Хаттама №4 «Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 6 сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті



Дата12.05.2022
өлшемі36 Kb.
#34115
Байланысты:
ата-аналар жиналысының хаттамасы Тоханова М



Хаттама № 4

 

«Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 6 сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.



3.05.2017 ж.

Жалпы оқушы саны – 10

Қатысқаны – 8 ата-ана

Күн тәртібінде:


  1. Оқушылардың ІV тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

  2. Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.

  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.

  4. Мектеп психологы Жиенбекова Маяның баяндамасы

  5. Әр түрлі сұрақтар

Тыңдалды:

1 сұрақ бойынша  сынып жетекші Тоханова Марал сөз сөйледі. Оқушылардың

4 – тоқсан бойынша бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттан-дырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата- аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Абилдаева Ү оқушылар туралы айтты.

2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты.Аудандық «Мәңгілік ел» тәрбие - білім орталығы ұйымдастырған «Ұлы даланаң өнерпаздары» атты байқауға қатысқаны туралы және оқушалардың марапатталғаны жайында айтылды.Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика,технология пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.

   3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.

4 сұрақ бойынша мектеп психологы Жиенбекова Мая суицид туралы баяндама оқыды.



Жиналыс қаулы етеді:

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.

  2. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.

  3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.

  4. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Сарсембаева Рымкүл



     

Хатшы:   Тоханова Марал Садыбаевна                                               

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет