Хасанов indd



Pdf көрінісі
бет2/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
       
 
 
 
 
                УДК 80/81
 
 
 
 
 
 
ББК 81.2 Қаз-4
      
ISBN 978-601-7194-01-7
© Хасанов Ғ.Қ., 2012
© М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ред. баспа орталығы, 2012
КІРІСПЕ
Қазақ  тіл  білімі  еліміз  тәуелсіз  ел  болғалы,  оның  саяси-
экономикалық  әл-қуаты  артқан  сайын  бірге  қарыштап  дамып 
жатқаны байқалады. Әсіресе, соңғы кездегі қарқынды дамып жатқан 
лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика, коммуникативті линг-
вистика, когнитивті лингвистика, гендерлі лингвистика, генетикалық 
лингвистика т.б. ғылымдардың мәселелері қазақ тіл білімінде де жап-
пай  зерттелуде.  осылардың  тасасында  қазақ  тіл  білімінің  бұрыннан 
зерттелмей  келе  жатқан  кейбір  ғылым  салалары  зерттелмей  қалып 
жатқаны  жасырын  емес.  Сонымен  қатар,  жаһандану  процесінің 
әсері,  басқа  тілдердің  кейбір  саладағы  басымдықтары,  тіліміздің 
лексикалық  нормаларының  бұзылуына  өз  әсерін  тигізіп,  тіліміздің 
лингвоэкологиясының нашарлауына әкелуде. осының бәрі сөздердің 
мағынасын, лингвомәденитанымдық ерекшелігін түсінбей, мағыналық 
үйлесімділіксіз,  әртүрлі  стильдік  қателермен  қолданылуға  алып  ке-
луде. осы тектес мәселелерді зерттейтін қазақ тіл біліміндегі семан-
тика  ғылымы,  оның  түрлері,  семантиканың  философия,  логика,  се-
миотика,  психолингвистика,  когнитивті  лингвистика,  мәтін  лингви-
стикасы,  коммуникативті  лингвистика,  контрастивті  лингвистика  т.т. 
ғылымдармен байланысы, семантиканың тарихы т.т. әлі өз деңгейінде 
зерттелмей отыр. Белгілі түркітанушы К.М. Мусаев бұл мәселенің тек 
қазақ тіл білімі ғана емес, жалпы түркітануда әлі де толық зерттелмей 
жатқаны туралы айта келіп, енді кезек семантика мәселелеріне келгенін 
айтады:  «Келесі  кезекте  түркі  тілдері  материалында  зерттеу  күтіп 
тұрған мәселелер мыналар: сөз және оның мағынасы, сөздің лексикалық 
мағынасы,  сөздегі  мағыналық  өзгерістер,  яғни  тіл    лексикасының 
мазмұндық жағы» [1, 3-4]. Жалпы семантиканың бір саласы лексикалық 
семантика  аясындағы  лексикалық  жүйедегі  қатынастар,  лексикалық 
мағынаның құрылымдық жүйесі, тіл мен ойлау мәселесі, лексикалық 
жүйедегі  мағыналардың  өзара  қарым-қатынасқа  түсу  ерекшелігі  т.т. 
көптеген мәселелер қазақ тіл білімінде соңғы кезде ғана қолға алыну-
да.  Кезінде  түркі  сөзінің  семантикасын  зерттеген  Е.  Қажыбеков  бұл 
мәселенің  өткірлігі  туралы:  «Сөздің  семантикалық  құрылымының 
элементтерін  сатылау,  семантикалық  кеңістіктің  парадигматикалық 
(қиылысқан) және синтагматикалық (көлбеу түрдегі) бағдарын есеп-
ке  алу  өлшемі,  тілдің  этнолингвистикалық  (экстралингвистикалық) 
аспектілері  және  тағы  көптеген  жалпы  мәселелердің  тұтас  кешені  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет