Хаттама
2023 жылдың 13қаңтар күні7«а»- сынып оқушыларының ата – аналарымен
«7а-сыныбының І оқу тоқсаны мен II оқу тоқсанының салыстырмалы мониторингісі» тақырыбында ата – аналар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті: 25
Қатысқаны: 11
Күн тәртібінде:
Кіріспе сөз
1. Күн тәртібімен таныстырылым
Сынып тәрбиеші: Смадулла А
2. 7а сыныбының І оқу тоқсаны мен II оқу тоқсанының салыстырмалы мониторингісі
3. Оқушылардың жетістіктері
Сынып тәрбиеші: Смадулла А.
4. 2022-2023 оқу жылының ІІ тоқсан бойынша тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың есебі
Сынып тәрбиешісі: Смадулла А .
.
Тыңдалды
Кезекті жоспарлы ата аналар жиналысы мұғалімдермен педконсилиум түрінде жүргізілді.Жиналысқа келген әр ата-ана баласы жөнінде пән мұғалімдерімен байланыс жасап жауап алды.
Ата – аналар жиналысын 7 ә сынып тәрбиешісі Смадулла Алтыншаш жиналыс тақырыбымен онда қаралатын мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібіндегі І мәселе «7а сыныбының І оқу тоқсаны мен II оқу тоқсанының салыстырмалы мониторингісі» тақырыбы бойынша 7«а» - сыныбында 25 оқушы, 6 оқушы үздік, 19 оқушы екпінді, оқу үлгерімі, білім сапасы 100%, құрап отырғандығын айтты.
Сондай – ақ, I тоқсанмен II тоқсанның қорытынды бағаларын салыстыру барысында I тоқсан қорытынды бойынша Алиева Адина,Ібайдулла Еркеназ,Уракбаева Бағжан,Cұлтан Айым,Нұрлан Ақдәулет,Омарбек Жансая үздік болды.
2022-2023 оқу жылының ІI тоқсанында үздіктер саны 7 оқушыға артты.Омар Дінмұхамед,Олжабай Алима, Алиева Адина,Ібайдулла Еркеназ,Уракбаева Бағжан,Нұрлан Ақдәулет,Омарбек Жансая.I тоқсанда үзіктер қатарында болған Сұлтан Айым II тоқсанда геометрия және дүние жүзі тарихы пәндерінен 4(төрттікке )шығып екпінді қатарына қосылды ,18 оқушы екпінділер қатарынан табылғандығы туралы баяндалды.
Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша 7 «ә»сынып тәрбиешісі Смадулла Алтыншаш оқушылардың оқу жетістіктеріне тоқталды.7-10 сыныптар арасында Тарих-география апталығы аясында өткізілген олимпиада жеңімпаздары:Абдумунап Несібелі мен Ібайдулла Еркеназ белсенділік танытса, «Зерде» Республикалық зерттеу конкурсының облыстық кезеңінен технология және өнер бағыты бойынша Абдумунап Несібелі жүлделі 3(үшінші )орынға ие болса Ібайдулла Еркеназ биология пәні бойынша 3(үшінші ) орын,медицина бағыты бойынша Уракбаева Бағжан 3(үшінші ) орын,химия бағыты бойынша Құрматулла Мұрагер 3(үшінші ) орынға ие болса Сейтахунов Ильяр химия бағыты бойынша сертификатпен марапатталды. Сынып оқушылары түрлі жарыстарға қалмай қатысып,белсенді болып жүргендігі туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі ІІІ мәселе бойынша тәрбиеші Смадулла Алтыншаш сөз алып, ІI тоқсандағы тәрбие бағытындағы атқарылған жұмыстардың есебі бойынша 7А сынып оқушыларымен өткізілген білім сағатын, танымдық сабағын, эссе сайыстары мен спорттық сайыстардағы оқушылардың белсенді араласқандығы туралы айтылды. Оқушылардың бос уақытында театрға барып,спектакль көріп рухани азық жинап қайтқандығын атап өтті.Cынып жиналысын қорытындылай келе,күн тәртібінен тыс мектеп-лицей интернат психологы Қожахмет Жансаямен бірлескен түрде тәрбие бағытында психологиялық тренинг өтті.Тренинг барысында ата-аналармен түрлі бағыттағы шаралар жүргізіп топтық жеке-жеке сергіту сәтін жүргізді.
«Біз таланттыларды іздейміз!»атты мектепішілік өнер сайысында оқушылардың белсене қатысып,керемет өнер көрсеткендігін, «Қош келдің Жаңа Жыл!»атты мерекелік шарада оқушылардың жоғары деңгейде өнер көрсеткендігін айтып, фотоесебімен таныстырды.
Жиналыс соңында ата-аналар мектеп ұжымына өз алғыстарын білдірді.
Хатшы: Cәдуова А.
Хаттама
2023 жылдың 13 қаңтар күні 7 «ә»- сынып оқушыларының ата – аналарымен «7ә сыныбының- І оқу тоқсаны мен II оқу тоқсанының салыстырмалы мониторингісі»тақырыбында ата – аналар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті: 25
Қатысқаны:12
Достарыңызбен бөлісу: |