Хамза Есенжановтың «Ақ жайық» трилогиясындағы тарихи тұлғалар Бүгінгі баяндамамды Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ тарихы – қазақ әдебиетінде»



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі18,95 Kb.
#12544
1   2   3   4
Меңдікерей Ипмағамбетов. Орыс-қазақ орталау мектебі көлемінде білім алған Меңдікерей болыстық, ауылдық, селолық әкімшілік орындаранда хатшы болып қызмет істеді. Патша самодержавиесі құламастан бұрын М.Ипмағамбетовтың таптық сезімі оянады. Ол орыстың кедей шаруаларының, жұмысшыларының жәй-күйі қазақ еңбекшілерінің жәй-күйі сияқты екенін түсінеді. Сөйтіп Меңдікерей Ипмағанбетов револяциялық күрес жолына түсіп, буржуазиялық Уақытша үкіметтің де, бай-феодал шонжарлардың да тәртібіне мейлінше қарсы болды. Сол кезде облыстық Кеңестің кейбір депудаттары мен белсенділері жасырынып, астыртын жағдайда жұмыс істеуге көшті. Солардың арасында Ә.Әйтиев пен М.Ипмағанбетов те бар еді. Бұлар Жайықтың арғы бетіне өтіп, қазақ ауылдары мен орыс поселкелерінде болшевиктік үгіт жүргізді, ақ гвардияшылар, ақ казактар өкіметімен одақтасқан қазақтың ұлтшыл билеп-төстеушілеріннің халыққа қарсылығын әшереледі.

Ә.Әйтиев пен М.Ипмағанбетов атыртын жау тылына өтіп, Ақтөбе (Орынбор) майданындағы Қызыл Армияға келіп қосылды. 1919 жылы маусымның аяқ кезінде бұлар Ақтөбе қаласына келіп, Торғай обылысының партия ұйымымен байланыс жасайды. Ақтөбе майданының командованиесі М.Ипмағанбетовты Ә.Әйтиевпен бірге ауылдарда қазақ еңбекшілерін ақ гвардияшылар мен алашордашыларға қарсы күреске көтеру үшін қайтадан Жайықтың арғы бетіне жіберді. Мұнда астыртын партия, кеңес ұйымдарының бұқара арасындағы жұмысы да жандана түседі. 1919 жылы қаңтар айының аяқ кезінде Орал қаласы азат болғанан кейін обылыстық комитет құрылды. М.Ипмағанбетов, Ә.Әйтиев, Б.Қаратаев және тағы басқалар осы комитеттің жанынан құрылған ұлт істері жөніндегі бөлімнің жұмысына қатысады.

Ақ Жайықтың” бас қаһарманы М.Ипмағамбетовтың ауыр соққыға жығылып көп уақыт өз тобына қосыла алмай жүруімен “Төңкеріс үстінде” атты 1-кітаптың үшінші тарауында И.Быковпен жасырын тапсырманы орындауға аттанып, жолай ақ казактар отрядының ауыр соққысына ұшырауын: “Меңдікерей істің қиынға шапқанын сезе қалды да, аттан түсіп жақындап келген кішірек бір казакты сол қолымен сермеп жіберді, өзі ырғып шанадан түсті. Осы кезде шананың арт жағынан қылыштарын көтеріп жаудың үш-төртеуі аттарын желдірмелете төніп қалып еді”,-деген оқиғамен көрінеді.



Екінші кітаптың екінші тарауында өз тобына қосылған жасырын, астыртын жағдайда жұмыс жасап жатқан тұлғасымен танылады. Мысалы: “Меңдікерей жағын сипап ойланыңқырап тұрды:- Осы Ахметше жөнінде бір әңгіме біліп қайтсақ болар қаладан? Бәрібір “қалаға барамын, мектебімді көргім келеді”,- дедің ғой. Хакім басын изеп “ - Өте жақсы. Біліп қайтайын”,-деді деген сияқты суреттеулермен көрінеді.

Жалпы тарихи–революциялық көркем шығарманың салыстырмасы қашанда қасында тұрады. Ол –тарихи еңбек. Сондықтан көркемдік дәлдік тарихи дәлдіктен алшақтауға жол жоқ. Әйтпесе, шығарма нанымдылық күшінен айрылар еді. Бұған триллогиядағы оқиғаларды тарихпен салыстыру арқылы көз жеткіздік. Осы тарихты жасаушы бейнелердің, кейбір кейіпкерлердің прототипі өмірде бар екеніне де нақты мысалдар арқылы тоқталдық. Хамза Есенжанов Қазақстанның батыс өңірінде Совет өкіметінің орнауын кең жоспарда ала отырып дұрыс суреттесе, ұлы оқиғалардың тұсындағы азаттық үшін алысқан халық өкілдерінің дараланған бейнелерін өз шығармасында көрсете білді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет