88
89
бір-біріне ұқсас сөз бірліктерінің бір макросемаға бағынып тұрып,
бір парадигмалық құрылым ішінде өзара үйлесіп және қарама-қарсы
келе беретін ерекшелігін көрсетеді. Мысалға, әке, бала, аға, көрші,
таныс, оппонент, қызметтес, аттас, оның алдындағы адам, бастық
т.т. сөздерінің мәндік тұрғыдан қатарласқанымен, іштей бір-біріне
мағыналары қайшылас келіп жататынын жазады [56, 135]. Қазақ
тіліндегі бұндай парадигмалық қатарға соңғы кезде нормаға айналған
мынадай сөздердің лексико-семантикалық бірлестігін алуға болады.
Мәселен, біреулерге сыйлы құрдас, дос, туғандарына бауыр, ақылшы,
балаларына мейірімді әке, сүйікті жар, үлкендерге іні, кішілерге аға,
қарындастарына пана, қайын жұртына ізетті күйеу, ұжымына беделді
қызметкер, қоңсыларына зейінді көрші, қалың көпшілікке қарапайым
адам т.т. деп келетін сөз бірліктерінің мағыналық құрылымдарының
біреулері бір-біріне үйлескенімен, кейбіреулері бір-бірімен сәйкестенбей
жататыны аңғарылады. Бұл қатынастарда, сөз бірліктерінің синонимия,
антонимия, гипонимиялық қатынастарға түскенін, сондай-ақ, олардың
қатынасында кейбір конверсивтердің барлығын және ассоциациялы,
деривациялық қатынастардың араласа келу іздерін көреміз. Міне, тілдік
жүйеде басты орын алатын қатынастардың осы ерекшеліктеріне орай,
М.А.Кронгауз «семантикадағы басты парадигматикалық қатынастарға
синонимия, антонимия, гипонимия, меронимия, конверсивтерді,
үйлеспеушілік құбылыстарын, сонымен қатар, деривациялық және
ассоциативті қатынастардың кейбір құрамдас бөліктерін» жатқызып,
оларды жекелей қарастырады [8, 150]. Ал орыс тілі лексикасындағы
парадигматикалық қатынастарды тереңірек қарастырған Е.Г. Мельни-
кова: «парадигматикалық байланыстарды және сөздердің өзара әсерін
зерттеу – лексико-семантикалық бірлестіктің ішіндегі лексикалық
бірліктерді зерттеу көмегі арқылы жүзеге асады», – деп жазады. ол
парадигматикалық қатынастар үш семантикалық қатынастан тұрады
деп есептейді: «семантикалық бірдейлік (синонимия), ену не кіру
қатынасы (гипонимия), және қиылысу (эквонимия)» [73, 20]. Е.Г.
Мельникова парадигматикалық қатынастардың лексико-семантикалық
бірлестікте орналасу жүйесін «ауа райы» бірлестігіндегі семемалардың
парадигмалық қатарларын жүйелеу арқылы береді [73, 51-70].
«Ауа райы» лексико-семантикалық бірлестігінің парадигматикалық
құрылымдық үлгісін мысал үшін қысқартып берейік: «ауа райы»
жоғары температуралы; төмен температуралы; қатты аязды; жай
аязды; жаңбырлы; өткінші жаңбырлы; шықты; қарлы; бұршақты;
қыраулы; жаңбыр мен қар аралас; желді; желсіз; күшті желді, қарлы;
қар мен жаңбыр аралас; бұлтты; бұлтсыз; ашық; құрғақ; дымқыл;
тұманды; ыссы; аңызақты; жылы; қоңыр салқын; бұлыңғыр т.т.
Енді «ауа райы» бірлестігінің парадигмалық қатарларындағы
сөздердің жылдың төрт мезгіліне қатысты кіші, бөлек парадигмалық
қатарлар құруы мен олардың синонимдік, антонимдік, гипонимдік,
эквонимдік, конверсивтер т.т. қатынастарға жіктелуін қоссаңыз, ірі
лексико-семантикалық құрылым түзетін семантикалық парадигмалық
қатынастардың табиғаты ашылатыны сөзсіз. осы ерекшелікке қатысты
Б. Сағындықұлы: «Сөздер іштей бір-бірімен семантикалық байланысқа
түсіп те парадигмалық қатынас жасай алады. Мұндай жағдайда белгілі
бір топқа енген сөздердің лексикалық мағынасының барлығына бірдей
ортақ мағына болады. ортақ мағыналар кейде жуық, кейде қарсы,
кейде ұштас мәндес болуы мүмкін», – деп дұрыс көрсетеді [35, 12].
Лингвистикалық сөздікте парадигманың түсіндірмесі мынадай:
«а) кең мағынада: бір-біріне қарама-қарсы қойылған, бірақ
ортақ белгісі бар немесе ұқсас ассоциация тудырушы кез келген
лингвистикалық бірліктер тобы; Парадигматикалық қатынастар
арқылы байланыста болатын
тіл бірліктерінің жиынтығы;
б) осындай жиынтықтың немесе топтың жасалу (құрылу) моделі
мен схемасы;» [ЛТС., 161]. Сонымен қатар, тілдің семантикалық
жүйесіндегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарда
ғаламның тілдік бейнесінің кейбір жекелеген бөліктері және сөз атау
мен сөз дамуы механизмдерінің ерекшеліктері бейнеленеді. Б. Момы-
нова бұл қатынас түрін «Тіл жүйесіне тән типологиялық қатынастың
екінші түрі – парадигматикалық қатынас. Сөйлеу процесінен тыс ортақ
белгілері бар сөздер адам жадында ассоциацияланып, топ құрайды,
олардың өзара қатынастары мүмкіндігінше әр түрлі болады. Мұндай
қатынастарды ассоциациялық қатынастар немесе парадигматикалық
қатынастар деп атайды», – жазған еді [52, 21]. Сондай-ақ, газет
тілін зерттеген еңбегінде: «Қазіргі тіл білімінде парадигматикалық
қатынастарды тар, орта, кең шеңберде қарастырады. Айталық, газет
тілінде бейтарап лексика элементтерінің (немесе бір ғана бейтарап
сөздің) түрленуі, әр түрлі септік жалғауын қабылдап қолданысқа түсуі
бір ғана сөздің түрлену парадигмасы тар көлемдегі парадигматикаға
мысал бола алады; бір ғана грамматикалық түрлендіруші жалғау
жалғанып тұрған сөздер саны жағынан өте көп болғанғандықтан,
өте кең көлемдегі парадигматиканы білдіреді, ал грамматикалық
белгілеріне қарай топтасатын бір сөз табы кең көлемдегі парадигма-
ны білдіреді. Газеттегі аса кең көлемдегі парадигмаға сөзжасам, зат,
құбылыс атаулары ретінде типтік лексика түрлерін жатқызуға болады»,
– деп жазған болатын [74, 17]. Қазақ тіл білімінде парадигматикалық
қатынастар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанұлы, Ә.Қайдари, Ғ.Мұсабаев,
К.Аханов, Р.Сыздық, Н.оралбаева, С.Исаев, Ә.Болғанбайұлы,
90
91
М.оразов, З.К.Ахметжанова, Б.Қалиұлы, Б.Хасанұлы, Т.Сайрамбаев,
Б.Сағындықұлы, Э.д.Сүлейменова, Ж.Манкеева, Н.Уәлиұлы,
Г.Н.Смағұлова, Б.Қ.Момынова, А.Салқынбай, Н.Шаймерденова,
Ш.Құрманбайұлы,
Н.Шаймерденова,
К.Сәтенова,
Р.Авакова,
д. Әлкебаева, Л.дүйсембекова, А.К.Жұмабекова т.б. ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған. Бүгінде адамның танымдық деңгейі
және адам мен қолданыстағы тіл мәселесін зерттеу бағыты жандануда,
сондықтан да парадигматикалық қатынастарды когнитивті семантика
мәселелерімен тығыз бірлестікте қарастыру – келешектегі маңызды
міндеттердің бірі деп санау керек.
Достарыңызбен бөлісу: