ғылым  –  этимология. 

Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология. 

Фразеология  -  тұрақты  тіркестер  туралы  ғылым.  Фразеологизмдердің 

түрлері:  идиомалар,  фразалар,  штамптар,  мақал-мәтелдер,  қанатты  сӛздер. 

Фразеологизмдерге  тән  қасиеттер:  мағына  тұтастығы,  тіркес  тиянақтылығы, 

даяр  күйде  қолданылуы.  Түрлері:  фразеологиялық  тұтастық,  фразеологиялық 

бірлік, фразеологиялық сӛйлемдер, фразеологиялық тізбектер. 

Лексикография  -  сӛздіктер  жасаудың  тәжірибесі  және  оның  теориясымен 

айналысатын тіл білімінің саласы.   

Грамматика  -  тілдің  құрылысын  зерттейтін  тіл  білімінің  саласы. 

Грамматиканың  негізгі  зерттеу  нысаны  –  тілдің    морфологиялық  және 

синтаксистік  жүйесі;  оның  ішінде  грамматикалық  форма,  грамматикалық 

мағына,  грамматикалық  категория,  бір  тілдегі  грамматикалық  формалардың 

кӛріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, 

олардың  байланысуы,  тіркесу  жолдары  мен  тәсілдері.  Түрлері:  тарихи  және 

сипаттамалы. Грамматика  салалары: морфология, сӛзжасам, синтаксис.   

Морфология  -  сӛз  құрылымы,  сӛз  табы  туралы  ғылым.  Қазақ  тілі 

морфоогиясының  зерттелу  жайы.  Грамматиканың  зерттеу  объектісі,  салалары. 

Грамматикалық  ұғымдар.  Морфема,  оған  тән  белгілер,  түрлері.  Қосымша 

морфема,  оның  түрлері,  ӛзіндік  ерекшеліктері.  Қосымшаның  мағыналық 

жағынан ерекшеліктері. Сан-мӛлшер категориясы. Кӛптік жалғау, қолданылуы. 

Тәуелдік 

категориясы. 

Септік 

категориясы. 



Сӛздердің 

тұлғалық 

құрамындарына  қарай  бӛлінуі.  Күрделі  сӛздер,  түрлері,  белгілері.  Сӛз 

таптастыру  принциптері.  Зат  есімнің  лексика-грамматикалық  сипаты.  Зат 

есімнің  жасалуы.  Субстантивтену  процесі.  Зат  есімнің  мағыналық  топтары. 

Жақтылық  және  жақсыздық  категориясы.  Зат  есімнің  түрленуі.  Кӛмекші 



есімдер.  Олардың  мағынасы.  Зат  есімнің  сӛйлемдегі  қызметі.  Сын  есімнің 

лексика-грамматикалық  сипаты.  Сын  есімнің  мағыналық  түрлері.  Сын  есімнің 

шырайлары.  Жай  шырай  проблемасы.  Сын  есімнің  жасалуы.  Адъективтену 

процесі. Сын есімнің сӛйлемдегі қызметі. Сан есімнің лексика-грамматикалық 

сипаты. Сан есімнің мағыналық топтары. Сан есімнің морфологиялық /жасалу/ 

ерекшеліктері.  Сан  есімнің  сӛйлемдегі  қызметі.  Есімдіктің  лексика-

грамматикалық  сипаты.  Есімдіктің  мағыналық  түрлері.  Пропоминалдану 

процесі.  Есімдіктің  морфологиялық  ерекшеліктері.  Есімдіктің  сӛйлемдегі 

қызметі.  Етістіктің  жалпы  грамматикалық  сипаты.  Етістік  түбірдің 

семантикалық  ерекшеліктері.  Негізгі  және  кӛмекше  етістіктер.  Аналитикалық 

фарманттар.  Күрделі  етістіктер.  Тіркесті  түбір  етістіктер.  Етістіктің 

аналитикалық  формалары.  Қалып  етістіктері.  Етіс  категориясы.  Салт, 

сабақтылық  және  болымды,  болымсыздық  категориясы.  Етістіктің  шақ 

категориясы.  Етістіктің  рай  категориясы.  Етістіктің  ерекше  тұлғалық  түрлері. 

Етістіктің  жақ  категориясы.  Етістіктің  сӛйлемдегі  қызметі.  Үстеу,  лексика-

грамматикалық  сипаты.  Үстеудің  мағыналық  топтары,  жасалуы.  Үстеудің 

сӛйлемдегі  қызметі.  Еліктеуіш  сӛздер.  Лексика-грамматикалық  сипаты. 

Сӛйлемдегі қызметі. Шылау сӛздер /сипаты, түрлері/. Одағай, түрлері. Модаль 

сӛздер. Сӛз тудыру тәсілдері. Нольдік форма.  

Синтаксис сӛз тіркесін, сӛйлем мүшелерін, сӛйлем түрлерін қарастырады. 

Синтаксистік  байланыстың  түрлері:  қиысу,  матасу,  меңгеру,  қабысу,  жанасу. 

Құрамына  қарай  сӛз  тіркесі:  1)  жалаң  2)  күрделі  3)  аралас  болып  бӛлінеді. 

Сӛйлем  коммуникативті  қызмет  атқарады.  Сӛйлемге  тән  басты  белгі-

интонация.  Құрмалас  сӛйлемдер:  1)  салалас  құрмалас  сӛйлем  2)  сабақтас 

құрмалас  сӛйлем  3)  аралас  құрмалас  сӛйлем  болып  үш  топқа  жіктеледі. 

Аналитикалық    байланыс  тәсілінің  бір  түрі  –  сӛздердің  орын  тәртібі  апқылы 

байланысуы.  Сӛз  тіркесі  құрамындағы  сӛздердің  жалғаулар  арқылы 

байланысуы  синтетикалық  байланыс  деп  есептеледі.  Сӛз  тіркесінің 

құрылымдық  типологиясын  жасауда    зат  есім  мен  етістіктің  алатын  орны 

ерекше.    Ӛйткені сӛз тіркесінің құрылымдық ерекшеліктері осы екі сӛз табына 

негізделеді.   

Жай  сӛйлем  синтаксистің  ең  негізгі  нысаны  болып  табылады.  Синтаксис, 

оның  ішінде  жай  сӛйлемнің  синтаксисі,  тілдің  фонетикалық,  лексикалық, 

морфологиялық  деңгейлерінің  тоғысатын  орны.  Сӛйлем  –  тілдің  ең  маңызды 

қызметтерін білдіретін, жүзеге асыратын бірден-бір құрал. Сӛйлемнің ӛзіне тән 

белгілері болады. Олардың бірі – құрылымдық белгі. Сӛйлемнің  екінші белгісі 

– семантикалық  белгі. Бұл семантикалық белгіні предикативтілік деп атайды. 

Предикативтілік  туралы  тұжырымның  екі  түрі  бар:  Біріншісі  –  жоғарыда 

айтылған  мазмұнның  шындық  болмысқа  теңестірілуі,  екіншісі  –  сӛйлемді 

құраушы құрақтар ( компонент) арасындағы арнайы қатынас.   

Тіл білімінде сӛйлем туралы ғылыим ойдың тарихи бастауы кӛне дәуірдегі 

логикалық зерттеулурден басталады. Бұл тұжырым бойынша  сӛйлем- пікірге,  

бастауыш – субьектіге, баяндауыш – предикатқа негізделеді.  Сӛйлемнің негізі -  

предикативтілік  каегориясы.  Ал  предикативтіліктің    негізі  -    бастауыш.  

Предикативтілік  іс-әрекетті,  сапаны  білдіретін  сӛйлем  мүшесін  баяндауыш 


дейміз.  Баяндауыш  –  грамматикалық  формасы  жағынан  бастауышқа 

бағынышты мүше. Тіл білімінде тұрлаусыз мүшелерді үш топқа  – анықтауыш, 

толықтауыш,  пысықтауыш  деп  бӛліп  қарау  ертеден  қалыптасқан. 

Апықтауыштар - ӛзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік 

ретінде тұрақталған синтаксистік категория. Толықтауыш  субьект қимылының 

жүзеге асуына себепші , оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, 

тікелей  де  қатысты  болып,  субьект  әректін  толықтырып,    нақтыоай  түсетін 

обьектіні  білдіреді.    Пысықтауыш    сӛйлемде,  негізінен,  етістіктен  болған 

мүшеге  қатысты  болып,  сол  мүшені  мекен,  мезгіл,  мақсаты,  орындалу    амалы 

жағынан  нақтылап  анықтап  тұрады.    Сӛйлемдер  сӛйлеу  мақсатына  қарай 

хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сӛйлемдер деп топталады.  

Құрмалас  сӛйлем  синтаксисі  құрмалас  сӛйлемнің  құрылу  заңдылықтарын 

зерттейлі.  Құрмалас  сӛйлем  компоненттерінің  байланысының  екі  түрі  бар: 

салаластық  байланыс,  сабақтастық  байланыс.  Салаластық  байланыс  -    грам 

матикалық  тұрғыдан  ӛзара  тең  дәрежедегі  тілдік  тұлғалардвң  арасындағы 

байланыс. 

Құрмалас 

сӛйлемдегі 

салаластық 

байланыс 

предикатив 

сыңарларының  баяндауыш  тұлғаларының  тиянақтылығымен  сипатталады. 

Сабақтастық  байланыс  -    тілдік  тұлғалардың  бірінің  екіншісіне  тұлғалық 

жағынан  да,  мағыналық  жағынан  да  бағынышты  қатынаста  тұруы.  Аралас 

құрмалас сӛйлемнің құрылысында басқаш бір түзілім болатындығы оны жақын 

тарта  келе  тануға  болады.  Аралас  құрмалас  сӛйлемнің  тиянақсыз-тиянақты-

тиянақсыз  тұлғаларындағы  түрі  бір  қарағанда  кӛп  басыңқылы  сабақтастық 

құрылыммен  бірдей.  Басты  ӛзгешелігі  –  синтаксистік  байланысында  болып 

табылады. 

Моногенез  теориясы  -  тілдің  шығуын,  әртүрлі  діни  әңгімелер,  аңыз, 

ертегілер  арқылы  зерттейді.  Аңыздар  да  тілдің  бір  ортадан  шыққан  жоққа 

шығармайды.  Тілдің  бір  ортадан  тарауы,  қандай  да  болмасын  бір  негізгі 

себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сӛзсіз. 

Тілдің  дамуы  туралы  Н.Я.Маррдың  -  сатылық  даму  теориясы    тілдің 

дамуын  әр  түрлі  сатысы  бар  және  ол  сатылардың  әрқайсысы  белгілі  бір 

қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді. 

Тілдің  сыртқы  факторлардың  әсері  арқылы  дамуын  -  жалпы  заңдарға 

жатқызамыз.  Тіл  дамуының  жеке  заңдары  тіл  білімінің  құрылысы  мен 

салаларының  заңдылықтарына  байланысты.Тіл  дамуының  жеке  заңдары  тіл 

білімінің  барлық  саласында  кездеседі.  Тілдердің  ӛзара  байланысы  екі  түрлі 

жолмен  болады.  Бірі  -  тоғысу,  екіншісі  -  тілдік  элементтердің  енуі.  Тоғысу, 

субстрат, адстрат, суперстрат. Тілдің тоғысуы дегеніміз - этникалық топтардың 

бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз  – жеңген 

тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт 

бірге  ӛмір  сүріп,  қарым-қатынаста  болу  нәтижесінде  пайда  болған  тіл 

жүйелеріндегі ӛзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді. 

Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазу, 

әріптік  немесе  дыбыстық  жазу.  Жазудың  түрлері:  шумер  жазуы,  кӛне  египет 

жазуы,  сына  жазуы,  элам  иероглифтері,  протоүнді  жазуы,  крит  жазуы,  қытай 

жазуы, майя жазуы, кункум жазуы, кана жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп 



жазуы,  брахми  жазуы,  кӛне  семит  жазуы,  финикия  жазуы,  кӛне  семиттік 

квазиалфавиттық  жазу,  угарит  жазуы,  арамей,  манихей  жазулары,  руникалық 

жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы және т.б. 

Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы  - генеологиялық 

классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ. Семья деген термин – шығу тегі 

бір,  біртектес  тілдердің  бірнеше  топтарының  жиынтығы.  Ал  топ  деген  –  бір 

семьяға  жататын,  бірақ  туыстығы  басқаларға  қарағанда  тіптен  жақын  тілдерді 

білдіреді. 

Типологиялық  классификация  тілдері  құрылымдық  яғни  морфологиялық 

ерекшелігі  жағынан  топтастырады.  Олар:  аглютинативті  тип,  аморфты  тип, 

флективті тип, инкорпоративті тип. Ареалдық топтастыру - географиялық яғни, 

территориялық  орналасу  жағынан  қарастырады.  Бұл  топтастыру  онша  кӛп 

қолданыла  бермейді.  Бұл  тек  диалектология,  ареалдық  лингвистикада  сӛз 

болады.  

Алтай  тілдері  туралы  теория,  түркі  тілдерінің  генеологиясы.  Кӛне  түркі 

жазба  ескерткіштерінің  табылуы  және  зерттелуі.  Кӛрнекті  түркітанушылар 

және  олардың  еңбектері.  Кӛне  түркі  ескерткіштерінің  түрлері.  Кӛне  түркі 

жазуының  шығу  тегі  туралы  даулы  мәселелер.  Кӛне  мәтіндерде  кездесетін 

жалқы  есімдер.  Кӛне  түркі  руникалық  алфавиті.  Дауыстылар,  дауыссыздар. 

Кӛне  мәтіндерді  транскрипциялау,  аудару  мәселелері.  Кӛне  ұйғыр  (манихей) 

жазуы. Кӛне ұйғыр тілінен тараған жазба тілдер. Қазақ жазуының тарихы және 

болашағы. Қазіргі түркітану ғылымының бағыттары. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1.

 



Аралбаев Ж.А. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. - Алматы, 1988. 

2.

 



Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы. - А., 1995. 

3.

 



Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А., 1973,1978,1993,2002. 

4.

 



Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. - М.,1996 

5.

 



Абаев В.И. О языковом субстрате.  - Алматы,1956 

6.

 



Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы А.,1996 

7.

 



Аманжолов  С.,  Әбілқаев  А.,  Ұйықбаев  И.  Қазақ  тілінің  грамматикасы.  –

Алматы, 1957 

8.

 

А.Әбілқаев. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сӛйлем түрлері. Алматы, 1963 



9.

 

Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992 



10.

 

Байтұрсынов А. Тіл-құрал. 1-бӛлім. Фонетика. Қызылорда, 1926. 



11.

 

Базарбаева З.М. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. Алматы, 1996. 



12.

 

Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясы негіздері. –Алматы.,2002 



13.

 

Б.де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. М., 1963.  



14.

 

Болғанбаев. Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988 



15.

 

Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 1970 



16.

 

Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1976 



17.

 

Балақаев М., Т. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 



18.

 

Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1973 



19.

 

Балақаев М., Сыздықов Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1968 



20.

 

Бейсенбаева Қ.. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы . - Алматы: РБЖ, 1995. 



21.

 

Бияров Б. Ӛр Алтайдың жер-су аттары. - Алматы, 2002 



22.

 

Болғанбаев Ә.. Қазақ тілінің лексикологиясы.  -  Алматы, 1988 



23.

 

Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен 



фразеологиясы.А.,1998 

24.


 

Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. - Алма-Ата, 1980. 

25.

 

Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке. - Алма-Ата, 1987.  



26.

 

Досмұхаметұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы. А., 1992. 



27.

 

Джунисбеков А. Глассные казахского языка. 1972 



28.

 

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулер. А., 1999.  



29.

 

Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (Лексика, фонетика). А.,1962. 



30.

 

Кеңесбаев І., Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика, лексика. – А., 1975 



31.

 

Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987 



32.

 

Қазақ грамматикасы. -  Астана, 2002. 



33.

 

Қазақ тілінің орфографиялық сӛздігі. - Алматы, 2001. 



34.

 

Қазақ  грамматикасы.  Фонетика,  сӛзжасам,  морфология,  синтаксис.  - 



Астана, 2002 

35.


 

Қазіргі қазақ тілінің сӛзжасам жүйесі.- Алматы, 1989 

36.

 

Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сӛйлемдер синтаксисі. - А, 1995 



37.

 

Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. - А.,1997 



38.

 

Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың редукциясы. - А., 1986. 



39.

 

Қазақ тілінің грамматикасы (синтаксис). Алматы, 1967 



40.

 

Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. Алматы, 1957 



41.

 

Қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігі. - Алматы, 1977 



42.

 

Қасабек Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. Алматы, 1996 



43.

 

Маманов И. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1965 



44.

 

Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімдердің шырайлары. Алматы, 1951 



45.

 

Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 1999. 



46.

 

Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991 



47.

 

Нұрмаханова Ә. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1982 



48.

 

Радлов В.В. Фонетика северных тюркских языков. - Лейпциг, 1882. 



49.

 

Сыздықова Р. Сӛз сазы. А., 1983. 



50.

 

Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Астана, Елорда, 2000 



51.

 

Серғалиев М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сӛздігі. А., 1996. 



52.

 

Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сӛздер. - Алматы, 1960 



53.

 

Тӛлеуов Ә.Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім категориясы. - Алматы, 



54.

 

Тӛлеуов Ә. Сӛз таптары. - Алматы, 1982 



55.

 

Оралбаева Н., Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі. - Алматы, 1993 



56.

 

Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау. - Алматы, 1997 



57.

 

Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі.  - А., 1985. 



58.

 

Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. - А., 1991. 



59.

 

Хасенова А. Етістіктің  лексика-грамматикалық сипаты. Алматы, 1971 



60.

 

Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. - Алматы, 1959 



61.

 

Хасенов. Ә.  Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. - Алматы, 1957  



62.

 

Хасенов Ә. Тіл білімі. - А., 1996, 2002.



 

Document Outline

  • ‎D:\НОВЫЙ САЙТ\Раздел сайта Послевузовское образование\на сайт по вступ\6М020500 филология.doc‎


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет