Хаттама 2023 жылдың 13қаңтар күні7«а»- сынып оқушыларының ата – аналарымен «7а-сыныбының І оқу тоқсаны мен II оқу тоқсанының салыстырмалы мониторингісі»



бет2/2
Дата07.02.2023
өлшемі37,15 Kb.
#65908
1   2
Байланысты:
хаттама77

Күн тәртібінде:

Кіріспе сөз





  1. Күн тәртібімен таныстырылым

Сынып тәрбиешісі : Смадулла А.

2. 7ә сыныбының - І оқу тоқсаны мен II оқу тоқсанының салыстырмалы мониторингісі


3 . Оқушылардың жетістіктері
Сынып тәрбиешісі : Смадулла А.

4. 2022-2023 оқу жылының І тоқсан бойынша тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың есебі


Сынып тәрбиешісі: Смадулла А.

Тыңдалды
Кезекті жоспарлы ата аналар жиналысы мұғалімдермен педконсилиум түрінде жүргізілді.Жиналысқа келген әр ата-ана баласы жөнінде пән мұғалімдерімен байланыс жасап жауап алды.
Ата – аналар жиналысын сынып тәрбиешісі Смадулла Алтыншаш жиналыс тақырыбымен онда қаралатын мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібіндегі ІI мәселе «7ә-сыныбының І оқу тоқсаны мен II оқу тоқсанының салыстырмалы мониторингісі» тақырыбы бойынша 7«Ә» - сыныбында 25 оқушы, 11 оқушы үздік, 14 оқушы екпінді, оқу үлгерімі 100%, білім сапасы 100%, құрап отырғандығын айтты.
Сондай – ақ, I тоқсан мен ІI тоқсан қорытындысын салыстыру барысында I тоқсан қорытындысы бойынша Мұханбетқалиев С,Омарбек А,Сайлаубай С,Құтбай С,Өмірзақ І,Нұржаусынқызы К,Шалқар Ш үздік болды.
2022-2023 оқу жылының ІI тоқсанында үздіктер саны 11 оқушыға көбейді. Мұханбетқалиев С,Омарбек А,Сайлаубай С,Құтбай С,Өмірзақ І, Нұржаусынқызы К,Шалқар Ш ,Марал Ж,Сейткаримова А,Мырзағұл Ұ,Орынбасаров Р үздіктер қатарынан көрінсе,қалған 14 оқушы екпінді қатарында екендігі баяндалды.
Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Смадулла Алтыншаш оқушылардың оқу жетістіктеріне тоқталды. 7-10 сыныптар арасында Тарих-география апталығы аясында өткізілген олимпиада жеңімпаздары:Жұмағалиев Е, Орынбасаров Р,Нұржаусынқызы К,Сайлаубай С,Мұханбетқалиев С,Құтбай С,Батқұл Е апта бойы белсенділік танытып марапатталды.«Зерде» Республикалық зерттеу конкурсының облыстық кезеңінен технология және өнер бағыты бойынша Қанашбай Шерхан жүлделі 3(үшінші ) орынға ие болса Нұржаусынқызы Кәусар биология пәні бойынша 3(үшінші ) орын,экология бағыты бойынша Сайлаубай Санжар 3(үшінші ) орын,өлкетану бағыты бойынша Мұқанбетқалиев Санжарбек және Жұмағалиев Ерасыл үздік 1(бірінщі)орынға ие болып марапатталды. Сынып оқушылары түрлі жарыстарға қалмай қатысып,белсенді болып жүргендігі туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі ІV мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Смадулла Алтыншаш сөз алып, ІI тоқсандағы тәрбие бағытындағы атқарылған жұмыстардың есебі бойынша 7Ә сынып оқушыларымен өткізілген тәрбие сағаттарымен таныстырды. «Қыз бала-еркем,кестесімен-көркем»атты сыныптың қыз балалары мен аналарымен біріге отырып денсаулық пирамидасы өткізілгенін, «Эмоциямды басқара білемін бе?» атты психологпен тренинг өтілгенін атап айтты.«Жомарттық мекені» атты қайырымдылық акциясы, «Қыз қылығымен көрікті» қыздармен жұмыс,«Волейбол» қыз балалар арасындағы спорттық сайыс және ұл балалар арасындағы спорттық сайыс,«Жақсы көңіл күй-жан азығы»атты психологиялық тренингінің деңгейде өткізілгендігін айтып, атты фотоесебімен таныстырды. «Қош келдің Жаңа жыл!» атты мерекелік шараға сынып оқушылары белсене араласқанын атап айтты. Cынып жиналысын қорытындылай келе,күн тәртібінен тыс мектеп-лицей интернат психологы Қожахмет Жансаямен бірлескен түрде тәрбие бағытында психологиялық тренинг өтті.Тренинг барысында ата-аналармен түрлі бағыттағы шаралар жүргізіп топтық жеке-жеке сергіту сәтін жүргізді.

Жиналыс соңында ата-аналар мектеп ұжымына өз алғыстарын білдірді.


Хатшы: Сәдуова А.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет